БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ

ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

 

п.ғ.к, доцент У.О. Камардинова. оқытушы Р.М. Жакуда

 

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент, Қазақстан

 

 

     Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің міндеті – ғылым мен практика, компьютерлік технология жетістіктері негізінде оқушыны, жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екені көрсетілген. Олай болса 5-6-сынып математика пәндерін оқытуда зерек және дарынды оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын және де басқа маңызды психикалық іс-әрекетін дамытуға бағытталған түрлі әдістерді, педагогикадағы дидактикалық принциптерді, оның ішінде көрнекілік принципті компьютерлік технология құралдары көмегімен жүзеге асыру күн тәртібінен ешуақытта түспейтін өзекті, әрі маңызды мәселелердің бірі [1].

    Бастауыш сынып математика пәнін оқытуда интербелсенді тақта құралдарын қолдана отырып, көрнекілік принципті жүзеге асыру арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін арттыруға болады. Көрнекілік принципті жүзеге асыру негізінде оқушылардың танымдылық қабілеттіерін арттырудың формалары мынадай: сезімдік    жүйелер   немесе    талдағыштар белгілі    шынайы   ақпаратты    қабылдауға    және    тануға    арнайы   құралған       жүйке    жүйесінің    күрделі    бөлігі. Сезім   мүшелерінің    қабылдағыштарында тітіркену    әсерінен    қозу   толқындары    пайда    болады,   ол    орталық    жүйке    жүйесіне    өтеді.    Әрбір   талдағыштың   іс-әрекеті    оның    қабылдағыштарында    сыртқы    түрткілердің    физикалық    және    химиялық    әсерін   түйсінуден   басталады.     Олар  қозу  толқынына   айналып,  әртүрлі   деңгейде  орналасқан   нейрондардың тізбектері    арқылы    миға    жетеді.  Сезім   сигналын   өткізу   бірнеше   рет  бұлардың   өзгеруі    және   қайта түрлендіруі    арқылы   атқарылады.    Сезім   ағзалары    қабылдайтын    тітіркеністерге   үлкен    ми    сыңарлары    қыртысының     белгілі   аймақтарында   талдау   жасалады.  Бұл  жерде   ең   жоғары  анализ    және   синтез   жасалынады.    Сөйтіп,  қабылдағыштар,  қозу  толқынын   өткізетін   жол  және  ми  қыртысының     белгілі   бір  аймағы   организмнің   тітіркендіруді    қабылдауын   және    ажырата   білуін   қамтамасыз    ететін   біртұтас   жүйе    талдағыштарды   түзетеді.     Талдағыштар    туралы    ілімді    И.П.Павлов    ашты.    Ол,   ең   бірінші    болып,    талдағыштың     үш    бөліктен    тұратынын    айтты:   қабылдағыштық    (шеткі   бөлімі),  сезімдік   нейрондар   және    өткізгіш    жолдар   (аралық  бөлім),    соңында    сезімдік    сигналды    қабылдайтын    үлкен    ми    сыңарларының   қыртысы    (орталық   бөлімі). Бұл   үш   бөліктің   біреуі   зақымданса   белгілі   бір  тітіркендірісті    ажырату   қабілеті    жойылады.    Мәселен,   ми   қыртысының     нақтылы    бір    аймақтарын   зақымдайтын    тәжірибелер    шартты    рефлекстерді    жояды.    Осыны   ескере   отырып,    И.П.Павлов   талдағыштардың   ми   қыртысындағы    бөлімінде  алғашқы   аймағы   болатындығын  дәлелдеді. Сонымен   қатар   бұлардан   тысқары    келген    мәліметті   қабылдайтын    шашыраңқы    жүйке    бөлшектерінің    барлығы    анықталды.   Талдағыштардың   қоршаған ортаны  тануда   өте   зор   мәні   бар.   И.М.Сеченовтың    айтуы   бойынша,   талдағыш   дегеніміз –  мидың    сезіну   ағзалары.    Өйткені   әрбір  психикалық   іс-әрекет  санада   сезім   арқылы   қабылдау  негізінде  туады.    Сыртқы   дүниені    тану   әрдайым   сезуден    басталады.   Ол   заттардың     жеке    қасиеттері   мен   сапаларын    анықтап    табуға    мүмкіндік   туғызады.     Алайда,   әлемде   өзімен-өзі   бөлектенген    қасиеттер   мен    сапалар   болмайды.    Сондықтан   сезу  түйсікті  қалыптастырады.  Түйсік   заттар   мен  құбылыстарды    толық,   олардың    барлық    қасиеттерінің    бірлігін    тануды    жүзеге   асырады. Түйсік   пен  сезу  арқасында  түсінік  (елестету)   пайда   болады.  Түсінік адамның   қоршаған ортаны  тануын   өрістетеді.    Ол   адамның    сезім    ағзаларына    бұрын    әсер  еткен    қоршаған    ортадағы    заттар   мен   құбылыстарды   көзге   елестетіп,     ойға   түсіреді.  Сөйтіп, сезу,  түйсік,  түсінік   таным   үрдісінің   алғашқы   кезеңі.    Олар   қоршаған   ортадағы   кейбір   заттардың    және   құбылыстардың    сыртқы   пішіні   мен   байланыстарын   бейнелейді. Әртүрлі   құбылыстардың   мәні   мен   заңдылығын   тану   дерексіз   ойланудан   туады.   Бұл   ойлау   құбылыстардың   мәнісін,   олардың   ішкі   байланыстарын    ажырататын   ұғым,   пайымдау   және   ой   қорыту,   арқылы болады.   Бұл   танымның   ең   жоғарғы,    күрделі   кезеңі.   Адамның   таным   үрдісі   барлық   кезеңде   қоғамдық,   әлеуметтік   заңдарға   бағынады   және    тарихи   тәжірибелермен   сыналады.

И.П.Павлов   арнайы  зерттеулер   арқылы   бейнелеу   үрдісінің   мидағы физиологиялық    тетіктерін   дәлелдеді,  әлемді    бейнелеу   жүйке    жүйесінің   қасиеттерімен    тығыз   байланысты    екенін   анықтады.   Адамның     ой  өрісі  мен   оның   тереңдігі   сыртқы   дүние    әсерінен   туатын   көптеген     мәліметті   қабылдау   және   өңдеуден   құралады.

Біртұтас бейне нәтижесі болып табылатын қабылдаудың обьективті негізі обьект қасиеттері мен әртүрлі  жақтарының бірлігі болады. Қабылдау бұған дейін болған ақпаратқа негізделген пайымдауды қамтиды. «Қабылдау» терминінің екі мәні бар: 1) қабылдау процесінің нәтижесінде туындайтын зат бейнесі; 2) шындықтың сезімдік бейнедегі белсенді көрінісі болып табылатын сол процестің өзі. Психологияда қабылдау бейненің жалпы қасиеттері (тұрақтылық, бүтіндік, құрылымдылық, заттық) мен түсінік бейнесінің қасиеттері (жалпылаушылық, фрагменттілік, таңдамалық, сызбалық және басқалар) анықталған. Нақ осы қабылдау негізінде басқа да психологиялық процестердің – жад, ойлау, елестету, іс-әрекет жүзеге асады. Шындықты сезімдік бейнелеудің қалыптасу және жұмыс істеуі ретінде қабылдау процесі әртүрлі функционалдық, операциялық және мотивациялық сипаттамалардың күрделі тоғысуы болып табылады. «Қабылдау сезім мүшелеріне заттар мен құбылыстардың тікелей әсер етуі кезіндегі олардың қасиеттері мен бөліктерінің біртұтас көрініс беруі түрінде болады». Біз сезім мүшелеріміздің көмегімен алған ақпараттар оптикалық аспаптар, дербес компьютерлер, нәзік өлшеу құралдарымен өлшеніп,  эксперименттік тексеруге ұшырайды, олардың көмегімен алынған білім белгілі бір шамада ғана дұрыс деп есептелінеді. Математикалық обьектілерді қабылдау заңдылықтары бар. Қабылдау  психологиялық ғылымның түбірлі мәселесі болып табылады. Онымен XIX және XX ғасырдағы көптеген физиологтар, психологтар мен педагогтар: Қ.Жарықбаев, С.Стивенс, Н.Н.Ланге, Б.Ф.Ломов, А.А.Ухтомский, П.А.Анохин, Г.Гельмгольц, И.М.Сеченов, Б.Г.Ананьев, П.П.Блонский, И.П.Павлов, Д.Н.Узнадзе, А.Н.Леонтьев, В.П.Зинченко, А.В.Запорежец, Б.М.Теплов және басқалар айналысты.

Біз қабылдауды белгілі бір ағзаның жүйке асты динамикасы мен құрылымның өзгеру салдарынан  обьектінің (ортаның) тұтастай бейнеленуі жүзеге асатын обьектімен (ортамен) ағзаның тікелей ақпараттық әрекеттесу процесі ретінде кең мағынада қарастыратын боламыз. Қабылдау процесіндегі маңызды элемент қабылдау субьектісі - оқушы. Г.Гельмгольц кеңістіктік бейнелерді қабылдау процестерін зерттей отырып, қозғалыстың рөлін ерекше атап өтті. Ол қозғалысқа едәуір кең мағына берді: қозғалыс субьекттің обьектіден алынатын сезімдік әсерлердің тұрақты өзгеруін туындатады. Сонымен бірге қайталанушы тәжірибе  байланыстардың тұрақтылығын, олардың белгілерін айқындап, соның арқасында сезімдер жиынтығы салыстырмалы түрдегі инвариантты бейнелерге ие болады. Көздің бейімдеушілік рефлекстері және т.б. байланысты қабылдаудың элементар моторлы  актілерінің болуын атап өте отырып, әйгілі психолог Н.Н.Ланге  айналадағы қоршаған дүниеден бөліп көрсетіп, яғни, еркін зейін аудару деп аталатын құбылыстарға талдау жасалатын обьектілердің сезімдік бейнелерін зерттеді. Н.Н.Ланге үшін еркіндік зейін мақсаттық, мақсатқа бағынышты  қабылдау. Тек осындай қабылдау ғана едәуір нақты және толық білімді бере алады.

Перцептивті іс-әрекет онтогенездің алғашқы кезінде кең көлемді сыртқы форма түрінде көрінеді. Қабылдау бейнесінің қалыптасу құрылымы мен рөлі айқын біліне бастаған обьектіні көрген кездегі формаға ие болғанға дейін даму барысында ол бірқатар сатылы  өзгерістер мен қысқаруларға ұшырайды. Бейненің қалыптасуына бағытталған әрекеттерде ақпаратты сайма-сай айқындайтын белгілермен танысу операциялары көрініс береді. Перцептивтік процестердің операциялық механизмдеріне заттармен және құбылыстармен практикалық сүйену процесінде қалыптасатын өлшеу, реттеу және басқа да әрекеттер жатады. Бұл процесстердің мотивациялық жағы олардың бағыттылығын, селективтілігі мен күштілігін анықтайды. Қабылдау процестерінің біртіндеп күрделену факторлары ойлаудың жалпылауыш-абстракциялаушы қызметі мен сөйлеу қызметі өткен тәжірибеге сүйенетін сезімдік бейне жасауымен түсіндіріледі. Әрқилы түрдегі перцептивтік процестерді зерттеу талдағыштық жүйеге тәуелді қабылдаудың белгілі бір моделдігіне бағдарланған. Бірақ перцептивтік процестің бастапқы  моделі мен принциптік сызбасы барлық уақытта көру бейнесі болып табылады. Көру жүйесі сыртқы әлем жайлы нақты ақпарат көзі болғандықтан ғана емес, сонымен бірге барлық талдағыштық жүйелер арасындағы  байланыстардың ішкі арналарының рөлін атқаратындығымен де  адам үшін маңызды болып табылады. Мидың талдағыштық жүйелеріне арналған мұндай өзгеше көру жүйесіне адам факторының қосылуы арқасында иеленеді. Көру жүйесі үш деңгейде: сенсорлық (сезіну), перцептивтік (қабыл-дау), апперцептивтік (елестету) деңгейлерінде жұмыс істейді. Қабылдау процесіндегі жеке ерекшеліктерге мыналар жатады:

• қабылдау көлемі – қараған кезде адам қабылдай алатын объектілер мөлшері;

• дәлдігі - қабылданатын объект ерекшеліктері мен бейненің сәйкестігі;

• толықтық - толық сәйкестік дәрежесі;

• жылдамдық - заттарды немесе құбылыстарды сайма-сай қабылдау үшін қажетті уақыт;Жалпы орта мектептің батсауыш сынып оқушыларын білім алуға, еңбекке, практикалық қызметке даярлаудың аса маңызды бөлігінің бірі - қазіргі кезде оқушыларға білім беруде, танымдық іс-әрекеттің әдістерін өзгертуде компьютерді қолданудың орыны ерекше болып отыр.

     Көптеген дидакт, психолог ғалымдардың зерттеулерiнде танымдық іс-әрекеттерді белсендіре отырып оқытудың артықшылықтары көрсетiлген. Гершунскийдің, Монаховтың жүргізген зерттеулеріндегі ойларымен келісе отырып, біз компьютерлендіру процесі оқушының тұлға ретінде дамуына субьектілік позицияның қалыптасуына, өзін-өзі танып білуге принциптік тұрғыда жаңа мүмкіндіктер ашып беретін жеке іс-әрекет амалы деп қарастырамыз.  Қабылдау процесінде жадта сақталған ақпараттар мен сол объектіні қабылдау процесінде алынған жаңа іздердің өзара әрекеттесуі жүреді. Жадта тіркелген жеке тәжірибе қабылдау процесі мен оның нәтижелеріне едәуір әсер етеді. Оқу процесін ғылыми ұйымдастыру мен оқыту теориясы үшін қабылдау көлемі мен ақпарат қозғалысы тиімділігін арттыру маңызды болып табылады. Егер де сәйкес көлемде ақпарат ағынының бағыты мен таралуы сәйкес көлемде негізделмеген болса, онда оның мазмұны білімге айналып өңделмейді. Оқу процесінде белгілі бір таңбалық жүйе арқылы ақпарат мазмұнын өрнектеу үлкен маңызға ие. Оқушыларға берілетін ақпарат не білімге айналуы, не айналмауы мүмкін. Ақпараттың білімге айналуы дидактикалық шарттардың орындалуына байланысты. Оқу ақпаратын тиімді берудің кейбір шарттары мынадай: жаңа материалды хабарлаудың міндетін нақты анықтау керек; форма мен оны хабарлау құралдарын негіздеу керек; ақпараттың көлемі бойынша оның қабылдану мүмкіндігін бағалау қажет; ақпаратты білімге айналдыру үшін оны қабылдауға оқушыны дидактикалық және психологиялық дайындау қажет. Бұдан басқа мотивсіз ақпаратты хабарлау оқытуда күтілетін әсерді бермейді: оқушы қажетті материалды қабылдауға дайын болмай қалуы мүмкін.

Оқу процесі кодтаумен, сондай-ақ қайта кодтаумен, ақпараттың мазмұнын, мәні мен құндылығын тікелей бағалаумен де байланысты; қайта кодтау танымның едәуір жоғары деңгейі болып табылады деп айтуға болады.

Оқу ақпаратында негізгісі - оның мазмұндық, семантикалық жағы, оқыту пәнінің мақсаттары мен міндеттері. Әрбір оқу ақпаратында оның шынайы мағынасы, танымдық мәні тұрады. Оқушыларда математикалық ойлау ақпаратты бастапқы тасымалдаушының формалды көшірмесі ретінде емес, белгілі бір психикалық бейнелерді тасымалдаушы кейбір моделдер ретінде туындайды. Психологиядағы «бейне» ұғымына сүйене отырып математикалық білім оқушы санасында туындайтын психикалық бейне түрінде көрсетуге болады. Оқыту процесінде психикалық образдар әртүрлі функцияларды: қабылданушы ақпаратты нақтылауды, жүйелеу мен қорытуды, оқу пәні жайлы көріністің біртұтас көп деңгейлі жүйесін жасауды орындайды. Оқу ақпаратын адамның қабылдауындағы көру талдауышының басымдық беретін көрнекілікке негізделген бейнелер әртүрлі материалдар жайында оқушының пікірі қалыптасуына жеткілікті түде тиімді әсер етеді деуге болады.

Математикалық ұғымдарды қалыптастыру процесінде математикалық білім, дағды мен біліктілігі маңызды роль атқарады.

Математика шынайы әлемнің абтракцияланған, идеалды объектілерге сүйенеді. Бұл идеалды объектілер басқа абстракцияларды қалыптастыруда негізгі болып табылады. Сондықтан математиканы оқыту процесінде оқушылардың ішкі әрекетіне арналған тіректі тек мұғалім сыртқы әрекеттен ғана емес, сонымен бірге фреймдер арасынан оқушы жадында алдыңғы білім іздерінің қалдықтарынанда іздеген жөн.

Математиканы оқытуда көрнекілікті қолданудың тиімділігін жоғарылатуға оқу танымдық іс-әрекетті қалыптастыру мен ұйымдастырудың белсенді әдістерін практикалық қолдану және іздестіру жолымен жетуге болады. Бұл кезде оқытушы объектіге тән белгілерді анықтау керек. Математиканы оқыту процесінде объектіні көрсеткенге дейін оқушының оны қабылдауға алдын-ала дайындау жүргізіп, содан соң ғана оны жүзеге асыруға болады. Математиканы көрнекі-моделдік оқыту - бұл әдістермен немесе білімнің ұйымдасқан жинағының тікелей қабылдау кезіндегі оқушылардың ішкі әрекетінің оған сайма-сай жекелеген  математикалық таңбалы-символдық іс-әрекетті қалыптастыру үдерісі.

Математиканы көрнекі-моделдік оқытудың концепциясының компоненті мен ұйымдастырудың үдерісінің қажетті сәті дидактикалық міндеттерді  қою болып табылады.

Дидактикалық міндеттер оқыту үдерісінде жүзеге асады. Көрнекі-моделдік оқыту концепциясын құраудағы негізгі рөлді іс-әрекет пен психика бірлігінің тұтастығы атқарады.  П.Жане, П.П.Блонский, Л.С.Выготский, Л.С.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев зерттеулері жадыны зерттеу обьекті ретінде, ал іс-әрекетті - оның дамуы мен жұмыс істеуін жүзеге асыратын принцип ретінде түсінуге алып келді. Жадтың ойлаумен, қабылдаумен, тұлғаның еркін және эмоциялық-мотивті күйімен байланысын қарастырайық. А.А.Смирнов жалпыға танымал нәрсені есте ұстаудағы түсінудің рөлін көрсете отырып, материалды едәуір терең, әрі дұрыс түсіну құралы ретіндегі ойлау процесі мен есте ұстау байланысын атап өтті. Есте ұстауда ойлау белсенділігінің рөлі жайлы, П.И.Зинченко, А.Н.Шлычкова өз жұмыстарында жазды.

Математикалық объектілердің көрнекілігі арқылы математиканы оқыту процесінде мынадай функциялар жүзеге асады:

• қабылдаудың, ойлау мен есте ұстаудың нейрофизиологиялық заңдылықтарына, қабылдаудың психофизиологиялық заңдылықтарына сүйене отырып, қабылдау мен есте ұстауда жол ашатын перцептивті-мнемикалық;

• математикалық объектілерге сүйене таңбалы-символдық тәжірибені кеңейтуге қатысатын семантикалық;

• көру жадының, кеңістіктік ойлаудың, ойлау операцияларының (талдаудың, синтездеудің, нақтылаудың, тұжырымдаудың),  математикалық қабілеттіліктің дамуына жол ашатын дамытушылық;

• қабылдауды, тұрақты қызығушылықты, эмоциялық және тарихи фонды жасау үшін жағдайды қамтамасыз ететін ынталандырушы;

• модель жайлы жартылай ақпараттың «танымдық қиындық» жағдайын, қателерді іздестіруде, оқушылардың ішкі әрекеттері үшін сыртқы тірек жасаушы эвристикалық;

• математикалық білімді қабылдаудың оперативті сайма-сайлылығын, білім жүйелілігін қалыптастырушы иллюстративті;

• танымдық және шығармашылық белсенділік үшін, математикалық объектілерді қабылдаудың тұтастығы мен таңбалы-символдық жүйелерге өту үшін, оқушының типологиялық қасиеттерін қалыптастыру үшін жағдай жасаушы тәрбиелеушілік.

Математикалық көрнекілік тек психикалық бейнелердің ерекше қасиеттері ғана емес, сонымен бірге белгілі бір дидактикалық процесс шеңберіндегі метематикалық объекті қасиеті.

Математиканы оқытудағы көрнекілік  бірқатар критерийлер негізінде қабылдаудың біртұтас парадигмасында қарастырылатын математикалық бейнелердің психикалық ерекше қасиеттері ретінде танылады:

1) математикалық объектінің тұтастығы;

2) жайлылық, оқу үлгерімділігі негізіндегі танымдық және шығармашылық белсенділік.

 Қорыта айтқанда, оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін көрнекілік принцип негізінде қалыптастыруда, олардың сезімдік мүшелері үлкен роль атқарады. Оның ішінде адам баласы ақпаратты көру және есту мүшелері арқылы қабылдайтындығы психологиялық –педагогикалық, физиологиялық тұрғыдан негізделді.

Әдебиет

1 Қ.Жарықбаев. Психология. Алматы, 2000. - Б. 25-27.

2 Бастауыш сыныпқа арналған «Математика» оқулығы. Алматы, 2005.  – Б. 97-105.