Тойшиманова
Гаухар Асқарқызы
Жамбыл
политехникалық колледжі, Қазақстан
Байырғы
қазақ өлшемдер
Қазақ-дана
халық,тұрмыс салт ерекшеліктеріне және кәсіптік
қажеттілігіне байланысты өздері қалыптастырған
өлшем бірліктері болған. Қазіргі таңда
қазақ өлшемдерін
күнделікті тіршілікте қолдана бермейміз.Оған себеп сызу
сабақтарында байырғы қазақ өлшем атаулары кездеспейді. Қазақ
халқында өлшем бірлікке байланысты айтылған
мақал-мәтел,аңыз әңгімелерді мысал келтіруге
болады,қайнам:қазан
қайнам-қазанның қайнау уақытының
өлшемі,сүт пісірім-өте қысқа мерзімді білдіретін
өлшем.
Мысалы:құлаш бұл
сөздің мағынасы құлашыңды кеңге
серме,елі,пышақ сырты деген өлшемдер болған,бұл деген
сөз жылқының семіз,арықтығын білу үшін қолданған. Қадам-адым деген
сөздер жаңа түскен келінге қадамың
құтты болсын,қадамыңа нұр жаусын деген
мағынаны білдірген екен.
Қадам-пішіннің
екі көрші бір аттас бүйір жақтарының арасындағы
ойма осіне параллель бағытпен өлшенген ара
қашықтық, тіс дөңгелектерде екі көрші
жатқан тістердің бір аттас пішіндерінің арасындағы концентрлік шеңбер доғасы
бойымен өлшенген қашықтық.
Сүйем-бас
бармақ пен сұқ қол аралығымен өлшенетін
мөлшерді айтады.
Қарыс-толық
жазғандағы бас бармақ пен шынашақ ұштарының
арасына тең ұзындық (шамамен 19 – 20 см) бірлігі. Ол
тұрмыста, құрылыс жұмыстарында пайдаланылған.
Мысалы:киіз үйдің уығы он екі – он алты қарыс
мөлшерінде жасалады.
21-22 см
Қарсы сүйем
1-сурет. Қарсы сүйем
бас бармақ пен ортан саусақтың аралық
мөлшері
Қарсы сүйем-бас бармақ пен ортан саусақтың
аралық мөлшері
Қадақ-екі жүз грамға тең салмақ өлшемі деген
анықтама берілген. Мысал «Қоржынның бір басындағы 5—6 қадақ кепкен
ерікті үлестіріп бердім» Б. Момышұлы
Тұтам-бес
саусақты жұмғандағы көлденең
ұзындық
2-сурет.
Тұтам-бес саусақпен
тұтқандағы көлемге шамалас,4 еліге тең ұзындық
өлшемі
Тұтам-бес саусақпен
тұтқандағы көлемге шамалас,4 еліге тең
ұзындық өлшемі
Сынық сүйем –
сұқ саусақтың буыны бүгіліп барып белгіленетін
өлшем.
Кере қарыс-бас
бармақ пен орта саусақты керіңкіреп созғандағы
аралық
Аршын-шынтақтан
саусақ ұшына дейінгі ұзындық
Құлаш-иық
деңгейінде созылған екі қол ұшының аралығы
Адым,қадам-жай
жүргендегі екі аяқ арасының алшақтығы
Қалыңдық
өлшемдері
Қыл
елі,пышақ сырты,шынашақ,елі,жарты елі,бармақ елі,табан елі
Елі-саусақтың көлденең
қалыңдығы, ені
Сере-сұқ саусақ пен
шынашақтың кере созылған арасы. Бір сүйем
ұзындыққа тең өлшем.
Саусақпен өлшенетін
өлшемдер
Бір уыс-қос
саусақтарын жұмдастыра бүккендегі өлшем
3-сурет.
Бір уыс-қол саусақтарын
жымдастыра бүккендегі өлшем
Бір уыс-қол
саусақтарын жымдастыра бүккендегі өлшем
Қос уыс-қос
қолдың саусақтарын бірге жымдастыра бүккендегі
өлшем
Шымшым-ұсақ
затты бас бармақ және сұқ саусақпен қысып
алғандағы өлшем
Шөкім-ұсақ
затты үш саусақтың ұшымен қысып
алғандағы өлшем
Расында
да қазіргі таңда қызықты кітаптарды оқып отырып байырғы қазақ өлшем атаулары кездесе ойланамыз және
түсінбей сол сөзді өткізіп жібереміз.Мысалы:бір қыдыру
жер,түстік жер,айшылық жол деген сөздер кездеседі.
Бір
қыдыру жер-ауыл
арасындағы жақын аралықты айтады
Түстік
жер-түске дейінгі
уақытты айтады
Айшылық
жол-бір,екі
айлық ұзақ уақытқа кететін жолды айтады
Халық
даналығы - біздің ата мұрамыз, асыл қазынамыз. Онда
халқымыздың байырғы ерлігі мен еңбегі,ақылы мен
парасаты,тұрмысы мен салтын көруге болады.
Осы байырғы қазақ өлшемдердің атаулары
ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отыр.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Мемлекеттік
стандарттар. Конструкторлық құжаттардың
бірыңғай жүйесі.
2. Ж. Есмұханов.
Сызу, А, Рауан, 1996 ж.
3. Ботвинников А.Д. Сызу.
Орта білім мектептеріне арналған. А, Рауан,1990