Импорт алмастыру саясатын
жүзеге асыру шартында 2019 жылға дейін құрылыс
саласының негізгі көрсеткіштерін болжау
М. Әуезов
атындағы ОҚМУ
Тулеметова
А.С.- э.ғ.к, доцент
Кешубаев
Ж.Б.- магистрант
Құрылыс материалдар
өнеркәсібі Қазақстан Республикасы экономикасының
базалық салаларының бірі болып табылады. Бір жағынан
оның өнеркәсіптік ЖІӨ жалпы көлеміндегі,
жұмысбастылар санындағы, негізгі өндірістік
қорлардағы және басқада көрсеткіштердегі
үлесі салыстырмалы түрде үлкен емес, екінші жағынан
оның мультипликативті әсері экономиканың жалпы дамуында
едәуір жеткілікті.
Құрылыс индустриясының
өнеркәсіптік базасының сандық және сапалық
дамуы құрылыс кешені талаптарына, келесілерге негізделеді:
- тұрғын үй
құрылысы құрылымының өзгерістерінде,
жаңа архитектуралық-құрылыс жүйесінде,
ғимараттар түрлеріне, қазіргі технологияларға өту
кезінде;
- құрылыс кезінде және
тұрғын үйді пайдалануда ресурс сиымдылығы,
энергетикалық және еңбек шығындарын төсендету
қажеттілігі, инвестициялық цикл ұзақтығын қысқарту;
- тұрғын үй құрылысы
көлемін арттыру бойынша міндеттерді шешу;
- құрылыс
материалдарының сапалы түрлерінде күрделі құрылыс
пен эксплуатациялық қажеттіліктерді қамтамасыз ету;
- жаңа энергия үнемдейтін
материалдар өндірісін, сондай-ақ импортты алмастыру тауарлар
өндірісін, сондай-ақ Қазақстанда бар
материалды-шикізаттық базаны ұйымдастыру.
Құрылыс материалдар
өнеркәсібі – бұл 20 жеке дара салалардан тұратын
кешенді сала, олардың көпшілігі өзінің
құрамында бірнеше өндірістерден тұрады, сондай-ақ
әрқайсысы құрылыс матераилардың жалпы
жиынтық нарығын құрай отырып қызмет ететін
өз нарығын түзейді. ҚР
құрылыс материалдар өндірісінің 60% жоғарысы
Алматы, Қарағанды және Шығыс-Қазақстан
облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Астанада шоғырланған. Қазақстанда
құрылыс материалдар өндірісінің өсімі, бірінші
кезекте цемент пен кірпіш өндірісі көлемінің өсімімен
қамтамасыз етілді, ал қалған салалар төмен
көрсеткіштермен сипатталды. ВДС
құрылыстың орташа жылдық өсімі 3,3% құрады. Бірақ
құрылыс жұмыстары өсімінің серпіні
болжамдалған деңгейден жоғары болуы мүмкін. Бұл
бірінші кезектен, 2015-2019жылдаға «Нұрлы Жол»
инфрақұрылымдық дамудың Мемлекеттік бағдарламасын
жүзеге асырумен негізделеді.
Мезгілдік қатарларды талдау негізінде
құрылыс материалдар өндірісінің дамуының болжамын
жасаймыз. Анализ временных рядов өткенде болған жағдайларға сәйкес,
болашақты бағалауда дұрыс болжам беруге негізделген,
яғни бұл тәсіл өткеннің үрдістерін
анықтау және оларды болашақта жалғастыру болып табылады. Мезгілдік
қатарларды талдау сырттан кедергілер болмаған жағдайда
қандай жағдайлар болатындығын анықтауға
мүмкіндік береді, яғни үрдістердің өзгерістерін
болжай алмайды. Орташа мерзімді кезеңге болжам жасаудың
неғұрлым қолданбалы әдіс – ең кіші квадрат әдісінің негізінде болжау болып табылады.
Өмірде нақты бақыланатын
үдерістердің дамуы, қандайда бір тұрақты
үдерістен және қандайда бір кездейсоқ
құраушылардан қалыптасады, тренд айналасындағы
көрсеткіштердің ауытқуларын көрсетеді. Әрі
қарай біз циклдік құраушыларды ескермейміз,
қарапайымдылық үшін есептейміз, тренд сызықты болып
табылады. Құрылыс саласының дамуын болжау үшін трендті
проекциялаймыз. Бұл әдістің негізгі идеясы «орташа» кішігірім
нүктелер массивінен иілетін, мезгілдік қатарлармен берілген тік
сызықты құру болып табылады.
Жалпы түрде трендтің тік сызығы келесідей түрде
болады:
,
(1)
Мұндағы a және b – тұрақты анықталады.
a және b коэффициенттерін табу үшін, келесідей
шарттарды орындау қажет:
(2)
функциясы минималды
мәнге ие болады егер, a және b шамалары
келесідей сызықты жүйені қанағаттандыратын болса:
![]()
,
(3)
![]()
Бұл жүйе бір ғана
шешімге ие болады.
ОҚО-ның құрылыс материалдарының
өндірісі бойынша мәліметтерге жүгінейік. a және b мәндерін
табу үшін көмекші кестені құрамыз (1 кесте).
1 кесте – Тренд
теңдеуі коэффициенттерін
табу
|
Жылдар |
xi |
Портландцемент өндірісі, мың.т, yi |
xi yi |
xi² |
|
2011 |
1 |
1193,3 |
1193,3 |
1 |
|
2012 |
2 |
1422,8 |
2845,6 |
4 |
|
2013 |
3 |
1739 |
5217 |
9 |
|
2014 |
4 |
1949,4 |
7797,6 |
16 |
|
2015 |
5 |
1956,3 |
9781,5 |
25 |
|
Сомасы |
15 |
8260,8 |
26835 |
55 |
Теңдеу жүйесі келесідей түрде болады:
![]()
![]()
![]()
Жүйені шеше отырып, келесіні аламыз a≈205,2 b≈1036
Осылайша,
- портландцемент
өндірісі үшін ізделініп отырған теңдеу
өрнектеледі. Осыған ұқсас керамикадан жасалатын,
құрылыс кірпішінің өндірісі үшін сызықты
теңдеуді анықтаймыз -
Келтірілген есептеулердің
негізінде ОҚО бойынша құрылыс материалдарының кейбір
түрлерінің болжамын жасаймыз (2 кесте).
2 кесте – ОҚО бойынша құрылыс материалдарының кейбір
түрлері өндірісінің дамуына болжам жасау
|
Өнімнің атауы |
Өлшем бірлігі |
2015 (нақты) |
2017 (болжам) |
2018 (болжам) |
2019 (болжам) |
|
Портландцемент |
мың.тонн |
1959,3 |
2472,4 |
2677,6 |
2882,8 |
|
Керамикадан жасалатын
құрылыс кірпіші |
мың.тонн |
153 |
157,13 |
161,92 |
166,71 |
Бұл болжам белгілі бір критерилерге негізделмейді,
атап айтқанда макро ортаның ықпалы, яғни
экономикалық, саяси және басқада факторлар.
Құрылыс кешені кез
елдің дамуында едәуір рөлді ойнайды және оның
тұрақтылығының маңызды факторы болып табылады.
Қазақстан Республикасының құрылыс саласы
соңғы 10 жылда 20 есеге артып үлкен өсім
қарқынын көрсетті. Құрылыс елдің жалпы ішкі
өнімінде едәуір үлесті алады. Құрылыс
жұмысының үлкен бөлігі құрылыс
ұйымдарының өз күшімен орындалады.
Осылайша, келесідей қорытынды жасауға болады,
ҚР-дағы құрылыс кешенінің қазіргі
қызметі ипотекалық-инвестициялық жүйенің
іс-әрекетін белсендіру шартында төлемге қабілетті
сұраныспен салыстырғанда қол жетімді тұрғын
үй нарығында жеткілікті ұсынысты қамтамасыз ету
үшін алдыңғы қатарлы, озық мүдделі дамуды
талап етеді.
Список использованной
литературы:
1 Назарбаев Н.А. Послание Президента Республики Казахстан
народу Казахстана «Казахстан путь – 2050: единая цель, единые интересы, единое
будущее» - Астана, 17.01. 2014г
2 Кияткина
К.П., Федорова С.В. Экономика строительства: учебное пособие. – Самара, 2011
3 Оперативные статистические данные Комитета по статистике
МНЭ РК// stat.gov.kz
4 Казахстан в 2014 году. Статистический ежегодник. / Под ред.
Смаилова А.А. – Астана: Агентство Республики
Казахстан по статистике, 2014
5 http://comprom.gov.kz/ Итоги развития стройиндустрии и производства строительных материалов в 2015 году.