Оспанбаева А.Р.,
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,Тараз
қ.
Амангельдиева.Г.
№14 балабақша тәрбиешісі,Тараз қ.
Мектеп жасына дейінгі баланың тілін халық
ауыз әдебиеті арқылы
дамыту
Мектеп жасына
дейінгі балалардың қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін
оқытудың өзіндік ерекшелігі бар. Ол әр жанрды
оқыту барысында айқын байқалады.
Халық
ауыз әдебиеті үлгілерінің
баланың ақыл-ойын байытып, арман-қиялын биіктетуде,
халықтың бейнелі тіліне талпындыруда, сұлулық
талғамдарын, ізгілік қасиеттерін қалыптастыруда зор
маңызы бар. Ең бастысы,
оқуға ұсынылатын ауыз әдебиеті шығармаларын
көлеміне, мазмұнына, жанрлық, тілдік ерекшеліктеріне
мән бере таңдау, іріктеу, сондай-ақ, баланың жас және
психологиялық ерекшеліктерін ескеруді назарда ұстау
қажеттігі туындайды.
Балабақшадағы
балаға берілетін бүгінгі тәрбиенің ең өзек
алатын жері – ол ата-бабадан қалған асыл мұра. Балаларды
адамгершілікке тәрбиелеп, тілдерін дамыту мақсатында халық
ауыз әдебиетінің асыл-мұралары – жұмбақтар,
ғажайып ертегілер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар,
тәрбие әліппесі, аңыз әңгімелер, жырларды
қолданудың маңызы зор тиімді тәсіл екені
белгілі.
Халық ауыз әдебиетінің бір
саласы- ойын өлеңдері.Тілі шығып,сөйлей
бастағаннан,кәмелетке толып, есейген шағына дейін
баланың жасына лайықты сан- түрлі ойын ойналған жане
олардың басым көпшілігі өлең-тақпақтармен
бірге жасап,толықтырылып отырған.Алқашқыда балалар
үлкендердің көмегімен,кейін біртіндеп тәртібін
өзгерте келе,сөздерін өздері шығарып, айта
бастаған.
Бұл
ретте баланың білегін,алақанын,саусақтарын
ұстап,түрлі қимылдар жасап,арасында қытықтап
отырудың мәні зор.Оларға: «Саусақ санау», «Бес
саусақ», «Қуырмаш» т.б ж. Халық ауыз әдебиетімен
таныстыру, арнайы өтілетін оқу – іс әрекеттері мен
сабақтан тыс жүргізілетін ойын, еңбек жұмыстарында іске
асады және де баланың сөздік қорын молайтып, әр
сөздің мағынасын дұрыс түсініп, қолдана
білу көзделеді; бейнелі, көркем сөздерді қолдана білуге
үйретеді.
Халық
ауыз әдебиетінің ең бір саласы – ертегі, ертегілер өте
ерте заманда, тіпті жазу, сызу болмаған кездің өзінде
ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге
дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді.
Балалардың тілін дамытуда ертегілерді әңгімелеу, оны
кейіптендіру, баланы сөйлемді байланыстырып сөйлеуге
үйретеді, ертегінің мазмұнын дұрыс түсініп,
грамматикалық жағынан дұрыс байланыстырып, жүйелі
әңгімелеп беруге үйретуді, алдыға қоямыз.
Тіл байлықтарын арттыру мақсатында
және оқылған ертегінің мазмұнын толық
қабылдау негізінде күннің екінші жартысында осы
оқыған ертегіні кейіптендіреді. Мысалы: «Ақымақ
қасқыр», «Мақта қыз бен мысық», ертегілерін. Олар
өздерінің қалаған ертегілерін кейіптендіреді,
сөздерін жатқа айтып отырып, өзі қалап алған
кейіпкерлердің көңіл-күйін, іс әрекетін беруге
тырысады.
Халық
ауыз әдебиетінің ең ескі түрінің бірі –
жұмбақ. Жұмбақтар балаларға олардың
дүниетану қабілетін дамыту, тапқырлаққа баулу
мақсатында қолданылады.
Жұмбақ
баланың білімін тиянақтау үшін бақылау кезінде,
бейнелеу сабақтарында, қоршаған ортамен таныстыру, оқу
іс - әрекетерінде жиі қолданылады. Мысалы: балалар айналадағы
өмірді бақылау арқылы таниды.
Сондықтан, бақылау
кезеңі нәтижелі, мазмұнды өтуіне мән береміз.
Қыс уақытында серуенге шығар кезде,
қардың суық болатынын, алақаныңа салып
ұстасаң, еритініне де көңіл бөлем. Балалар
қолға ұстасам ериді, себебі қол жылы, жылылықтан
қар ериді деп. Балалар бірнеше нәтижеден соң, өздері
қар жайлы айтып әңгімелейді. Келесі серуенде балаларға
«Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тонады»,
деген жұмбақты жасырып өздеріне айтқызып, шешуін тауып
айтуларын ұсынамын. Жұмбақты 3-4 рет естіген соң
балалар өздері жатқа айтып тілдері жаттығып, мағынасын
түсіне бастайды. Жұмбақта сурет, мүсіндеу,
жапсыру оқу іс - әрекеттерінде де қолданылады. Мысалы:
түйенің бейнесін салу алдында, түйенің ерекшелігін
естеріне түсіру мақсатымен, түйе туралы жұмбақ жасырылады.
Сонымен, баланың тілінің
бай, сөздік қоры мол, көркем, бейнелі сөздерден байланыстыра
сөйлем құрастыра білуге, мәдениетті сөйлей
және, сұрақта толық жауап беруге халық ауыз
әдебиетінің берер маңызы өте мол.
Сондықтан да халық ауыз әдебиеті
үлгілерінің бүгінгі білім мазмұнында
алатын орнын сараптай келе, оны жетілдіру, ұлғайту жолдарын
қарастырып жүзеге асыру маңызды болып саналады.
Ол үшін білім мазмұнындағы ауыз әдебиеті
үлгілерін сұрыптай отырып, оның мақсатын,
күтілетін нәтижелерін айқындау, тиімді әдіс-тәсілдерін
таңдап, оқу әрекетін қамтамасыз ететін материалдар,
жабдықтар дайындау, оқытудың түрлерін анықтау
жұмыстары жүргізілгені ұтымды. Оқытудың әдіс-тәсілдері
еркін және ерікті болғандықтан, түрлі қалыптарда
жүзеге асырылады. Ол балаларға арналған салт жырлар,
фольклорлық өлең тақпақтар, жаңылтпаштар,
жұмбақтар, мақал-мәтелдер, ертегілер, аңыздар
сияқты жанрлық түрлерде өзіндік ерекшеліктермен
жүзеге асып отырады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Ғабдуллин М. Қазақ
халқының ауыз әдебиеті. - Алматы: Мектеп, 1974. 320
б.
2.
Дулатов М. «Қирағат» кітабынан алынған.
// «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы.
-1991.- №6.
3.
Қазақстан Республикасында
гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы.- Алматы: 1994.-40
б.