Қазахстан
Республикасы, Алматы қаласы
Әлеуметтік-психологиялық қауіпсіздік (ӘПҚ) барлық критерийлерінің
үйлесімі, түрлі мазмұнды бағыттылыққа
бөлуге болатын ӘПҚ әлеуетінің түрлі типтері
туралы талқылауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік-психологиялық
қауіпсіздік типтерін зерттеу мақсатымен, пилотаждық зерттеу
жүргізілді. Қойылған міндетті шешу үшін
үйлесімділікті, қатынаспен қанағаттануды,
субъектінің қорғалуын зерттеуге бағытталған 27
сұрақты өз ішіне алатын «Субъектінің
әлеуметтік-психологиялық қауіпсіздігінің әлеуеті»
(«ӘПҚӘ») сауалнамасын әзірледік. Нәтижелер
әрбір критерий (үйлесімділік, қанағаттану және
қорғалу) үшін жекелеген түрде, сондай-ақ
ӘПҚ әлеуетінің жалпы (жиынтықты) көрсеткіші
бойынша талданды (сан және сапа жағынан).
«ӘПҚӘ» сауалнамасы бойынша
нәтижелердің сенімділігін тексеру және бақылау
мақсатымен, стандартталған әдістемелер
қолданылған («Қарым-қатынастың
түрлі-түсті тесті», авт. Е. Ф. Бажин, А. М. Эткинд;
«Тұлға аралық қатынастардың субъективті
бағасы» (ТҚСБ), авт. С. В. Духновский; «Жалпы
коммуникативтік толеранттылыққа диагностика жүргізу
әдістемесі», авт. В. В. Бойко).
Зерттеуге
20-30 жас аралығындағы ерлер мен әйелдерден, ЖОО (ОФУ ТТИ)
жоғары курстарының студенттерінен құралған,
түрлі кәсіптік салаларда жұмыс істейтін («адам - адам»
жүйесінде өзара әрекеттесумен байланысты кәсіптік
қызмет) 165 адам қатысты. Осындай жас кезеңі,
өзінің көп өлшемділігімен ерекшеленіп, адамның
барлық өмір салаларын қамтитын тұлға аралық
қатынас жүйесінің қалыптасуымен және дамуымен
сипатталады. Меңгерілген әлеуметтік тәжірибе белгіленген
түрде жеке тұлға тарапынан өзгертіледі және
әлеуметтік нұсқамаларда, шынықтырылған
қатынас паттерндерінде білінеді де, әлеуметтік-психологиялық
қауіпсіздіктің әлеуетін қалыптастырудың негізін
құрады.
Жалпы
алғанда, іріктеме бойынша субъектінің 38%-ы басқа адамдармен
қатынастарын қанағаттану сезімін беретін және
қолайсыз ықпалдардан «қорғалмаған»,
үйлесімді қатынас ретінде сипаттайтыны анықталды (бұл
арада субъектілердің өздері, «Коммуникативтік толеранттылық»
әдістемесі бойынша нәтижелермен расталатын өте жоғары
дәрежелі коммуникативтік толеранттылықпен сипатталады). Жалпы
алғанда осы топты ӘПҚ жоғары әлеуетіне ие топ деп
белгілеуге болады (үш шкаланың немесе үштен екі
шкаланың басым болуы: үйлесімділік, қанағаттану,
қорғалу). Осы топтың респонденттері сауалнаманың
сұрақтарына берген жауаптарында (67%), өздерінің
басқа респонденттермен қатынастарын өзгерткісі келмейтін адал
ниетті, сенімгерлік және тартымды қатынастар деп сипаттауға
болады деп атап өтеді. Бұл арада олар басқа субъектілермен
қатынастарында өз-өзін қауіптер мен елемеуден (73%)
қорғалған және өзінің қалауына
қарамай бірдеме істеуге бағытталған жария кемсітуден
және мәжбүрлеуден (56 %>) аз дәрежеде
қорғалған болып сезінеді. «Менің қатынастарым»
санатына қатынасы бойынша осы топтағы түрлі-түсті
ассоциациялардың таңдалуы қызықты болып көрінеді
(дәрежелік корреляция коэффициентінің топ бойынша орташа мәні
r = 8,7). Жасыл-қызыл түс жұбына артықшылық
беріледі. Осындай түстердің таңдалуы, респонденттер өз
қатынастарын тұрақты, жасампаз деп болжауға
мүмкіндік береді, олардың дербестігі, батылдығы, елгезектігі
және жылы шырайы пайда болады. Қызық түстің
қауіп кезіндегі абайлампаздық ретінде түсіндірілетіні
қызық. Жалпы алғанда осы топ бойынша анықталған
қолайлы үрдістерге қарамастан, ӘПҚ жекелеген
критерийлерінің сипаттамасы олардың көріністерінің
түрлі нұсқаларын қарастыруға мүмкіндік
береді. Осылайша, осы топта респонденттердің 45%-ын ғана
ӘПҚ жоғары әлеуетіне ие деп сипаттауға болады
(олардың қатынастары үйлесімді, қанағаттандырады
және қорғалуымен сипатталады). Сәйкесінше, жалпы
алғанда іріктеме бойынша осы мән 17%-ды құрайды. Осы
кіші топтың қалған респонденттері үйлесімділік
және қанағаттану, бірақ төмен дәрежелі
қорғалмау (қатынас кезінде қиындықтың
туындауының жоғары жиілігі, коммуникативтік
толеранттылықтың орташа, төменге қарай бет алатын
мәндері (18%)) сияқты критерийлер бойынша мәндердің
осындай тіркесімімен сипатталады. Респонденттердің дәл осындай саны
(18%) жоғары дәрежеде қанағаттанумен және
қорғалумен, бірақ қатынастың төмен
деңгейлі үйлесімділігімен (және үйлесімсіздігімен де)
сипатталады, осының барлығы уақытша сипатқа ие болып
табылатын қатынастарда қандай да бір келіспеушілікпен байланысты
болуы мүмкін; ӘПҚ жоғары әлеуетіне ие
топтың 19%-ы жоғары дәрежелі үйлесімділікпен және
қорғалумен, бірақ қатынаспен төмен дәрежеде
қанағаттанумен сипатталады. Бәлкім, осы топтың
эмоциялық «сауалы» тұлға аралық қатынастарда
жеткіліксіз дәрежеде қанағаттандырылады.
Зерттеу
барысында анықталған тағы бір топ – үйлесімсіздік,
қанағаттанбау, төмен дәрежеде қорғалу
(қатынас кезінде қиындықтың туындауының
жоғары дәрежелі жиілігі және толеранттық емес
нұсқауларға беталыс) деген үш шкала немесе үш
шкаланың екеуі бойынша негативті мазмұнды бағыттылықпен
сипатталатын ӘПҚ төмен әлеуетіне ие
субъектілердің тобы. Жалпы алғанда іріктеме бойынша осындай
респонденттердің саны 17%. Басқалармен қатынастарын
күрделі және шиеленіскен деп сипаттайды және оларды
өзгерткісі келеді. Олар өз қатынастарының маңызды
сипаттамаларының бірін (қатынастың жақсы шарттарымен
және қызықты сұхбаттасқа ие болудың
талап-тілегімен қатар) пайда табу мүмкіндігін айтады
(мәселені «өз еншісіне» шешу). Басқалармен қатынас
орнату қажеттілігі, оларда әдетте нашар
көңіл-күйдің себебі болады (осы топта 48%), себебі
жалпы алғанда олар өз қатынастарын қауіп
төндіретін, қауіпті қатынастар деп сипаттайды. Осы респонденттердің
«менің қатынастарым» санатына қатысты түрлі-түсті
ассоциацияларын таңдау, қызыл - күлгін, көк -
қоңыр сияқты жұптардың артықшылығымен
сипатталады. Бұл, қатынастардың – бір жағынан
менменшіл, әділетсіз, бірақ батыл және сенімді деп
бағаланатынын долбарлауға мүмкіндік береді (дәрежелік
корреляция коэффициентінің тобы бойынша орташа мәні r = 19,2). Осы
қатынастардың шеңберіндегі барлық әрекеттер,
еліктіретін, қызықтыратын нысандарға (басқа
адамдарға) бағытталған, осы әрекеттердің
мақсаты - әсер қалдыру. Екінші жағынан,
қатынастар адал ниетті, көнгіш, тәуелді, тыныш болып
бағаланады. Осы қатынастарда респонденттердің
тыныштықты сезінуіне (түрлі-түсті жұптардың түсіндірілуіне
сүйене отырып), айналадағылардың тарапынан өзіне назар
аударуды қамтамасыз ете отырып, физикалық жайсыздықтың
күйін кетіріп қана қол жеткізуге болады.
Осындай
өте аз (ӘПҚ төмен әлеуетіне ие) топта
респонденттердің тек 16%-ы ғана барлық үш санат бойынша
теріс мазмұнды бағыттылықпен сипатталатынын атап өткен
маңызды. Жалпы алғанда іріктеме бойынша 3% (5 адам) сай келеді.
Осындай нәтижені, өзінің әлеуметтік байланыстарын
реттеудің, өз-өзін реттеудің мол тәжірибесіне ие
адамдардың зерттеуге қатысуымен түсіндіріп көруге
болады. Осылайша, сұралған адамдардың көбі өз
қатынастарын «ретке келтіре алады», оларды теңдестіре алады.
Респонденттердің
үшінші тобын (45%) «белгіленбеген» әлеуетке ие тобы деп
сипаттауға болады, өйткені шкалалар (барлық үш шкала
немесе үш шкаладан екі шкала) бойынша мазмұнды мән «бейтарап»
ауқымда (үйлесімділік пен үйлесімсіздіктің,
қанағаттану мен қанағаттанбаудың,
қорғалу мен қорғалмаудың арасында) орналасады,
осының барлығы зерттеудің нәтижелерін де, қолданылатын
әдістерін де пысықтауды талап етеді.
Жоғарыда
аталғанды жалпылай келе, базалық психологиялық санат
ретіндегі қатынастардың өздері жалпы алғанда
психологиялық қауіпсіздіктің және атап айтқанда
әлеуметтік-психологиялық қауіпсіздіктің жүйе
түзуші факторы бола алатынын атап өтуге болады. Сәйкесінше,
ӘПҚ – субъектінің өмірлік тіршілігінің
сәтінде өзінің психикасының көріністерінің
динамикалық құрылымы ретінде қарастырылатын күй.
ӘПҚ күйіне ықпал ететін субъектінің
қатынастарының барлық полюстерінің интегралдық
жүйесі – келіп түсетін ақпаратты өңдеумен
айналысатын түрлі тетіктер мен атқарымдардың күрделі
түрде өзара әрекеттесінің нәтижесі. Бұл
ақпарат сананың бақылауына толығымен беріле бермейді.
Сәйкесінше, субъектінің ӘПҚ күйі көбінесе
байыпсыз, көп міндетті немесе белгіленбеген сипатқа ие болуы
мүмкін. Кез келген күй сияқты, ӘПҚ күйі де
– адамның әлеуетінің, мүмкіншіліктерінің
және мәртебесінің (қазіргі сәтте)
өзінің талаптануларына, дәмелеріне, жоспарларына және
үміттеріне, әлеуметтік өзара әрекеттің ерекшеліктеріне
сәйкестік дәрежесіне қатысты уақыттың біршама
кезеңінде адамның қоршаған кеңістікке
қатынасының бүтін сипаттамасы болып табылады. Осылайша,
әлеуметтік-психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету,
психологиялық теріс ықпалдарға қатысты
толеранттылықты қалыптастыру барысында қатынастардың
көптігін, олардың көп өлшемділігін,
субъектілердің әлеуметтік-психологиялық
жайғасымдарының сипатын ескеру керек.
Қолданылған
әдебиеттер
- Л. В.
Куликов «Психикалық күйлерді сипаттаудың мәселесі» //
«Психикалық күйлер» / Ред. Л. В. Куликова. СПб.: Питер, 2000.
- Сағындықова
Ж.К. «Қатынастар психологиясы». А.: 1995.
- А.В.
Брушлинский «Қауіпсіздік субъекті және субъект қауіпсіздігі»
// «Ақпараттық-психологиялық қауіпсіздік
мәселелері» / Ред. А. В., Брушлинский В. Е. Лепский. М.: РҒА ПИ
басылымы, 1996. 39-43 бет.
- С.Л.
Рубинштейн «Герман Когеннің философиялық жүйесі туралы»
[Электрондық ресурс].