Экономические науки. Маркетинг и менеджмент

 

Сейтбекова А. Д.

 

Унивеситет Нархоз, Казахстан

 

Фармакологиялық компанияларда тәуекелді басқарудың заманауи тәсілдері

 

Аннотация

 

В предложена современных управления в компаниях, обеспечить эффективное их в от изменения среды и руководством Каждый из снижения отличается воздействия на его в ситуации, а необходимыми на их Это следует при целесообразности и конкретных мер по риска. использования метода в степени конкретной а видом и особенностями В проведена существующих управления возникающими в деятельности а рекомендуются мероприятия,  на рисков,  могут  быть  при того  или метода,  что более  управлять   производственным  предприятием.

 

Күнделікті түрде біздің денсаулығымыз және жақындарымыздың денсаулығы көптеген тәуекелдердің әсеріне ұшырайды. Алайда, тәуекелдер біздің күнделікті өмірімізбен қоса, бизнес-үрдістер мен технологиялық үрдістерде болады. Үрдіс қиын болған сайын тәуекелде артады. Бұл аксиоманы ескеруіміз қажет. Фармацевтикалық сала жоғары технологиялық заманауи индустрия қатарына жатады, яғни ол салада тәуекелдің жоғары көрсеткіші байқалады. Дәрі-дәрмектерді жасау – ерекше өндіріс. Дәрі сапасына адамдардың денсаулығы мен өмірі тікелей байланысты, сол себепті сапа үшін тәуекелді басқарудың маңыздылығын асыра бағалау мүмкін емес. Тәуекелді басқару қиын мәселелердің шешімін табуда қажет болады. Тәуекелді бағалау түрлі жағдайларда қажет болады: өнім әзірлеу кезеңінде, өзгерістерді енгізудің мақсаттылығы, ауытқуларды тексеру жұмыс ортасы үшін немесе түрлі дәрі-дәрмектер өндіріс сызбасын қосу мүмкіндігі туралы шешімді қабылдағанда және т.б. Тәуекелдерді басқару технологиясы нақты норматив жоқ, яғни нақтылық пен сенімсіздік бар шешімдерді қабылдау үшін қажет [1, б.908].

Ешқашан тәуекелді басқаруды қолданыстағы нормативтік талаптарға қарсы қоюға болмайды. Тәуекелді басқару үрдісі – бұл талаптар негізі. Тарихта тәуекелдерді жақсы басқарғанда көптеген қауіпті жағдайлардың алдын алу мүмкіндігі болған мысалдар бар. Фармацевтикалық тәжірибеде нәтижесінде ғибрат алынған көптеген жағдайлар болған. Сол арқылы GMP ережесі қалыптасқан. Бұл ережелер – дәрі-дәрмектерді өндіруге және белгілі тәуекелдерді азайтуға бағытталған бағдарлама. Ластанудың алдын алу,  гигиена ережелері мен қызметкерлерді өз бетімен жұмыстарына жіберу, сапаны бағалау стратегиясын таңдау және сапа жүйесін қолдау – тәуекелді басқару саласының бірқатар нақтылы үлгілері.

Сапа үшін тәуекелді анықтау және оларды бағалау өз бетімен қорытынды бермейді. Тәуекелді басқару нәтижесі маңызы бар тәуекелдерді бақылау стратегиясын таңдау және жүзеге асырудан тұрады. Мәселе түрлі жағдайларды орындау мен жауапкершіліктен қашуда емес, ал дұрыс үйлестірілген шешімде. Кей жағдайда қауіпті шешімдерді.

Қауіпсіздік тәуекелдерді басқаруда заманауи жолдарына негізделген. Тәуекелдерді басқару  – бұл қорғаныс шебі. Яғни, науқастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолы – бұл сапа үшін тәуекелдерді басұарудың тиімді жүйесін енгізу. Ол біздің халық алдындағы жауапкершілігіміз. Науқасқа қабылдап жатырған өнімнің тиімдігі мен қауіпсіздігіне кепілдік қажет.

Қауіпсіздік дегеніміз шектеулер, құлыптар мен тәкенекті сымдарға емес, осы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған тиімді үрдістерді үзеге асыруға негізделген. Қауіптің алдын алу мүмкін болмаған жағдай да, біз кем дегенде бұл жағдайға дайын бола аламыз, алдын ала қауіп нәтижесін еңсеру және алдын алу бойынша іс-шараларды ойластыруға болады

Ұлттық стандарт авторына әдістеменің түсініксіз болуы себебінен тәуекелдерді басқару үрдісін стандарттардан шығарып тастауға болмайды. Тәуекелдерді басқару технологиясын артықтығы, дөрекілігі мен субъективті деп айыптауға болмайды. Кез келген адамның жауабы субъективті болып саналады. Шешім қабылдаған жағдайда субъективтілікпен емес, немқұрайлықпен күресу қажет. Тәуекелдерді бағалау болжамға емес, заманауи ғылыми жетістіктерге, айқын факт пен үлкен тәжірибелік базаға негізделген болуы тиіс. Білімдегі және деректердегі кемшіліктерді «жоқ ақпарат» деген атпен тәуекелдің жеке категориясына жатқызуға болады.   

Анықтама бойынша, тәуекел – қандай да бір қауіптің жүзеге асуы мен оның әсерінің қатынасы. Ешқандай әдістеме жоқ. Тәуекелдерді бағалаудың екі сын қолданылады. Ықтималдылық шынайы емес оқиғаларды алып тастау үшін есептелінеді. Әдістемелік қателік отандық сын тәуекелдерді басқарудың негізгі аксиомасын ескермейтініне байланысты – қауіп ауырлығы ықтималдылық алдында басымдылыққа ие. Мысалы, тісті қамап қалған ұшақ мысалын қарастыру, қателік ретінде дұрыс емес тәуекел градациясын аламыз. Екі жағдайда 5 балл шкаласын қолданып қарастырамыз (от 1 до 5) [3]:

Қауіпті емес оқиға – ұшақтың кешігуі (зиян ауырлығы 1), жие қайталана (ықтималдылығы 5).

Қауіпті оқиға - (зиян ауырлығы 5), сирек (ықтималдылығы 1).

Коэффициенттер еселігі 5 санын береді, алайда мағыздылығын теңестірмейді. Бірінші оқиға – тәуекелдігі айтарлықтай емес, екінші оқиғада маңызды болуы мүмкін (себебі зиян ауырлығының і белгіленген саннан асты мысалы, 2), яғни біздің бақылауды, бағалау бағдарламасын, тиімділік мониторингін талап етеді. Тәуекелдерді басқару бағдарламасы түрлі – бір әрекеттен жоспар жиынтығы.

Кәсіпорынның күнделігіне тәуекелді басқару үрдісін енгізу инвестицияны, қиын жүйелер мен модельдерді талап етпейді. Бірнеше қадам жеткілікті. Тәуекелдерді басқару үшін 5 қадам жасау керек.

Бірінші қадам қауіпті көріп анықтауға бағытталған. Көп жағдайда эмпирикалық жолмен шешіледі. Ол жеткіліксіз. Тәуекелді толып анықтау дегеніміз барлық параметрін есепке алу.

Екінші қадам – тәуекел бейнесін құру, яғни мүмкін болатын барлық тәуекелдерді анықтау. Бұл біздің тәуекелдерді басқару хаттамасы. Құжатта барлық тәуекелдер анықталған болуы тиіс. Ол маңызды, себебі тәуекелдерді «нүктелі» басқару пайдалы, бірақ жеткілікті емес. 

Үшінші қадам - алғашқыда қандай тәуекелдермен жұмыс жасау қажет. Ол үшін тәуекелдерді талдап, басымдылық қоя білу қажет.

Төртінші қадамды нәтижелі болуы үшін маңызды тәуекелдерді басқару стратегиясын жүзеге асыру қажет. Қандай керекті іс-әрекет қажет екенін білу керек.

Бесінші қадам – оңтайлы қауіпсіздік «көпшігін» құрастыра білу қажет, яғни өзге тәуекелдер жүзеге асқан жағдайда іс-шара жоспарын жасау. Қадам мәндеті – оқиғаның кез келген нәтижесіне дайын болу, «Б» жоспарын дайындау.

Бұл кез келген жағдайда қолданылатын негізгі қадамдар.  ICH Q9 моделі көптеген елде өз орнын тапты. Ұқсас модель халықаралық стандартта бар ISO

Қазіргі уақытта фармацевтикалық компания тәжірибесіне тәуекелдерді басқару үрдісін енгізу үшін 1960 жылдардан бастап дамыған көптеген әдістемелік база жинақталған. 100-ден астам тәуекелдерді бағалау әдісі анық. Басқарушы ереже ICH Q9 кең тараған 6 құрылғы көрсетілген, ISO 31 әдіс жазылған. Алайда, олардың саны көп. Мұның бәрі барлығын қолдану қажет деген мағына бермейді. Тәуекелдерді бағалау үшін жұмыс жасауға оңтайлы құрылғыларды таңдау қажет. Бастысы, құрылғының түсінікті болуы.

Тәуекелдерді басқара, біз өз жұмысымыздың сапасын қамтамасыз етеміз және керісінше, яғни сапаны қамтамасыз етіп, тәуекелдерді басқарамыз. Тәуекелдерді басқару нәтижесі – бұл өнім сапасының кепілдігі, нормативтік талаптарды ұстану кепілдігі, тұрақты пайда кепілдігі, яғни сіздің тұрақтылығыңыздың кепілдігі. Қазіргі өмір мұны талап етеді.

 

Әдебиет:

1.  Уралова Д. Ж. системы рисками на Казахстана и их // ученый. - - №10.  - Б.

2.  Фридман Речко А.Ю. управления в бизнесе: опыт риск-менеджмента // Кузбасского технического - - № - Б.  

3.    Управление   как инструмент с // Официальный сайт KPMG /URL: (өтініш жасау мерзімі: 8.05.2016).