Ақынова Г.О.
Тараз инновациялық-
гуманитарлық университеті. Қазақстан.
МІНЕЗ ҚҰЛҚЫНДА АУЫТҚУШЫЛЫҒЫ
БАР ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазіргі кезде
мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар
жасөспірімдердің тұлғасының ерекшеліктері,
яғни өзін-өзі бағалауы, қарым-қатынас,
мінез-құлық туралы мәселелер зерттеушілердің
назарын аудартуда. Сондықтан да, болашақ ұрпақтың,
әсiресе мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар
жасөспірімдердің терiс жолға түспеуiн, адамгершiлiктiк-өнегелi
қасиеттерiнiң жоғары және iзгi ниеттi азамат болуына,
олардың тұлғасының дұрыс қалыптасуы,
яғни өзiн-өзi бағалауы маңызды болып табылады.
Бұлай болу себебі қазіргі таңда отбасы жағдайына, заман
талабына сай, әртүрлі зиянды заттардың арқасында
ешқандай кінәсіз толық қарым-қатынасқа
түспейтін, мiнез- құлқында ерекшеліктер жас кезден
байқалады және оның дегбірсіз қимылы, орынсыз
айқайы, ұйқысының нашарлығымен сипатталады.
Мұндай бала төбелескіш, басқа құрбыларымен тату
ойнай алмайтын, өркөкірек болады.
Ауытқуы бар
балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлықтары
психикалық дамуы уақытша тежелген, баяулаған, тез
ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінезінде
психопатиялық формалар кездесетін, қозу күйін
дәрі-дәрмек беру арқылы тежейтін, кәмелетке жасы толмаған
құқықтық тәртіп бұзушы,
ақыл-ойы кем жасөспірімдер мен балалар жатады. Басқаша
айтсақ жағымсыз дау жанжал шығаратындар.
Мінез-құлық
ауытқушылығын сипаттау үшін арнайы терминдер
қолданылады-делинквенттілік және девианттылық. Делинквентті
мінез-құлық-заң арқылы жазаланатын күрделі
заң бұзушылық пен қылмыстан өзге ұсақ
заң бұзушылықтар, тәртіпсіздіктер, айыптылықтар.
Девиантты мінез-құлық дегеніміз-қоғамда
қабылданған ережелерге бағынбау, ауытқу. Бұл
ұғым өте кең, оған делинквентті
мінез-құлық және т.б. мінез-құлық
ауытқушылықтары (ерте маскүнемдіктен суицидті
мінез-құлыққа дейін) жатады.
Кейбір
мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың
мінезі тұйық, ешқандай адамдармен араласпау қасиеттері
де байқалады. Бұның бәрі олардың
тұлғалық құрылымына өзіндік із
қалдырып отыруы сөзсіз. Алайда, мінез-құлқында
ауытқушылығы бар балалардың тұлғалық
құрылымдарының негізгі компонентері қалыпты
жағдайдағы жеткіншектердікіндей болып келеуін әрқашанда
ескеруіміз керек.
Жасөспірімдердің
қалыптан ауытқыған мінез-құлқы ауытқушылығы
бар балалардың клиникалық-психологиялық-педагогикалық
құрылымын екі психологиялық түрге бөлуге болады:
1.Невротикалық
түрдегі психикалық декомпенсация;
2.Психопат
тәрізді типінің психикалық декомпенсациясы;
Сонымен,
ақыл-ойы кем жасөспірімдердің мінез-құлық
ауытқуының қалыптасу заңдылықтары, жалпыға
бердей мектептердегі және психикалық дамуы тежелген балаларға
арналған мектептердегі «тәрбиесі қиын» жеткіншектегілердей
болып келеді Психологиялык және клиникалық сипаты, ақыл-ой
кемдігінен жанамаланған тұрақтылықпен ерекшеленеді.
Жасөспірімдердің мінез-құлқының
ауытқуы жоғарыда келтірілген биологиялық немесе
әлеуметтік факторлардың бірімен ғана емес, нақты
түрлерінің әрқайсысына тиесілі кешенімен байланысты.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан –
2050 - Астана.
17 01.2014.
2.
Хухлаева
О.В. Психология подростка. - М., 2004.
3.
Илешева
Р.Г. Нарушения поведения у детей и подростков. Алма-Ата, 1990.
4.
Кон
И.С. Психология старшеклассника. - М., 1990.