Оспанбаева А.Р.,
Тараз
мемлекеттік педагогикалық институты,Тараз қ.
Сон С.Ж.
№7
балабақша тәрбиешісі,Тараз қ.
Мектепке дейінгі
ересек жастағы балалардың
комуникативтік
құзіреттілігін қалыптастыру
«Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстанды» құру біздің жеке адамдардың,
қоғамның және еңбек нарығының
талаптарын қанағаттандыра алатын бәсекеге қабілетті
білім беру жүйесін қалыптастыруды талап етіп отыр[1]. Осы
міндетттерге сәйкес қоғам дамуының бүгінгі
деңгейі мен әлемдік
қауымдастықтағы мемлекеттер арасындағы халықаралық
экономикалық және мәдени байланыстардың
қарқыны мен күн сайын нығая түсуі
жағдайында өскелең ұрпақтың болашақ
өмір жолын құзыреттілікпен таңдау
мүмкіндіктерінің аясын кеңейте түсу педагогика
ғылымының өзекті мәселелерінің бірінен саналады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында»,
«Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылға дейінгі
білім беру бағдарламасында» мектепке дейінгі білім беруде жаңа
рухани-мәдени құндылқтарды игеруге, ұлттық
сананың қалыптасып, ақыл-ойының, интеллектуальдық
дамуын қамтамасыз ететін, болашақ бастауыш мектептегі оқу
әрекетіне дайындық ретінде танымдық құзыретін
қалыптастыру қажеттілігі туындайды. [2].
Бұл өз кезегінде мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш
мектептің сабақтастығын қамтамасыз ету арқылы
баланың кез келген әлеуметтік ортаға жетістікпен бейімделуін
көздейді.
Бүгінгі таңда мектепке
дейінгі білім беруді дамытудың негізгі бағыты бала дамуына
қажетті кеңістікті жасауға және баланың жеке
дамуы үдерісіне кешенді жетекшілік етуге жағдай туғызумен
байланысты болып отыр. Баланың өмір сүріп отырған
әлеуметтік ортада өзін-өзі тануына, дамуына, сол ортада
мәдени түрде коммуникациялық құзыреттілігін
қалыптастыруға бағытталған жүйелі
жұмыстың алғашқы көшін мектепке дейінгі
кезеңде бастау керектігі белгілі. Баланы
жан-жақты тәрбиелі, мәдениетті, ертеңгі
қоғам талабына сай азамат етіп тәрбиелеу – мемлекет, білім
беру мекемелері және отбасы
үшін жауапты міндет.
Мектепке дейінгі кезеңде
баланың психикалық және тұлғалық
қасиеттері дамиды, іс-әрекеттің түрлі де кең
спектрін белсенді түрде игере бастайды. Дәл осы шақта
баланың өзіндік санасы мен өзінің іс-әрекетіне
баға беру қабілеті қалыптасады, алғашқы
әлеуметтену кезеңінің есігі ашылып, бала мәдениет
әлеміне, жалпы адами құндылықтарға, адамдар
әлемімен, заттармен, табиғатпен және өзінің ішкі
әлемімен қарапайым қатынастар орнатады. Белгілі бір
іс-әрекетке қатыса отырып, мектеп жасына дейінгі бала жас
ерекшелігіне сәйкес білімді, құзыреттіліктер мен
дағдыларды игеріп, өз мінезінің ерекшелігін байқатады,
психика мен мінез құлқының жеке жақтарын дамытады.
Мектепке дейінгі шақ
дамудың бір-бірінен біршама өзгеше кезеңдерін қамтиды.
Мектепке дейінгі балалық шақтың әрбір кезеңі
психофизиологиялық дамудың өзіне тән ерекшеліктерімен,
ал әрбір бала тек өздеріне ғана тән жеке
ерекшеліктерімен сипатталады.
Мектепке дейінгі ересек топ
балалардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру
мәселесінің өзектілігі, мектепке дейінгі мекемелердің
балалардың коммуникативтік құзыреттілігін
қалыптастыруға бағытталған іс-әрекеттерін
жетілдіру мен балаларды іс-әрекет субъектісіне айналдыру
мәселелерін шешу қажеттілігі айқындалды. Мектеп жасына
дейінгі балаларға қазіргі заман талабына сай жалпы адамзаттық
қасиеттерді меңгерте отырып, зияткерлік деңгейлерін
өсіру, жеке тұлға ретінде өзін-өзі тануы
және қасындағы балалармен қатынас коммуникациясын,
қатынас этикасын, тілдік мәдениеттерін қалыптастырудың
маңыздылығы анықталды
Мектепке
дейінгі ересек топ балалардың коммуникативтік құзыреттілігін
қалыптастыру проблемасының, «құзыреттілік»,
«коммуникативтік құзыреттілік», «қалыптастыру»
ұғымдарының мәні нақтыланды, соның
негізінде «мектепке дейінгі ересек топ балалардың коммуникативтік
құзыреттілігін қалыптастыру» ұғымы
тұжырымдалып, оның мәндік және мағыналық
сипаттамасы берілді. Мектепке дейінгі ересек топ балалардың
коммуникативтік құзыреттіліктері олардың іс-әрекет
үдерісінде қатынас мақсатына жетуде қолданатын білімі
мен дағдыларының төмендегі жиынтығын
құрады:
Коммуникативтік
құзыреттілікті қалыптастыру балалар мен
үлкендердің бірлескен іс-әрекеті барысында
неғұрлым тиімді қатынас жасаудың үлгісі ретінде
ыңғайлы әрі мақсатқа сәйкес келді. Аталмыш
іс-әрекетті ұйымдастырудың формасы ретінде инабаттылық тәрбие сағаты,
білім беру салалары бойынша ойын-сабақтар, коммуникативтік
мазмұндағы дидактикалық ойындар құзыреттіліктерді
қалыптастырудың анағұрлым тиімді құралы
ретінде қарастырылды. Мектепке дейінгі ересек топ балалардың
коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда
әлеуметтік және пәндік құралдар бірлігін
қамтамасыз ететін, балалардың әртүрлі
іс-әрекеттерінде қалыптастырылатын
құзыреттіліктердің мазмұнын үлгілейтін дамытушы
ортаның да маңызы зор
Әдебиеттер
тізімі
1
.Мектепке дейінгі
ұйымдардағы білім беру әрекетінің типтік Ережесі.
Қазақстан Республикасы үкіметінің қазіргі заман
кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі міндеттері
туралы 2004 жыл 21 желтоқсан № 1353 қаулысы.
2
.
Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы:
Ана тілі, 1992. – 160 б.
3
.
Ж. Аймауытов шығармалары. – Алматы:
Жазушы, 1989. – 560 б.
4
.
А. Байтұрсынов шығармалары. –Алматы:
«Жазушы», 1989. – 320б.
5
.
Жарықбаев Н, Қалиев С. Қазақ
тәлім-тәрбиесі: (оқу құралы). –Алматы, «Санат»,
1995. – 320 б.