Магистрант Саликов Н.К., Педагогика ғылымының магистры

Карманова А.А.

Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан

Самбо күресінің қалыптасу тарихы

 

Самбо (орыс.самозащита без оружия – қарусыз қорғану деген сөздің қысқартылған түрі). Самбоның тарихы Кеңестер Одағы тұсында 1938 жылы 16 қарашадан басталады делінеді. Сол жылы дене шынықтыру саласының бүкілодақтық комитеті самбоны бірауыздан спорттың бір түрі деп тіркеді. Самбо сөзі үш сөз тіркесінен тұрады: «сам(ооборона)», «б(ез)», «о(ружия)» деген сөз шығады. Бұл спорт түрі бір емес, жиырма елдің ұлттық спорт түрлерінің жиынтығы деген пікір бар. Самбо күресі жекпе–жек түрлерінің бірі. Самбо күресінің негізін қалаушы, ортақ ережелерін қалыптастырушы В.С.Ощепков (1892–1937 жж). Ол 1911-1914 жылдар аралығында Кодакан мектебінде жу –до күресінің негізін қалаушы Жигаро Каноның өзінен дәріс алып, оның қолынан  2- даан алған адам. 1927–1937 жылдар аралығында Ощепков Москва қаласында тұрады, бірақ Ленинградқа (казіргі Санкт –Петербург) жиі барып, осы қалаларда жу – до күресін әскери командалардың құрамында және студенттермен спорт мамандарының арасында насихаттаумен айналысады. В.А. Спиридоновқа қарағанда көп адамдарды жу – до мен айналысуға тартады [1, 27 б.].

Классикалық жу–до күресіне қарағанда В.С. Ощепков палуандардың киетін киімдерін өзгертіп, жапон дәстүрін алып тастап, қатты татамиды жұмсақ күрес кілеміне ауыстырып, техникасын еуропалық және қытайлық тәсілдермен толықтырады. Спиридонов пен Ощепковтың системаларын салыстырғанда, екінші  яғни Ощепковтың негізін қалаған күресі адамдарды көбірек тартуға ыңғайлы болады. Бұл  екі зерттеуші де бірін–бірінің жұмыстарын өте жақсы толықтыра білді.  Киіммен күресетін Спиридонов мектебі мен  Ощепков мектебі сол кездегі еркін күрес немесе еркін стильдегі күрес түрімен қатар бір бағытта қатарласа дамып отырды. Кешікпей В.А.Спиридоновтың ат салысуымен жаңа пән ретінде «Қорғану мен қарусыз шабуыл» курсы енгізілді, өзі осы пәннің бас жетекшісі атанды. Аталған пәннің  негізі жиу – житсу күресін алған болатын.

В.А.Спридонов 1927 жылы көптеген әдіснамалық нұсқауларды жинастырып өзінің ең алғашқы еңбегі «Руководство самозащиты без оружия по системе джиу – джитсу» жарық көрді. 1928 жылы «Самозащита без оружия» атты екінші кітабы баспадан шықты. Осылай В. А. Спридонов өзін - өзі қорғаудың тиімді жүйесін жасауға алдына мақсат қойды. Қауіпті тәсілдерді және соққыларды қолданбай жасаған ережесі бойынша, палуандар бастапқыда жеті, содан соң сегіз салмақ дәрежелері бойынша күресті. Мұнда қолды, аяқты ауырту тәсілдері жүдеде күрескенде ғана емес, бастапқы қалыпта да, әрі қылқындыру тәсіліде қолданылды.

1933 жылы В. А. Спридонов өзінің жинақтаған тәжірибесінің арқасында «Самозащита без оружия. Тренировка. Методика изучения» атты жаңа кітабын жазды. Осы жаңа кітаптың мұқабасында «Сам», «Самоз» «Самозащита» деген  болашақ кеңестер күресінің  басқы сөздері жазылды, кейін оған «бо», «без оружия» сөзі  («қарусыз» деген мағананы береді)  жалғанып жаңа атау Самбо сөзі дүниеге келді.

Бұл жердегі басты назар аударарлық жағдай В.А. Спиридонов негізін қалаған самбо ол жауынгерлік (қол сайыс) бағытта болса, ал В.С. Ощепковтың құрастырған самбо күресі спорттық күрес түріне сай келетіндігінде болып отыр. 1930 жылдардың екінші жартысында Спиридонов пен Ощепковтан тәлім алған В. П. Волков  екі системаның элементтерін алғаш рет бір оқу курсына біріктіреді. Ол ҰҚК   мектебіне арналған оқу құралын даярлайды (1940 ж) [2, 67 б.].

Осы жұмыстың  негізіне қарап  А. А. Харлампиев (1906 – 1979 жж ) осы бағытта жұмысты жалғастырады. «Үлкен Самбо» деген кітапта жинастырып жариялады. Бірақ бұл жұмыста соққылар, қылқындыру, қауіпті лақтыру әдістері, қару – жарақтан қорғану тәсілдері көрсетілмеген. 

А. Харлампиев самбо күресін екі түрге бөліп қарастырған: біріншісі – спорттық «кілемде күресу» (халықаралық спорт түріне айналды).

Екінші: - жауынгерлік самбо (оны А.А. Харлампиев «Борьба Самбо специальные приемы» кітабында атап көрсетеді). Бұл кітап жұмыс бабында ғана пайдалану үшін Кеңестер Одағының Қорғаныс Министрлігінде – 1952 жылы басылып шықты [3, 48 б.].

Қазіргі кезде спорттық самбо күресі көптеген елдерге тараған. Қол сайысынан жарыс ережеге сай екі кезеңнен өтеді. Біріншісінде қарсыластар самбо күресінің әскери қолданбалы әдістері техникасы бойынша сайысады. Ал, екіншісінде қол сайысы ережесі бойынша жекпе-жекке түседі.

Қорытындылай келе айтарымыз, самбо – бірнеше спорт түрлерінің шыңдалып, ұшталып жинақталған, бар амалдарды бойына алған түрі. Мақаламыздың басында айта кеткеніміздей самбоның тарихы сонау көне замандардан басталады. Сол уақыттарда дәл осы самбо атауы берілмегенмен де әр халық оны өзінше атап, дамытуға тырысқан. Онда қолданылатын әдіс, айла, тәсіл барлығы уақыт елегінен өткен дүниелер. Самбо бір күнде дүниеге келіп, бір күнде дамыған спорт емес. Сол себепті қарастыратын мәселелер әлі де жеткілікті. Біз осы мақаламызда самбоның тарихынан сыр шертетін біраз деректерді алға тарттық. Бірақ осымен шектеліп қалмай ары қарай да осы тақырыпты зерделеу ойымызда бар. Самбоның бар тарихын жазуға бір мақала емес, тіпті бір кітаптың өзі аздық ететіні мәлім. Мақаланың қорытындысында айтарымыз, тарихы көнеден басталған самбо күресі бүгінде спорт тарихынан өз орынан ала білген. Соны ары қарай дамытып, аға буынның еңбегін, үмітін ақтап, келешекке табыстау біздің қолымызда.

Әдебиеттер:

1                А. Е. Тарас. (под. общ. ред.) Боевые и спортивные единоборства. Справочник. Минск. Харвест – 2002 г.

2                С. Иванов–Катанский. Джиу–джитсу базовая техника борьбы в одежде.  -М.: Гранд, 2002. -480с.

3                А.А. Харлампиев. Борьба Самбо. -М.: ФИС, 1957. -560c.