СӨЗ
ӘДЕБІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тлеубай
Сандуғаш Тлеубайқызы аға оқытушы, магистр
Абай атындағы ҚазҰПУ
Филология және
көп тілді білім беру институты
Адамның жан дүниесінің
ойдағыдай қалыптасуы оның нақтылы іс әрекетпен
үнемі айналысып отыруына тікелей байланысты. Іс-әрекет сыртқы
ортамен байланыс жасаудың, жалпы тіршілік етудің негізгі шарты.
Іс-әрекет күрделі процесс. Оның нақтылы белгілі
түрткілері, нақты мақсаты, операциялары, яғни, орындалу
жолдары болады. Ол жекелеген қимыл-қозғалыс, амал-әрекеттерден
тұрады. Әрекет-
іс-әрекеттің шағын бір бөлігі, ол жеке
мақсаттарды орындаудан көрініп тұрады. Ал іс- әрекет
жекелеген әрекет тізбегінен құралады. Адамның
іс-әрекеті қашанда қоғамдық-әлеуметтік
тарихи мәнге ие. Саналық, мақсаткерлік, жоспар мен
жүйе, ойға алған істер, нәтиже шығару- адам
іс-әрекетінің басты белгілері. Іс-әрекет пен сана бір-бірімен
тығыз байланысты, бұл екеуінің бірлігі сақталған
жерде әр-түрлі жан құбылыстары ойдағыдай дамып,
қиюласып жатады.[1.144б.]
Әрекетте істер саналы
мақсатпен, себеппен анықталса, әдеп көбінесе
үйреншікті, автоматтандырылған болады және бұнда себеп
пен мақсат терең санаға кетеді. Сөйлеу
әрекетінсіз адамдардың өмір сүруі,
қоғамдасып еңбек етуі мүмкін емес, қашанда
сөйлеу әрекеті мен дағдысының арқасында ойлау,
қарым-қатынас жетіледі, қалыптасады.
Сөз әрекеті –
себепті мақсатпен анықталатын саналы сөздік көрініс.Ал
сөз әдебі- саналы себептіліктен айырылған
автоматтандырылған стереотипті көрініс.[2.159б.]
Адамның сөз
әдебі- күрделі
құбылыс. Ол оның тәрбиесіне, білім мен ортасына,
оның жеке адам, әлеуметтік тұлға ретіндегі,
ұлттық ерекшеліктеріне байланысты. Сөз әдебі, бір
жағынан, стереотипті айтылымдарда, сөз клишелерінде және жеке
тұлғаның кейбір жеке бір өзіндік сөз
көріністерінде бейнеленеді. Екінші жағынан, бұған
тілдік емес қатынас құралдары да (ым, дене қимылы, бет
қимылы, тон, фонациялық ерекшеліктер) жатады. Басқаша
айтқанда сөз әдебінде сол елге, уақытқа,
аймаққа, әлеуметтік топқа, отбасына жататын тілдік
тұлға бейнеленеді[1.144б.] Тілдік тұлғаның
мазмұндық құрылымы
өте күрделі. Ол өзінде ұрпақтың даму
тәжірибесін, елдің, ортаның және өзінің
қайталанбас жеке бас білімі мен кейпін алып жүреді. Тілдесу
арқылы біз әрқашан өзімізді тұлға ретінде
көріп, сөз әдебінің көптеген шарттарымен
белгіленген аясында боламыз[1.144б.]
Кең мағынасында
сөз әдебі дегеніміз- бұл ұлт өкілдері арасындағы
нормативті сөз әдебінің формасы. Ал тар мағынасында
сөз әдебі деп- белгілі бір тілдік ұжымда, нақты
әлеуметтік тілдесім жағдайларында қолданатын,
ұлттық мәдени және тілдік дәстүрмен
негізделген типтік айтылымдар жиынтығын айтамыз[7.143б.]
Ә.Болғанбайұлы тіл лексикасын
лексика-семантикалық, экспрессивтік-стилистикалық сипаты
жағынан төмендегідей топтарға бөліп қарастырады:
Қорыта келгенде адамның сөз
әдебі- күрделі
құбылыс болып табылады. Бұл құбылыс
оның тәрбиесіне, білім мен ортасына, оның жеке адам
яғни әлеуметтік тұлға ретіндегі, ұлттық
ерекшеліктеріне байланысты сиппаталады. Сол себепті кез келген адам белгілі
әлеуметтік рольді белгілі жағдаятқа бейімдеп
қоғамдық көлікке мінсе- жолаушы, дүкенге
кірсе-сатып алушы, үйге келгенде-ата –ана, жұмыста маман,
қызметкер т.б. рольге көшіп
отырады. Сөйтіп ол өзінің әлеуметтік роліне қарай
әрекет жасап, сөз саптайды. Адам мәдениетті болған сайын
оның қарым-қатынас жасау мәдениеті жоғары болып,
өзінің әлеуметтік рольдерін мінсіз атқаруға
тырысады.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі