Оспанбаева А.Р.,
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,Тараз
қ.
Сыдыкова Г.О
№32 балабақша тәрбиешісі,Тараз қ.
Ұлттық дәстүрлер
тәлім-тәрбиенің даму
заңдылығы
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы»
заңында: «қазақ халқының мәдениеті мен
салт-дәстүрін оқып үйрену үшін жағдайлар
жасау», - деп көрсетілген. Сондықтан халық педагогикасын
ғылыми негіздерін пайдалану және оның даму жолдарын іздестіру
көкейкесті мәселелердің бірі.
Қазақ
халқы өзінің сан ғасырлық тарихының
барысында жалық ауыз әдебиетінің шығармашылығын
тірек етіп, жан-жакты дамыған рухани-адамгершілікті тұлға
тәрбиелеуге ерте кезден-ақ
мән берген. Мәселен, қазақ халкының
мақал-мәтелдері, нақыл сөздері, ырым-тыйымдары, жай
ғана айтылған ұйқас сөздер емес, олардың
бәрінің тәрбиелік, рухани-адамгершілік мәні
болған. Яғни, рухани-адамгершілік қасиеттердін маңызы
өте жоғары бағаланған.
Қазақ
халқы ертеден-ақ адамдар арасындағы сыйластық
қарым-қатынастарға ерекше көңіл бөлген.
Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жеткен асыл
қазынасының ішкі астарына зер салсақ, ата-бабамыз
ұстанған тәлім-тәрбиенің биік
шоқтығына тап боламыз. Бала дүниеге келген шақтан
бастап, адамның қартайып,
өмірінің соңына дейін сол қоғамның
заңдары мен ережелеріне сай қалыптасқан тәрбие
қағидаларына сай дамимыз. Ол
жайында ұлы бабамыз Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім
емес, тәрбие берілуі тиіс, тәрбиесіз берілген білім
адамзаттың қас жауы, ол келешекке, оның барлық
өміріне апат әкеледі», - деп тәрбиенің маңызын
жоғары бағалайды.
«Атадан
ұл туса игі, ата жолын қуса игі» деп асқақ арманмен
бабаларымыз бізге үлкен үміт артқан. Біз ата-баба
үмітіне үкі таға
отырып, болашақ ұрпақты халық қазынасымен
суындату арқылы балалардың бойына ұлтжандық сезімді
қалыптастырамыз. Сөзбен емес іспен елін сүйетін
ұрпақты біріктіретін
күш – ұлтжандық тәрбие.
Ұлтжандық сезім өз елін, әдет – ғұрпы
мен салт – дәстүрлерін, тарихын құрметтеуден басталады.
Балаларымыздың бойына ұлтжандық сезімді қалыптастыруда
қазақтың салт-дәстүрлерін,
әдет-ғұрыптарын кең түрде қолданудың
мәні зор. Салт-халықтар кәсібіне, сеніміне, тірлігіне
байланысты қалыптасып ұрпақтан ұрпаққа
ауысып отыратын әдет-ғұрыпы. Салт уақыт өткен
сайын оған жаңалық еніп өзгеріп отырады.
Дәстүр ұрпақтан ұрпаққа көшетін
тарихи қалыптасқан нормалар мен қоғамдық
нормалардың және халықтың мінез-құлқы
мен іс-әрекетінің рухани негізі. Дәстүр
мәдиниетпен тығыз байланысты. Мәдиниеті дамыған ел дәстүрге
де бай болып келеді.
Балалық шақ баланың жеке тұлға болып
қалыптасуының
алғашқы сатысы. Баланың адамгершілік
қасиеттерінің қалыптасуы осы мектепке дейінгі жас
шағында қалыптасады. Бала тәрбиесі ана сүтінен
басталып, үлкендердің ықпалы арқылы өмір бойы
қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің
ең алғашқы бастамасын бала өз отбасынан алса,
жалғасы балабақшамен байланысады, яғни бала тәрбиелене
отырып білім алады.
Мектеп жасына дейінгі балалар
түсінгенін, қабылдағанын, көргенін, қиялын, ойын
тіл арқылы жеткізеді. Сондықтан бала тілі өз ана тілінде даму
үшін ұлттық сананы оята отырып, қазақ
салт-дәстүрлерінің озығымен тәрбиеленуі керек.
Тәрбиенің негізі – ұлттық тәлім-тәрбие. Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы
жинақталып, іріктеліп
алынған озық тәжірибесінен ізгі қасиеттерін жас
ұрпақтың бойына сіңірту, баланың
қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, соған
сай мінез құлқын қалыптастырады.
Қазақ халқы өз
ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ
өлең-жыр мен әңгіме, ертегі,тақпақ,
санамақ т.б. арқылы тәрбиелеп отырған.Тәрбие басы
біріншіден әдептілікке үйретуден басталған. Екіншіден баланы
қайырымды, иманды, мейірімді болуға баулыған. Үшіншіден
тіл алғыш, елгезек, адал, шыншыл, ата-ананы сыйлап, кішіге
қамқор болуға, сонымен қатар елін жерін
қорғайтын батыр болуға, өз халқы алдында
қызмет етуге тәрбиелеген.
Қорыта келгенде әрбір тұлғаның тәрбиесі
отбасынан басталады. Әрине, отбасы – белгілі бір ұлт
өкілдерінің ошағы. Ондағы тәрбие сол
ұлттық игі іс-әрекеттер арқылы
әдет-ғұрыпқа айналып, ол әдеп болып негізделеді:
әдеп ұлттық қолданысқа айналса, оны халық
салт дейді. Салт санаға сіңсе, оны салт-сана деп ұлттық
мәдениеттің сәудеті ретінде ұлттық
болмыстың кредосы мәнінде өмір қолданысына айналдырады.
Мысалы: қазақ халқының меймандостық салты
ұлттық санаға сіңіп, меймандос халық
болдық. Ол салт-сананың бастауы игі әдет одан
әдет-ғұрып, одан әдеп, әжептен
дәстүр, дәстүрден салт-сана қалыптасады.
Ұлттық тәрбие ұлттық ммәдениетті
өркендетудің қайнар көзі болып табылады.
Ұлттық ойындардың
ата-бабамыздан келіп жеткен , өткен мен бүгінді байланыстыратын
баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны
үйренудің , күнделікті тұрмыста пайдаланудың
заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмір есігін
ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл
өміріне ұштаса береді. Сонымен қатар ойын тынысы кең , алысқа меңзейтін,
ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін
осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаудық
кепілі, өмір тынысы демекпін.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
1.
1Н.Назарбаев.
Туған елім – тірегім, (Құрастырғандар:
М.Қасымбеков. Қ.Әлімқұлов). – Алматы: Рауан,
2001. - 128 б.
2.
Әл-Фараби.
Әлеуметтік-этикалық трактаттар. – Алматы: Санат, 1995. – - 481 б.
3. Пралиев С.Ж. «Ұлттық тәрбие және жаһандану», Егемен Қазақстан, 25 желтоқсан
2009 .
4. Р.К.Төлеубекова «Ұлттық
тәрбие және оның философиясы»\\Педагогика
және Психология журналы №1, 2009.
5.
Ә.Табылдиев.
Этнопедагогикалық қазақша-орысша сөздік, – Алматы:
Қазақ Университеті, 2002, - 128 б.