ӘОЖ 631.58:631.51:633.11 «324»
а. ш. ғ. кандидаты Н.Қ.Тыныбаев,
а.ш.ғ.д., профессор, ҚР АШҒА академигі А.Қ.Киреев,
а. ш. ғ. кандидаттары: Е.Қ.Жүсіпбеков, А.Э.Хидиров,
С.С.Абаев
Қазақ егіншілік және өсімдік
шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан
«БАРС» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН
ТӘЖІРИБЕДЕГІ МАҚСАРЫ ТАНАБЫНЫҢ ТОПЫРАҒЫНДАҒЫ
ЫЛҒАЛ ҚОРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ
Топырақты
өңдеу – дақыл өсірудің негізгі технологиясы, ол
топырақ режимін оңтайландырады, өсімдікті ылғалмен
қамтамасыз етіп, арам шөптермен, ауылшаруашылық
дақылдарының зиянкестерімен және ауруларымен күреседі.
Қазіргі кездегі аймақтық жер өңдеу жүйесі
ауылшаруашылық дақылдарын өсіру технологиясын жетілдіруге, дақылдың
биологиялық және аймақтық ерекшеліктерін қамтитын
топырақты өңдеу диференциясына сай болу қажеттілігін
талап етті.
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы
министрі А.Қ.
Күрішбаевтың [1,2] мәлімдемесінде 2010 жылға дейін
майлы дақылдарды әртараптандыру және егіс көлемін
күрт өсіру көзделініп отыр. Сонымен қатар егіншіліктегі
үнемді технологияны – ауыл шаруашылығының жаңа
деңгейде тұрақты дамуына негіз болады деп қарастырамыз
деген болатын.
Соңғы
жылдары Республикамызда мақсарының егіс көлемі едәуір
артып, шамамен 120-133 мың гектарға жетті. Мақсары
дақылы негізінен оңтүстік және
оңтүстік-шығыс аймақтарда өсіріледі. Майлы
дақылдарға сұраныстың артуына байланысты кейінірек
Атырау және Ақтөбе облыстарында да егіле бастады. Бұл
бағалы дақылдың осындай пайдалы қасиеттеріне байланысты
егіс көлемі жылдан-жылға ұлғаюда.
В.П.Гордиенконың [3] мәліметтері көрсеткендей,
Қырымның оңтүстігіндегі карбонатты қара
топырақта салыстырмалы көп жылдық арамшөптер мен аз
мөлшерде ластанған танаптарда топырақты механикалық
жеңіл өңдеуге болады, ал кейбір аудара жыртуда
бірыңғай себілген дақылдарды топырақтың беткі
қабатын 8-12 см-ге жеңіл өңдеу тәсілімен
алмастыру қажет деп тұжырымдайды. Бұдан ауыл
шаруашылығы дақылдарының өнімділігі төмендемейді,
ал тіпті құрғақшылық жылдары жоғарылайды
деп мәлімдейді.
Жерді ұзақ уақыт бойы (12 жыл) жеңіл өңдегенде
оның ылғалды -физикалық қасиеттері нашарламағанын
В.Г.Холмов пен Г.Я.Палецкаяның
[4] келтірген деректері бойынша байқап, осындай деректерді басқа да
өз ғылыми еңбектерінде анықтаған.
Көптеген зерттеушілердің есептеуінше топырақты
жеңіл өңдеу тәсілі топырақ
құнарлылығын белгілі бір деңгейде ұстап
тұруға бейімдейтін егіншілікті биологизациялау факторларының
бірі болып табылады. Колорадо штатының эксперименталды бекетінде
жүргізілген 16 жылды зерттеу нәтижелері де осындай
қорытындыға келген [5].
Е.Ж.Жумабеков,
Т.А.Атакулов, Б.К.Доненов, Д.Сыдықов [6] сияқты
ғалымдардың мәлімдеуінше мақсарны егістік дақыл
ретінде ХІХ ғасырда Украинаның Полотенк тәжірибе станциясында
өсірген. Тәжірибе нәтижелері бойынша жауын-шашын аз
түсетін аймақтарда күнбағыстың орнына
мақсары өсіру тиімділігі дәлелденген. Кеңестік
Одақ кезінде мақсарының егіс алқабы 7 мың га-ды
құрап, негізінен Қазақстан, Өзбекстан,
Тәжікстан Республикаларының тәлімі жерлерінде өсірілген
және дақылдың орташа өнімділігі - 10-12 ц/га. Яғни, Украинаның
оңтүстігінде кең көлемде өсіріледі.
Зерттеу
жұмыстарын дәлелдеу барысында, ылғалмен қамтамасыз
етілмеген тәлімі аймақта орналасқан «Барс» шаруа
қожалығына ендіру жұмыстары жүргізілді. Тәжірибе
жүргізген ауданның ауа райы жағдайы келесідей
көрсеткіштермен айқындалады: ауаның орташа жылдық
температурасы 8,1оС-ты құрайды, бұл жерде
айдың ең суық кезеңі қаңтар айында (температура -9оС орташа)
қалыптасады, ал ең ыстық мезгіл шілде (+28оС) айы болып
табылады.
Орташа
жылдық жауын-шашын мөлшері 250 мм, жылдық жиынтықтан
36% көлемі көктем кезінде түседі.
Тәжірибе
учаскісінің топырағы – механикалық құрамы орташа
құм балшықты сұр топырақ.
Өңделетін
топырақ қабатында қарашірік құрамы 1,5-2,0 %, үлес
массасы 2,55-2,60г/см3, ал көлемдік салмағы -1,0-1,25
г/см3, өсімдік пайдаланбайтын ылғал қоры 6-7%,
танаптағы ылғал жинағыштығы сәйкесінше 22-25%.
Тәжірибе
схемасы
Көктемде
шаруа қожалығынан
100 гектар жер учаскесі таңдалынып алынды. Оның ішінде 50 гектар
жер ПН-4-35 соқасымен 20-22 см дәстүрлі технологиямен
өңделсе, және 50 гектары – минималды қор
үнемдеуші технология КПШ-5 культиваторымен 10-12 см-ге сыдыра
өңделді.
Тәжірибеде
қолданған агротехникалық іс шаралар:
Топырақты
негізгі өңдеу сәйкестендірілген құралдармен
жүргізіледі.
20-22 см
тереңдікке аудара жырту ПН-4-35 соқасымен, ал жеңіл
өңдеу – 10-12 см тереңдікке КПШ-5 культиваторымен, аудара
жырту аясында себер алдында БД-5, БДТ-7 дискілерімен, сыдыра өңдеуде
– БИГ-3А инелі тырмасымен қарқынды бағытта
өңделді.
Мақсарыны
себу жұмыстары топырақ қабаты жылығаннан кейін 10-12 см
тереңдікке тұқымды себу сәуірдің бірінші
онкүдігінде жүргізілді. Мақсарыны себу мөлшері
гектарына 15 кг.
Аудара жырту
аясында мақсарыны егу жұмысы қатар аралығы 45 см
болатын СОН-4,2 сепкішімен жүргізілсе, ал сыдыра өңдеуде
СЗС-2,1 сепкішімен жүргізілді. Өсімдіктің
өніп-өсу кезеңінің арасында 2-рет қатар
аралық культивация жүргізілді. Мақсарыны жинау жұмысы
«Енесей» камбайнымен атқарылды.
Зерттеу
жүргізген шаруа қожалығының тәжірибе
танабындағы анықталған топырақтың өнімді
ылғалдылығына тоқталсақ, ылғал қоры
мақсарының өніп-өсу кезеңдерінде екі технология
бойынша анықталды. Топырақтың метрлік қабатындағы
өнімді ылғал қоры өңдеу тәсілдеріне
байланысты дән себер алдында, 3-4 жапырақ кезеңі, шанақтану, толық пісу
кезеңдерінде анықталды. Жалпы ылғадылықты
анықтауда себер алдында ең жоғарғы ылғал
қоры сыдыра өңдеу тәсілінде 143,6 мм құрап,
20-22 см-ге аудара жырту бақылау нұсқасынан 11,4 мм –ге жоғары болды.
Өсімдіктің
3-4 жапырағы пайда болған кезеңінде мақсары егістігінде
өнімді ылғал қорының сақталуы тағыда сыдыра
өңдеу нұсқасында ерекшеленіп, аудара жырту тәсілінен 14,5 мм-ге
артық болды. Шанақтану кезеңінде өнімді ылғал
қоры өңдеу тәсілдерінде келесідей қалыптасты:
20-22 см-ге аудара жыртуда -85,2 мм, ал сыдыра өңдеуде 98,2 мм
болды. Аудара жыртумен салыстырғанда айырмашылық деңгейі 13,0
мм –ді құрады.
Мақсары егістігінің
бір метр қабатындағы өнімді ылғал қорына
топырақты өңдеу тәсілдерінің әсері,
2009-2010 жж.
|
Топырақты
өңлдеу тәсілдері |
Даму кезеңдері |
|||
|
дән себер алдында |
3-4 жапырақ
кезеңі |
шанақтану |
толық пісу
кезеңі |
|
|
20-22 см-ге аудара
жырту |
132,2 |
111,1 |
85,2 |
34,0 |
|
10-12 см-ге сыдыра
өңдеу |
143,6 |
125,6 |
98,2 |
40,5 |
Мәліметтерден
көріп отырғанымыздай, топырақтағы өнімді
ылғал қорының мөлшері аудара жыртумен
салыстырғанда сыдыра өңдеу тәсілінді басымырақ
болғаны анықталды. Айта кететін жайт, өсімдіктің даму
кезеңінің аяғында нұсқалар арасындағы
өнімді ылғал мөлшері бір деңгейде болғаны
байқалды.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1
Күрішбаев А.Қ. Республика егіншілігіне жүйелі даму
қажет //Жаршы. –Алматы: Бастау, 2004-№6. –Б. 3-4.
2 Куришбаев А.К.
Минимальная обработка почвы и плодосемен-основа ресурсосберегающего земледелия
для устойчивого производства //НОУ-ТИЛЛ и плодосмен – основа аграрной политики поддержки
ресурсосберегающего земледелия для интенсификации устойчивого производства:
матер.межд.конф. –Астана-Шортанды: Казахстан, 2009. –С.5-6.
3 Гордиенко В.П. Условия,
определяющие минимализацию обработки почвы //Земледелие. –М., 1980. -№ 2.
–С.18-20.
4 Холмов В.Г., Палецкая Г.Я. Влияние продолжительного
применения минимальной обработки на водный режим и запасы гумуса в выщелоченным
черноземе южной лесостепи Западной Сибири //Минимализация обработки почвы. –М.:
Колос, 1984. –С.285-290.
5 Follett R.F., Peterson
Q.A. Длительное
воздействие вспашки на почвенное плодородие (США) //Земледелие. –М., 1990. -№5.
–С.11-14.
6 Жумабеков Е.Ш., Атакулов Т.А., Б.К.Доненов, Сыдыков Д. Сафлор
(систематика, генетика, продуктивность и перспективы использования). –Алматы, 2008. –71 с.
Түйін
Мақалада
«Барс» шаруа қожалығында жүргізілеген мақсары танабында
екі өңдеу тәсілдерін қолданылып оның топырағындағы
өнімді ылғал қорының мөлшері туралы мәлімет
келтірілген.
Резюме
В статье приведены данные по запасам влаги в почве
по двум технолгиям возделывания сафлора на богарных землях к/х «Барс».