Маркетинг и менеджмент

 

Мақпал Мұхтар

Университет Нархоз

 

Өнім сапасын басқару

 

Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бүгінгі таңда бұл кез келген кәсіпорынның өміршендігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.

Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты — баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді.

Сапа дегеніміз –көптеген ерекшеліктер мен сан алуан аспектілерге ие әмбебап, және де өнімнің сапасы — бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады.

Өнімнің сапасын басқару — бұл белгілеу, камтамасыз ету және сапаның қажетті деңгейін қолдау мақсатындағы құру және пайдалану немесе өнімді тұтыну кезіндегі жүргізілетін іс-әрекет.

Өнімнің сапасын басқаруды жетілдіруде отандың өндірушілердің алдына қойылатын негізгі басты мәселелері , олар:

-         өнімнің сапалылығын басқару жүйесіне маркетинг қызметі механизмін қосу;

-         тұтынушыға және барлық өндірістік қызметтерде сапаны басқару жүйесін қалай бағыттау;

-         өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны басқару жүйесіндегі механизм әсерлерді күшейту.

Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

-          жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

өнім көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты(рынокты) табу;

-          жоғары бағада сататын өнімді көбейту мүмкінділігін қарастыру;

-         өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы жөніндегі проблемаларды шешу.

Сонымен, өнімнің сапасын басқару әрбір кәсіпорындарда жүйелі түрде іске асқан жөн.

Кәсіпорындарда шығарылатын өнімдердің сапасы - нарықтық жағдайда қызметтің негізгі факторы болып табылады, себебі, нарықтық саралымды кеңейтуді,кәсіпорындыжаңдандыруды,пайданыңартуын қамтамасыз етеді.

Өнімнің сапасын басқару стандарттауға негізделеді. Ол ұлттық шаруашылықтың, халықтық, қорғаныстың, экспорттың қажеттілігі үшін дайындалатын өнімдерге үдемелі талаптарды анықтайтын нормативті-техникалық негізі болып табылады.

Дайындалған өнімнің сапасының түпкілікті бағалылығы сертификат көмегі мен жүзеге асырылады, өнімді санауды, тиісті сертификат беруді, бағалау сынағының көмегінен кейінгі өндірістің жағдайы үшін өнімді таңбалауды және бақылауды білдіреді. Өнімнің сапасын басқаруда нормативтік актілерді іске асыру сапаны және өнім қауіпсіздігі заңдылығын қамтамасыз етуде тиімділік жүйені ұйымдастыруды талап етеді. Шетелдік және отандық практиканы еске ала отырып, құрылған өнімнің сапасын бақылаудың нормативтік-құқықтық базасы Қазақстан Республикасының аумағында адамдардың және жеке тұлғалардың құқықтарының бұзылуында құқықтарын және мүдделерін қорғаудан тұрады.

Алға қойылған мақсаттыңқолданылуы мен қарастырылуына байланысты, бірнеше сапа менеждментін бөліп алуға болады. Сапа менеджменті – сапа саласындағы алға қойылған мақсатқа жету үшін басқарылатын объектілерге басқарушылық қызметтің ықпал етуін жүзеге асыруын қабылдау мен әдіс тәсілдерін түсіндіреді.Тәжірибеде сапа менеджменті көбінесе әкімшілік, технологиялық, экономикалық және психологиялық салада жиі қолданылады.

Әкімшілік сапа менеджмент маңызына тоқталатын болсақ, әкімшілік сапа менеджменті қажетті сапа деңгейін көтеруге және қамтамасыз етуге бағытталған бұйрық, нұсқаулар мен басқа да ұйғарымдарды орындау арқылы жүзеге асады. Әкімшілік сапа менеджментінің қатарына жатқызылатын әдіс-тәсілдер:

-         регламенттеу (жалпы ұйымдық, функциональдық, лауазымдық құрылымдық);

-         стандарттау (әр түрлі статус пен деңгейлік стандарттар негізінде);

-         нормалау (қалыпты уақыт, сандық, қарым-қатынастық, сандық өлшемдерінің негізінде);

-         құрылымдау (таныстыру, түсіндіру, кеңес беру, алдын алу, мәлімдеу);

-         қысқашаайту, нақтылық, қарапайымдылық және нақты тұжырымдау, әртүрлі түсіндіру мүмкіндігін жою;

-         сендірерлік дәлелдеме;

-         ақпараттық мәнерлігі;

-         жеткіліктілік және негізділік;

-         үлкен емес көлем;

-         азғантай өзгеріс (тұрақтылық);

-         сапалы маңыздылығы.

Сапа саласындағы саясат сапа менеджментінің ең маңызды құрам бөлігі болып табылады. Берілген құжат әкімшілік сапа менеджментін қолдану барысында, құжаттардың құрамында бірінші болуы керек, өйткені, сапа менеджментінің жүйесін жүзеге асыру барысында бірінші қатарда болу қағидасын ұстану, сапа саласында саясатты өткізу, жоғарғы буынды менеджерлердің жауапкершілігімен байланысты.

Технологиялық сапа менеджментінің маңызына келетін болсақ, негізінде барлық технологиялық тәсілдерді өзара байланысқан, сапа менеждментінде шығарылатын өнімнің сапасын бақылау, және технологиялық үрдістер деп екіге бөлуге болады, сонымен қатар тұтас қолдану тәсілдерін бөліп қарастыруға болады. Ғылым мен техниканың заманауи күйі сапа менеджментінің әртүрлі инженерлік-технологиялықтәсілдерімен жүзеге асыра алады, сонымен қоса олардың нақты таңдауы басқарылатын объектің қасиеттеріне тәуелді.

Экономикалық сапа менеджменті белсенді өндірістік қызметтің тұрақталуы мен экономикалық механизмнің ынталандыру әрекеттеріне негізделеді. Ұйымдық-әкімшілік тәсілдерге қарағанда бұл тәсіл экономикалық тұрақтылық пен белсенді және тиімді қызметін марапаттауымен сипатталады.

Қорытындылай келе, бәсекеге жарамдылығы жоғары өнім, нарықта жеңіл және тез сатылады. Әрбір сатып алушы өзінің жеке мұқтажын ең жоғары қанағаттандыратын тауарды ғана алады. Жалпы алғанда, сатып алушылар бағалармен салыстырғанда қоғамдық мұқтажына толық сәйкес келетін тауарды сатып алады. Сондықтан, сатып алушының тауарға деген қанағаттанушылық деңгейінде жеке дара көрсеткіштер пікір жиынтығын құрайды, оның тағы да нарықтың пайда болу қарасында қалыптасады.

Өнімнің бәсекеге жарамдылығы ерекше жағдайын қанағаттандыруына мүмкіндік беретін тұтыну кешенінің (сапалық және сандық) сипаттамасын анықтайды. Сонымен, тауарға бәсекенің жарамдылығын, оның сапалық және құндық сипаттамасының жиынтығы деп түсінуге болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.    Бердалиева К.Б. «Қазақстан экономикасын басқару негіздері». Алматы -2001 ж.

2.    Мейірбеков А.Қ. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы - 2003ж.

3.    Набиев Е.Н. «Халықаралық экономикалық қатынастар», Алматы – 2001 ж.

4.    Сәбден О., Тоқсанова А. «Шағын кәсіпкерлікті басқару», Алматы – 2002 ж.