Л.А. Исембаева аға оқытушы

   (Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті)

 

ШЕТЕЛ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУ ІСКЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

 

    Заман ағымына қарай шет тіліне үлкен сұраныс болуына байланысты елімізде сөйлеу мәселесі қолға алына бастады. Өйткені сөйлеу мәселесі өзекті болуының себебі шет ел мемлекеттерімен қарым-қатынас негізгі мақсаты болуына байланысты студенттердің дұрыс сөйлеу мен сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Жоғары оқу орындарында шет тілінде тілдің дыбыстық құрамын, дыбыстардың айтылу нормасын, дыбыстық заңдылықтарды, оның грамматикалық құрылысын игеруге , оны еркін жеткізуге, басқаның сөзін түсініп, жеткілікті дәрежеде сөздік қорын молайта меңгеріп, шет тілінде қарым-қатынас жасауға дағдыланады.

     Бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан жұмыс ең алдымен, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен бағдарламалар қажет, яғни білім деңгейін жоғары көтеру негізгі мәселе. Сондықтан тілді үйрету үшін сөйлесу әрекетіне дағдыландырылады. Өзге тілді үйрену барысында, студенттің қабілеттілігі мен бейімділігі, шеберлігі мен икемділігі ерекше орын алады. Тілді тәжірибеде пайдалану – сөйлесу,қарым-қатынас жасау. Қарым-қатынастың дамуының түрлері, қатысым үрдісі, оның мазмұны, негізі маңызы және құрамының жүйесі бар. Стеденттерді сөйлеуге үйретуде осы ерекшеліктер негізге алынады. Сондықтан сөйлеу үрдісі қатысымдық негізде құрылады және сөйлеу құралдарын игеру мен оны қарым-қатынаста пайдалану, сөйлесу икемділігі мен дағдыларын сапалы қалыптастыруға ықпал етеді. Сөйлеу тілін дамытуда әрқашан әдісте қаралып отырады. Оның маңызы, қажеттілігі айқындалып, шет тілінде сөйлеу жақсы деңгейде дамып, әрі жастар арасында тілге деген үлкен қызығушылық орын алуда. Дегенмен де, сөйлеуге жаттықтырудың негізгі атаулары және категориялары, тілді дамытуға арналған жұмыстар, сөйлеудің мазмұны, құралы. Студенттердің тіл байлығын бағалау қалыптары анықталмаған, бірақ қазіргі тіл дамыту әдістерінің өзіндік зерттеулері бар.

     Осындай жағдайларды қалыптастырудың негізгі қағидаларының бірі – оқыту процесі кезіндегі педагогикалық қарым-қатынастардың сыпайылық және әдептілік қағидасы. Адамдар қарым-қатынасындағы сөйлеу әдебінің нормасы сол тілде сөйлейтін халықтардың тарихи, әлеуметтік және мәдени ерекшеліктерінде көрініс тапқан едәуір ұлттық ерекшеліктермен және өзіндік өзгешелігімен сипатталады. Бірақ та жалпыға бірдей қағидалар да бар. Егер адамдар өзара түсіністікке қол жеткізгісі келсе, онда олар сол жолға бірдей қағидаларды басшылыққа алады. Бұл қағидалар қарым-қатынас жасаудың, тіл табысудың анық та айқын түрін қолдану қажеттігіне басымдық береді.

     Сөйлеуді дамытудың мәнін, мазмұнын анықтауға байланысты философиялық, педагогикалық, психологиялық, лингвистикалық талдау жасалып, студенттердің тілді қалай меңгергендігін білу арқылы олардың дағдысын анықтауға қазіргі қолданылып жүрген бағдарлама мен оқулықтарға, оқу құралдарына талдау жасалынып, оқытушылардың тәжірибесін дамыту арқылы білуге болады. Сонымен қатар шет мемлекеттермен қарым-қатынас жасау үшін сөйлеудің маңызы арта түсті. Шет тілі басқару органдарында, өндіріс ошақтарында, ғылыми мекемелер мен білім білім беру саласында кеңінен қолданылып келеді. Қазіргі заман да сөйлеудің үш түрін талап етуде: ауызша, жазбаша және электронда түрлерінің дамуын ерекше талап етіп отыр. Сөйлеудің электронда және жазбаша түрі қаншалықты маңызды болса, сөйлеу түрі де соншалықты маңызды. Студенттің ауызша сөйлеу мәселесіне келсек, бұл әлеуметтік қажеттілік, заңнамалар талабы, Елбасы тапсырмасы. Елбасы Н.Ә.Назарбаев бәрімізге «Өсіп келе жатқан ұрпаққа әлемдік стандартқа сай келетін сапалы білім беруіміз керек, сонымен қатар қазіргі мамандардың біліктілік деңгейін де ұмытпауға тиіспіз» деген міндетті белгілейді. Яғни, студенттердің сөйлеу дағдысын дамыту. Шет тілі сабақтарында компьютер бағдарламалары арқылы лексиканы үйрене алады, екеуара және дара сөйлеуге үйрету, жазуға үйрету, грамматикалық құбылыстарды игеруге бейімдейді. Мультимедиалық бағдарламаны қолдану әдісінің көп артықшылықтары бар. Ол әртүрлі сөйлеу әрекеттерін машықтандыруға, сонымен бірге білім алушылардың жеке өзіндік жұмыс жүргізуіне мүмкіндік алады. Жоғары оқу орындарында студенттердің ауызша сөйлеу әрекетін тыңдап, түсіну, айту, мәнерлеп оқу және ауызша сөйлеудің нормаларын қалыптастырудың әдістемесін сипаттау болып табылады. Қазіргі кезде де қабілетті, өз бетінше ойлай білетін, шығармашылықпен айналысатын жастарды тәрбиелеу қандай да оқу мекемелерінің басты мақсаты. Ақпараттық технология – шетел тілінде сөйлеу іскерліктер мен мүмкіншіліктер береді. Ағылшын тілі сабағында интернет желісін пайдалана отырып, бірқатар дидактикалық мәселелерді шешуге болады: оқу біліктілігін дамытады, білім алушылардың жазу қабілетін дамытады, сөздік қорын байытады, білім алушылардың ағылшын тілін білуге деген ынтасын одан әрі арттырады.

                                       

                                            ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.     Выготский Л.С. Избранные  психологические исследования. – М,: Издания АПН РСФСР. 1956.

2.     Иманбаева А. Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі // Қазақстан мектебі, №2 – 2000.

3.     Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992.

4.     Қазақстан Республикасының педагогикалық білім беру стандарты. – Алматы, 2001.

5.     Қазақстан Республикасы «Білім туралы заңы». – Астана, 2007.