Ағылшын тілі сабақтарында білім
алушылардың тыңдап түсіну іскерліктері мен дағдыларын дамыту
Муканова З.А. аға оқытушы.
Қазақстан Республикасы. Алматы қ.
Абай атындағы ҚазҰПУ
Филология және көп тілді білім беру институты.
Қазіргі таңда шет тіліне үлкен
сұраныс болуына байланысты елімізде сөйлеу мәселесі
қолға алына бастады. Өйткені сөйлеу мәселесі
өзекті болуының себебі шет ел мемлекеттерімен қарым-қатынас
негізгі мақсаты болуына байланысты білім алушылардың дұрыс
сөйлеу мен сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру болып
табылады. Жоғары оқу орындарында шет тілінде тілдің
дыбыстық құрамын, дыбыстардың айтылу нормасын,
дыбыстық заңдылықтарды, оның грамматикалық
құрылысын игеруге, ойын еркін жеткізуге, басқаның
сөзін түсініп, жеткілікті дәрежеде сөздік қорын
меңгеріп, шет тілінде қарым- қатынас жасауға
дағдыланады.
Шетел тілін
ана және орыс тілімен қатар оқыту арқылы
ұстазбілім алушылардың тындап түсіну, сөйлеу, оқу
және жазу іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп қана
қоймайды, оларды өзін қоршаған айналасындағы
адамдармен қарым-қатынас мәдениетіне де үйретеді.
Қазіргі
заман да сөйлеудің үш түрін талап етуде: ауызша,
жазбаша және электронды түрлерінің дамуын ерекше талап етіп
отыр. Сөйлеудің электронды және жазбаша түрі
қаншалықты маңызды болса, сөйлеу түрі де
соншалықты маңызды. Білім алушының ауызша сөйлеу
мәселесіне келсек, бұл әлеуметтік қажеттілік,
заңнамалар талабы, Елбасы тапсырмасы. Елбасы Н.Ә.Назарбаев
бәрімізге «Өсіп келе жатқан ұрпаққа
әлемдік стандартқа сай келетін сапалы білім беруіміз керек, сонымен
қатар қазіргі мамандардың біліктілік деңгейін де
ұмытпауға тиіспіз» деген міндетті белгілейді. Яғни, білім
алушылардың сөйлеу әрекетін дамытудағы мақсат –
ол шет тілі сабағында білім алушылардың сөйлеу дағдысын
дамыту.
. Тыңдаптүсіну
кысқамерзімдікжәнеұзақмерзімдікеске, кабылдауга,
логикаға, санаға, ажырату және таным механизмдеріне, салыстыруға,
жинақтауға байланысты.
Олар:
•
Сөйлеуші қолданылған кейбір лексикалық және
грамматикалық материал білім алушыға таныс емес болуы мүмкін,
бұл жағдай білім алушыға тындаған мәтіннің
мазмұны н түсінуді қиындатады. Бұл қиындыкгы
жеңудің жолы - білім алушылардың пассивтік және потенциалдык
сөздік қорын байыту;
• Әр
адамның дыбыстарды айту ерекшеліктері мен интонациялык ерекшеліктері болуы
занды құбылыс. Білім алушы өз ұстазының
сөйлеу ерекшеліктеріне дағдыланып алады да, басқа адам
айтқан сөзді түсінбеуі мүмкін. Бүл
қиындықты жеңудің жoлы - сабақта техникалық
қүралдарды жиі колдану керек;
• Ұстазәдетте сабакта өте
баяу ырғақпен сөйлейді, мұндағы максатбілім
алушылар оның айткан сөзін түсінсін дегендік. Білімалушыларосындайбаяусөзгедағдыланады
да, дұрысырғақтасөйлегенсөздітүсінбейді.
Міне бұл киындықтысабақта тек
техникалыққұралдықолдануаркылыжеңугеболады;
• Келесі бір қиындық
мынада: егер тыңдаушы сөйлеушінің бет- әлпетін көріп,
оның сөйлеу органдарының қимыл-қозғалысын
байқап отырса, онда ол өзі тыңдап отырған сөзді
жеңіл түсінеді, біракта мұндай жағдай үнемі бола
бермеуі мүмкін (телефон аркылы сөйлесу, радиодан хабар тыңдау
т.с.с.). Жоғарыда айтылған киындыктарды жеңудің
алғы шарты - ұстаздың сабақта техникалык құралдарды
кеңінен пайдалануы және тыңдау кабілеттерін дамытуға
арналған жаттығуларды дұрыс ұйымдастыра алуы.
Білім
алушылардың ағылшын тілі сабақтарында тыңдап
түсіну кабілеттерін дамытуда төрт жаттығулар тобын ұсынуға
болады.
Бірінші топ
жаттығуларының мақсаты - мәтінді тындаудың
алдында лингвистикалық және исихологиялық қиындықтарды
алдын ала жою.
Екінші топ
жаттығудын мақсаты - мәтінді тындауға арналған жаттығулар.
Мұнда білім алушылар мәтінді тыңдап, оның
тақырыбын, идеясын анықтай, берілген кестені/сызбаны және
т.б. толтыру, сұрактарға берілген жауаптардың мәтін
мазмұнына сәйкес келетін анықтай және т.б.
Үшінші
топ жаттығудың мақсаты - мәтін мазмұнын толық
түсініп, білім алушылардың бойында төмендегідей іскерліктерді
дамыту: интерпретация, комментарий және талдау жасай алу. Мысалы,
тындаған мәтіннің такырыбын талдау, мәтін
мазмұнына берілген ассоциограмманы толтыру, уақиғаны
бағалау, басты кейіпкерді сипаттау, мәтінді коммуникация жагдайымен
ұштастыра білу және т.б. Үшінші топ жаттыгуларып орындау
барысында білім алушыларға тірек, таяныш сөздер, жоспар, суреттер,
сызбалар жоне т.б. ұсынуга болады.
Төртінші
топ жаттығудың максаты - білім алушыларды мәтін
мазмұнының басты идеясына байланысты ойларын айтқызу,
пікір-талас ұйымдастыру, «дөңгелек үстел»
ұйымдастыру, сахналау, сңенарий жазу және т.б.
Тілді тәжірибеде пайдалану –
сөйлесу, қарым-қатынас жасау. Қарым-
қатынастың дамуының түрлері, қатысым
үрдісі, оның мазмұны, негізі маңызы және
құрамының жүйесі бар. Білім алушыларды сөйлеуге
үйретуде осы ерекшеліктерді негізге алуымыз қажет.
Қолданылған
әдебиеттер:
1. Садыков
Т.С., Әбілқасымова А.Е. Жоғары мектепте білім берудің
дидактикалык иегіздсрі. Алматы,
2003.
2. Маркова А.К. Формирование мотиваңии
учения. Книга для учителя. М.: Просвещение, 1990.
3. Методика обучения иностранным языкам
в CLLI. Модернизация общего образования. Издательств: КАРО, Санкт-Петербург,
2005