Куаншалиева Н.А., Ибрагимова К.Е.

 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

 

Жоғары сыныпта ағылшын тілін өз бетінше үйренудегі ғаламтор ресурстарын қолданудың ерекшіліктері

 

     Қазақстандық бүгінгі  жас ұрпаққа сапалы білім,тағылымды тәлім-тәрбие беру үдерісінде қазіргі заманғы электронды ақпаратты-қатынастық технологияларды тиімді пайдаланудың орны ерекше. Елбасымыздың Қазақстан  халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам  қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті. Компьютерді,интернет телекоммуникациялық желі, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету.Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы- жарқын,білімді парасатты,өз ана-тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде»  еркін сөйлеп, өз елін,мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді[1].

     Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты – жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру болса, оқытудағы негізгі мақсат — өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлғаның дамуында маңызды рөл атқаратын нәрсе оқушының өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу; сол арқылы материалды саналы меңгертудің жүйесін жасау; оқушының түрлі дара қабілеттерін арттыру.

      Өз бетінше жұмыс қазіргі жеке тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеуде, білім берудің приоритетін түбегейлі өзгертуде, яғни бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыруды түбегейлі өзгертуде. Оқушының жалпы және психикалық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізуде өз бетінше жұмыстың  орны ерекше.

     Өз бетінше жұмыстың негізгі міндеттері:

        Оқушылардың алған білімі саналы әрі берік болады.

        Оқуға қажет біліктер мен дағдылар қалыптасады.

        Оқушылардың таным, ақыл ой қабілеттері дамиды.

        Оқу ынтасын арттырады.

       Жоғары сыныпта оқушыға өз бетімен жұмыс істеп дағды беру ұзақ, жүйелі жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде қалыптасады. Атап айтқанда, бастапқыда жеңіл, кейін біртіндеп күрделі тапсырмаларды орындау барысында салыстыру, қорытынды жасау, түрлі жағдайда өздігінен ойлау үрдістерінен өтеді[2].

     Оқушының өз бетінше ізденіп оқуын жетілдіріп отыру бағытында   Л.С.Выготский, А. Н. Леонтьев, В. В. Давыдов, Л. В. Занков, Н. А. Менчинская,А.А. Люблинская  т.б. ғалымдардың еңбектері бар. Осы еңбектерге талдау жасай отырып, қысқаша түсінік берсек:

         Л. В. Занков. Оқытудағы өз бетінше жұмыстың жетекші ролін көрсетеді. Ақыл – ой қызметінің көрсеткіші өз бетінше жұмысты істеуді іске асырады: байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білуі, практикалық іс — әрекеттер атқара білу қабілетінің артатынын көрсетеді. Шетел тілін менгеруде оқушының танымдық, әдеби-көркем және әлеуметтік ақпараттарды игеруінде компьютер, мультимедиа мен интернеттің рөлі артып, оқу материалы және қосымша тақырыптық материалдарды мәнерлеп, көрнекілеп беруде иллюстративті құрал ретіндегі маңызы ұлғайды.     Ақпараттық технологиялар арқылы сабақта табиғи орта жасалатын, сөйлесудің үлгілері беріліп, оқушыларға сөйлеу дағдысының пайда болғаны тәжірибе барысында байқалды. Оқытушы өз кезегінде бақылап, кеңес беріп, іс-әрекетін оқушының да бақылауына мүмкіндік жасайды. [3].

     Ғаламтордың пайда болуымен біздің өмірімізде қарым-қатынас жасаудың жаңа мүмкіндіктері уақыт пен кеңістікке қарамастан ашылды. Бұл күндері электрондық хат алмасулар, онлайн жүйесінде пікірталастар, мәтіндік чат және басқа да көп салалы ресурстар ашылды. Мысалыға Wikis, блогтар, бейнеконференциялар жүргізу үшін (Skype), суреттер мен бейнелік ұсыныстар (You Tube), виртуальды әлем, әлеуметтік желілер, Facebook және ұялы телефондарға ұсынастардың өсуі. Бұл желілерде отырып, қатынас жасауға болады [4].

     Қазіргі кезде жаңа білім беру жүйесі ғаламтордың пайда болуы арқасында дамығанын барлығы да мойындайды. Көптеген әдіскерлер видеофильм, электрондық хат алмасулар (email), мультимедиалық презентация, анимациялық суреттер және т.б. көмегімен шетел тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр.Шетел тіліне оқытуда ғаламтор беретін мүмкіндіктер мен қызметтердің түрлері төмендегідей:

·        Студенттер үйреніп жүрген тілінде электронды пошта арқылы хат

алысып, ғаламтор талаптарында берілетін құжаттардағы жаттығулар мен тапсырмаларды орындай алады, кез-келген ақпараттар туралы мәлімет ала алады, бейнероликтерді қалаған тілінде көру мүмкіндіктері бар, файлдар алмаса алады, керекті құжаттарын дискіге жазып, мәліметтерді сақтай алады.

·        Ғаламтор шетел тілін үйренушілерге аутентті мәтінді қолдануға, тіл тасушыны тыңдауға, олармен қарым-қатынас жасауға және тілдік ортаны қалыптастыруға септігін тигізеді.

·        Ғаламтордың көмегімен студент фонетикалық, грамматикалық, лексикалық жаттығулар, оқуға және грамматикаға арналған тесттермен жұмыс жасай алады.

·        Ағылшын тілі сабағында материалды ғаламтордан пайдалана отырып, көптеген дидактикалық мәселелерді шешуге болады.

     Ағылшын тілін меңгеруде ғаламтор ресурстарын  пайдалану оқытушы мен студенттердің ізденушілік және шығармашылық қабілеттерінің дамуына, студенттердің тілдік біліктілігінің, тыңдау дағдыларының, сөйлеудің қалыптасуы мен дамуына, жазу әрекетін жетілдіруге, тұлғаның шыңдалуына зор әсерін тигізеді[5].

     Қорыта айтқанда, оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақты дайындай аламыз. Сондықтан  баланы  жеке  тұлға  ретінде  өздігінен дамуға  итермелеуіміз  керек. Себебі   жаңа  білім парадигмасы  бірінші  орынға  баланың  білім  алу  арқылы  өз  бетінше  дамуын  қойып  отыр. Бұл  мақсатқа  жетуде  өз  бетінше  жұмыстардың  алар  орны  ерекше.       

    Шетел тілі сабағында ғаламтор ресурстарын өз бетінше қолданудың маңызы зор.Оқытуға жаңашыл көзқарасты  қолдану, тәжірибеге  бағытталған  оқытудың  үлкен  жетістігі болып  табылады , сондай- ақ  оның  сапасы  алынған  білімнің нақты  жағдайда мақсатқа жетумен қатар өмірдің  сапасын  көтеруде  үлкен  сұранысты  қанағаттандыруды  қамтамасыз етеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы. //Астана, - 2004. – 65б.

2.     Концевая Л.А. Исползьзования учебника в самостоятельной

работе школьника Вып. 2.- М.: Просвещение,1974-66-77с.

3.     Пышкало М.А. и др «Самостоятельная работа учащихся в   малокомлектной школе».-М.: Педагогика, 1974

4.     Нұрлыбай А.М., Ниязбекова А.А. «Ағылшын тілі сабағында интернет ресурстарын қолдану тәсілдері »

5.     Павлова Е.А. «Преимущества использование Интернет-ресурсов при обучении иностранному языку»