Экономические науки/ Экономика сельского хозяйства

Аға оқытушы  Ахметова Л.М.

 

С. Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университет, Қазақстан

 

Аға оқытушы Манжуева А.Ж.

 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

 

Азық-түлік қауіпсіздігінің экономикалық мәні

 

 

«Азық-түлік қауіпсіздігі» ұғымының негізгі базасы «азық-түлік қауіпсіздігі», «азық-түлік қамтамасыздығы» немесе «азық-түлік тәуелсіздігі» деп аударылатын ағылшын термині «food security» болып табылады. Көптеген мемлекеттердің ғалымдары «азық-түлік қауіпсіздігі» ұғымын пайдаланатындығын атап өту қажет. Қазіргі таңда азық-түлік мәселесі өмірлік мәнге ие болып отыр, өйткені әлемнің дамыған елдерінде тамақ өнімдерінің артығымен өндірілуі, дамушы елдерде оның өткір тапшылығы, ашаршылық пен жартылай ашаршылық қалыптаса бастады. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан - әлемдік халық саны өсуінің жоғары қарқыны азық-түлік проблемасын күрт шиеленістіріп отыр.

Қазіргі таңда Республикадағы тамақ өнімдерін тұтыну жағдайы ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлу нәтижесінде біршама тұрақтандыруға қол жеткізілді. Бірақ ауыл шаруашылығы шикізатының үлкен бөлігі өңдеуші кәсіпорындардың өндірістік қуаттарының төмендігінен немесе жеткіліксіз қолданылуынан қайта өңдеуден өткізілмеуде. Мемлекеттің азық-түлік нарығында тамақ өнімдеріне экономикалық қол жетімділіктің біраз төмендегеніне қарамастан, табиғи қол жетімділігі қамтамасыз етіліп жатыр. 

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – күрделі жаһандық мәселе және Қазақстан Республикасы үшін де ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі орталық мәселелердің бірі болып табылады, өйткені азық-түлікпен сенімді қамтамасыз етпейінше бір де бір ел басқа мемлекетке тәуелділіктен құтыла алмайды. Қазақстан экономикасының тұрақтануы және экономиканың өсуі бұл проблеманың өткірлігін бәсеңдетеді. Бірақ, енді ғана басталып келе жатқан экономикалық өсу 90-жылдары туындаған дағдарыстың салдарын жойып жіберді деп айту мүмкін емес. Мұндай тұжырымды жасауға республиканың азық-түлік қауіпсіздігінің жағдайы, аграрлық өнеркәсіптің (шынайы даму тенденциясы) және отандық азық-түлік нарығының шынайы даму тенденциясы, оның деңгейінің әлемдік, азық-түлік нарығындағы өзгерістерге тәуелділігі, елдің әртүрлі аймақтарындағы халықтардың әлеуметтік жағдайы мен төлем қабілеттілігі жағдайы негіз болып табылады. Елді азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз етудің қажетті шарты – ұлттық шаруашылықтың көптеген салаларымен қарым-қатынаста болатын, экономиканың ірі секторы – агроөнеркәсіптік кешен қамтамасыз ететін олардың өзін-өзі қамтамасыз етуі (азық-түлік тәуелсіздігі) болып табылады. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету дегеніміз ауыл-шаруашылық өндірісінің дамуы үшін, сондай-ақ отандық өндірістер мен импорт арасындағы оптималды арақатынасты анықтау үшін азық-түліктің негізгі бөлігін материалдық, қаржылық, еңбек және әлеуметтік – экономикалық жағдайлар жасау есебінен ел ішінде өндіру.  Кез келген елде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің деңгейі мен сапасы ауыл шаруашылық жағдайы мен агроөнеркәсіптік кешенге байлынысты салалардың жағдайына тікелей байланысты болады.

ТМД елдерінде «Азық-түлік қауіпсіздігінің» негізделген категориялары экономикалық реформаларды жүргізу және меншік түрлерін қалыптастыру салдарының нәтижесінде пайда болды.

Нарықтық экономикаға өту көптеген мәселелерді туындатты, оның бірі елді азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету. Нарықтық экономикаға көшудің басынан бастап-ақ бұл мәселені шешу ерекше мемлекеттік міндеттердің біріне айналды, бірақ оны шешу процесі өте ұзақ және ауыр болып шықты. Оған себеп, ғалым-зерттеушілер мен маман-басшыларда ғылыми категория ретінде азық-түлік қауіпсіздігінің мәнінің бірдей түсінігінің жоқтығы.

Көптеген ғалым – экономистер, аграрлық қатынасы дамыған мемлекетте азық-түлік қауіпсіздігі жағдайының қасиеттері келесілер болып табылады деп есептейді:

- жергілікті ауылшаруашылық өндірісін және ауылшаруашылық кешенінің басқа да салаларын өмірлік маңызы бар тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету;

- халықтардың қажеттіліктерін максималды деңгейде қанағаттандыру үшін елдің барлық азаматтарының қажетті тамақ өнімдеріне қол жетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін адам өміріне маңызды азық-түліктерді қажетті көлемде, ассортиментте және сапада өндіру;

- ауылдың әлеуметтік мәселелерін шешумен бір мезгілде экологиялық тепе-теңділікті бұзбай өндірісті дамыту;

- елдің сыртқы сауда қызметіне оң төлем балансына бағдарлана отырып белсенді қатысуы.

Азық-түлік қауіпсіздігі қай елдің болмасын тәуелсіздігінің, еркін дамуы мен халқының әл-ауқатының артуының кепілі болып табылады. Азық-түлік қауіпсіздігінің маңызды қасиеті отандық азық-түлік түрлерімен халықтың қамтамасыздығының деңгейі болып табылады. Табиғи-климаттық жағдайларына байланысты әртүрлі мемлекеттер әртүрлі объективті себептерге байланысты халықтарды тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша бір-бірінен ерекшеленіп отырады. Толық қамтамасыздық- мемлекет өзін-өзі өз күшімен қамтамасыз ете алады, жартылай- кейбір азық-түлік түрлері жетпеген жағдайда басқа елдердің мүмкіндіктерін пайдалану есебінен нарықты толықтыру, қарым-қатынастық- азық-түлік нарығын елдің басқа аймақтарының көмегімен толықтыру, тартымдылық- тек басқа елдердің өнімдерінен тәуелді болу (азық-түлік импортына толық тәуелділік). 

Сонымен, азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі төңірегіндегі әртүрлі көзқарастардың мазмұнын қарастырып, біз азық-түлік қауіпсіздігінің мәні салауатты тіршілікті қамтамасыз ету, импорттан мемлекеттің тәуелділігін реттеу кезіндегі алғашқы қажеттіліктің өнімдері бойынша мемлекеттік резервтерді және тұрақтылық қорларын құру үшін жеткілікті деңгейде азық-түлік тауарларын өндіру және ішкі нарыққа шығару, отандық АӨК қабілеттілігінен тұрады деп санаймыз. Ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету үшін біз тұрақты түрде жаңа инновациялық технологияларды ендіріп отыруымыз керек.
         Азық-түлік қауіпсіздігінің маңыздылығы адам қажеттіліктерінің құрылымында, тамаққа деген қажеттілік ең алғашқы қажеттілік болып табылады.

Әдебиеттер

 

1.      Түрекулова Д.М., Бейсенгалиев Б.Т. Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі: оқу құралы-  Алматы 2015 ж.-194 б.

2.      Кенжеболатова М.Ш. Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі кейбір өзекті мәселелер //Вестник науки Казахского агротехнического университета им. С. Сейфуллина. – 2014. - №1 (80). – Б.153-162

3.      Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту Бағдарламасы «АГРОБИЗНЕС – 2020». 18 қаңтар 2012ж.