э.ғ.к., доцент Есиркепова А.М., э.ғ.к. Утаров К.А., Толешова Т.М.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ,

Шымкент қ. Казақстан

 

Қайта сақтандыру операцияларының қаржылық тұрақтылығын нығайту әдісі

 

Қайта сақтандырудың отаны Германия. Ең алғашқы қайта сақтандыру ұйымы Кёльнде 1846 жылы ұйымдастырылған. Немістердің заңтанымында қайта сақтандыру ретінде, сақтандырушы өзіне қабылдаған тәуекелдерін сақтандыру түсіндіріледі, яғни қайта сақтандыру – сақтандырушыларды сақтандыру. Ұлыбиританияның сақтандыру заңдылығында былай айтылған, қайта сақтандыру бұған дейін сақтандырылып қойылған тәуекелді жаңадан сақтандыру және сақтандырушыны бұрынғы сақтандыруға қабылдаған тәуекелдерін қауіпсіздендіру үшін жасалынады.

Бір сақтандырушының келісім-шартпен анықталған шарттар негізіндегі тәуекелдің барлығының немесе өзінің міндеттемесінің бір бөлігінің орындалуын, өзге сақтандырушымен (қайта сақтандырушымен) сақтандыруы қайта сақтандыру болып табылады.

Сандық көзқарас тұрғысынан сақтандыру операцияларының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету проблемасын екі жақты қарастыруға болады: болашақтағы қаржы тапшылығының ықтималдығының дәрежесі және өткен тарифтік кезеңдегі, сақтандырушының табысының шығынға қатынасы ретінде. Қаражат тапшылығының ықтималдығын анықтаудың теориялық негізін профессор Ф.В.Коньшиннің коэффициенті қалайды:

   К= Ö (1-q)/(n*q)

мұнда,

q – сақтандыру портфелі бойынша орташа тарифтік ставка;

n – жасалынған келісім-шарттар саны.

Бұл формулаға сәйкес, сақтандыру операцияларының қаржылық тұрақтылығы шығын ықтималдылығымен, орташа тарифтік ставкамен, сақтандырылған объектер санымен және сақтандыру сомаларының біртектілігімен (құны бойынша бір текті тәуекелдер) анықталынады. Тек осы жағдайда профессор Ф.В.Коньшин коэффициенті көрсеткендей, қаржылық тұрақтылық сақтандыру сомасының көлеміне тәуелсіз (олар келтірілген формулада жоқ). Ендеше, сақтандыру операцияларының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін сақтандырушылардың бірінші кезектегі міндеті – оларға әртүрлі объектер сақтандырылған, сақтандыру сомасын теңестіру. Сақтандырушылардың мұндай теңестіруге деген ұмтылысы қайта сақтандыруға деген қажеттілікті туындады, ол құны бойынша біртекті тәуекелдердің сақтандыру портфелін құру мүмкіндігін берді.   

К мәні үлкен болған сайын, сақтандыру резервінің жиынтық көлемінің вариация дәрежесі төмен болады және сақтандыру ұйымының қаржылық тұақтылығы жоғары болады (бірінші шарт). Сонымен қатар, формуладан К көрсеткіші п сақтандырлыған объектердің санына q сақтандыру портфелі бойынша орташа тариф ставкасының мөлшеріне  кері тәуелділікте болатынын көреміз. Ендеше, сақтандыру операцияларының қаржылық тұрақтылығын арттырудың екінші шарты жасалынатын келісім-шарттардың санын және орташа тарифтік ставканы арттыру.

Сақтандыру ісінің тәжірибесінде белгіленген үш фактор (сақтандыру сомаларының біртектілігі, орташа тарифтік ставка, сақтандырылған объектер саны), сақтандыру портфелінің сипаты және сақтандыру тарифінің негізі ретіндегі, сақтандыру сомасының шығындық көрсеткіші арқылы жүзеге асырылады. Формуланың әрбір факторының сақтандыру сомасының шығындылық көрсеткішіне әсері, айырмашық әдісі немесе қатар әдісімен келтірілуі мүмкін, факторлық талдау көмегімен анықталынады. Бұл әдістердің көмегімен белгілі бір кезеңнің шығындылық көрсеткішінің, оның базалық шамамен салыстырмалы өзгерісіндегі әр фактордың рөлін анықтауға болады. Ол үшін, тарифтің негізіндегі шығындылық деңгейін алуға болады. Бұл жағдайда, егер анқты шығындылық тарифтік деңгейге жақын немесе тарифте ескерілген  нормативтен жоғары болса, тарифтік ставканы анықтау үшін шығындылық элементтернің талдауын жүргізуге болады.  

Жоғарыда айтылып өткендей, сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігіне сақтандыру портфелінің құрылымы мен мөлшері де әсерін тигізеді. Сақтандыру компаниясының сенімділік көзқарасы тұрғысынан, сақтандыру компанияларының саяси және экономикалық тұрақсыздық шарттарында жұмыс істеуіне қарай, монопортфелге қарағанда, әмбебап сақтандыру қолайлы болады. “Сақтандыру портфелінің шамасы” көрсеткіші  сақтандырылған объектердің санын да, жалпы сақтандыру сомасын да (сақтандырушы қабылдаған сақтандыру міндеттемелерінің көлемі) көрсетеді. Салыстырмалы түрде құны бойынша біртекті болып келетін сақтандыру жобалары көп болаған сайын, қаражат тапшылығының ықтималдылығ аз, сақтандыру портфелі тұрақты болып келеді, сәйкесінше сақтандыру компаниясының сенімділігі жоғары болып келеді.

Бір қатар жағдайларда сақтандыру ұйымдары сақтандыру объектілерінің немесе түрінің аз болуына орай, немесе сақтандыру портфелінде қауіпті және ірі тәуекелдердің болуына қарай, жақсы балансталған сақтандыру портфелін құра алмайды. Жоғар апатты сақтандыру оқиғалары сақтандырушының қаржылық базасын әлсіретіп қана қоймай, оның банкрот болуына әкелуі мүмкін. Ірі тәуекелдерді қайта сақтандыру арқылы, тек сақтандыру портфелінің бансы мен төлем қабілеттілігі қамтамасыз етіліп қана қоймай, сақтандыру ұйымы қаржылық банкроттықтан қорғаныс табады.  

Болжамдық сақтандыру портфелінің шығындылығын анықтайтын көрсеткіштер қатарына, типтік сақтандыру келісім-шарты бойынша сақтандыру шығынының математикалық күтімі,  есепті кезеңнің әрбір бөлігіне сақтандыру портфеліндегі сақтандыру оқиғасының болуы ықтималдығы жатады. Сақтандырудың үлгі ретіндегі объекті үшін, сақтандыру оқиғаларының математикалық күтім мәнін бағалау негізінде, кезекті жоспарлық есепті кезеңдегі сақтандыру түрі бойынша келісім-шарттар портфелінің сақтандыру оқиғасының математикалық күтім саны анықталынады:

Мкс = Мк – Кк,

мұнда,

Мкс - сақтандыру түрі бойынша сақтандыру портфелінің сақтандыру оқиғаларының математикалық күтім саны;

Мх -  сақтандырудың үлгі ретіндегі объекті үшін (х) сақтандыру оқиғасының математикалық күтімі,

Кк - жоспарлы кезеңнің барлығына сақтандыру келісім-шартының белгілі саны.

Болжамдық сақтандыру портфелінің табыстылығын анықтайтын көрсеткіштер қатарына, сақтандырудың типтік келісім-шарты (орташа статистикалық сақтандырушы) бойынша сақтандыру құны мен сақтандыру премиясының  (Ms, Ds, Мх, Dx) математикалық күтімі жатады. Бір есепті кезең шеңдеріндегі математикалық күтімді бағалау үшін стандартты статистикалық бағалау қолданылады.

“Сақтандыру портфелінің құрылымы” көрсеткіші жекелеген сақтандыру қатынасымен – сақтандыру түрлерінің арасында (міндетті және ерікті), төменгі және жоғарғы сақтандыру сомаларымен келісім-шарттар, жеке және топтық сақтандырулар  және тағы басқа анықталынады. Оған сақтандырушы ұсынатын сақтандыру қызметтерінің ассортименті мен сапасы да әсер етеді.

Қайта сақтандырудағы құжат айналымына келісім-шарттың шарттары туралы ескерту, бухгалтерлік есеп және есеп беру, жедел және техникалық ақпараттар (статистика, бағдарламалық қорғаныс және тағы басқа) айырбасы жатады. Қайта сақтандыру бордероларын талдаудың рөлі, келісім-шарттың шарттының өзгерісі, қайта сақтандырушының қаржылық нәтижелеріне әсер етуімен көрінеді. 

Қайта сақтандыру келісім-шарттары негізгі екі топқа бөлінеді:

ـ         теңдей қайта сақтандыру (ТҚ);

ـ         теңбей емес қайта сақтандыру (ТЕҚ).

   Теңдей қайта сақтнадырудың негізгі келісім-шарттарының түрлері:

ـ         квоталық немесе үлестік;

ـ         эксцеденттік немесе шекті;

ـ         квота-эксцеденттік немесе аралас.

Қайта сақтандырудың негізгі үш әдісі бар: факультативті, облигаторлы және аралас (факультативті-облигаторлы). Олардың әрқайсысына қайта сақтандыру келісім-шартының жеке түрлері тән. Сонымен қатар, теңдей және теңдей емес, олардың негізгі айырмашылығы сақтандыру сомасына немесе шығынға бекітілуі. Сақтандыру және қайта сақтандыру процесінің элементтерінің өзара байланысы кесте түрінде 1 суретте келтірілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сурет 1 – Сақтандыру және қайта сақтандыру процесінің элементтерінің                      

өзара байланыс кестесі

 

Активті қайта сақтандыру тәуекелді қабылдауда – пассивтік беруде жасалынады. Тәжірибеде активтік және пассивтік қайта сақтандыру сақтандыру қоғамымен бір уақытта жиі жүргізіледі, яғни ол сақтандыру түріне қарай үш тұлғамен көрінеді: сақтандырушы, қайта сақтанушы және қайта сақтандырушы. Қайта сақтандырылуға берілген мүдде халықаралық тәжірибеде  (cedenl business) атымен белгілі, ал алынған - контралимента (assumed business) атымен белгілі. Айтылғандардан, қайта сақтандырудың келесідей негізгі ұсынылымдарын жасауға болады.  

Қайта сақтандыру “сақтандырушына сақтандыру” ретінде тәуекелдің екінші рет бөлінуі болып табылады, яғни цедент-компаниямен сақтандырылған (тікелей сақтандырушымен) тәуекелдер бойынша жаупкершіліктердің бір бөлін қайта сақтандырушының өзіне қабылдауы. Өз табиғаны және қайта сақтандыру қорғанысын беру механизіміне қарай, ол сақтандырудың жаңа түрін дамыту, сақтандыру қайтарым төлемдерінің көлемін арттыру мүмкіндігін беретін, сақтандырушы үшін қосымша мүмкіндіктерді береді. 

Қайта сақтандырудың жалпы қалыптасқан ережелері мен дәстүрін онжылдықтар бойынша тәжіриби қолдануда “қайта сақтандыру құқы” деп жіктерінентін, құқықтық реттеудің ерекше саласы қалыптасты.

Ретроцессия – бұл қайта сақтандырушы тәуекелдің бір бөлігін үшінші сақтандырушыға бере алатын операция. Осыдан қайта сақтандыру туындаған.

Қайта сақтандыру келісім-шарты - цедент-компаниямен қайта сақтандырушы арасындағы келісім. Ол бойынша, келісімнің түрімен анықталған шарт негізінде тәуекел бойынша жауапкершілікті толығымен немесе оның бір бөлігін  қайта сақтанушы беруге, ал қайта сақтандырушы оны алуға мідеттенеді.

Осы уақытта қайта сақтандыру халықаралық сипаттағы, азаматтық-құқықтық қатынас көзқарасынан, жеке ерекше реттеу облысы ретінде тіркелді. 

Жекелеген елдердегі қайта сақтандыру бойынша қызметтерді реттеуге қатысты кейбір ерекшеліктерге қарамастан, қайта сақтандырудың әдістерінің, техникасының және дәстүрінің бірнеше жүзжылдықта бірдей қалыптасуынан бұл облыс әмбебаптана түсті. Оның ерекшелігі қайта сақтандыру институтының негізін қалаушы ережелер мен принциптердің дамуын толықтырып, байыта түседі.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Гвозденко А.А. Страхование. – Москва, 2004 г.

2.В.В.Шахов Страхование. – Москва, 1997 г.

3.Страховое дело. Под ред. Рейтмана Л.И. – Москва, 1992 г.

4.Страхование: принципы и практика. Составитель Д.Бланд Москва,        2000 г.

5.Страхование от А до Я (книга для страхователей) под ред. Корчовской Л.И. и   Турбина К.Е. – Москва, Инфра – М, 1996 г.

6.Страховой портфель (книга предпринимателя, книга страховщика, книга     страхового менеджера) – Рубин Ю.Б., Солдаткин В.И. – Москва, 1994 г

7.Словарь страховых терминов. Под ред.Коломина Е.В., Шахов В.В. – Москва,               1994 г.