Базылбекова А.Б., Оңғарбайұлы Е.

 

М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті

 

Бүкіләлемдік Азия ойындарының тарихы және мұндағы Қазақстанның рөлі

 

Дүниежүзінде Азия ойындарының пайда болуына 1941-45 жылдардағы екінші дүниежүзілік соғыс ықпал етті. Азияның бірнеше елі өздері көптен аңсаған армандары – тәуелсіздігіне қол жеткізді. Бір-бірімен қоян-қолтық араласа бастады. Араларында зор өзара түсіністік орнады. Қандай жарыс болса да оның жаңа түрлерін ойластыра бастады.

1948 жылы тамызда Азия Үндістан Олимпиада комитетінің басшысы Гуру Дут Сонди Азия спорт командаларының басшыларына «Азия Атлеттік федерацияны құру идеясын ұсынды. Бұл ұсыныс» сол жылы Лондонда XVI Олимпиада ойындарында жасалған еді. Азия спорт командаларының басшылары бірауыздан бұл болашағы зор ұсынысты қабылдады.сөйтіп 1949 жылы ақпан айында «Азия ойындарының федерациясы құрылды».

Бірінші Азия ойындарын өткізуге келгенде Нью-Дели таңдалды. Солай шешім қабылданды.

«Азия ойндарының федерациясы» құрылғанымен 1962 жылы Тайвань мен Израильді мүшелікке қабылдауға қарсылық туды. 1970 жылы Оңтүстік корея ойындарды жүргізе алмады. Оған Солтүстік Корея жағынан қауіп туындады. Одан соң Пәкістан да ойындарды өткізе алмады. Оған себеп 1977 жылғы Бангладеш пен Үндістан арасындағы қақтығыс болды. Ойын Бангкокқа (Тайланд астанасы) ауыстырылды. Осыларға байланысты Азия ұлттық Олимпиада комитеттері федерация жарғысын өзгертуге шешім шығарды. Жаңа бірлестік құру келісілді. Ол «Азиялық Олимпиада кеңесі» деп аталды. Израиль еуропалық жарыстарға қатыстырылды да, бірлестіктен шығарылды. Тайвань болса, Қытай («Тайпэй») деген атаумен федерация құрамына енгізілді.

1986 жылдан бері, осы кеңес Азия ойындарын қадағалап келеді.

1994 жылы АОК Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекістан, Түркменістан және Тәжікістан Республикаларын бірнеше елдің қарсылығына қарамастан Азия ойындарына шақырды.

Бірінші, екінші Азия ойындары қатарынан 1986, 1990 жылдары Жапонияда өтті. Бірінші жылы спорттың 7 түрінен, екіншісінде 6 түрінен ойын өтті. Одан кейін Қытайдың Харбин қаласында 10 мемлекет қатысқан ойындар спорттың 7 түрінен 1996 ж. ұйымдастырылды.

Төртінші Азияда алауы Корея елінің кангвон қаласында 1999 жылы жағылды. 2003 жылы тағыда Жапон мемлекеті бесінші Азиада ойынының жалауын желбіретті. Ал, 2007 жылы Қытай Азиада ойындарын өткізу мәртебесін жеңіп алды. Бұл алтыншы отын болатын.

Азия ойындарына Қазақстанның атсалысуы. 2011 жылы Азия ойындарының жалауы жетінші рет Қазақ елінде желбіреді. Тұңғыш рет қысқы Азиада ойындары осы жылдың қаңтар-ақпан айларында Астана мен Алматы қалаларында болып өтті.

Бұл Азиада ойындарының жоғары деңгейде өткізілуіне Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастамашы болды. Бұл кезде қаржы дағдарысы қызып тұрған. Соған қарамастан Елбасы Азиада ойындары үшін екі қалада да арнайы спорт кешендері салынды. Қазір бұл спорт ғимараттарының рахатын ел халқы көріп отыр. Саламаты өмір салтының нағыз орталығына айналуда.

Астанада бұрын-соңды болмаған жаңа мұз айдыны конькишілерге тарту етілді. Бұл айдын әлем коньки тебу стадиондары рейтінгісі бойынша бірінші орында. Сондай-ақ «Сарыарқа» республикалық велотірегі де – әлемдегі ең үздік велотректің бірі. Азиада қарсаңында халықаралық шаңғымен тұрғыдан секіру кешені салынды. Бұл кешен 2010 жылдың ең үздік трамплині деп бағаланды.

Бұдан басқа да Алматы қаласында «Медеу» спорттық кешені, «Шымбұлақ» тау шаңғысы базасы, ойындардың жабылу рәсімі өтетін Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы қайта жасақталды. Шаңғыға лайықталған биатлонды өткізу үшін арнайы стадион да Алматы облысында салынды.

Сөйтіп 2011 жылы қаңтарда жаңа «Астана Арена» стадионында Азиада салтанатты түрде ел басшылығы, Халықаралық Олимпиадалық комитеттің және Азия Олимпиадалық кеңесінің президенттері қатысуымен өтті. 2011 жылдың ақпан айының 11 жұлдызында Астана уақыты бойынша сағат 15.00-де Азия Олимпиялық кеңесінің штаб-пәтері Орналасқан Әл-Кувейт қаласының «Кувейт-тауэрс» мұнарасының алдындағы алаңда елімізде алғаш рет өтетін VII Қысқы Азия ойындарының алауы салтанатты түрде жағылды.азиаданың мән-маңызы мен оның халықтар арасындағы достықты нығайтуға, қоғамда саламатты өмір салтын қалыптастырудағы атқаратын рөлі туралы жан-жақты баяндаған соң АОК президенті Шейх Ахмат әл-Фахад ас-СабахҚысқы Азиаданың алауын тұтандырып, оны Туризм және спорт министрі Т.Досмұхамбетовке табыс етті.

Бұл VII Қысқы Азиада ойындарына әлемнің 27 елінен мыңдаған спортшы бақсынасты. Спорттың 11 түрінен барлығы 69 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Қысқы Азиада тарапындағы рекордтық көрсеткіш еді. Қазақстан бұл Азиадада 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медальды жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Қалған үш орынды Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай жеңіп алды (1 және 2 кесте).

 

1 кесте - Азиадада бас жүлдеге ие болған елдер

 

Жыл

Қала

1 орын

2 орын

3 орын

1986

Саппоро

Жапония (29)

Қытай (4)

Корея (1)

1990

Саппоро

Жапония (18)

Қытай (9)

Корея (6)

1996

Харбин

Қытай (15)

Қазақстан (14)

Жапония (8)

1999

Кангвон

Қытай (15)

Корея (11)

Қазақстан (10)

2003

Аомури

Жапония (27)

Корея (10)

Қытай (9)

2007

Чаньчунь

Қытай (19)

Жапония (13)

Корея (9)

2011

Астана, Алматы

Қазақстан (32)

Жапония (13)

Корея (13)

 

2 кесте – Қазақстан спортшыларының Қысқы Азия ойындарында жеңіп алған жүлделерінің саны

Азиаданы өткізген ел

Жыл

Алтын

Күміс

Қола

Жалпы

1

Саппоро, Жапония

1986

Қатысқан жоқ

2

Саппоро, Жапония

1990

Қатысқан жоқ

3

Харбин, Қытай

1996

14

9

8

31

4

Кангвон, Корея

1999

10

8

7

25

5

Аомури, Жапония

2003

7

7

6

20

6

Чаньчунь, Қытай

2007

6

6

6

18

7

Астана, Алматы, Қазақстан

2011

32

21

17

70

 

27 елдің арасында бірінші орын алу Қазақстан үшін аса мәртебелі еді. Бұл Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің – Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қамқорлығының арқасында қол жеткен зор табыс еді.