баланы тәрбиелеуде
ата-ананың ОтбасындаҒЫ ЕРЕКШЕЛІГІ
Толеугалиева Баглан Бектуровна
Педагогика, психология пән
оқытушысы.
Маңғыстау
энергетикалық колледжі
ҚазақстанРеспубликасы, Ақтауқаласы
Қазір
балабақшада тәрбиешілер негізінен әйелдер, мектепте ер
мұғалімдердің азайып кеткені ешкімге жасырын емес. Бұл
білім ордаларында тәрбиеленуші ер баланың тәрбиесінде
айрықша орнын қалдырып отыр. Көптеген отбасындағы ер
азаматтар өз рөлін табыс тауып,асыраушы ретінде ғана атқарады
да бала тәрбиесін әйелдің мойнына артып қояды. Шеше,
әрине, мұны онсыз да атқарады. Бірақ ұл
баланың қыз балаға қарағанда жан жақты
ерекшелігі бар емес пе? Мысалы неге жалғызбасты аналар өсірген
ұлда толымсыз мінез-құлық белгілері көп
кездеседі? Отбасын асырауды да,тәрбилеуді де қатар атқарып
жүрген әйелдер бар. Пайғарымыз айтқандай: ер адам -
өз отбасының тәрбиешісі. Әке тәрбиедегі өз үлесін өзі
орындағаны абзал.
Бүгінгі
ер бала –болашақтың тұтқасын ұстаушы азамат.
Отбасының егесі, тәрбиешісі. «Руыңды сақтаймын
десең ұлыңды тәрбиеле!»- деген екен даналар.
Қазақ қыз баланы да содан
кем емес құрметтейді. Қыз — ару, болашақ ана.
Ұрпақ қыз арқылы өрбиді. Адамдар арасындағы
қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп инабат
үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең
тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен
жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен,
саналы түрде отырып, өздерінің үлкендерге деген
қарым-қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырауларына
байланысты.
Ата-ана
баланың бас ұстазы. Ата-ананың тәрбиесі – бала
мінезінің іргетасы. Баланың бағыт-бағдар алатын
шамшырағы іргетас. Өзі үлгі болумен қатар, мейірім мен
махаббат иесі болуы қажет.
Қазіргі
қоғамда адам баласының бақытты болуына негізгі бес
нәрсе тікелей қатысты. Бұл: ата-анасының жақсы
адамдар болуы; жақсы ұстаздың кездесуі; лайықты жармен
одақтасу; өз
балаларының болуы.
Қазақстан
Республикасының Конституциясының 27-бабында «Неке мен отбасы, ана
мен әке және бала мемлекеттің
қорғауында,балаларына қамқорлық жасау және
оларды тәрбиелеу-ата-ананың табиғи
құқығы әрі парызы, кәмелетке толған
еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына
қамқорлық жасауға міндетті», -деп көрсетілген.
«Неке және отбасы туралы» сондай-ақ, 9-таруда «Бала
құқықтары» 8 бап төңірегінде
заңдармен қамтамасыз етілген. Ал 10 тарауда «ата-аналардың
құықтары мен міндеттері» де 7 бап бойынша жүйеленіп, өзі өмірге әкелген баласының
алдындағы міндеттері мен құқықтары заңда
белгіленген. Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің
қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің
шегінде, оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани
жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын
қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болатындығы
айтылған. Ата-аналардың басқа адамдарға өз
балаларын тәрбиелеуге,олардың денсаулығына қамқорлық
жасауға басым құқығы бар екендігін атап
көрсеткен. Сондай ақ балаларды тәрбиелеу әдістерінде
адамның немқұрайлық, қатыгездік, дөрекілік,
балаларды қорлау немсе қанау болмауға тиістігі
жазылған. Ата-аналар ажырасып немесе балаларының бөлек
тұрған жағдайда да бала мүддесінің
қорғалуы заңды қарастырылған.
Отбасында
ата-ана берілетін тәрбиенің басты мақсаты – баланың
жасын, жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, өз
тегін жалғастыратын лайықты ұрпақ тәрбиелеу.
Бұл мәреге жету үшін
отбасындағы тәрбие
мынадай міндеттерді шешуі керек.
-
Баланың
тағдырына, физиологиялық өсіп-жетілуіне,
денсаулығына жағдай
және қамқорлық жасау;
-
Бала
тәрбиесіндегі барлық ұстанымдар мен тәрбие
әдістерін,талап тілектерді балаға деген махабатты сезіндіруге
лайықтап, реттеу
-
Балаларының
өзіндік бағасымен санаса отырып, қоғамның
толыққанды мүшесі болуға даярлау.
-
Отбасы
мүшелерінің өзара дұрыс қарым –қатынасын,
тіл тауып түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, жасы
үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету;
-
Баланың икемділігін,
қабілетін байқап, мамандық таңдауға бағыт
беру, бағдарлау;
-
Әдебиетке,
өнерге, мәдениетке, ғылымға құштарлығын (жас ерекшелігіне қарай
әдеби кітаптармен, ойындармен қамтамсыз ету, театр, мұражай,
көрме, галареяларға апару) тәрбиелеу.
-
Баланың
ақылына, күшіне, біліміне сай берілген тапсырманы, талапты
орындауын қадағалау, бақылау, тексеру, бағалау.
-
Тәртіпке,
ұқыптылыққа, жауакершілікке, ойшылдыққа
т.б. баулу.
-
Отбасында
баланың өз рөлін білуге міндеттеу;
Сонымен
қатар баланың өзіндік сұранысы болады. Әр бала
бай, бақытты болуын армандайды.
Жақсы үйде тұру, жақсы киіну, жақсы
ойыншықтардың болғанын ата-анасынан талап етеді. Ал кейбір
балалардың жағдайы
жақсы болғанымен, қарапайымдылығы аз және
өркөкірек, өзімшіл болады. Сондықтан да қаланың
балалары мен ауылдың балаларының арасында үлкен
айырмашылық болады.
Осыған байланысты
көзбен көрген көріністен бір мысал келтіргім келіп отыр.
Кез келген
баланың арманы бар
деуге болады. Әр баладан
сенің қандай арманың
бар деп сұрасаң
олардың айтатыны менің
үлкен машинам,
ойыншықтарым көп болса екен
дейді. Қазіргі өмірдің
талабына байланысты,балалардың өмірінде көптеген өзгерістер
заманның өркендеуіне өсіп дамуы балалардың ақыл-ойы, ой өрісінің
жетілуіне келіп тірелетін сан-түрлі қиял-ғажайып технологиялық түрде
дамыған қымбат ойыншықтарға көзің
тоймайды. Әрине менің
айтайын деп отырғаным бұрынғы ойыншықтар нашар деуге
болмайды, әр ойыншықтардың өзіндік қасиеті,
өзінің тарихы бар деуге болады. Бұрынғы
ойыншықтардың саны аз сапасы жақсы болғанымен, онша қымбат бағамен сатылмаған.Қазіргі дүкендерде ойыншықтардың
бағасы өте қымбат.
Әр ата-ананың
жағдайы келе бермейді
деуге болады.
Содықтан
бала-бақшада балалар
ойыншықпен ойнайды,бірін-бірінің ойыншығымен алмасып
ойнап серпіліп қалады. Ал үйлеріне келгенде осы көз тоймайтын қымбат ойыншықтарды олар кездестірмейді. Бұл мәселе қатты
толғандырады. Үстемділік пен қымбатшылық заманның
ортасында өмір сүріп жүрген
сәби-бүлдіршіндердің не кінәсі бар. Ата-аналар да өздерінің балаларының жағдайына
көбірек көңіл
бөлсе, олармен санасып, қолынан келгенінше көмектесіп,
үй мәселесінен басқа олардың болашағына деген
үмітін үздірмей қолқабыс жасаса барлық
бала-біткен жер бетінде жаман-жолдан аулақ болатын еді.
Ал ендеше балаларымыздың
иманды, білімді, кішіге өнеге, үлкенге ізет көрсете алатындай
етіп тәрбиелейік ағайын. Сондықтан алдымен ата-аналар өзімізді тәрбиелейік.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Қоңырбаева С. Отбасы: бала мен ата-ана. – А., 2006.
2. Жиенбаева
С. Мектепалды баланы еңбекке баулу. - 2007