Булатбаева А.А.
№12 жалпы орта білім беретін
мектебі, Орал қаласы, Қазақстан
«Туған күні
досымның. Үстеу» тақырыбындағы ашық
сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы:
Туған күні
досымның. Үстеу.
Сабақтың
мақсаты: 1. Білімділік: Мәтінді
түсініп оқып, мазмұнын өз сөздерімен
айтуға, сұрақтарға еркін жауап беруге, негізгі ойды
табуға үйрету. Үстеудің мағыналық
түрлерін қайталау; 2. Дамытушылық:
Оқушылардың сөздік қорларын байыту, ауызекі
сөйлеу тілдерін, топпен жұмыс жасау, логикалық ойлау
қабілеттерін дамыту. Сауатты жазу, оқу дағдыларын
қалыптастыру; 3. Тәрбиелік: Оқушылардың
бірлесіп жұмыс жасау арқылы достық
қарым-қатынасын нығайту, бір-бірлерінің пікірін
тыңдауға, бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: жаңа
сабақ
Сабақтың
әдісі: «Миға
шабуыл», «Блум түймедағы», «Ойлан,жұптас,бөліс», «Хикая
картасы», «Фасоль қапшығы».
Ресурстар: интербелсенді тақта,маркерлер,кітаптың
суреттері,сандықша,
смайликтер, бағдаршам,
түймедақ, ребустар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі.
|
1.Оқушылармен амандасу |
2.Шаттық шеңберін
құрып,бір-бірімізге жақсы тілек тілейік |
|
Мейірімді жүрекпен, Кең пейілді тілекпен, Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық. |
Кәне, достар, тұрайық. Шеңберімізді құрайық. Жақсы-жақсы тілектер Бір-бірімізге сыйлайық. |
3.Түрлі кітаптарды таңдау арқылы топқа
бөлу.Топ басшыларын бекіту.
ІІ.Үй тапсырмасын
тексеру.
«Блум түймедағы» арқылы (Гүлдің жапырақтарында жазылған сұрақтарды
біреуі оқиды,ал екіншісі жауап береді.). Жұлдызша арқылы
бағалау.
ІІІ.Қызығушылықты
ояту.
1.Мультфильм көрсету арқылы жаңа тақырыпқа
шығу.
Сабақтың
мақсатына тоқталу.
2.Сөздікпен жұмыс.
А) Жаңа сөздерді оқу, жазу, танымдық
мәлімет.
Б) «Пирамида» Сөз. Сөз тіркесі. Сөйлем.
3.Мәтінмен жұмыс. «Көршіңе
әңгімелеп бер»; «Ойлан,жұптас,бөліс».
а) мәтінді тыңдату; ә)мәтінді іштерінен оқып
шығады; б) мәтінге ат қояды; в) көршісіне
әңгімелеп береді; г) мәтін бойынша сұрақтар
құрастырып,сұрақтарға жауап береді. Жұлдызшамен
бағалау
IV.«Хикая картасын»
құру.(плакатқа
жазып,әр топ өз картасы бойынша әңгімелейді). (Бағдаршам
арқылы бағалайды)
V.Грамматикалық
тақырып: Үстеу.
Ребустарды
шешіп, үстеу екенін дәлелдеу, шешуіндегі үстеулерді
қатыстырып сөйлем құрау. Бас бармақ арқылы
бағалайық.
2. Көп нүктенің орнына тиісті үстеулерді
қойып жазыңдар (үстеудің түрлерін ажырату,морфологиялық
талдау).
Бағалау:
1.«Кесінді сыз» ойыны. Смайликтер арқылы бағалау.
VI. Мәтінді бекіту: Балалар, бүгінгі үстеулерді қатыстыра
отырып,туған күн туралы шағын әңгіме
жазыңдар.
VIІ. Қорытындылау.
«Фасоль дорбасы».
Үстеу деген не? Үстеу құрамына қарай неше
түрге бөлінеді? Мекен үстеудің сұрақтары
қандай? Мезгіл үстеу қандай сұрақтарға
жауап береді?
VIIІ. Үйге тапсырма: Мәтінді әңгімелеу. Үстеулердің
мағыналық түрлерін қайталау.
IХ. Рефлексия. Балалар сабақ туралы өз ойларын білдіреді.