Р.М. Жумагазиева

Орал қаласының № 12 жалпы орта білім беретін мектебі

«ОЮ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Күні/Сынып: 1

Қатысқандар саны:                Қатыспағандар саны:

Тақырып:

Ою

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.5.1. Қимыл –қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру.

1.2.2.1. Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойларын білдіру.

1.3.5.1. Мұғалімнің көмегімен суреттер арқылы қажетті ақпаратты табу.

1.4.2.1. Мұғалімнің көмегімен бейнеролик арқылы көргендері бойынша заттардың таныс атауларын жазу.

 1.5.1.3. Сөйлеу барысында мұғалім көмегімен етістіктің шақтарын, бұйрық райды қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Ою туралы түсінік алады, үлгі бойынша ою жасай алады.

Көбі: Тірек суреттер бойынша оюдың қалай жасалатындығын айтып бере алады.

 Кейбірі: Ою туралы қосымша ақпаратпен бөлісе алады.

Жетістік критерийлері

 Тақырыпқа қатысты сөздердің көпшілігін есте сақтайды және мағынасын түсіндіре алады. Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:  мен ою оямын; мен сурет саламын; мен оюды қиямын.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды өзара сыйластық, достық, қарым-қатынастарын дамыту. Бір бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері, математика сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Бейнеролик «Ою»

Бастапқы білім

 

Сабақ барысы

Кезеңдер

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

5 минут

Ертеңгілік шеңбері

Шеңберде тұрған оқушылар бір – бірімен үш тілде амандасады. Топқа бөлінеді. /Оюлар арқылы/

Оқушыларға «Ою» сөзінің жеке әріптеріне жазылған тапсырмаларды орындау арқылы сол сөзді тақтада құрастыру. Осы сөзді естіген кезде қандай сөздер естеріңізге түседі. Мысалы: 8-26 / О / (Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.)

«Мен сөздерді зейін қойып тыңдаймын, түсінемін және оларды дұрыс қабылдаймын»

Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.

Сабақтың ортасы

8 минут

 

 

 

 

 

 

1 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тақпақты жатқа айту.

Жаңа тақырыпты ашу мақсатында бейне ролик көрсету. Бейнероликте көрсетілген бейнебаян бойынша сұрақтар қою.

«Мені құрастыр» ойыны

Шашылған әріптерден сөздер құрастыру.

Өткен сабақта өткен әріпті қайталау.

«Жаңа сөздерді тап» ойыны

«Орнымды тап» ойыны арқылы сөйлемді дұрыс құрастыру.

Мен ою оямын. Мен сурет саламын. Мен қалада тұрамын.

СЕРГІТУ СӘТІ.

Мен би билеймін. «Қара жорға» биінің қимылдарын жасау.

Түс кілем жасау. Оқушыларға дайын оюларды ұсыну арқылы түс кілем жасату.

Жетістік критерийі:

-       Тақырыпқа қатысты сөздердің көпшілігін есте сақтайды және мағынасын түсіндіре алады.

-       Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар: өздерінің мектептегі күні туралы жай сөйлемдерді өздігінен құрайды, содан кейін сынып оқушыларына айтады.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар: үлгі бойынша мектептегі бір күн туралы сөйлемдерді қайталайды.

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия Тақтаға ағаштың суреті ілінеді. Ағашқа құстарды орналастыру арқылы сабақты қаншалықты деңгейде меңгергендіктерін көрсетеді және айтып береді.

Кезеңдер

Іс-әрекет

Ресурстар

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

 

 

Мұғалім оқушыларға суреттерді көрсетеді. Жетекші сұрақ қояды. Мынау не? Суретте нені көрдіңдер? Оюлардың қандай түрімен таныстық? Бейнеролик ұнады ма? «Қ» қандай дыбыс?

Бейнелеу өнері сабағы

Оқушыларды өзара сыйластық, достық, қарым-қатынастарын дамыту. Бір бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.