Кенбаева Айымгүл , Кусаинова
Гүлназ
Қостанай
мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақ
тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студенттері
Ғылыми жетекшісі: Қанапина Сәуле
Ғалымбекқызы
Филология
ғылымдарының кандидаты, доцент
АМА қауымдастырылған
профессоры
Қазақстан
республикасы
Б.Мұқайдың “Өмірзая” романындағы
антонимдердің қолданысы
Антоним термині – әлем
тілдерінің бәрінде бар құбылыс.Антоним термині -
гректің «onty» - қарсы деген сөзінен шығып,
қарама-қарсы есім дегенді білдіріп,
қарама-қарсылықты зерттейтін лексикологияның антонимика
саласында қарастырылады.
Лексиколог-ғалым Әсет Болғанбаев «Қазақ тілінің
лексикологиясы» еңбегінде антонимдерге тоқталып: «Антонимдер
айналадағы заттардың, құбылыстардың сын -
сапасын, артық - кем, мөлшер – көлемін салыстырып,
бір-біріне қарама-қарсы
қоюдан шығады деп анықтама беріп, антонимдерді сын
есімге, етістікке, зат есімге, үстеуге, есімдікке бөліп,
топтастырған. Мысалы: Үстеуге
қатысты антонимдер: Ерте-кеш, ілгері-кейін, жоғары-төмен,
алыс-жақын, сылбыр-тез т.б [1; 45-47 б].
Ғалым К.Аханов «Тіл білімінің негіздері» атты
еңбегінде «Антонимдердің стилистикалық қызметі
өте күшті.Қарама–қарсы құбылыстарды
салыстыруда, оларды бір-бірімен қатар қойып шендестіруде және
осы тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба
басқандай етіп түсіндіруде шебер қолданудың
нәтижесінде айтылатын ой мейлінше
ашық-айқын, мейлінше мәнерлі болып келеді. Поэзияда антонимдер шендестірудің
(антитеза) бір тәсілі ретінде
қолданылады. Антонимдерді шебер қолданудың нәтижесінде
айтылатын ой мейлінше ашық-айқын, мейлінше мәнерлі болып
бейнеленеді. Мысалы:
1. Жігіттер, ойын арзан,
күлкі қымбат,
Екі түрлі
нәрсе ғой сыр мен сымбат» дейді [2;173-177 б].
Ғалым Анар Салқынбай «Қазіргі қазақ тілі»
оқулығында антонимдік парадигма жайында сөз
қозғайды. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы
айтылатын сөздердің жүйелі тобы - антонимдік парадигманы
құрайды деп анықтама беріп, Гегельдің пікірін жазып
өтеді. «Қарама-қайшылық –әлемді
қозғаушы..., кез келген қозғалыстың,
өмірдің түптамыры; қандай да бір нәрседе
қарама-қайшылық болғанда ғана ол
қозғалады, импульсқа, іс-әрекетке ие болады,...
әр нәрсе өзінде қарама-қайшылық
болғандықтан ғана өмір сүреді» (Гегель).
Антонимдік қарама-қарсылық заттар арасындағы
қарама-қарсылық емес, олардың қасиеттерінің,
сапаларының, белгілерінің арасындағы
қарама-қарсылық. Мәселен, ағаштың әр
түрі – қайың, қарағай, терек, шырша,
үйеңкі бір–біріне қарама–қарсы емес, бірақ
олардың биік – аласа, қатты – жұмсақ, үлкен –
кіші, кәрі – жас т.б. белгілері антонимдік қатынаста [3; 101-105 б].
Филология
ғылымдарының кандидаты, доцент С.Ғ.Қанапина
«Қазақ тіліндегі
мақал-мәтелдердің танымдық бейнелілігі» атты
еңбегінде мынадай тұжырым жасайды: «Тіл көркемдігін арттыруда
антонимдердің қызметі зор. Сондықтан да болар антонимдер
халық ауыз әдебиетінен бастап бүгінгі кез келген ақын,
жазушы шығармаларында кең қолданыста. Антонимдерді
әсіресе нақыл сөздерден, мақал-мәтелдерден жиі
кездестіруге болады» деген [4; 101-105 б].
Ғалым
Найманбай А. Р. «Антонимдік қатынастардың көркем
прозадағы қолданысы» (Ғ.Мұстафин шығармалары
негізінде) 2010ж диссертацияның авторефератында антонимдер жайлы
сөз етеді. Антонимия - лексикалық бірліктердің
мағыналық жағынан қарама-қарсылығы.
«Антоним» деген лингвистикалық терминнің тіл біліміне енуінің
өзі үлкен қызығушылық тудырады. Тұлға
мен мазмұн жағынан «синоним» терминімен қатысты бола
тұра, ол тіл біліміне салыстырмалы түрде кеш енеді. Авторефератта
А.Жұмабекова градуалды
оппозициялардың екі түрін атап көрсетеді:
а) симметриялы
антонимдік оппозициялар (ГО);
ә)
ассимметриялы (ГО) [5; 6-9 б].
Әділбекова Ж.Қ. «Қазақ
тіліндегі қарама-қарсылықты мағынаның
көркем мәтіндегі көріктеуіштік қызметі» атты 2007ж. диссертацияның бірінші бөлімі «Қарама-қарсылықты
мағынаның көркем мәтіндегі көрінісі» деп
аталады. Бірінші бөлімде терістеуші қарсылықтар, шарттасушы
қарсылықтар, контрасты қарсылықтар деп үш
топқа бөліп қарастырады. Екінші бөлімшеде привативті қарама-қарсылық,
эквивалентті қарама-қарсылық, полярлы
қарама-қарсылық деп бөліп, анықтамасы мен
мысалдары көрсетілген.
«Қарама-қарсылықты
мағынаның тілдік көрінісі» деп аталатын үшінші
бөлімшеде қарама-қарсылықты мағынаның
түрлі тіл деңгейлерінде көріністенуі баяндалды. Төртінші
бөлімше «Көркем мәтін
және қарама-қарсы мағына» деп аталады. Ғалым
контраст туғызатын фигуралардың қатарында антитезадан
басқа акротеза, амфитеза,
альтернатеза, диатеза, оксюморон т.б түрлері аталып жүр деп
көрсетіп, оларға толық сипаттама берген. Мысалы: Антитезада екі
немесе бірнеше кереғар мағынадағы сөздер қатар
келіп ерекше бір контрастық мағынаға ие болса, акротеза болмыстағы
белгі, қасиетті терістеу арқылы қарама-қарсылық
туғызады. Амфитеза бір-біріне қарама-қарсы
ұғымдағы тілдік бірліктердің бірігіп кетуінен
байқалады. Қазақ тілінде және,
мен жалғаулықтары арқылы жасалады. Оксюморон –
шендестірудің ерекше түрі. Мұнда бір-бірін жоққа
шығаратын екі ұғым бірігіп кетеді. Тілде
қарама-қарсылық антонимия құбылысы, ал
қарама-қайшылық – болымсыздық категориясы
көрсеткіштері арқылы көрініс табады. Құбылыс
бойындағы бір-біріне қарама-қарсы екі нысанның
қарсылық қатынасы – қарама-қарсылықты, ал
белгілі бір ұғымды терістеу, мойындамау, жоққа
шығару негізінде қарсы жақты тудыру қатынасы
қарама-қайшылықты білдіреді»дейді [6;14 б].
Шығармадағы
сын есімге тән антонимдер:
1.Содан Алмас бастаған топ ақ, қара
волгалармен біздің үйге келеді («Өмірзая», 27 бет).
Ақ 1.Сүттің, қардың түсіндей
аппақ түс; 2.Судың өз арнасымен бірқалыпты жылжуы
[ҚТТС, 29 бет].
Қара 1.Көмірдің, күйенің
түсіндей (аққа қарама – қарсы түс);
2.Қарапайым көрінген нәрсе, қарайған зат
[ҚТТС, 477 бет].
2.Қолындағы шыбығымен жер
шұқып, басын оңды –
солды қозғап қойып, біразға дейін үнсіз
отырды («Өмірзая», 43 бет).
Оң1
– Сол1 . Күні туып,
оңынан – Күн, солдан – Ай,
Оқумен жайнатып дүкен құрар ма
?(М.Жұмабаев, Сорлы қазақ)
Оң2
– Сол2. Оң мен солын
айырды.
Аманжолдың алғашқыда оң мен солын
айыруы да қиын болды. (А. Тоқмағанбетов, Әке мен бала)
[ҚТАС, 126 бет].
Шығармадағы етістікке тән антонимдер:
1.Аяғанға ол күліп емес, іштей
егіліп жылап жатқандай болып көрінді («Өмірзая», 4
бет).
Күліп Ойнап әзіл – қалжың айту, күлісу
[ҚТТС, 428 бет].
Жылап Көз жасын
көл қылып төгу, боздау [ҚТТС, 327 бет].
Қорытындылай келе, жазушы Б.Мұқайдың “Өмірзая” романын талдау барысында 53
антоним теріліп, ҚТТС, ҚТАС арқылы мағыналары ашылып,
Әсет Болғанбаев классификациясы бойынша топтастырылды. Б. Мұқай – антонимдерді кеңінен қолдана отырып, шығарманың тілдік
бейнелілігін танытуда антонимдердің
озық үлгісін көрсете алған шебер жазушы болып табылады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.Болғанбаев Ә.
«Қазақ тілінің лексикологиясы» Алматы «Мектеп» 1988
2. Аханов К.«Тіл
білімінің негіздері» Алматы 2002
3.Салқынбай А.
“Қазіргі қазақ тілі” , Алматы, “Қазақ
университеті” 2008.
4.Қанапина С.Ғ.
«Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық
бейнелілігі(Ғ.Мұстафин, С.Мұқанов шығармалары
негізінде)» .- Қостанай. «Центрум», 2010, - 180 бет.
5.Найманбай А.Р «Антонимдік
қатынастардың көркем прозадағы қолданысы» Астана
2010
6.Әділбекова Ж.Қ
«Қазақ тіліндегі қарама-қарсылықты
мағынаның көркем мәтіндегі көріктеуіштік
қызметі» Алматы 2007
7.Жұмабекова А
«Қазақ тілінің антонимдер сөздігі» Алматы:
«Сөздік-Словарь» баспасы, 2000. –184-бет.
8.Жанұзақов Т.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы:
‟Дайк - Пресс” баспасы, 2008. – 968 бет.
9.Мұқай
Баққожа. «Өмірзая», Алматы «Парасат» журналы 2004ж, 480
бет.