Оспанбаева А.Р.,

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,Тараз қ.

Максутова Ж.А

№7 балабақша логопеді,Тараз қ.

                                 Бала сөйлеуінің даму заңдылықтары

Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы сөйлеуі жетілмеуінің күрделі формаларын тоқтату үшін сөйлеу дамуының алғашқы диагностикасының және медициналық педагогикалық көмегінің ерекше мәні бар. Қауіп тобына 2 жасқа дейінгі балалар жатады, олар логопедиялық, медициналық жәрдемді қажет етеді. Ондай балаларды уақытымен айқындап, қажетті әрекеттің жасалуы баланың ой, сөйлеу қаблетінің дамуын тездетеді жалпы сөйлеуі жетілмеуінің күрделі формалары орталық жүйке жүйесінің зақымдалуынан пайда болғаннан кейін тек күрделі формаларды ғана емес сонымен қатар жай формаларында зерттеу қажет.

Бала сөйлеуінің зерттеуінен айқындалатын баланың ана тілін меңгеру жолдарын салыстыра келе олардың белгілі бір ұқсастығын байқамау тиісті емес: бала сөйлеуінің қандайда бір жетілмеуі болса да, бала Н.Н. Гвоздевтің «Вопросы изучение детской речи» кітабында зерттелген негізгі үш периодтан асып бара алмайды. Мысалы логопедияда « сөйлеудің жалпы қолданылатын әсердің жоқтығы» деп сипатталатын сөйлеу дамуының бірінші деңгейі Гвоздевтің «бір сөздік жаттығу, екі сөз түбірден ұсынлған» деп аталатын бірінші периодымен салыстыруға болады.

Белгілі бір уақытқа дейін бала сөйлеуі көптеген түсініспеушіліктермен белгіленіп, морфологиялық элементтерді пайдаланумен сипатталады. Бірте- бірте араласқан сөз элементтері жақ, шақ, басқада граматикалық категорияларына бөлініп, сирек кездесетін формалары жиі қолданылады. Морфологиялық элементтерді қолдану бірте-бірте сиреп сөздердің қолдануы тұрақты болып, лексиколизация пайда болады.

Екі категориядағы балалардың сөйлем түрлерін, сөйлемдегі сөз байланысу әдістерін, сөздің буын құрылысын меңгеру кезегі жалпы заңдылықтармен өтіп, нормадағы сонымен қатар бұзылу жайында бала сөйлеуінің процесін жүйелік процесс ретінде қалыптасуын сипаттайды.

Фонетиканы меңгеру процесін екі категориядағы балаларда салыстыратын болса, артикуляциялық аппарат жұмысының күрделі барысында дыбыстардың меңгерілуі айқын көрсетіледі. Фонетиканы меңгеру ана тілінің лексикалық-граматикалық құрылысының жалпы қалыптасуымен байланысты.

Сөйлеуі жетілмеген балалардың алғашқы айтылған сөздері нормадан қатты айрылмайды. Бірақ балалардың жеке сөздерді қолданып сөйлеу кезеңдері өзекті болып табылады.Баланың 2-3,4-6 жасында да толық сөйлемді жеткізе алмайтын кезеңдері болады.Бала сөздерді толық айтып немесе сөздердің бір бөлігі айтылмасада «сөйлей алмайтын» балаларды біреудің айтылған сөзінің түсіну деңгейімен ажырату қажет. Кейбір балалардың сөйлеген сөзді түсіну деңгейінің «яғни импрессивті сөйлеу) сөз қоры өте үлкен және сөздің мәнін түсіну қаблеті жоғары болып келеді. Мұндай баланың ата-анасы, ол сөйлемді, бірақ сөзбен жеткізе алмайды дейді.Бірақ логопедиялық зерттеу барысында импрессивті сөйлеудің кемшіліктері айқындалады. Басқа балалар өздеріне қатысты материалдпрмен жұмыс істей алмайды.

Дизонтогенездің айқын ерекшелігі сөйлеудің тұрақты және ұзақ жаңадан сөздерге ұқсастығы болып табылады. Бұл жағдайда бала тек алғашқы меңгерген сөздерді пайдаланып, өзінің сөз қорындағы жиі кездеспейтін сөздерді мүлдем пайдаланбайды.Сөйлемейтін балалармен логопедиялық зерттеу жұмыстарының барысында баланың үлкен кісіге қарап, сөйлеуі жетіліп оның артынша сөз қайталау қажеттілігінің жауапты кезеңі болып табылғаны анықталады. Бұл қажеттіліктің пайда болуы баланың «сөйлемейтін» категориясынан нашар сөйлейтін категорияға ауыстыруын көрсетеді.

Баланың аномальды сөйлеуінің алғашқы сөздерін төмендегіден жіктеуге болады:

а.дұрыс айтылған сөздер:мама, папа, бер, жоқ, т.б.

б.фрагмент сөздері, яғни белгілі бір бөлігі ғана сақталып айтылытын сөздер.Мысалы: «мако» (монолог), «дек» (девочка), «яби» (яблоко), «сима» (машина) және т.б.

в.дыбыс елестету сөздері бұл сөздермен бала затты оның іс-әрекетін білдіріп сөйлемді мысалы: «би-би» (машина), «мяу-мяу» (мысық), «му» (сиыр), «бух» (құлады) және т.б.

г.контурлы сөздер «абристер» бұл сөздердегі буын элементтері буын саны пайда болады

д.ана тіліндегі сөздерге немесе олардың элементтеріне мүлдем ұқсамайтын сөздер

Сөйлеу жетілмеуінің диагностикалық көрсеткіші болып күрделі сөздердің буын құрылысы, дыбыс буындарынң орнын ауыстырып, алмастыру,сөздегі дауыссыздардың кездесу кезіндегі қысқарылуы кезінде көптеген қателер табылады.

Лексикалық қателердің кең таралған түрі сөйлеу контактісінде сөздердің дұрыс қолданбауы, затың көп бөліктерін атын білмей бала заттың атымен атап,сонымен қатар сол затқа мазмұны жақын түрі ұқсайтын заттың атауымен атайды.

Логопедиялық сабақтардың барысында баланың өз бетімен әңгіме құру үшін жағдай жасау қажет.Сонда баланың қоршауында жақсы эмоционалды ортаны жасау керек.Басқаша айтқанда баланың сөйлеуі негізінде тікелей сөйлеу мотиві болу керек.

 

Пайдаланылған әдебеттер  тізімі

 

1. Л.П. Федеренко, Г.А.Фомичева, В.К. Лотарев,  Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  тілін  дамыту  методикасы. А., «Мектеп», 1981, 244  2. Мұқанов  М. Ақыл  -ой  өрісі. Алматы, «Қазақстан»  баспасы. 1980  жыл 

3. Баймұратова Б «Мектеп  жасына дейінгі балаларды  сөйлеуге үйрету» Алматы, «Мектеп» 1981 ж