Избасар Қымбат

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің

4 курс студенті

Абилов Дархан Кемерович

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің

аға оқытушысы

Кабылбекова Жанна Кайыркеновна

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы

Кусаинова Айман Толеутаевна

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы

 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МҮМКІНДІГІ  ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРДЫ ӘЛЕМЕТТІК ҚОРҒАУ ҚҰҚЫҒЫ

 

Бүгінгі талқыланып отырған мәселе мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қамтамасыз ету проблемасы өзекті екені белгілі. Қазақстан Республикасының Конститутциясы бойынша біздің еліміз әлеуметтік мемлекет болып табылады және де әлеуметтік саясаттың мақсаты - адамдарды, оның ішінде мүгедектерді қорғау болып табылады. Мүгедектерге қатысты саясат олардың экономикалық және қоғамдық өмірге араласу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған [1].

 Халықаралық тəжірибе мүгедектігі бар адамдардың толыққанды жұмыс істей алатындықтарын, іскерлік əлемде табысты бола алатындықтарын, ашық əлеуметтік өмір сүре алатындықтары жəне белсеңді қоғамның бөлігі бола алатындықтарын көрсетеді. Біз мүгедектердің мəселелері туралы көп айтамыз, бірақ, оңды жағынан азырақ.  «Мүгедек» деген сөз біздің қоғамда аяныштық тудыратын немесе батыр адаммен келістіріледі жəне əдепсіз қабылданатын адам болып табылады. Осындай қоғамдық пікірдің өзі үлкен проблема. Жұмыс берушілер мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа алғылары келмейді, жастар ұялмай тұра мазақтайды, орта жəне жоғары білім алуға қиындық тудырады жəне тағы басқа. Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) бұл ұстанымға, мүгедектер мəселесін жағымсыз бояуға бояй тұра, өз жағынан қолдау көрсетіп отыр. Соған қарамастан, біздің елде мүгедек адамның қоғамдық өмірге тартылған көп үлгі мысалдары бар. Көпшіліктің назарын мүгедектігі бар адамдар қоғамның белсеңді болу керектіктеріне жəне бола алатындықтарына аудару қажет. Біз БАҚ-қа қарапайым мүгедек азаматтар жұмыстары туралы, спорттпен шұғылданғандары туралы, өзі əрекетті ұжымдарға барғандары туралы, табысты мансапқа жеткендері туралы оңды оқиғаларды тарату қажеттілігін айтуымыз керек. 2014 ж. 17 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деген Қазақстан халықына жолдамасында былай деген: «...Мүмкіндіктері шектелген біздің азаматтарға қаттырақ назар аудару керек. Олар үшін Қазақстан кедергісі жоқ жер болып қалыптасу керек... Біз оларды белсеңді өмірге тартамыз, олар тек жəрдемақы ғана алып қоймай, өздерін қоғам мүшелері, пайдалы қызметкерлер етіп сезінетін болады...»[2]. Осы нəтижеге жету үшін қоғамның көзқарасын жəне мүгедек адамдардың өздеріне деген көзқарасын өзгерту туралы ойлануымыз қажет.

Осыдан екі жарым жылдай бұрын Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға және факультативтік қаулысына қол қойып, одан соң мүгедектердің құқықтарын сақтаудың халықаралық стандарттарына көшуді бастаған болатын. Біріккен Ұлттар Ұйымының мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға және факультативтік қаулысына қол қойылғанға дейінгі мүгедектерге салқын көзқарас өзгере қойған жоқ. Сондай-ақ, олардың құрамы бойынша алаңдатарлық жай бар. Яғни, бірінші, екінші топтағы мүгедектердің үлес салмағы 60 пайыздай құраса, оның 70 пайыздан астамы — еңбекке қабілетті жастағылар. Әрбір бесінші бала мүгедек десек, бүгін балалардың 32,6 пайызы — тумысынан кемтар. 2014 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметі бойынша, еңбекке жарамды жастағы мүгедектердің жалпы саны - 404 мың 851 адам. Ал олардың 82 мың 607-сі немесе 20,4 пайызы еңбекпен қамтылған. Ағымдағы жылдың алғашқы жарты жылдығының қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылған мүмкіндігі шектеулі жандар саны 13 мың 35 адамға артып, ол 95 мың 642 адамды құраған, яғни мүгедектердің жұмыспен қамтылу деңгейі 23,8 пайызды құрайды.

Қазақстандағы жағдай бүгінгі күні мынадай: мүгедектерге қоғамның кейбір салаларында кемсітетін жағдайларға соқтығуына тура келеді: қоғамдық ғимараттар, көлік және байланыс құралдары олар үшін бейімделмеген (интернат-үйлерді аралауда көрінгендей, мүгедектердің тұратын жерлері де бейімделмеген), қоғам материалдық және әлеуметтік жағдай туғызу үшін шаралар қабылдамайды. Оқып-үйрету және еңбекке орналастыруда тыйым салынған біліктілік стандарттары мен өлшемдер қолданылады, бұл мүгедектердің әлеуметтік жағынан оқшаулануына тура келеді, қызмет көрсетулер мен жеңілдіктер алуда мүмкіндіктерді таңдау шектелген. Олар шектелген әлеуметтік, кәсіптік, экономикалық және білім беру мүмкіндіктерін пайдаланады. Осындай келеңсіздіктерді жою үшін Қазақстан мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында бірқатар маңызды заңдар қабылданғанын атап өту керек.

2006 жылдың 13 желтоқсанында БҰҰ Бас ассамблеясы тарапынан мүгедектердің құқықтары туралы Конвенция қабылданды. Оның негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қамтамасыз ету болып табылады[3].

Қазақстан мүгедектері конфедерациясының президенті Жанат Омарбекова өз сөзінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын жақсарту бойынша нақты тапсырмалар бергенін атап өткен болатын. Осыған байланысты, «Нұр Отан» партиясы былтырдан бері «Кедергісіз келешек - Будущее без барьеров» жобасын жүзеге асыруда. «Кедергісіз келешек - Будущее без барьеров» жобасының басты бағыты – жұмысқа орналастыру, кедергісіз орта қалыптастыру, заңнаманы жетілдіру және қоғам назарын мүгедектер мәселесі мен инклюзивті білімді дамытуға  аудару. Жоба аясында көптеген мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмысқа тұруға мүмкіндік алды. Осының арқасында қыруар шаруа атқарылып, мінекей, нәтижесінде, БҰҰ-ның мүгедектер туралы Конвенциясы қабылданып отыр.

Жоғарыда аталған шаралармен қатар мүгедектердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың мұң-мұқтажына қоғамның санасын бұруға, оларды дені сау адамдармен теңдей тануға ықпал ететін іс-шаралар жүргізілуде. Былтырғы жылы еліміздің тарихында алғаш рет өткізілген «Бәріміз бірдейміз – Кемсітуді білмейміз» фестивалі мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін есте қаларлықтай оқиға болды. Түрлі он номинация бойынша конкурстарға алты мыңдай мүмкіндіктері шектеулі адамдар қатысты. Қазан айының аяғында Астана конкурстың ақтық туры ӛткізіліп, жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталды. Конкурс қатысушылары таныстырған әлеуметтік жобалар іріктеліп, демеуші тарапынан іске асырылып жатыр.

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандар тек қоғамдық қамқорлықпен ғана емес білім беру саласында да басты назарда. Мұндай жарымжан жандар оң солын танып, білім алып, толықққанды азамат болуы үшін білім беру саласы да өз мүмкіншілігіне орай біліммен қаруландырып келеді. Ол үшін арнайы мектептер мен арнайы сыныптар, немесе үй жағдайында білім алуына жағдайлар жасалып отыр. Бұл балалармен арнайы білімі бар педагогиканың, психологияның, дефектология мен логопедияның қыр-сырын терең меңгерген ұстаздар білім беруде.

Инклюзивтік оқыту қазіргі кезде білім беру саласына етек жайып келе жатыр, бұл дегеніміз сапалы білім алудың барлығы үшін тең болуымен ескеріледі. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндіктері шектеулі бала мен басқа да әлеуметтік қорғалатын топтарға жататын оқушыларға өзгелермен теңдей білім беру, соған жағдай жасау.

Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар көбіне арнайы мектеп-интернаттарда білім алады. Жалпы мектептердегі мұғалімдер кемтар бала сыныпқа келген кезде оны қандай оқулықтармен оқытап, қандай әдістемелік құралдарды пайдалану керектігін білмейді. Бұл мәселенің артынан туындайтын мәселе-кадр жеткіліксіздігі. Шындығында олар оқшауланған қоғамдық өмірге аса бейім емес. Өйткені біз мүмкіндігі шектеулі жандарға мүсіркей қараудан арыла алмай келеміз. Жалпы білім беретін орта мектептерде олардың оқып, білім алуына жағдай жасау қазіргі кезде қолға алына бастады.

Біз ел болып, етек жинаған еңселі елміз, сондықтан қоғамдағы жайттар басты назарда болу керек. Ең алдымен мүгедек, жарымжан балаларды сәби кезінен бастап анықтап, олардың ортаға бейімделуіне жағдай жасау қажет. Сондықтан осындай кемшіліктерді анықтап оның алдын ала білу қажет. Дегенмен бұл мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайлары әлі де болса ойланарлық жағдай. Десек те, даму мүмкіндігі шектеулі, жарымжан жандар үшін ел тарапынан бөлінетін көмек пен қамқорлық шектелмесе екен деген ойдамын. Бұл жандар ондай өмірді таңдап алмаса керек.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалыс мүмкіндігі шектелгенімен, жан-дүние кеңістігі аясының тарылып, күйзеліске ұшырауына жол бермеу-белгілі бір ұйымдардың міндеті ғана емес, қоршаған ортаның, қалың бұқараның басты парызы.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.       Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.- Астана: Елорда, 2014

2.       Баймұқанов М. Кемтар балаларға әлеуметтік қамқорлық қажет// Заң.- 2002.

3.       Ерусланова Р.И. Технологии социального обслуживания лиц пожилого возраста и инвалидов на дому. Уч.пособие. – М.,2010

4.       Дементьева Н.Ф., Старовойтова Л.И. Социальная работа в учреждениях социально-реабилитационного профиля и медико-социальной экспертизы. – М., 2010.