УДК 37.017.2

 

Мектепте әскери мамандықтарға кәсіптік бағдарлау жұмыстарын ұйымдастыру жолдары

 

П.ғ.к., аға оқытушы Демеуов А Қ., аға оқытушы Елубаев С.И

 

 

М.Әуезов атындағы  ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан.

«Бастапқы әскери дайындық» кафедрасы

 

Егеменді Қазақстанның қазіргі кезеңінде ұлттық мәдениеттердің көне үлгілерін заман талаптарына сай қайта жаңғыртып, жас ұрпақ тәрбиесіне қолданып, жоғарғы оқу орындарында болашақ педагогтарды дайындау жүйесіне енгізу жаңа ізденістерді кажет етеді. Қоғамдағы шынайлықтың обьективті ақиқат қисынын тек зиялы, білімді қоғам өзінің дамуының барысында, демократияның барлық мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, жан-жақты аша түсетінін озық мемлекеттердің тәжірибесі дәлелдеп отыр. Демократияның қанат жайып көркеюінің басты кепілі - Әскери мәдениеттің жан-жақты дами түсуі. Мемлекетіміз өзінің алдына ұзақ мерзімге үлкен міндеттер қойып отырғанын біз жақсы білеміз. Еліміз 2030 жылдары Орта Азияның барысына айналғалы отыр.

Қазақстанда Әскери мемлекеттiлiктiң негiзi қаланып, қалыптасу процесi жүрiп жатқанда әдептiлiк-Әскери мәдениетiмiзге де талап арта түсерi хақ. Мәдениетiмiз деп, халқымыздың ұзақ ғасырлар бойындағы сұрапталып жинақталған, ұрпақтар дiнiне, қанына сiңiрiлген рухани игiлiгi, салт-дәстүрi, әдет-ғұрпы, таным-сенiмi, саналылық танытатын көзқарастар жүйесi, әлеуметтiк топтың, халықтың, ұлттың өмiрдегi бет-бейнесi, зиялылығы, бiлiктiлiгi, басқа халықтан, нәсiлден ерекшеленiп көрiнетiн, айырып ажырататын тыныс-тiршiлiгiнiң, өмiр нәрiнiң кәусар бұлағын айтамыз.

Бұл мәдениет ұлтымыздың негiзгi өзегi, құрамдас бөлiгi, маңызды саласы. Сондықтан оны игеру әркiмге, тiптi заңгерлерге ғана емес, иiсi қазақпын дегендердiң азаматтық парызы, қасиеттi борышы, өмiр талабы. Мұндай талап елiмiз егемендi атанып, тәуелсiздiгiне ие болып, дербес мемлекет құру барысында болып жатқан өзгерiстер себебiнен туындап отыр.

Осы жолда заң ғылымында жаңа талаптар, оның iшiнде дәстүрлi ұлтымыздың Әскери мәдениетiн қайта қарау, зерттеуде жаңа көзқарастар туындап отыр. Бұл көзқарастар ұлттық, Әскери мәдениетiмiздi көтеруге басымдық беруде. Бұл деген сөз, ұлттық Әскери болмысымызды терең ұғыну, мемлекеттiк органдар мен халықтың ара-қатынасын жақындату, тәлiм-тәрбие өзегiн күшейту дегендi бiлдiредi. Өйткенi, мемлекеттiк құрылым, құқық, сот жүйелерiнде дәстүр, тарих сабақтастығы үлкен роль ойнайды. Бұл сабақтастық имандылық, ар-намыс, ұят, өнегелiлiк, әдептiлiк ұғымдарымен сипатталады.

Кейде мәдениеттi өте тар мағынада, яғни қоғамның рухани өмiрiнiң жағдайы ретiнде қарастырады. Мәдениет ұғымы секiлдi Әскери мәдениет  ұғымы  көптеген Әскери ғылыми әдебиеттерде бiр жақты қаралып бағаланбайды. Өйткенi, Әскери мәдениеттi бiр түсiнiктiң аясында толығымен ашып көрсету мүмкiн еместi. Сондықтан да Әскери мәдениет түсiнiгi  мен оның табиғатын ашуға қатысты сан түрлi көзқарастар мен пiкiрлердiң жүйесi қалыптасқан.         

Рухани мәдениеттiң құрамдас бөлiгi Әскери мәдениет болып табылады. Әскери мәдениет - бұл қоғам қол жеткiзген әлеуметтiк қатынастардың Әскери реттелуiнiң, тұлғаның еркiндiгi мен құқықтарының сақталуының, тәртiптiң орнауының деңгейi. Ол адам өмiрi мен iс-әрекетiнiң заң жүзiнде қорғалып отырылуымен, қоғамдық өмiрдiң нормативтi реттелуiнiң жетiлуiмен, заңдық тәртiптiң жағдайымен, оны ұстап тұру мүмкiндiгiмен анықталады.

Әскери-демократиялық тұрпаттағы мемлекет құруды Қазақстан Республикасы мақсат еткен тұста, Әскери мәдениет пен әдептiлiктiң маңызы артып, олардың орны ерекше болмақ. Қоғамымызда имандылық, адамгершiлiк, әдептiлiк принциптерiн тереңдету, ғылыми негiзде  оқып-үйрету қажеттiлiгi артып отыр.

Жақсы мiнез-құлық пен ақыл-ой сезiмi ең алдымен мектеп оқушыларында  қалыптастыру қажет. Өйткенi жақсы мiнез бен ақыл екеуi бiрiксе, онда адамшылық қасиеттер игiлiк пен iзгiлiк, қайрымдылық, адамгершiлiк, Адалдық, әдiлеттiлiк пайда болады. Онымен қаруланған бiздiң оқушыларымыз бен қоғам мүшелерi ара-қатынасы жақсарады.

Тұлға мәдениетi мен қоғам мәдениетi бiр-бiрiмен сәйкес келмеуi де мүмкiн. Өйткенi қоғамда субьект саласынан әлдеқашан бөлiнiп, обьективтенген қоғамдық пiкiрлер мен идеялар, сезiмдер мен теориялар өмiр сүредi. Сондықтан қоғамның Әскери мәдениетiнiң  өзiндiк ерекшелiктерi бар.

Қоғамның Әскери мәдениетi - бұл қоғамның Әскери саласын даму деңгейi және қоғамның Әскери белсендiлiгi, Әскери нормалар мен Әскери iс-әрекеттердiң қарқынды деңгейi.

Қоғамның Әскери мәдениетiнiң жүйелiк құрылымы мынадай элементтерден тұрады:

1) қоғамның Әскери санасы мен Әскери белсендiлiгiнiң деңгейi;

2) Әскери нормалардың қарқынды дәрежесi. Бұған Әскери даму деңгейi, Әскери мәтiндердiң сауаттылығы жатады.

3) Әскери iс-әрекеттiң қарқынды дәрежесi. Бұған Әскери шығармашылық мәдениетi, құқықты пайдалану мен құқықты қорғау iс-әрекеттерiнiң деңгейi жатады.

Әскери  мәдениеттi тәрбиелеудiң маңызды мәселелерi.

Кез келген iсте табысқа жетудiң негiзгi кiлтi - оның мақсатын дұрыс белгiлеу. Әскери мәдениеттi тәрбиелеу негiзгi мақсаты -азаматтардың нақты бiлiмдердi игеруi, оны толықтырып отыруға тырысуы, Әскери тәртiптiң дағдысын қалыптастыруы, сонымен қатар, өркениеттiң ұйымдастыру мемлекеттi қалыптастыруға белсендi араласуға бет алуы.

Мысалы, бiздiң республикамызды өндiрiстi көтеруге бағытталған және өкiметке экономиканың дамуына ықпал ететiн тетiктерден қарастыратын көптеген қаулылар шыққан. Мәселен, оны iске асыруда болып отыр. Әлеуметтiк мәнi бар заңдылық шешiмдердiң орындалуы үшiн екi жағдай болуы қажет:

Бiрiншiден, заң шығаратын субьектiлер өзiнiң мүмкiндiгiне қарай шығарылған заңның қалай iске асып жатқандығын бақылап отыруы қажет;

Екiншiден, заңның iске асуын орындаушы өкiмет жүзеге асыруы қажет.

Халықтың жалпы және Әскери мәдениетiн көтеруде заң үстемдiгiн насихаттап отыруы жақсы жемiс беретiнi сөзсiз.

Қазақстан Республикасын демократиялық, зиялық құқықты, әлеуметтiк мемлекет деп жариялаған конституция оның ең жоғарғы құндылығы - адам, адам өмiрi, құқығы мен бостандығы деп ерекше атап өттi.

Мұның өзi қоғамдағы көп жақты, көп сатылы қарым-қатынастарды реттеудiң негiзгi құралы ретiнде Әскери сана мен Әскери мәдениеттiң маңызының арта түсуiне жол ашты. Қоғамдық шындықтың обьективтi нысаны тек зиялы, бiлiмдi қоғамда ғана демократиялық барлық мүмкiншiлiктерi жан-жақты ашыла түсетiнiн дәлелдеп отыр.  

Әскери сана дегенiмiз - адамдардың қоғамда әрекет ететiн заңға қарым-қатынасын бiлдiретiн көзқарастарының, сезiмдерi мен эмоцияларының, бағасы мен ұстанымдарының жиынтығы.

Әскери сананың негiзгi кiлтi - адамдардың табиғи құқығы мен бостандығы, еркiндiгiн түсiну, сонымен қатар қоғамдағы Әскери қатынастардың осы табиғи жағдайда қаншалықты жақын екенiн бағалау.

Әскери сана ғылыми, кәсiби, қарапайым, сонымен қатар, бұқаралық, топтық, индивидуальдық сана болып бөлiнедi.

Сананың осы түрлерi заңның жетiлдiруiне, сот жұмыстарының тиiмдiлiгiне, басқа да заң қорғау органдарының сапалы қызмет етуiне әр түрлi жағдайда ықпал етiп отырады.

Әскери сананың жүйелiк құрылымы екi маңызды элементтен тұрады:

1)         Әскери психология - адамның заң туралы сезiмдiк деңгейдегi көзқарастарын бiлдiредi. Бұған заңды сақтау, бұзбау дағдысы, түсiнiктер, дәстүРлер, Әскери көңiл мен бағыт кiредi.

2)         Әскери идеология - бұл адамдар Әскери қатынастардың мәнi, мағынасы жөнiндегi ұғымдары, принциптерi, сенiмдерi. Оған Әскери нанымдар, Әскери түсiнiктер, анықтамалар, теориялар, бiлiмдер кiредi.

Заң үнемi барлық адамға арнап тек бiр ғана ереже шығара алмайды. Ол ережелер адамдардың жағдайына, өркениет деңгейiне және уақыт талабына сай болуы керек. Заң нормасы абсолюттi болып табылатын ақиқат емес, салыстырмалы болып табылатын мақсат. Адамдар арасындағы белгiлi бiр Әскери принциптердiң ақиқатқа жақындығы болады.

Бiр адам мақсатын басқалардың мүддесiмен байланыстыра отырып, жеке адамның мүддесiн қоғамдық мақсаттың бiр бөлiгi ретiнде таниды. Жеке адам мен қоғам мүддесi арасындағы келiсiм қоғамның қозғаушы күштерi арқылы iске асады.

Мұндай жағдайда мектеп оқушыларын отандық патриотизм, Әскери мәдениет деңгейiнде тәрбиелеу кезек күттiрмейтiн маңызды мiндет болып табылады.

Оқушылардың Әскери мәдениетiн қалыптастыруға методологиялық негiз болатын құндылықтардың жүйесiн ұсынамыз:

-             жеке бастың қауiпсiздiгiн талап ету;

-             басқа адамдардың басымдылығына еркiндiкте болу;

-             заң алдында барлық адамдардың теңдiгi принципi;

-             жеке адаммен топтың, тұрғындардың арасында келісім-шарттық қатынастар институтын қалыптастыру;

-             даралық ерекшелiктердi мойындау;

-             басқа адамдарды сыйлау;

-             мемлекеттiк органдар мен ақпараттардың iс-әрекеттерiн бақылап отыру жүйесiн қалыптастыру;

-             азаматтардың кең құқығын кепiлдендiру әрбiр адамның билiк органдарын сынауға құқық болуын мойындау;

-             ақпараттық еркiндiктiң болуы;

-             бiр ғана идеологияның, дүние танымның басымдық танытпау;

-             ар-ождан бостандығы;

-             өркениеттiлiк, жоғары руханиалық және адамгершiлiк;

-             тұлғаның құқығымен еркiндiгiнiң нақтылығы.

Бұл жүйе басқа да елдердiң тарихи жолынан туындаған сабақтармен қатар кеңес өкiметi ыдырағаннан соң қалыптаса бастаған жас мемлекеттердiң басынан өткен үлкен-кiшiнi оқиғалардың рухани мәдени салдарын да еске алады.

Сонымен қатар балалардың құқығын қамтамасыз етудi мiндеттейтiн халықаралық құжаттар бар. Қазақстан көптеген халықаралық ұйымдардың дербес мүшесi болғандықтан халықаралық құжаттарды бекiтiлген құқықтарды орындауға мiндеттi.

Әскери лекториялар. Мектептерде жоғары сыныптар үшiн ұйымдастырылады. Лекториялардың мақсаты - жеткiншектер мен жасөспiрiмдердiң елiмiздiң заңдарына және халқына құрмет сезiмiн бiлдiруге тәрбиелеу, Әскери бiлiммен қаруландыру, оны насихаттау.

Лекториялардың жоспары 1 жылға жасалып, онда лекциялар тақырыптары көрсетiледi. Мысалы :

Қазақстан Республикасының Конституциясы -халқымыздың  Негiзгi заңы.

Демократиялық және Әскери мемлекет.

Жеткiншектiк шақ және заң.

Еңбек, азаматтық және қылмыстық заңдары.

Жастардың құқығы және мiндеттерi т.б.

Осы сияқты көкейтестi тақырыптарға оқылатын лекциялардың теориялық мазмұны бай өмiр тәжiрибесiмен табысуы оқушылардың сана-сезiмiнiң қалыптасуына, Әскери бiлiммен қарулануына, жалпы қабiлетiнiң дамуына игi әсер етедi.

Кинолекториялар. Әр түрлi жастағы балалар үшiн ұйымдастырылады. Оқушыларға жас ерекшелiктерiне байланысты түрлi кинофильмдердi көрсетуге болады. Олар көркемдiк, хроникалы-құжаттық, ғылыми қарапайым фильмдер. Көрсетiлетiн фильмдi күн бұрын қарап шығу, ондағы iс-әрекеттердiң оқиға желiсiнiң дамуын, яғни фильм сюжетiн оқушылар санасына жеткiзе бiлу қажет. Кинофильмдер көптеп саналады. Солардың iшiнде құлық және Әскери тәрбиеге байланысты фильмдердi таңдап алып, оқушыларға көрсету, соңында олармен бiрiгiп сюжетiн талқылау. Демек, оқушылардың Әскери бiлiмiн, адамгершiлiк тәжiрибесiн байытады.

Жасөспiрiмдердiң заң тану мектептерi. Бұндай мектептердi жастар сарайы жалпы бiлiм беретiн орта мектептердiң жанынан ұйымдастыруға болады. Негiзгi мақсаты - жас түлектердi құқық және еңбек азаматтық және қылмыс заңдары жайлы бiлiммен қаруландыру. Заң тану мектептерiнiң оқушылары мұғалiмдердiң басшылығымен жүргiзiлетiн семинарларға және практикалық сабақтарға қатысады, мектеп оқушыларының арасында Әскери тәрбие жөнiнде «Оқушы», «Табиғат және заң», «Конституция мемлекетiнiң негiзгi заңы» сияқты тақырыптар бойынша үлгi –насихат жұмыстарын жүргiзедi.

Мектептерде Әскери тәрбиенiң басқа да формалары кездеседi. Мысалы: «Әскери бiлiм факультативтерi», Әскери тәрбиенiң бiр рет жүргiзiлетiн формалары: лекция, баяндама, әңгiме, пiкiрталас, олимпиада, кештер, сайыстар, т.б. Осы формаларға сәйкес тақырыптарды Әскери және адамгершiлiк тәрбиесi негiзiнде iрiктеп алу және пайдалану керек.

Қазақстанда Әскери мемлекеттiлiктiң негiзi қаланып, қалыптасу процесi жүрiп жатқанда әдептiлiк-Әскери мәдениетiмiзге де талап арта түсерi хақ. Мәдениетiмiз деп, халқымыздың ұзақ ғасырлар бойындағы сұрапталып жинақталған, ұрпақтар дiнiне, қанына сiңiрiлген рухани игiлiгi, салт-дәстүрi, әдет-ғұрпы, таным–сенiмi, саналылық танытатын көзқарастар жүйесi, әлеуметтiк топтың, халықтың, ұлттың өмiрiндегi бет-бейнесi, зиялылығы, бiлiктiлiгi, басқа халықтан, нәсiлден ерекшеленiп көрiнетiн, айырып ажырататын тыныс-тiршiлiгiнiң, өмiр нәрiнiң кәусар бұлағын айтамыз.

Мектеп оқушыларының ұлттық сана–сезімдерін Әскери мәдениет арқылы қалыптастыруда Әскери құбылыстарды қабылдап-сезінудің, танып-білудің және қорытып – бағалаудың өз ерекшеліктері болды. Бұл ерекшеліктер мектептегі  Әскери сезімнің және құқықтанымның өзіндік кескін-келбетін анықтайтын, солардың негізін қалайтын.

Мектеп оқушыларының Әскери мәдениетiн қалыптастыру iсi  өте күрделi проблемаларды жаңаша ойластыруды талап етуде. Демек оқушылардың Әскери мәдениетiн қалыптастыруға байланысты, әлемдiк деңгейде, өркениеттi негiздегi тәрбиелiк, үгiт-насихаттық iс-шаралар қоғамның әлеуметтiк-экономикалық даму бағытында туындайтын өзгерiстердi тез сезiп, бiлiм-тәрбие беру ғаламдық мәнi бар проблемаға бейiмдеуге ыңғайланып отыруы қажет.

Ғылыми-зерттеу жұмысының мазмұны, жаңалығы толық ашылды. Өзімнің алдыма қойған мақсатыма жеттім.

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1     Назарбаев Н.Ә. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Қазақстан – 2030. – Алматы: Білім, 1997. – 23 б.

2     Межуев В.М. Культура и история. – М.,1997. – 60 с.

3     Омар Е.О., Самарова Ю.А. Қарым-қатынас мәдениеті: Оқу құралы. – Шымкент, 2004. – 116 б.

4     Зарипова И. Экология духа // Наука Казахстана. – 1998. –  №17 (125). – С.

5     Кудайбергенов Б.К. Социально-философские поиски духовности: традиции и современность. – М.: МБАП –Мир Книги, 1995. – 110 с.

6     Кенжалиев З.Ж. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі Әскери мәдениет: теориялық мәселелері, тарихи тағылымы: Заң ғыл. д-ры дис. автореф. – Алматы, 1997. – 42 б.

7     Бейсебаева С.Б. Жастардың Әскери мәдениеті: Заң ғыл. канд. дис. – Алматы, 2004. – 120 б.

8     Синха С.Л. Құқық философиясы. –  Алматы: «Ғылым», 1999. – 35 б.