ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ   ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ БАСТЫ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

 

э.ғ.магистрі Жуанышев А.Е.

Тұран-Астана университеті, Астана қ.

э.ғ.магистрі Асқар Б.А.

Қазақ тенология және бизнес университеті, Астана қ.

 

 

Шағын және орта бизнес  түсінігінің мәнін ашпас бұрын,  алдымен оның қалыптасу көздерін  анықтап алу керек. Экономикалық  теорияда кәсіпкерліктің алғашқы  анықтамасына қатысты қайшылықтар  бар. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің  шығуын франсуз экономисі Р.Контильион (18ғ) есімімен байланыстырады, ол  кәсіпкерлікті сипаттайтын функйионалдық  негізі ретінде тәуекелділікті  ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, «касб» түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген.

Кейбіреулері болса,  шағын бизнес барлық ежелгі  мәдениетте дамыған деп тұжырымдайды. Бұл істе арабтар, вавилондықтар, египеттіктер, иудилер, гректер, финикшілер және римдіктер ерекшеленген. Мұнын дәлелі тұтынушылар мен кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған Хамураппи заңдары болып табылады. Қазіргі уақыттағы алдынғы қатарлы ғылыми-техника дамудың теоретигі Кристофер Фример және менеджмент теоретигі Питер Друпердің айтулары бойынша кәсіпкерліктің кезектілік теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген Иозеор Шулепеттер болып табылады. Теорияның мәні келесіде, кәсіпкерлік-экономикалық дамуда қозғалтатын өзіндік элемент.

Сонымен, қазіргі ұрпақ  теоретиктеріне кәсіпкерліктің  алғашқы пайда болу төңірегіндегі  сұрақтарын бірнеше рет қарастыруларына  тура келеді, бұл бір қатар экономистер мен студенттерді дұрыс емес бағытта талқылауды қорғайды.

Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелген зоналарда  қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар  жүзеге асыратын, барлық негізгі стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару сипаты икемділігімен, форьмалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласындада, басқару саласындада жұмысшылардың өз-ара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.

Шағын және орта бизнестің ерекшелігі қызмет ету сферасы болып табылады. Ірі кәсіпорындар жаппай өндіріс жағдайында, тұрақты тауар номенклатурасымен және көтерме сатып алушылармен жұмыс істейді. Шағындар ұсақ партиялармен шығарады, жеке тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады, нарықтық арнайы сегментіндегі және екінші реттік шикізат өндірісінің қалдықтарын пайдаланады. Мысалы, автомобиль өндірісі – ірі кәсіпорын қызметіне жатса, автомобильді жөндеу – шағын және орта бизнес қызметі.

Шағын және орта бизнестің келесі бір тиімді ерекшелігі коллективті еңбекке ұмтылуы, жұмыс орнын сақтап қалуға тырысу және пайдаға қатысуға негізделген жұмыстың нәтижесінің максималды болуына мүдделілік болып табылады. Ірі компаниялар кәсіби менеджерлерді жалдайды, алолар акционерлердің барлық талпыныстарының ерекшеліктерін білмейді, нәтижесінде басқару проблемаларына алып келеді, ал шағын кәсіпорындарда құрушының өзі менеджер, бір тұлға, сондықтан бұл жерде ешқандай түсініспеушілік мәселесі туындамайды.

Әлемдік тәжірибе шағын және орта бизнестің экономикадағы рөлі бағалауға келмейтіндей жоғары екенін көрсетіп отыр. Ал мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша жекелеген елдерде шағын және орта бизнес субъектілері маңызды рөл ойнайды. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі оның икемділігін арттыратын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті, шағын және орта бизнестің даму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін талдайды.

Қазақстан үшін шағын бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған экономикаға өтетін көпір болуы қажет. Қиыншылықтар мен сәтсіздіктерге қарамастан шағын және орта бизнес даму үстінде, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-технологиялық мәселелерді шеше отырып қарқын алуда.

Шағын және орта бизнесті дамыту келесі мәселелерді шешеді:

-қоғамның және халықтың қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға мүмкіндік беретін, өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың қалыптасуы;

-ассортименттің кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы. Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады;

- тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы;

- экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік экономикаға өтімділік, икемділік береді;

- өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады;

- қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы;

- адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, дарындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;

- еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар белгілібір шектеу қоятын халықтың жекелеген топтарын (үй жұмысымен айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тарту;

- меншік иелері, кәсіпкерлер, басқарушылардың әлеуметтік қатарларының қалыптасуы;

- ғылыми-техникалық дамуды жандандыру;

- жергілікті шикізат қайнары ірі кәсіпорындар қалдықтары қолдану және игеру;

- ірі кәсіпорындарға комплетелетін бұйымдарды дайындау және жеткізу жолымен, көмекші және қызмет көрсету өндірісін құру арқылы әсер ету;

- арендаға алу немесе сатып алу арқылы төмен рентабельді және тоқыраудағы кәсіпорындардан мемлекетті босату;

Осы барлық аталған және басқа да шағын және орта бизнестің экономикалық, әлеуметтік функцилары, оның дамуы ең маңыздылар қатарына жатқызып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырады.

Қазіргі уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайда мемлекеттік тікелей немесе жанама қолдау көрсететін елеулі ресурстары жоқ. Сондықтан, барлық күш жағымды сыртқы ортаны қалыптастыруға бағытталуы керек. Бұл бағытты жүзеге асыру үшін келесідей шаралар қажет: заңдық және нормативтік базалар ары қарай қалыптасуы мен дамуы, өндірісті қолдайтын инфрақұрылымының барлық қажетті элементтерін қалыптастыруы, бюджеттен тыс қаражаттар есебінен кәсіпкерлікті қаржылық қолдлау аясын кеңйтуге әсер ету, тиімді инвестициялық климатты қалыптастыру, мемлекеттік бақылауды тәртіпке келтіру.

Соңғы жылдары шағын және орта бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік қызметті қолдау бойынша бірқатар шаралар әзірлеген болатын. Ол өзінің нәтижесін берді, статистиктердің айтуы бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің санының артуы, жұмыспен қамтылған халықтың үлесіне де әсерін тигізген. Шағын кәсіпорындардың өнім өндірудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы артып келеді. Шағын және орта бизнестің ролінің артуын кәсіпкерлер форумының тұрақты жүргізілуі шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының құрылу, барлық екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің минимал мөлшерін тағайындауы (банктің несие қоржынының негізгі қарыздан 10 % - тен аз болмау), орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау Агенттігінің құрылуы, шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша әкімдердің қызметін қатаң қадағалау, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау және жеңілдіктер беру.

Шағын және орта кәсіпкерліктің басты проблемасыол несие беру саясаты. Несие тек қана кепілдеме ретінде мүлікке беріледі. Ал кепілдікке жарайтын мүлік шағын және орта кәсіпорында жоқтың қасы, сондықтан шағын және орта кәсіпорындардың керекті несиесіне кепілдік бере алмады. Сондықтан шағын және орта бизнесті қолдайтын арнайы банк, несие банктің бір бөлімі болуы керек.

Шағын және орта кәсіпкерлік фирмалар қазіргі жағдайда делдалдық сферада, соныменқатар тез саналатын сауда-саттық, қоғамдық тамақтану, азаматтық құрылыс, техника және машиналарды жөңдеу, тағы басқа салаларда орыналып отыр. Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлік мәселелері мынандай заң актілерімен реттеледі: "Еркін шаруашылық қызметі және кәсіпкерлікті дамыту туралы", "Лицензиялау туралы", "Банкроттық туралы", "Шаруашылық серіктестіктері туралы", "Жеке кәсіпкерлікті қорғау туралы", "Шағын және орта кәсіпкерлік пен кәсіпкерлікті мемлекеттің қолдауы туралы" арнаулы заң керек.

Шағын және орта кәсіпорын өзінің іс-әрекетінде көптеген қиындықтарға кездеседі.

Басты проблеманың біріол кадр мәселесі. Кәсіпкерлік сүйекке біткен қасиет дейді. Ол мүмкін дұрыс болар, бірақ ондай адамдар аз. Қоғамға керекті кәсіпкерді даярлау керек. Ол үшін оларды таңдап алып оқыту керек.

Кәсіпкерлік істі әлеуметтік қорғау керек. Ол үшін әлеуметтік кепілдік және әлеуметтік қамтамасыздандыру тағы басқа шаралар қолдануы тиіс.

ХХІ ғасыр кәсіпкерлік қызметтік өркениетті жұмыс істеуіне жаңа талаптар қояды. Бұл ең алдымен «интернеттендіру» үрдістеріне, электрондық саудаға, телекоммуникацияның прогрессивтік нысандарын пайдалана отырып, консалтингтік және оқып-үйрету қызметтеріне, кооперациялық процесстерге қатысты.

Қазіргі сәтте қазақстандық шағын кәсіпкерлік  аталған процесстерді ескермей отырғанын айта кету керек. «Шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық ақпараттық көрме орталығы» ЖАҚ жүргізген зерттеулердің қорытындысы табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттіктің қолдауымен еліміздің барлық өңірлерінде осы мәселеде отандық бизнестің өте төмен әлеуеті бой көрсетіп отыр.

          Қазақстан Республикасында болып жатқан оңды өзгерістердің бірі – адамдардың нарықты қабылдауы, түсінуі, одан өз орнын табуы. Солардың бір көрінісі ретінде адамдардың шағын және орта бизнеспен шұғылдануы. Бірақ тәуелсіз Қазақстанның нарықтық экономиканы қалыптастыру жолына түскеніне шамалы ғана болғандықтан, кәсіпкерліктің де өз кедергілері бар. Әсіресе, бизнесте бәсекелестік жетіспейді, олардың өз жұмысын жандандыруына жергілікті жерлерде әдейі қолдан жасалынып отырған кедергілер көп. Шетелдік сарапшылардың, экономист-ғалымдардың пікірінше қазақстандық компания, фирмалардың жұмысты үйлестіру, бизнестік ортамен байланыс жасау, бизнес жүргізудің тиімді әдістерін меңгеру жағынан іс-тәжірибесі аз. Қазақстандық бизнесмендерге салық тәртібі, бюрократия, сыбайлас жемқорлық та үлкен кедергілердің бірі.

            Олардың барлығын бес ірі топқа бөле отырып, мүмкін жою жолдарын ұсынып отырмын.

            Қаржылық. Негізгі капиталдың (жұмыскерлік және өндірістік орындарының, машиналар және техниканың, жердің) жоқ болуы.

  Жою жолдары:

- мемлекеттік меншікті, ақшаны жекешелендірудің соңғы сатысына қатысуы;

- шағын кәсіпкерлерге қолданбайтын жекешелендірілген орындарды сатуы (бөліп төлеу мүмкін);

- кәсіпкердің ақпараты бойынша анықталған қолданылмайтын объектілерді жалға беруі;

- Қазақстандағы лизингтің институционалдық негіздерін құру;

- жалға берілген мүліктің пайдалануын қадағалау;

- шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландыру үшін халықаралық қаржылық, экономикалық, жеке қорлардың және қоғамдық ұйымдардың гранттары мен жарналарын тарту. Мысалы, Бүкіләлемдік банк, Халықаралық валюталық қор, Халықаралық қаржылық корпорация, Қайта өрлеу және дамудың Еуропалық банкі, Азиялық даму банкі;

- шағын және орта бизнесті несиелеу үшін екінші деңгейлік банкті ынталандыру;

- шағын және орта бизнестің дамуы қорынан өзекті салалары бойынша несиелеуді жетілдіру;

- шағын және орта бизнеске микронесиелеуді дамыту;

- шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландыруын сақтандыру.

            Институционалдық. Кәсіпкерлік институтының нарық инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы.

Жою жолдары:

- Қазақстанда кәсіпкерлік институтын енгізу;

- Қазақстандық кәсіпкерлік кодексін жасау;

- Қазақстандық жылжымайтын мүлік кадастрын жасау;

- заңды, кеңестік және аудиторлық фирмалар жүйесін құру үшін шарттар жасау;

- шағын және орта бизнеске несие мен жарналарды ұсынатын коммерциялық банктер дамуын қолдау;

- сауда үйлері және биржа жүйелерін дамыту  мен қолдау;

- коммуникациялық қызметтерді, қонақ үй шаруашылықтарын дамыту мен қолдау;

- бизнес орталықтары, бизнес-инкубаторлар, аналитикалы-ақпаратты, көрмелі-ақпаратты, ғылыми зерттеу және кеңестік орталықтарды құру және қолдау.

            Білім алу. Бизнесті басқаруда тәжірибенің, білімнің аздығы.

  Жою жолдары:

- бизнес негіздерін үйрететін жаңа оқу бағдарламаларын құру мен енгізу;

- мамандардың жыл сайынғы оқылымын жетілдіру;

- донор-елдердің техникалық көмегін пайдаланудың сапасын арттыру;

- инновациялық кластерлерді, бизнесті басқару мен ұйым тәжірибесі мен білімді дамытудың инкубациялық орталықтарын құру;

- кәсіпкерлер үшін әрбір облыс және қала әкімшілігінде кезекшілік кеңестік пунктерді ашу.

            Мемлекеттік. Бюрократиялықтың, сыбайлас жемқорлықтың, ақша сұраудың бар болуы.

  Жою жолдары:

- мемлекеттік қызмет туралы реформаны әрі қарай енгізу;

- Қазақстан Республикасының Жоғарғы тәртіп кеңесінің жұмысын жетілдіру;

- заңдардың толық сақталуын қамтамасыз ету; шағын бизнес субъектілері үшін бухгалтерлік есеп, лицензиялауды, сақтандыруды, тіркеуді жеңілдететін түрін енгізу;

- шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейтін мемлекеттік басқару органдарының жұмысын толық дәрежеде мүлтіксіз болуын қадағалау;

- шағын және орта бизнес субъектілерінің мемлекеттік органдарда, банктерде, сақтандыру, - нотариалды, заңды фирмаларжа қызмет алуын жеңілдету;

- Бизнес және жеке меншікті қорғау үшін құрылымды іске қосу.

            Ақпараттық. БАҚ-да мәселелердің таралуының тәжірибелік деңгейінің жоқ болуы.

            Жою жолдары:

- интернет жүйесінде шағын бизнес беттерін құру, арнаулы буклеттерді, ақпарат парақшаларын, дайджестерді басылымға шығару;

- радио және теледидар бойынша арнаулы бағдарлама циклдерін ұйымдастыру;

- бизнестің өзекті мәселелері бойынша газет, журналдарда басылымдарды шығару;

            Алайда «Елімізде шағын бизнестің  неге орта бизнес деңгейіне біртіндеп  эволюциялық өсулеріне мүмкіндіктер жоқ» деген сауал алдымызда тұр. «Даму» қоры және басқа да мемлекеттік  құрылымдар осы сауалдың түйінін  шешу мақсатында жұмыс істеп жатыр.

            «ДАМУ» қоры - бүгінде шағын және орта бизнес қолдауға бағытталған барлық мемлекеттік бағдарламалардың операторы  және бастамашысы. Салыстырмалы түрде айтсақ, мысалы, біздің елімізде шағын және орта бизнес түрінде жемісі мол бау-бақша бар. Оны әркім әртүрлі ресурстармен - топырақ, тыңайтқыштармен қамтамасыз етіп, нәрлендіреді. Ал «Даму» қоры сол бақшаға жақсы қарайтын өзіндік мүмкіндігі бар бағбан бола білуі керек. Яғни өңдеу өнеркәсібіндегі несиелерді арзандату үшін ол субсидия бөлуі тиіс. Егер қайбір аймақта жақсы жоба үшін кепілзат жетпей жатса, ол бұған кепілдік беруі керек. Егер банк қаржы көзі бар екенін, бірақ ол аз деп тұрса, ол мұндай жобалар үшін жеткілікті мөлшерде қаржы бөлуі қажет. Осы сияқты шағын және орта бизнестің түрлі қажеттіктерін  түсініп, өзіміздің стратегиямызда түрлі құралдар қарастырылып отыр . 

Мұндағы негізгі түйіндердің бірі, ол шағын және орта бизнес - ресурс немесе ақша үшін күрес еместігі. Бұл - құзірет күресі. Кім өзінің білімі мен тәжірибесін ақшаға айналдыра алса, сол табысқа жетеді. Сондықтан да қазір шағын және орта бизнес құзіретін дамытатын бағдарламаларға бірінші маңыз беріліп отыр. Бүгінгі Кедендік одақ жағдайында бізге Ресей мен Белоруссиядан дайындық деңгейі жоғары кәсіпкерлер келеді

            Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы-2020»  бағдарламасы аясында жанданып, кең  қанат жайып келе жатқан кәсіпорындар күн санап артып келеді. 2011 жылы 884 жоба бекітілсе, бағдарлама өрісінің кеңеюінен өткен жылы 2,5 мыңнан астам жоба қабылданған. Яғни, ел дамуы артып, халық ахуалы артқанының белгісі. Бағдарлама барысында «Даму» қорының орны ерекше. Мәселен, кәсібін дөңгелетемін, дегендерге субсидия бөліп отыр. Астана қаласы бойынша 2012 жылы 160-тан аса жоба қабылданып, 43 миллион теңге бөлінген [www.damu.kz].

         Негізі шағын және орта бизнестің дамуы еліміздің дамуына үлкен үлес әкеледі. Мысалы, Европа елдері мен АҚШ-ты алсақ, оларда орта және шағын кәсіпкерлік 90-80 пайыз үлесін алады. Ал, біздің елімізде ондай үлеске жеткен жоқпыз. Бірақ, соған ұмтылыс бар. Себебі, мемлекеттік бағдарламалар бізде өте көп.

         Бағдарлама шеңберінде 2010 жылдан бері 34 мың жұмыс орны ашылған. Ал, 2015 жылға дейін 8,5 мың жаңа жұмыс ошағы ашылмақ. Алдағы уақытта да еңбек етемін, ел дамуына үлес қосамын деушілерге қолдау көрсетіле бермек. Жалпы алғанда, Қазақстанның бәсекеге қабілетті экономикасын  дамыту үшін бизнесті әртараптандыру және барлық бизнес-үдерістерді жетілдіру қажет.

 

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Мауленова С. Экономикалық теория. Алматы, 2004.

2. Бижан Н., Қансейов Ш.Ж. Қазақстан Республикасындағы  кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелері. //Қазақстанның ғылыми әлемі.№5-6.2011ж.

3. Бисенғазин М.Б., А.Ш. Хамитов «Кәсіпкерлік негіздері» 2006ж.

4. Малый бизнес: проблемы и причины их возникновения //Материалы международной научной конференции «Десять лет реформ на постсоветском пространстве: ожидания, результаты, перспективы». Часть 2, Алматы, 2011 г.

5. www.googl.kz

6. www.Damu.kz