Оспанбаева А.Р.,
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,Тараз
қ.
Жұманазарова Л.Ч.
№14 балабақша тәрбиешісі,Тараз қ.
Мектеп жасына дейінгі балаларға дидактикалық
ойындарды пайдалану
Ерте заманнан – ақ адам өзін
қоршаған ортаның тылсым тіршілігін тануға әрекет
жасаған. Ал айнала дүниені танып – білудің, белсенді
іс-әрекеттің алғашқы түрі заттық
іс-әрекет болып табылады. Нәресте заттық іс-әрекеттен
бірте-бірте, ойын әрекетіне аусады.
Барлық адам
өзінің тұлға ретінде даму ерекшелігінде ойын
іс-әрекетін бастан кешіреді. Сәбилік кезеңнен бастап бала
өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған
айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы
түсініп ұғынады. Тек көру, сипап-сезу,
байқап-тану арқылы емес, тікелей араласып, іс-әрекетке көшу нақты
қарым-қатынас барысында біледі. Осылайша ойын адамның
өмір танымында шешуші мәнге ие болады.
Баланың таным түсінігі, іс-әрекеті
ойыннан басталып, оның негізі болашақ өмірінде оқу,
еңбек іс-әрекетімен жалғастырылады. Жеке
тұғаның дамуындағы ойынның әсерін ерте заманның
өзінде – ақ атақты ғұлама ойшылдар, философтар,
педагог – психолог ғалымдар көріп, байқап, оны іске асыру
жолдарын ұсынған.
Оның мөлдір бастауы көп
ғасырлық тарихына үңілсек, ол туралы алғашқы
пікірлер ежелгі грек философтары Платон мен Аристотель еңбектерінен
бастау алатынын көруге болады. Ертедегі ұлы ойшылдар Я.А.Коменский,
Ж.Ж. Руссо, Д.Ж.Локк, И.Г.Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ
өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. /1/
Я.А.Коменский ойынды баланың қозғалуына
табиғи қажеттілік ретінде қарастырды. Ол балаларға
ойнау үшін көмектесіп отыру қажеттігін, олардың
іс-әрекетін бақылау керектігін ерекше атап көрсетті: «Бала
неғұрлым көп әрекет етсе, жүгірсе, жұмыс
істесе, соғұрлым ол жақсы ұйықтайды, жақсы
тамақтанады, тез өседі, денсаулығы мықты болып, дене,
ой дамуы жақсы жүреді, бірақ ол үшін баланы үнемі
қорғап отыру қажет»/1;170/.
Балалардың
білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, оларды
оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру және сабақ
барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын
қалыптастыру үшін дидактикалық ойындарды пайдаланудың
орны ерекше.
Тиімді
пайдаланған дидактикалық ойындар тәрбиешінің
түсіндіріп отырған материалын балалардың зор ынтамен
тыңдап, оны берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені ойын
мектепке дейінгі балалардың әрекетін белсендіріп, оларды
тәрбиелеп, дамытудың аса маңызды құралы болады.
Ойынды
педагогикалық процеске енгізе отырып, тәрбиеші балаларды
ойнауға, яғни А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда,
«Жақсы ойын» жасауға үйретеді. Мұндай ойынның
өзіне тән сапасы бар, ол-мазмұнының
тәрбиелік-танымдық құрылымы, бейнелейтін
түсініктерінің толықтығы мен дұрыстығы,
белсенділігі мен ұйымшылдығы, ойынның ережелерге
бағынуы.(12)
Ойын
процесінде балалардың білімі мен ұғымы айқындалып,
тереңдей түседі. Демек, ойын балалардың соған дейінгі
білімдері мен түсініктерін баянды етіп қана қоймайды, сонымен
бірге танымды белсенді іс-әрекетінің белсенді бір формасы болып
табылады. Соның барысында олар тәрбиешінің басшылығымен
жаңа білімді меңгереді. Ойынды ұйымдастырып, оны
басқара жүріп, ұстаз балалар ұжымына және
ұжым арқылы әр балаға ықпал жасайды. Ойынға
қатысушы бала өзінің ниеті мен әрекетін басқалармен
үйлестіруге, ойында қалыптасқан ережелерге
бағынуға тиісті болады.
Педагогикалық
басшылық болмаған жағдайда балалардың ойындары кейде
жарамсыз ықпал жасауы да мүмкін. Сонымен бірге дидактикалық
ойын балалардың танымдық дамуына әсер етеді, білімдерін
кеңейтуге қажеттілігін туғызады.
Дидактикалық
ойындардың өзіне тән ерекшеліктері бар. Бір жағынан –
ойында ойындық әрекет негізге алынған, оның
көмегімен жеке тұлғаның белгілі бір сапалары: зейін, байқағыштық, ес,
ойлау, ізденімпаздық, белсенділік қалыптасады. Екінші жағынан
– ойын сабақта белгілі бір дидактикалық міндетті, жаңа
материалды оқып-үйрену, өткенді қайталау, іскерлік пен
дағдыны қалыптастыру, білімді іс жүзінде пайдалану
міндеттерін шешуді көздейді.
Мектепке
дейінгі кезеңнің оқу іс-әрекеті процесінде аса
дайындықты қажетсінбейтін дидактикалық ойындарды пайдалану
керек және олар оқытатын, үйрететін сипатқа ие болуы
тиіс. Дидактикалық ойындарды ұйымдастырғанда оның
сабақтың мақсатына жетуге көмектесетін жағын
ескеру маңызды. Оларды сабақтың әрбір кезеңіне
сәйкес дұрыс пайдалану да өте тиімді.
Сабақтың басында ойын
баланың қызығушылығын оятады, оны ұйымдастырады,
сабақтың ортасында ойын тақырыпты меңгертуге
бағытталады, сабақтың аяғында ойын ізденіс сипатына ие
болады. Бірақ ойын сабақтың қандай кезеңінде
ұйымдастырылса да, қызықты, түсінікті болуы
оқушыларды іс-әрекеттің әр түріне баули алуы
тиіс.
Ойынның құралдарына қойылатын
талаптар ойынның мақсаты, мазмұны және формасы
арқылы анықталады. Бұл жағдайда ойынға
қатысты әрбір зат (ойыншықтар, материалдар, т.с.с.) балаларға жақсы таныс болуы
керек.
Дидактикалық
ойындарды ұйымдастыру мен жүргізу падагогикалық
тұрғыдан бірқатар шарттарға байланысты:
Ойынның
сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкестігі.
Ойындардың мазмұны
мен формасына қарай әртүрлілігі.
Ойынға
қатынасушылардың - белсенді шығармашылық позициясы.
Ойынның балаларға
түсінікті және тартымды болуы.
Ойынныңэмоциональдыболуы.
Дидактикалық
ойындардың тиімділігі олардың сабақтың
кезеңіндегі орны мен міндетін және мақсатын дәл
анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын
тәрбиеші жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті
материалдардың жиынтығын алдын-ала дайындап алуға, ойын
процесіне балаларды белсенді ұйымдастыруға байланысты.
Дидактикалық ойындардың қайсысын болмасын
өткізу барысында балалар түрлі іс-әрекеттерді орынайды.
Дегенмен олардың қандай да бір іс-әрекеттің басым
орындалуына орай топтастыруға болады. Демек, ойын барысында орындалатын
негізгі іс-әрекеттерді анықтап, оның түрлерін
іс-әрекетке орай алмастырып отыруға тура келеді.
Кейбір
дидактикалық ойындарда балалардың
орындаушылықпен (берілген үлгіге еліктей отырып),
біршамасында еске түсіруімен, (қайта жаңғырықтандырумен)
байланысты, қайсы бірінде тексеру мен бақылау, өзгерту,
түрлендіру, әртүрлі мүмкін варианттарды іздестіру
сияқты іс-әрекеттер орындайды.
Ойын элементтерін пайдалану нәтижелі болу үшін
осы сияқты іс-әрекеттерді алмастыра отырып дидактикалық
ойындардың өзгермелі болуын да жүзеге асыруымыз керек.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. АйтпаеваА.К.Программа«Использование казахскихнародныхдетскихигр в детском саду»- Алматы, 1996-26с.
2. Ахметов С. Балабақшада білім
берудің тиімділігін арттыру жолдары.-Алматы: Рауан,1994-84с.
3. Бержанов К., Мусин С. Педагогика тарихы.
Алматы: Мектеп, 1971
4. Гонеболин Ф.Н.
Психология.-Алматы:Мектеп,1976-237.
5. Занков Л.В. Избранные педагогические
труды-М: Педагогика, 1990-98