Оспанбаева А.Р.,
Тараз
мемлекеттік педагогикалық институты,Тараз қ.
Байжанова. О
№14
балабақша тәрбиешісі,Тараз қ.
Мектеп жасына дейінгі балаа патриоттық
тәрбие беру жолдары
Еліміздің
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев:
"Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу
білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы
оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда
көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды , туған жерді,
өзінің халқын сүюге
тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да
қадірменді парызы"-деген еді.
Әр дәуірдің тарихи
кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік
мүдделері болады. Ол ең алдымен,
"ұлтжандылық", отансүйгіштік", "
патриотизм", ұғымдары сол заманның
ақиқаты - наным - сенімінен туындайды. Еліміз
егемендік алғаннан бері жас ұрпақ
тәрбиесінің темірқазығы-қазақстандық
патриотизм болды.Мектеп жасына дейінгі мекемелерде балаларды патриоттық
сезімде тәрбиелеу, Отан туралы, туған жер туралы тақпақ-өлеңдер
жаттату, әңгімелеу арқылы бала бойына елге, жерге,
Отанға деген сүйіспеншілікті сіңіру болып табылады.
Сондай-ақ, тәрбиешілер балалармен тақырыптық
сабақтар өткізеді.
Еліміздің
төл мерекелерін балабақшада ертеңгіліктер өткізіп
тойлайды. Осы сабақтар, ертеңгіліктерді өткізуге
тәрбиешілер, ата–аналар белсене қатысып, өз үлестерін
қосады.
Балаларды тәрбиелеуде
балабақша мен мектептің, кітапханалар мен
мұражайлардың сабақтастығы дұрыс жолға
қойылған. Сонымен
қатар, отбасымен ынтымақтастық жұмыстарын
нығайту мақсатында ашық есік күндері,
сауалнамалар, ертеңгіліктер, ата-аналар жиналыстары жүргізілген
жұмысымыздың нәтижесі деп есептейміз.
Соның
ішінде атап айтсақ:«Менің елім - Қазақстан!», «Отан
–отбасынан басталады», «Елімнің еркіндігі –тәуелсіздік»
т.б.
Патриотизм
– тарихи, әлеуметтік ұғым, гректің parties – Отан, ел
деген сөзінен шыққан. Бұл термин Отанға, елге,
туған жерге, халыққа деген сүйіспеншілікті білдіреді.
Патриоттық, отаншылдық сезім бірте – бірте, адамның саналы
өмірімен бірге қалыптасатын саяси - әлеуметтік
құбылыс.
Бір жағынан, ол жеке
тұлғалық, қоғамдық сана элементтерінен
тұрса, екінші жағынан, Отанды қорғауға,
сақтауға, нығайтуға бағытталған сезім.
Қазақстандық
патриотизмнің қайнар көзі – халықтың береке-
бірлігінде, ынтымақ-ықыласында, елдігі мен ерлігінде және
мемлекетіміздің күш-қуатының беріктігі мен ұлан
–байтақ жерінің біртұтастығында.
Патриотизм ұғымы
өздігінен қалыптаспайды, ол үшін бірнеше алғышарттар
қажет:
- төл тарихымызды білу;
- ана тілді ардақтап,
құрметтеу;
- ұлттық
салт-дәстүрді, әдеп-ғұрыптарды қадірлеу.
Адамзат отансүйгіш
және қайырымды бала тәрбиелеуді мақсат тұтады.
Қазақ халқы өз баласының ізгі ниетті, адал
жүректі, өр әрі намысшыл болғанын қалайды.
Қазақтың
атына кір келтірмей, елін, жерін қастерлеп, туған
халқының мәртебесін жеке пиғылынан жоғары
қоятын жан болғанын тілейді. Ал, бұл қасиеттер бала
бойына тек тәрбие арқылы сіңеді. Отанымызды мекен еткен
ұлттар мен ұлыстардың бір шаңырақ астында
тату-тәтті, баянды ғұмыр кешуі үшін еліміздегі әр
азаматтың бойында ортақ мақсаттарға деген
ұмтылыс, барлық халықтарға деген құрмет
болуы тиіс. Оның басты құралы- патриоттық тәрбие.
Патриоттық
сезім- ұлттық рух деңгейінің өлшемі.
Сол
себептен Елбасы өзінің халыққа арнаған Жолдауында
азаматтардың отаншылдық сезімі мен өз еліне
сүйіспеншілігін дамытуды ұлттық қауіпсіздікті
сақтаудың негізгі элементтерінің бірі ретінде таниды. Дей
тұрғанмен, әттеген-ай дейтін тұстарымыз да жетерлік.
Қоғамдық жерлерде қазақтың қара
көз балалары өзара орысша сөйлеп, Еуропа мәдениетіне
еліктейді.
Мұның себебі неде?
Жастардың арасында патриоттық сезімді қалай
дәріптеуімізге болады? Ақиық ақын Мағжан
Жұмабаевтың «берік денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін,
дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы
үн, әдемі түрден ләззат алып, жан
толқынтарлық болса, баланың тәрбие алып, шын адам
болатындығы» деген қағидасы өміршең болып отыр.
Дәл осындай игі қасиеттерді бойына сіңірген жалпы адами
құндылықтарды меңгерген, қоғамның
жоғары мұратты мақсаттарына сай келетін жеке тұлғаны
қалыптастыру - баршамыздың алдымызда тұрған міндетіміз.
Мектепке дейінгі балаларды патриотизмге тәрбиелеу
мәселелерін зерттеген ғалымдардың еңбектерінің
қорытындылары мен тікелей мектеп практикасындағы
тәрбиешілердің іс-тәжірибелерінің нәтижелеріне
сүйене отырып, біз мектепте патриотизмге тәрбилеу
балалардың нақты
іс-әрекеті, мінез-құлқын ұйымдастыру, оған
бағыт беруді негізге алу керек деп ұйғардық. (Патриотизмге тәрбиелеу
үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға
болмайды, бірақ ол әрбір балада
патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан
бастау алғанда ғана тиімді болмақ . Сондықтан тәрбиешілер
өз қызметінде біріншіден терең патриотизм – Отанға,
Қазақстанға, өз халқына деген сүйіспешілік;
екіншіден - халықтар достығы идеясын ұстану және
насихаттау. Адамгершілікті, өркениетті патриотизм қашан да
халықтар достығының идеясымен, тәжірибесімен
үндесіп жатуы тиіс. Соның бір айғағы жылда
өткізілетін Халықтар достығы фестивалі.
Демек патриотизм – қоғамдық сананың
бір формасы, ол қоғам дамуымен бірге дамып, жаңа
мазмұнмен толыға түседі. "Қоғамда
Қазақстан - біздің Отанымыз, бұл
ұғымға өте көп нәрсе кіреді деген
қарапайым ойды қалыптастыру керек” – деген Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың сөзі терең ойдан туындаған пікір
екенін әрқайсымыз жақсы түсінуіміз қажет.
Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің
танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол
әрбір балада патриоттық сана, патриоттық сезім
қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ .
Сондықтан оқытушылар өз қызметінде біріншіден
терең патриотизм – Отанға, Қазақстанға, өз
халқына деген сүйіспешілік; екіншіден - халықтар
достығы идеясын ұстану және насихаттау. Адамгершілікті,
өркениетті патриотизм қашан да халықтар
достығының идеясымен, тәжірибесімен үндесіп жатуы тиіс.
Соның бір айғағы жылда
өткізілетін Халықтар достығы фестивалі.
Демек патриотизм –
қоғамдық сананың бір формасы, ол қоғам
дамуымен бірге дамып, жаңа мазмұнмен толыға түседі.
"Қоғамда Қазақстан -
біздің Отанымыз, бұл ұғымға өте көп
нәрсе кіреді деген қарапайым ойды қалыптастыру керек” – деген
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі терең ойдан
туындаған пікір екенін әрқайсымыз жақсы түсінуіміз
қажет.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1.
Патриоттық
тәрбие және Б.Момышұлы // Қазақстан мектебі –
2005 — №8.
2.
Жастарды
патриотизмге тәрбиелеу — мұғалімнің басты міндеті //
Қазақстан орта мектебі – 2005 — №9.
3.
«Тәрбие құралы». Республикалық
ғылыми — педагогикалық
журнал // 2009 — №5