Синквейн әдісін ағылшын тілі сабағында қолдану

 

аға оқытушысы Шангереева Ш.Т

Қазақстан Республикасы. Алматы қ.

Абай атындағы ҚазҰПУ

Филология және көп тілді білім беру институты .

 

Қазақстанның білім беру саласындағы өзгерістер ағылшын тілін үйретуде де жаңа әдістемелерді қажет етеді. Ең бастысы сабақ жүргізудің парадигмасы (сабақтың өту құрылымы) өзгерді. Басты өзгеріс тілді үйрету ғана емес, ол тілді жетік меңгеріп, қарым - қатынас құралы ретінде пайдалана білу, оның коммуникативтік құзіреттілігінде.

Ол үшін оқытушы жаңа әдістерді пайдаланып, өз іс- әрекетіне өзіндік талдау жасап, шығармашылық қабілетін жетілдіре отырып, өз білімін жетілдірумен айналысуы керек. 

Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік болып, қарышты  дамуына сапалы білімі, саналы тәлімі бар отаншыл жастар өлшеусіз үлес қосады. Ұрпақ  үшін заманауи әдістер мен технологияларды енгізу, білімге қол жетімділікті кеңейту, білім сапасын арттыру Қазақсатанның одан әрі қарыштап дамуы үшін қажет. Жарқын болашақ кепілі–білімді ұрпақ. Тиісінше, жастардың жан–жақты әрі жүйелі білім алуына барлық жағдай жасалып отыр. Бұл-Елбасының қамқорлығы.

Бүгінгі білім беруде педагогикалық процестің барлық тараптарын қамтыған түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Білім алушының дер бес мүддесі – білімдегі шешуші фактор. Бақылау мен бағалау процесі сол немесе басқа пәнді үйренуге деген қызығушылық құлқына келеңсіз ықпал көрсетуі мүмкін. Сондықтан бақылау-бағалау қызметтерін дұрыс ұйымдастыру өте маңызды болып табылады. Сонымен қатар, жаңа стандарттар білімді, біліктілік пен дағдыны бағалауға маңызды жаңа талаптар қояды..

Сабақта бақылау-бағалау қызметін қолдану әдістерінің бір түрі «Синквейн».Синквейн әдісі - ақпаратты түйіндеу, күрделі ойларды бірнеше маңызды сөздермен, кең және қысқа сөйлемдермен жеткізу қабілетін дамытады дейтін болсақ, яғни синквейн – сабақта білімгерлердің танымдық белсенділігін жандандыру әдістерінің бірі.

Синквейн – бұл әдеттегі өлең шумақтары емес, ерекше белгілі ережемен үйлесімділікте жазылған өлең шумағы. Әр қатарға өлең шумағына қажетті сөз жиынтығы беріледі.Синквейн – бұл 5 қатардан тұратын өлең жолдары, нақты тақырып бойынша пысықтауда ауқымды ақпараттарды қысқа сөйлем, көрініс арқылы баяндауды талап етеді. «Синквейн» француз тілінен «бес» депаударылады, сондықтан да бес қатардантұрады.

1-ші қатар – зат есім түрінде тақырып, өзекті сөз, ұғым, синквейн тақырыбы. Кім? не?

2-ші қатар – екі сын есім. Қандай?

3-ші қатар – үш етістік. Не істеді?

4-ші қатар – фраза, белгілі мәні бар. Синоним немесе толықтауыш.

5-ші қатар – Сезіну, түйін сөз, тұжырым, бір сөз.

Синквейнді жазу ережесін тура сақтау міндетті емес. Мысалы, мәтінді жақсарту үшін 4-ші қатарда 3 немесе 5 сөз, ал 5-ші қатарда- 2 сөз болуы мүмкін. Қолданудыңбасқа да нұсқалары мен сөзтаптарыболуымүмкін.
Синквейн – бұл сабақтың әр кезеңіндегі, жаңа тақырыпты оқығанда білімгерлердің ассоциация деңгейін тексеруде қолдануға болады.
Ағылшын тілінде синквейн оқыту міндеттерін шешуге көмектеседі.
Бұл әдістің мүмкіншілігіне қарай бірнеше түрін көрсетейік.

1. Синквейн бұл сабақ тақырыбының қойылу амалы. Сабақтыңбасындабілімгерлералғашқықатардасөзжазылмаған, көрсетілмеген, бірақтөртқатарыжазылғансинквейндікөреді. Көрсетілген 4 қатардыңмазмұныбойыншасинквейн, сабақтыңтақырыбынқалыптастыраалады.
       
2. Мәтін бойынша қорытындылау синквейні. Бұл жұптық жұмысты ұйымдастыруда ең тиімді. Әр жұпқа синквейн құруға 3-4 минут беріледі, сонан кейін нақты бір синквейнге топтастыру арқылы бірнеше дайын болған тапсырмаларды талқылау жасалынады. Ақырында қорытынды варианты, оқылған мәтін бойынша түсінік айту үшін тірек түрінде қолданылады.
        3. Синквейн үй тапсырмасын түсіндіру  үшін қолданылады. Бұл жерде жұмысты былайша ұйымдастыруға болады: бір білімгер мәтін бойынша үй тапсырмасын орындаса, қалғандары тақырып бойынша синквейн құрайды.
Синквейнбойыншаөлеңжолдарықұрылуүшін, тақырыптытолықтүсінудіқажететеді.

4. Синквейн қайта оқылатын лексиканы бекітуде қолданылады. Білім алушыларға сабақ соңында тақырып бойынша қандай да бір жаңа лексиканың оқылғанын еске алу ұсынылады. Тағыда, жасалынғанжұмыстытақырыпбойыншақысқаәңгімеқұруүшінқолдануғаболады.

5. Синквейн қайталау сабағында –ойын түрінде. Жұмыс принципы дәл сабақ тақырыбының қойылу амалы сияқты, тек төрт қатарды (біріншіқатарсыз) білімгерлердіңөздеріайтады. Сонымен қатар жеке және топтық «жұмбақ» өткізугеболады.

 

Қорыта келгенде, синквейн — сын тұрғысынан ойлау технологиясының тәсілі, яғни нақты бір тақырып бойынша оқу материалын бірнеше сөздермен баяндау және оны терең ұғынуға жету. Бұлтәсілдібарлықпәнбойыншақолдануғаболады. Соныменқатар, мәтіндіөзойынқысқа, нақтыжәнедәл, турасөздердіқолдануарқылытүсіндіругеүйретеді. Синквейнсөзқорынбайытады, қысқатүсінікайтуғадайындайды, идеянытұжырымдауғаүйретеді (сөзтізбегініңкөзін)

Бұл тәсіл сын тұрғысынан оқыту әдісінің элементі болып табылады.Біздің мамандығымыз жаңа ойларды, тәсілдерді үнемі қажет 
етіп отырады.