Софина Алтын Серғазықызы

    А.  Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті,

гуманитарлық- педагогикалық факультеті, әлеуметтік-                                                   педагогикалық пәндер кафедрасының

                           2 курс магистранты

           Ғылыми жетекші: Сенкубаев Сабыр Талиевич

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Қазақстан Республикасы

Мектепке дейінгі балалардың  логикалық      ойлауын дамытудың мәселелері

         Қазақстан Республикасының қазіргі мектепке дейінгі мекемеде жаңа өзгерістер мен әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағыттағы жобаны іздестіру және қолдануға арналған Республиканың «Білім туралы» Заңында «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты мәселелер мемлекеттің білім саясатының басты ұстанымында атап көрсетілген. Сол себепті қазіргі таңдағы негізгі талаптардың бірі- білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, ойлау қабілеті дамыған, жаңаша, тәуелсіз, ойлай алатын шығармашыл тұлға тәрбиелеу. Олай болса, ойлау қабілетін арттыруды мектеп жасына дейінгі балаларданбастаған жөн. Себебі, ойлау негіздері ерте балалық шақта қалыптаса бастайды. Мектеп жасына дейінгі балалар қоршаған орта, адамдармен өзара қарым- қатынас, ішкі және сыртқы сапалар, заттармен байланыс туралы білімдер негізін бойына сіңіре бастайды.

         Қазіргі психологияда ойлау ұғымына әр түрлі түсінік беріледі, ойлау дегеніміз- әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүиедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіруәрекеттері арқылы танылады. Ойлау- аса күрделі психикалық процесс. Психология түрлі жас мөлшердегі адам ойының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы жолдарын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын қарастырса, логика- бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінің заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Ойлау ерекшеліктерін таным мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу, ойлаудың білім мен тікелей байланысты екендігін көрсетеді. [1, 19-21б ]

           А.А.Люблинская мен Г.И.Минская зерттеулері көрсеткендей балада өте қарапайым түрі өте ерте кезде пайда болған. Ерте балалық шақта балада ойлау формаларының механизмдері көріне бастайды. Ал ересек жастағы балаларда бұл үдеріс дайын күйінде көрінеді. Бала өмірі әр кезде пайда болып отыратын заттық және құрал- сайман, ойындық продуктивті әрекет формаларымен тығыз байланысты. Балада ойлау әрекеті әртүрлі формада болады: көрнекі іс- әрекеттік, көрнекі- бейнелік және логикалық форма.

          Мектепке дейінгі шақта баланың ойлау әрекетінің мазмұнын маңызды түрде кеңейтуге басты көңіл бөлінеді. Күнделікті өмірде үлкендермен қарым- қатынаста балабақшадағы жүйелі оқу сабақтарында жүзеге асырылады. Бала алдында болмыстар мен құбылыстарды, таныс нысандардың жаңа аспектілерін тану ақиқат жағынан ашылады.[2, 247-261б ]

           Белгілі психолог Л.С.Выготский: «Қандай да бір оқыту үшін тиімді, яғни өте бір қолайлы мерзімдер болады. Олардан жоғары, не төмен талапты ауытқу, яғни тым ерте, не болмаса тым кеш оқыту мерзімдері баланың ақыл- ойының даму барысында қолайсыз әсерін тигізеді» деген. Осы орайда, «Балаларды мектепке дайындау оларды оқытып, санатып, әйтеуір білім беріп шығару»- деп, білімдік, тәрбиелік үрдістердің дәстүрлі мектеп сабағы түрінде жүргізу ойдағыдай нәтиже бермейтіндігі сөзсіз. Мектепке дейінгі балалардың жасы мен психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту, тәрбиелеу жұмыстарында түрлі әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын қолданып, ойын түрінде ұйымдастыру нәтижелі болмақ. Ал, осы талаптағы жұмысты іске асыру әр тәрбиешінің шығармашылық ізденістері мен шеберлігін қажет етеді.

            Балалардың ойлауын дамыту туралы Мағжан Жұмабаевтың сөзімен алсақ: «Ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, білімге деген ынта- ықыласы, құштарлығы болуы керек». Баланың логикалық ойлауы арқылы тілін дамыту үшін, тәрбиешіге оның теориясын терең білу міндеті жүктеледі.[3, 7-9 б]

              Баланың өзін қоршаған шындықты қабылдауын қалай ұғынатындығын түсіну үшін, сыртқы әлеммен алған ақпаратын қандай жолмен ой елегінен өткізіп жүйелей алатындығын елестете білу қажет. Сондықтан да, мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау процесінің даму заңдылықтарын ұғыну үшін ата- ананың баламен қарым- қатынасы жемісті әрі оңды болар еді. Мектеп жасына дейінгі балалар ойлаудың түрлі ерекшеліктері мен кезеңдерінен өтіп, оларда ойлаудың келесі түрлері басым болады.

              Көрнекі іс- әрекеттік ойлау. Бала ерте балалық шағынан яғни, бір жарым- екі жасында  толық сөйлей алмаса да іштей ойлай алады. Бір жаңа нәрсені қолымен ұстап, зерттеп, кейде сындырып көреді, осылайша, өзін қоршаған ортаны зерттей бастайды. Бұл  балада көрнекі іс- әрекеттік ойлаудың пайда бола бастағанының көрінісі. Балада ойлаудың дамуы өмірінің екінші жылында басталады. Ол жүруді игеруді, қозғалыстардың жетілуімен қатар ақыл- ойдың дамуымен және тілді меңгерумен байланысты. И.М.Сеченов «Ерте шақтағы ойлау формасы бұлшық ет буындарын сезіну негізінде пайда болады» дейді. Ол практикалық әрекеттенумен байланысты. Практикалық ойлаудың ерекшелігі мынада: балада шешуші берілген тапсырманың көрнекі түрінде болуы, оны шешу тәсілі практикалық әрекетпен ғана шешілуі. Бала тапсырма шешуін практикалық әрекет жолымен ғана табады. Бала ойыншықтармен ойнай отырып заттың өзіндік қасиеттерін біле бастайды, олармен қарапайым болса да байланыс орнатады, әртүрлі әрекет меңгереді, яғни бала мұның бәрін ақыл- оймен және табысты орындауға талпынады.

                Бір жарым жастағы бала әрекеті байқау, белгілеу түріне ие. Алайда бала алдына қойған мақсаты сөйлеу формасында болса, оның әрекеті зерттеу, дәлелдеу сипатына ие болады. Мұндай жағдайда балалар заттарға ықыласпен көңіл қойып байқау тәжірибесін жинақтайды. Бұл зияткерлік даму жолында әрекетті ойлау үлкен орын алады. Ол қандай да болмасын дұрыс бағыттылықпен ақыл- ойдың даму жолын қарастырады. Сөзді игеру- баланың логикалық ойлауда қарқынды дамуының алғышарты. Оны игерудің ұзақтығы соншалықты- бала заттарды сезім арқылы қабылдап, қарапайым тәсілдермен қорытынды жасау, логикалық пікірлер барысында игереді.[4, 208- 210б]

               Көрнекі- бейнелік ойлау. Келесі кезеңде, үш- төрт жастан бірінші сыныпқа дейін балада көрнекі- бейнелік ойлау түрі белсенді қалыптасады. Бірақ, бұл көрнекі іс- әрекеттік ойлау түрі дамымай қалады дегенді білдірмейді, жәй ғана айналадағы заттарды, «қолымен» ұстап қабылдау дағдысы бейнелер жүйесіне сүйене отырып ойлай бастайды. Әсіресе, бұл ойлау типі баланың сурет салуы кезінде айқындала түседі. Кез келген заттың суретін салу кезінде мысалы, «үйшіктің», бала оның сипатты белгілеріне емес (шатыр, қабырға, терезе) жадында сақталған елестетулеріне сүйене отырып салады. Салынған бейне баланың жеке ойын білдірмейді- ол оның қазіргі уақыттағы елестетуінің бейнесі.

               Көрнекі- бейнелік және логикалық ойлау арасындағы айырмашылық түрлі ахуалдарда ойлаудың осы екі түрінің басты қажеттерін бөле білуге мүмкіндік беретініне және сол арқылы әр ауқымдағы мәселелерге дұрыс шешім таба білуде. Бейнелі ойлау назар аудару арқылы басты қасиеттерді, көзге елестетерлік мәселелерді шешкенде жетерліктей әсерлі болып шығады. Мысалы: бала қардың суға айналуын, доптың асфальт жолмен, алаңмен қозғалуын көз алдына елестетеді. Бірақ көбінесе мәселені шешуде басты орыналатын қасиеттер жасырын болады. Оларды елестетуге болмайды. Сөзбен не басқа белгілер арқылы көрсетуге тура келеді. Мұндай жағдайда мәселе тек дерексіз логикалық ойлау жолымен ғана шешілуі мүмкін. Тек логикалық ойлау ғана денелердің қалқуының шынайы себептерін анықтай алады. Логикалық ойлауды дамыту үшін іс- әрекеттерді нақтылы  арқылы заттар мен жағдайлардың орнына белгілер түріндегі сөздер, сандар арқылы игерудің алғы шарттары сәбилік шақтың соңында бала санасының белгілер функциясы қалыптаса бастағанда қаланады. Бұл уақытта бала әр затты белгілеуге өзге бір заттың суреті, сөздің көмегімен оның орнын ауыстыруға болатындығын түсіне бастайды. Әйтсе де сөз бен белгілердің басқа түрлерін бала өздігінен ойлау міндеттерін шешуге қолдана алмайды. Ойлау сөйлеумен тығыз байланысты. Сөйлеудің көмегімен үлкендер баланың іс- әрекетіне басшылық жасайды. Олардың алдына практикалық және танымдық міндеттер қояды. Оларды шешудің тәсілдерін үйренеді. Баланың сөзін сөйлеу арқылы айтып жеткізетіндері, бұлар әлі практикалық амалдарды алдын ала ескертусіз сүйемелдеп жүргенде, осы іс- әрекеттің өту барысы мен нәтижелерін баланың түсіне  білуіне жағдай жасайды. Міндеттерді шешудің жолдарын іздеуге көмектеседі. Сөйлеу жоспарлаушы функцияға ие болғанда оның мәні бұрынғыдан да арта түседі. Бұл арада бала естіртіп ойлайтын сияқты, өйткенмен бала шындығында бұл кезеңде де өзінің ойлау іс- әрекетінде сөзбен емес, бейнелермен пайдаланады. Бұл балалар алдарынан шығатын көбіне ойлау іс- әрекеттерін орындауды талап ететін міндеттерді шешетіндіктен және өз ойын сөзбен айтып жеткізе алмайтын жағдайларда көрінеді. Мысалы: мектепке дейінгі төрт- бес жастағылар әдейі бұрын бұзып қойған ойыншықтарды бергенде көп жағдайда бұзылудың себептерін анықтап, оларды жөндей білді, бірақ неліктен солай істелгенін сөзбен айтып бере алмады, тек ойыншықтардың болмашы белгілерін көрсетті. Сөз бейнелерді пайдаланбай- ақ ақыл- ой мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін дербес ойлау құралы ретінде қолданыла бастауы үшін бала адамзат жасаған ұғымдарды сөз арқылы бекіген заттардың белгілері мен болмыс құбылыстарының жалпы әрі маңызды белгілері жөнінде білімдерді игеруі тиіс. Ұғымдар өзара бір білімнен екінші білім шығарлықтай үйлесімді жүйелерге біріккен. Ол жүйе заттардың өзінің не бейнелердің көмегінсіз- ақ ақыл- ой мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Балалар игеретін сөздердің мәні бұл сөздерге үлкендердің беретін мәніне біртіндеп жуықтай бастайды. Балаларда бар түсініктер өздігінен ұғымға айнала алмайды. Ұғымдарды қалыптастыру үшін түсініктерді пайдалануға болады. Ұғымдардың өзінде және оларды қолдануға негізделген ойлаудың логикалық формаларын да балалар ғылыми білімдер негіздерін игеру барысында меңгереді. Ұғымдарды жүйелі меңгеру мектептегі оқу үдерісінде басталады. Бірақ кейбір ұғымдарды мектепке дейінгі ересек балалар арнайы ұйымдастырылған оқыту жағдайларында үйреніп алатындығын зерттеулер көрсетті. Мұндай оқытуда алдымен оқылатын материалдарға балалардың ерекше сыртқы бағдарлай іс- әрекеттері ұйымдастырылады. Ұғымды бұдан әрі қалыптастырудың барысы баланың сыртқы бағдарлау іс- әрекетінен ойша іс- әрекеттерге өтуді ұйымдастырудан тұрады. Мұнда сыртқы құралдар сөздік белгілерімен алмасады. [5,193-204б ]

               Сөздік логикалық ойлау. Мектеп жасына дейінгі балаларда яғни, бес- жеті жаста ойлаудың сөздік логикалық түрі белсенді дамиды.Фактілерді жай ғана хабарлап қоймай, сөздік логикалық ойлауы жақсы дамығандығын көрсетіп, сөздік форматта кері анализде талқылай алады. Мысалы: Егер бір жарым- екі жасар балаға «Қасық дегеніміз не? Қуыршақ дегеніміз не?» десең, олар қашанда сол затқа сәйкес келетін заттарды көрсетіп, «Қуыршақ дегеніміз- мынау», «Қасық дегеніміз- мынау» деп бөлмедегі кез келген ойыншық пен ыдысты көрсетуі мүмкін. Ал үш- төрт жастағы балалар заттардың негізгі белгілерін айырып көрсетуге қабілетті, олар «Қуыршақ- ойнау үшін, қасық- тамақ жеу үшін» деп жауап береді.

         Ал мектепке дейінгі ересек жастағылар заттардың мәнді белгілерін, яғни оның белгілі бір категорияға немесе бір топқа қатыстығын ажыратуда белсенділіктері жоғары. Бұл тұрғыда балалар «Жылқы- жануар, ал қасық- ыдыс» деп жауап береді. Бірақ осы жастағы балаларға сирек кездесетін заттарды көрсетіп сұрақ қойса, олар заттардың көрініп тұрған белгілеріне қарап ретсіз өз ойларын айтады.

          Ойлау іс- әрекеттерінің қалыптасуы мен жетілуі ойлаудың негізін құрайды. Бала қандай білімді игеріп, оларды қалай пайдалана білетіндігі оның қандай іс- әрекеттерін игергендігіне байланысты. Мектепке дейінгі шақта ойлау іс- әрекеттерін игеру сыртқы бағдарлау іс- әрекеттерін игеру мен бойға дарытудың жалпы заңы бойынша өтеді.Осы сыртқы әрекеттердің қандай және оларды бойына дарытудың қалай өтетіндігіне байланысты баланың қалыптасып келе жатқан ойлау іс- әрекеттері мен формасын, сөз бен сан сияқты белгілер іс- әрекет формасын қабылдайды. Ойша бейнелер мен іс- әрекет жасай отырып бала заттармен жасалатын іс- әрекет пен оның нәтижесін көз алдына елестетеді және осы жолмен өзінің алдында тұрған міндетті шешеді. Бұл өзімізге таныс- көрнекі-бейнелі ойлау. Белгілер мен іс- әрекетті орындау нақтылы заттардан дерексізденуді керек етеді.[6, 144-147б]

         Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.      «Мектеп ұстаздарының әлемі» Республикалық педагогикалық журналы №7 (15) 2016, – 19-21б

2.      А.А.Люблинская Детская психология. М: Просвещение. 1971, – 247-261б

3.       «Мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту» Республикалық педагогикалық журналы №1, 2014, – 7-9 б

4.      Е.С.Ермакова Развитие гибкости мышления детей: Дошкольный и младший школьный возраст: учебно- методическое пособие// Е.С.Ермакова, И.Б.Румянцева, И.И.Целищева СПб.:Речь, 2007, – 208-210б

5.      В.С.Мухина Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. Алматы: Мектеп, 1986, – 193-204б

6.      Вопросы психологии ребенка дошкольного возраста: сб. статей/ под ред. А.Н.Леонтьева и А.В.Запорожца. М.:Международный образовательный и психологический колледж, 1995, – 144-147б