Жангалиев Арсен Гарифуллинович
БҚО, Теректі ауданы
Новопавлов жалпы орта білім беретін
мектебі
«БІЗДІҢ ОТАНЫМЫЗ -
ҚАЗАҚСТАН»
|
Сыныбы: Пәні: |
3-сынып Дүниетану |
||
|
Жалпы мақсаты: |
Оқушыларды Отанын сүюге, ел рәміздерін
қастерлеуге үйрете отырып, олардың ойлау, сөйлеу,
есте сақтау қабілеттерін арттыру, өз елінің Ата
Заңына деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру
арқылы адамгершілігі мол,
парасатты, ұлтжанды тұлға
тәрбиелеу; |
||
|
Оқу нәтижелері: |
Өз
Отанын сүйе біледі, ел рәміздерін қадірлейді, Ата
Заңға деген сүйіспеншілік сезімдері қалыптасады,
өз елінің патриоты болуға тәрбиеленеді. |
||
|
Сабақ типі: |
Жаңа
білімді жетілдіру сабағы |
||
|
Әдістер : |
Түсіндіру,
сұрақ-жауап, жеке, жұппен, топпен жұмыс |
||
|
Көрнекілігі: |
ҚР
Мемлекеттік рәміздері, суреттер, ватман, маркерлер |
||
|
Сабақ кезеңдері: Уақытты меңгеру |
1.
Мотивациялық бағдарлау
кезеңі – 10 минут 2.
Операциялық орындаушылық
кезең (оқу-танымдық, ізденім, ішінара зерттеу,
проблемалық әдістер) – 15 минут 3.
Оқулықпен жұмыс,
«Уәкіл» әдісі, Видео ролик, Постер қорғау. – 15 минут 4.
Рефлексиялық бағалау
кезеңі (өзіндік бақылау – өзін-өзі
бағалау әдістері) – 5 минут |
||
|
Мұғалімнің
іс-әрекеті |
Оқушының
іс-әрекеті |
Ресурстар |
|
|
Ұйымдастыру |
|||
|
Қ.Аманжолов.
«Қазақстан» |
«Ширығу» әдісін
пайдаланып хормен айтады. |
Слайд |
|
|
«Ой
шақыру» әдісі |
|||
|
Балалар,
біздің мемлекетіміз қалай аталады? Қазақстан
қандай мемлекет? |
Оқушылар ватман
плакатқа Қазақстан туралы өз білетіндерін жазып
шығады. |
Маркер, ватман |
|
|
Қызығушылықты ояту «Кім жылдам?» |
Оқушылар
сөзжұмбақты шешу
арқылы ортасында шыққан сөздің мағынасын
ашады. «РӘМІЗДЕР» |
Сөзжұмбақ |
|
|
Жаңа
сабаққа даярлық кезеңі |
|||
|
Тәуелсіз
қазақстан- көп ұлтты мемлекет. Онда 130-дан астам
ұлт өкілдері өмір сүруде. ҚР Конституциясы
барлық ұлттар мен азаматтардың жан-жақты дамуына,
барлығына лайықты жағдайлар жасауға кепілдік
береді. |
|||
|
Жаңа
сабақты түсіндіру кезеңі |
|||
|
Президентіміз
Қазақстан халқына жыл сайын өз Жолдауын жолдап
келеді. Биылғы жолдау 18-ші рет жолданған Жолдау болатын.
Бұл Жолдауда Елбасымыз –еліміздің болашақ даму жолын
айқындайтын негізгі жеті
бағытты анықтап берді. |
|||
|
Оқулықпен
жұмыс «Уәкіл» әдісі Видео ролик Қазақстан
елі, жері, халқы туралы. Көрсетілім. |
Оқушылар
оқығандарын «Уәкіл» әдісі бойынша түсіндіру.
флипчартқа түсіріу. |
Топтық жұмыс |
|
|
«Мың бір мақал»
сайысы. 3 топқа мақалдың басын бастап беремін, оқушы
жалғастыру керек. |
Оқушылар
мақалдың жалғасын табады. |
Мақалдар |
|
|
«Ой толғау».
Мұғалім пікірін жалғастырып дәлелдеу. |
. Оқушылар
мұғалім пікірін жалғастырып, өз ойларын
дәлелдейді. |
|
|
|
Шығармашылық
жұмыс |
Оқушылар сызба
арқылы өлең
құрастырады. |
|
|
|
«Ой түйіндеу». 3 топқа «Қазақстан»
деген сөзден бірнеше сөз тауып жазу. |
Оқушылар бір сөзден
бірнеше сөз жасауға дағдыланады. |
Қима бетшелер |
|
|
Сабақты
бекіту (сұрақ – жауап) әдісі |
|||
|
«Қай топ жылдам» ойыны. |
Әр топ
сұрақтарға шапшаң жауап беруге тырысады. |
Сұрақтар |
|
|
«Рефлексиялық –
бағалау» кезеңі |
Балалар, сендерге бүгінгі сабақ
ұнады ма? |
|
|
|
Рефлексия |
|||
|
«Оқушы үні» |
Оқушылармен кері байланыс
жүргізу |
«Бес саусақ» әдісі |
|
|
Үйге
тапсырма |
|||
|
Бағалау |
|||