УДК: 504.062

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚОРЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРУ ІСІНІҢ БОЛАШАҒЫ

НУО Казахстанско- Российский Медицинский Университет

К.м.н.,профессор Рыскулова А.Р, преп Жетыбаева С.Б, преп. Джадигеров А.С

Казахский Национальный Педагогический Университет имени Абая

магистр биологии ,ст. преп. Бухарбаева Ж.М

 

Түйін

Бұл мақалада Қазақстанның табиғат объектілерін қорғаудағы мемлекеттік қорықтардың маңызы мен қорық  ұйымдастыру ісінің болашағы қарастырылады.

 

     Адамзат қандай жағдайда,қандай күй кешсе де оның табиғатпен үйлесімділігі сақталып қалуы қажет. Табиғат қорғаудың негізгі мақсаты – оның байлығын тиімді пайдалана отырып, болашақ ұрпаққа қаз-қалпында жеткізу. Ол үшін біз табиғат қорларын жете білуіміз керек. Бізді қоршап тұрған күрделі дүниенің бастаулары Табиғаттың ғажап үйлесімді құрылысында жатқандығын, онымен (Табиғатпен) үнемі өзара қарым – қатынаста болатындығын ұмытпауымыз керек.

       Қазақстан жері жасыл өсімдіктер әлемі мен жабайы жануарлар дүниесі өкілдеріне бай өлке. Олардың арасында туған өлке топырағына ғана тән хайуанаттар мен өсімдіктердің эндемикалық түрлерімен қатар, сонау мұздану дәуірінен бері бізге жеткен реликті және толып жатқан себептерге байланысты азайып кеткен түрлері  де аз емес. Қорықтар – бұл табиғат объектілерін қорғаудың ең жоғарғы формасы болып табылады. Қорық аймағы  шаруашылық айналымынан босатылып, онда кен өңдіру мен құрылыс жұмыстарын жүргізу, аң-құс атып, балық аулау, шөп шабу мен мал жаю және ағаш дайындау сияқты табиғат байлықтарына нұқсан келтіретін әркеттерге тыйым салынған. Қорықтарда тек саны азайып, жойылып кетуге жақын тұрған мен аса бағалы  хайуанаттар ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен қатар, өлкеміздің көрікті  табиғат ландшафтылары, жалпы табиғат комплекстері  сол қалпында сақталады.Сирек кездесетiн өсiмдiк түрлерi, орман алқаптары, жабайы аңдары мен құстары, судағы балықтары, жалпы табиғаттың керемет туындылары мемлекеттiк қорғауға алынатын қорықтық аумақтарды ұлттық саябақтар деп атайды. Ұлттық саябақ ерекше экологиялық, тарихи, табиғи қорықтарды, ағарту, ғылыми-мәдени және туризм үшiн табиғи кешендер мен нысандарды қорғайтын, экологиялық-танымдық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу мақсатында пайдаланылады.  

         Бүгiнде статистикалық деректер бойынша әлемнiң 106 елiнде 1000-нан астам ұлттық саябақ бар көрiнедi. Олардың ең iрi әрi танымалдары АҚШ, Канада, Оңтүстiк Америка, Африка мен Австрия секiлдi елдерде орналасқан. Дүние жүзi бойынша барлық ұлттық саябақтардың аумағы 230 миллион гектар жердi алып жатыр. Бұл жер бетiндегi құрғақ жердiң 1,6 пайызына тең.

          Кең байтақ елiмiздiң табиғи қорлары өзге елдерден кенде емес. Алайда тәуел­сiздiкке қол жеткiзгенге дейiн бiзде ұлттық саябақтар мәселесi өз деңгейiнде көтерiл­мей келдi. Тек 1990 жылдардан кейiн жабайы табиғатты қорғайтын ұйымдар құрыла бастады. Соның бiрi Алматы қаласының қоғамдық ұйымы ретiнде тiркелген «Жасылдарды қорғау» қоғамы едi. Оның бас­ты мiндетi Қазақстан Республикасында­ғы адамдардың экологиялық құқығы мен табиғат құқықтарын қорғау болып табылады.  Бұл қоғамдық ұйым кезiнде «Қазақ КСР-дағы қоршаған ортадағы табиғатты қор­ғау  туралы» (1991 ж.) және Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қор­ғау туралы» (1997 ж.) секiлдi бiрнеше заң жобаларын жасауға үлес қосқан.

   Осы 1997 жылғы Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи территориялары туралы» заңының «мемлекеттiк ұлттық табиғи бақтар» деген 8-тарауының 39-бабында ұлттық бақтар туралы: «Мемлекеттiк ұлт­тық табиғи саябақ - ерекше экологиялық және ғылыми құн­ды табиғи және тарихи-мәдени кешендер мен нысандарды қайта қалпына келтiру мен сақтау үшiн арнайы қорғалатын табиғи территориялар» делiнген.

          Ары қарай: «Мемлекеттiк ұлттық табиғи саябақтар республикалық дәрежеге ие» дейдi. Олай болған күнде нелiктен бiздiң ұлттық саябақтар осы кезге дейiн тиiстi бағасын ала алмай жүр? Неге бұл мәселе бiзде кенже қалып келедi?

       Ресейлiк эколог мамандардың зерттеу­iнше ұлттық саябақтардың белгiсiз күйде қалуы көбiне жарнаманың жетiспеуiнен болады екен. Расында бiздiң қорықтар мен табиғи саябақтардың кереметтiгiн жарнамалап, оны туристiк бағытта дамыту әлi қолға алынбай келедi. Негiзiнде 2003 жылғы жүр­гiзiлген зерттеу бойынша республикада 25 ерекше қорғаудағы, оның iшiнде 9 қорық пен 10 ұлттық саябақ бар табиғи аймақтар тiркелген. Жалпы аумағы 2978,9 мың гектар жердi алып жатқан табиғи қорықтардың 23 пайызын (686,5 мың га) орманды алқап жапса, 10,4 пайызын (314,4 мың га) су қорлары құрайды екен. Солай бола тұра, Қазақстанның ерекше қорғаудағы территориялары бүкiл ел аумағына шаққанда 1 ғана пайызын құрайды. Бұл әлемнiң өзге 10 пайызға дейiн жететiн елдерiмен салыстырғанда анағұрлым аз көрсеткiш. Осы қорықтар мен табиғи мекендерде 2108 адам қызмет iстейдi.

       Жалпы табиғи қорықтар мен ұлттық саябақтардың басым бөлiгi Алматы облысында. Олар Алматы, Алакөл мемлекеттiк табиғи қорықтары мен «Алтын-Емел», «Iле-Алатау» мемлекеттiк ұлттық саябақтары. Қазақстан қорықтары мен ұлттық саябақтары сирек кездесетiн аңдар мен өсiмдiк түрлерiне де бай. Жалпы Ұлттық саябақтарды қорғау ере­жесi мен жүйесi сол бақтар орналасқан мем­лекеттiң әлеуметтiк-экономикалық, саяси, экологиялық және т.б ерекшелiктерiне тiке­лей байланысты. Тарихи оқиғалардың аумалы-төкпелiлiгi бұрынғы Кеңес Одағы тұсындағы қабылданған «Ерекше жағдайдағы табиғи территорияларды қорғау туралы» кон­цепцияның шетелдiк заңдардан басқаша ба­­ғытта дамуына әкеп соқты.   Сондықтан да бiздiң Қазақстан аумағындағы ұлттық саябақтар мәселесi кенже қалып келдi. Қазiргi кезде олар дамудың алғашқы кезеңдерiн бас­­тан кешiп жатыр десе де болады. Күнi бү­гiнге дейiн бақтарды дамытудың ықтимал жолдары қарастырылып жатыр.

          Ландшафтарды қорғаудың ең жоғарғы  формасы – қорықтар ұйымдастыру. Бүкіл дүниежүзілік тәжірибелерге сүйенсек жер шарының жекеленген елдерінде қорық ұйымдастыру ХІХ ғасырдың басқы кездерінен бастап жүзеге аса бастағанын көрсетеді. Ал, оның алғашқы нәтижелерінің бірі – тіптен 1872 жылы Америка жерінде ұйымдастырылған алғашқы ұлттық парктер (бақтар). Одан соң Канадада, Африка,  Австралия, Жаңа Зеландия, т.б. материктерде  қорықтар мен ұлттық парктер ұйымдастырылғаны белгілі.  Ресейде 1874 жылы Аскания – Нова ұлттық бағы құрылған болатын.

      Қазақстан Республикасы бойынша 10 мемлекеттік   қорық, 66 қорыққор (44 зоологиялық, 20 ботаникалық, 2 палентологиялық), 6 ұлттық парк және 24-тен астам табиғат ескерткіштері бар.

      Негізінен ландшафттарды  қорғаудың 10 категориясы бар: қорықтар, қорыққорлар, ұлттық парктер, табиғат ескерткіштері, қорғалатын ландшафтар, табиғат ресурстарының  қорық-қорықтар, микроқорықтар (омыртқасыз жәндіктер мен өсімдіктерге арналған), табиғат объектілері және көп мақсатты қорғауға алынған жерлер.

         Қандайда болмасын табиғат байлықтары, өсімдік болсын, жан-жануар болсын, оларды өздері бейімделіп тіршілік ететін  табиғи ортасынан ажыратпай қорғау және мейілінше қорын молайту ісі  бүгінгі күн талабынан тыс қалған емес.  Себебі, қазіргі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының, транспорттың қарышты қадамы оларға өз ықпалын тигізуде. Оларға кері ықпалын тигізбеу үшін адам ғылыми-техникалық прогресс пен табиғат қорғау ісін ғылыми негізде етене ұштастыра білуі қажет.  Яғни, табиғатта өтетін түрлі экологиялық процестерге игі ықпал етіп, қоршаған ортаны көркейтумен қатар, небір қайталанбас көркі бар табиғи ландшафтарды барлық компоненттерімен қамқорлыққа алғаны жөн.

      Қорықтар – биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жай алған жайылым мен шабындық, аң-құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс.Қай заман болмасын, қорықтарды ұйымдастыру күн тәртібінен еш қашан да түскен емес. Өйткені биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу жұмыстарын сондай-ақ, биосфера компоненттерін қорғау жөніндегі  үгіт-насихат экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқаратыны белгілі.

       Қазақстанның  бірнеше табиғи-географиялық аймақтары – солтүстүгінен оңтүстүгіне қарай орманды-дала, шөлейтті, шөлді өңірлерді қамтиды.                                               Қазақстан жерінде Д.И. Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бәрі дерлік кездесетін біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай өлке. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің  5777 түрі, аңның 150, құстың 480, баурымен жорғалаушылардың 150, қос мекенділердің 12 түрі тіршілік ететін айтпай кетуге болмайды. Бұл бай өлкені шын мәннінде табиғи байлықтың қайнар көзі деп ғалымдар бекерден  -бекер айтпаған болар. Бірақ, бұл інжу-маржандар қанша мол болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені кейінгі кезде өзінен-өзі өне беретін зат емес. Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде қорғап, байлығын молайта беруге барлық мүмкіндікті жасау керек. Осы бағыттағы шаралардың бірі – «Жер жанатты» деп орынды аталып кеткен небір тамаша аймақтарды, өлкелерді, өңірлерді қорыққа айналдыру керек екенін өмір көрсетіп отыр.

         Бұл салада Қазақстан Республикасында соңғы жылдарда қыруар ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізіп келді. 1962 ж Қазақстан ССР Жоғары Советінің биосфераны қорғау заңы шықты. Мұнда табиғи ортаны көркейтудің бірнеше нақты шаралары анық көрсетілген. Олар – қорықтар, парктер, заказниктер мен табиғат ескерткіштерді сақтау ережесі. Сонымен бірге 1972 ж Қазақ ССР мемлекеттік қорықтарының ережесі жарық көрді. Міне, бұл көрсетілген құжаттарда қорықтар мен табиғат ескерткіштерін ұйымдастырудың мақсатымен міндеттері және биосфераны қорғау тәртібі айқын көрсетілген.  1969 жылғы 9 шілдеде «Наурызым мемлекеттік қорығының орманын қалпына келтіру мен қорғау шаралары туралы», 1972 ж 2 тамызда «Қазақ ССР мемлекеттік қорықтарының қызметін жақсарту шаралары туралы», 1976 ж 12 шілдеде «Қазақ ССР-інде қорықтар жұмыстарын  жақсарту  туралы» қаулылар жарыққа шықты. Бұл шаралардың өлкеміздегі қорықтардың өлкеміздегі қорықтардың ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстарын жақсартуда зор маңызы болғанын айтпай кетуге болмайды.        

       Осы кезде Қазақстан Республикасы жерінде  (1980 жылғы мәлімет бойынша) 531 мың гектар алқапты алып жатқан 6 қорық ( Ақсу-Жабагылы, Алматы, Наурызым, Барсакелмес, Қоғалжын және Марқакөл) көлемі 4288 мың гектарға жететін 50-дей аңшылық заказниктер, көлемі 3644 мың гектардай 26 зоологиялық және ботаникалық объектілер, қорғалатын заказниктер және 3 табиғат ескерткіші бар. Олар (Павлодардағы «Гусиный перелет» , шарын бойындағы көне заманнан бері қарай жойылып кетпей өсіп-өніп келе жатқан ағаштар, Іле Алатауындағы шыршалар). Қорғауға алынған учаскелерде, әсіресе, қорықтарда , бұрын осы аймақты мекендеген, бірақ соңғы жылдары саны азайып кеткен жабайы хайуанаттар мен сирек кездесетін өсімдік түрлері есепке алынған. Мұндай түрлердің, мәселен, Шығыс Қазақстанның далалық аймақтарында өсімдіктердің 1600 түрі тек осы аймаққа тән болғандығын және сирек кездесетінін айтуға болады. Ал Мұғаджар далалы ауданында 15-ке сирек кездесетін эндемик өсімдіктер, Бетпақ даладағы өсімдіктің 1800 түрінің 15-і, Каспийдің оңтүстік жағалауындағы өсімдіктердің 1800 түрінің 7-і Республикамыздың басқа жерлерінде кеддеспейді. Сондай-ақ, Оңтүстік Алтайда өсімдіктердің 1740 түрі кездессе, оның 18-і, Жоңғар Алатауында 2021 түрі өссе, оның 58-і,  Қаратауда 500 түрі өссе, оның 100-і сол аймақтарға ғана тән сирек кездесетін түрлер. Адамның үнемі қамқорлығы мен аялы алақаны болмаса, мұндай бағалы түрлердің биосферадан жойылып кетуі мүмкін екендігін естен шығаруға болмайды. Сондай-ақ, қорықтар өзінің табиғи сұлу көрінісі мен онда өсетін ағаш түрлерінің ерекшеліктерімен де құнды. Қорықтардың кейбіреулері ЮНЕСКО-ның жанындағы биосфераны  қорғаудың халықаралық Одағының құрамына Ақсу-Жабағалы қорығы. Оларда тек саны азайып кеткен, мүлде жойылып кету қаупі төнген хайуанаттар дүниесі мен  аса бағалы өсімдіктер әлемі ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен  бірге Қазақстан Республикасының ежелден бері әйгілі болған таңғажайып көрікті орындарының бұрынғы атақ даңқын арттыра беру мақсатында да зор көлемді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. 

         Қазақстан Республикасының қорықтарында алдағы уақытта табиғи ресурстарды пайдалану және олардың қайталанбас сұлулығын сақтаудың ғылыми негізін жасау жөніндегі үлкен мақсат пен міндеттер тұр. Бұл мақсат пен міндеттердің биосфера компоненттерін қорғап, оларды халық шаруашылығына рационалды түрде пайдалану үшін зор маңызы бар. Бұл мақсат пен міндеттердің Қазақстан Республикасы жағдайында да көкейтесті екендігі аян. Көлемі 2,7 миллион шаршы километр жерді алып жатқан байтақ өлке  өзінің саялы да а ялы қалың орман-тоғайы оны мекендеген сан түрлі хайуанаттары, өзендері мен көрікті өлке. Қазақстан Республикасы территориясында 34-35 миллион гектар егін егуге, бау-бақша өсіруге жарайтын құнарлы жер бар. 186-187 миллион гектар шабындықтар мен жайылымдықтар 22 миллион гектар орман (оның ішіндек 4-5 миллион гектар аса бағалы сексеуіл орманы бар). Д.И. Менделеевтің периодтық кестесінің барлық элементтерін жинақтаған түрлі қазба байлықтардың ірі кен орындары, 11000 өзен, 7000-нан астам көлдер мен су қоймалары бар

       Осымен биосфера қазыналарын көздің қарашығындай сақтап, қорғауға Қазақстан Республикасындағы жоғарыда айтылған, Ақсу-Жабағылы, Алматы, Наурызым, Барсакелмес, Қоғалжын, Марқакөл, Баян-ауыл, Үстірт, Алтын Еміл және тағы басқа қорықтардың маңызы арасан зор. Ұлан-байтақ Қазақстан мемлекетінің территорияларында келешекте де осындай табиғи қорықтар-лабораториялық көбее берсе екен деген ойдамыз

    Жер көлемі 2754 мың шаршы километр ұлан-байтақ жерде алып жатқан  Қазақстан Республикасында небары 10 қорық бар дегенге сенудің өзі қиын.

    Республикамыздың табиғи ресурстарын қорғайтын жаңа қорықтарды ұйымдастыру үшін алдымен ол маңда арнайы түрде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Қорықтарды ұйымдастыру үшін ғылыми деректер керек.

      Табиғи қорықтардың бірін Бетпақ дала шөлді аймағында ұйымдастырған жөн деген ғалымдар бір ауыздан шешімге келген.Бетпақ дала қорығы территориясында Шу өзенінің солтүстігінде жатқан ұсақ тасты шөлді аймақты енгізу жоспарланып отыр. Бетпақдаланың  шөлді даласында жусан, баялыш, бұйрығын өссе, ал үстіртті жерлерде қараған, теріскен өседі. Өте көне заманның ескерткішіндей болып реликті бұта көзге шалынады. Ауа-райы өте құбылмалы жазы ыстық, қысы аязды келеді. Жауын-шашын жерге өте аз түседі. Небары  90-100 мм. Бұл қорықта сүтқоректілердің 40, құстардың 150-200-дей түрі. Бауырымен жарғалаущылардың 15-тен астам түрі тіршілік етеді.

     Екінші – далалы аймақ. Оған Жезқазған облысына қарасты Ағадыр селосының батысындағы бұталы дала жатады. Көлемі 40-50 мың гектар болуы мүмкін. Мұндағы негізгі обьектілер жұпар, камшат, орман сусары, құр, емен, шегіршін сияқты сирек кездесетін аң құс өсімдіктер.

       Үшінші – шөлейтті аймақ қорықтары. Бұл  қорықтарда ең көлемділері -  Үстірттің батыс тік жарлы қыраттары. Үстірт қорығында   кекілік, құлан болса, гепард, бұлдырықтарда көзге жиі-жиі шалына шалына береді.                               Шөлейтті аймақтық қорықтардың бірі  - Аңдысай қорығы. Оның көлемі 330 мың гектар жерді қамтиды. Қорғалатын обьектілері арқар, құлан, қара құйрықкиік, жалман, реликті гүлтобылғы, Регель қызғалдағы.

     Алматы облысы.  Балқаш ауданындағы күрті өзенінің Ілеге құя берісіндегі тоғайлы алқапта да шамамен алғанда 20-30мың гектар жер босқа жатыр. Ол жерге қорық ұйымдастыратыны анықталып отыр. Іле өзені Тоғайлы қорығын ұйымдастыру ғалымдардың ойында. Мұнда мекендейтін жабайы шошқа, тоғай бұғысы, шұбар бұғы, сарғыш күзен, қырғауыл және сирек кездесетін тоғай өсімдіктері қорғалуға тиіс.

     Қазақстан Республикасында алдағы уақытта ұйымдастырылатын қорықтардың бір тобы – тау қорықтары болуы тиіс. Бұл қорықтардың көлемдісі – Жоңғар Алатауы. Басқан өзені, Сарқанд ауданының территориясын қамтиды. Қорғалатын негізгі обьектілер – марал, ақтырнақты аю, барыс, тас сусары, қызыл қасқыр, арқар, таутеке, ұлар, сабыншы құр, май қарағай, шыршалы ормандар, алый шабындықтары, оларда өсетін сирек кездесетін өсімдік түрлері. Ал сауыр тауларында Шығыс Қазақстан облысы, қорық ұйымдастыратын көлемі 200 мың гектар жерлер кездеседі. Мұнда қорғалатын обьектілер өте көп – марал, қоңыр аю, таутеке, тұндра шілі, меңіреу құр, шұбар шіл, тырбақ қайың, жапырақты орман.

    Ал Шыңғыстау, Тарбағатай бұл өңірде қорық ұйымдастыруға келетін көлемі 50-60 мың гектар жер бар. Бұл жерде қорғалатын обьектілер – бадам, жабайы алма бағы, субальпі шабындығындағы өсімдіктердің кейбір түрлері.

    Зайсан ойпатында да қорық ұйымдастыруға болтын жерлердің бар екені дәлелденіп отыр. Өйткені бұл өңірде сирек кездесетін хайуанаттардың өкілдері бар. Олардың ішінде елік, қарақұйрықты жерсіндіруге болатыны толығымен дәлелденіп отыр. Алакөл көліндегі «Реликті шағала» қорғау үшін заказник ұйымдастыру күн тәртібінде тұр.Міне,осындай шараларды іске асырғанда ғана биосфера байлықтарын ғылыми тұрғыдан қорғауға болатыны анықталды.

    Қазірде экологияның заңы ретінде ұсынылып отырған белгілі диалектикалық ережемен айтылғандай, «Барлығы да бір – бірімен байланысты».   Табиғат біртұтас. Табиғаттың барлық құбылыстары туралы ғылым да біртұтас болуы керек. Қазіргі ғылымда табиғат пен қоғамның арасындағы функционалдық қарым – қатынастар жүйесінің күрделенуіне байланысты көтерілетін  міндеттерге жауабы болып табылатын маңызды процестер байқалуда. Қазіргі заманға ғылымдарға тән бағыттар ретінде олардың экологиялануын мысалға келтіруге болады. Көп кешікпей ғылым мәдениеттің аса негізгі бөлігі болып, бүкіл мәдениет бір бүтін және биосфераның бөлігі ретінде, экологиялық мәдениет болып дамиды деп болжауға болады. Қазіргі техногендік экологиялык апаттар жағдайында адамзаттың өмір сүру ортасын сақтап қалуда маңызды роль атқаратын «экоэтика» мен «экоморалдық» приоритеттікті бекіту қажеттігі туындауда  Ғылым адам мүмкіншіліктері мен табиғаттың шығармашылығымен шектелген үшбұрыштың ішенде  тұрған тәрізді. Қазір ғылым экологиялық шектеуге тап болды. Оның дамуы биосфераның және оның өзінің жойылуына әкеліп соғуы мүмкін. Ғылым мұны істей алады, бірақ табиғатқа тең бағалы өзі өмір сүре алатындай жасанды (синтетикалық) дүние әлем құруға қабілеті жоқ. Жеке адамға да бүкіл адамзаттқа да жаңаны жасаудан гөрі бүлдіру әрқашанда оңайрақ. Адамдардың өзі тіршіліктің тізбегінде тұр, сондықтан да олар өмір үшін оның алдында да, өздерінің алдында да жауапты.              

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1.  Жұмаділов Ә.,Бекенов А., Қыдырбаев Х. Қазақстан қорықтары./Алматы.,1980
  2. Қазақстан қорықтары мен Ұлттық бақтары. /Алматы, 2006
  3. Ә.Бейсенова, А.Самақова, Т.Есполов, Ж.Шілдебаев Экология және табиғатты тиімді пайдалану./Алматы,2004, 164-166 бет
  4. С.Д Фазылов, З.М Молдахметов, А.М.Ғазалиев Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциялары,/ Алматы,2003  6-7 бет