ӘОЖ: 378 37.035:37.013
Этнопедагогика негізінде студенттерге патриоттық
тәрбие
берудің әдістемесі
Елубаев
С.И., Демеуов А.Қ
М.Әуезов
атындағы ОҚМУ, Шымкент,
Қазақстан.
«Бастапқы әскери дайындық» кафедрасы
Қазіргі уақытта
«Қазақстандық керемет» деген ұғым пайда болды. Ол
тек бастамасы. Оған нағыз сай болу үшін жан-жақты
дамуымыз керек. Қазақ – құдыреттілігі,
имандылығы, адамгершілігі көзінен, жүрегінен көрініп тұрған,
патриоттығы ішінде ұйып жатқан кең халық.
Бүкіл білім беру жүйесі арқылы осыларды сыртқа
шығару, жоғарғы дәрежеге көтеру қажет, ол
үшін сапалы патриоттық тәрбие керек. Бұл - сырттан
ғана келетін әсер емес, ол іштен шығатын, дамитын,
қалыптасатын ерекше қасиет. Ол - қазақ
менталитетінің ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан
халыққа тән санамен келген ойлау нәтижесі.
Қайта
жаңғырған ұлттық педагогикамыздың
маңызды бір бөлігі рухани мұрадағы
тәлім-тәрбиелік ой
пікірлер, патриоттық сана-сезім, оған деген ғылыми
көзқарас болып табылады.
Қазақ елі
жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы рухани сілкінісі
туғызған қайта түлеу процесі, сол патриотизмнің
даму барысын өзгертуге, сөйтіп, шынайы ұлттық
патриоттық тәрбие қағидаларын (принциптерін)
қайта қарауға ықпал етті.
Қазақстан
Республикасының егеменді ел болып ана тілінің мемлекеттік тіл
болуымен қатар өткен тарихымызды қайта қарап,
ондағы рухани құндылықтарды елеп-екшеп және
рухани құндылықтардың қорына өлшеусіз
үлес қосатын мұраларын зерделеп зерттеу бүгінгі
ұрпақ тәрбиесінің керегіне жарату, өзекті
мәселелердің бірі болуда.
Қазіргі кезде
қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласында зерттеу
жүргізуші ғалымдар халқымыздың сан
ғасырлардағы рухани мұрасын, әсіресе оқу,
тәлім-тәрбие мәселесін философия, психология, педагогика
ғылымдарының зор жетістіктерін пайдаланып, асыл қазыналарын
жоғары теориялық биіктен талдап, ғылыми көзін ашуда.
Біздің ойымызша
патриотизмге негізделген тәрбие жұмысын жүргізуде жоғары оқу орындары студенттері
проблемасы ерекше мәнге ие болады. Себебі студенттер болашақ маман
ретінде қалыптасып, өмірлік ұстанымын айқындап,
өркениетті елдер қатарына қосылуда өздерінің
үлкен септігін тигізеді.
Өркендеудің
құтты қасиеті іспеттес бір ұғым бар. Ол -
патриотизм. әрине, мәселе көп шуылда емес, бүлкілдеген
күре тамырды бойлап қуалап, санды- санаға бәтуаны-берекеге
айналдыруға көмектесетін сиқырлы сезім жайлы. Ол
томағы-тұйыққа емес, салмақты
салиқалыққа бастайды, жансызға жан береді. Ортақ
иманға айналса, алмайтын қамалы жоқ. Осының бәрін
бір ғана «патриотизм» деген» ұлы ұғымға
сиғызсақ, уақыттан алыс кетпес едік деп ойлаймыз.
Өйткені ол өзің жаралған топырақпен өскен
ортаға деген ізгі сезімді ғана білдірмейді. Аясы
әлдеқайда кең ұғым. Тіршілікте төл
табиғи орта ерекшеліктерін тиімді пайдалану, алғы ұрпақтар
тәжірибиесі арқылы жинақталып, тарихи зерде кілтіне
айналған патриотизмді өркениет мүддесіне қолдана білу
де сол тектен. Ең бастысы елдің бірлік, халықтың
қасиет - қазыналарын қастерлеу мен ертеңге деген сенім
сияқты сезімдерді оятатын да осы патриотизм. Оның қоғам
дамуына айрықша орын алатын құдіретті рухани факторға
айналуының сыры да осында жатыр.
Отан дегеніміз -
халық. Халық дегеніміз - адам. Адамды сүю оған
жақсылық жасау, жанашыр болу - адамгершіліктің белгісі.
Ендеше отаншылдық - сонау ерте замандардан қалыптасып келе
жатқан қасиетті сезім.
«Патриотизм» ұғымын талдай келе
ол: «патриотизм дегенде, әуел бастан ақ туған жерін, ана
тілін, елдің әдеп-ғұрпы мен салт-дәстүрін
құрметтеп, қастерлеген. Бұл патриоттық сезім ерте
заманнан-ақ қалыптасқан
Мұның терең мағынасына ұлтжандылық
жатады», - деп көрсетеді .
Жоғарыдағы ой
түйіндерінен байқағанымыз, бүгінгі күні
бейбітшілік заманда, демократиялық бағыт ұстанған
Қазақстанда патриотизмге жаңа көзқарас
қалыптастыру мәселесі туындап отыр. Мемлекетіміздің
тәуелсіздік алған жылдары әскерден жаппай қашу
бүгінде тоқталып Отанды қорғауға деген патриоттық
сезім арта түсуде.
Патриоттық
сезіммен, рухани саладағы тату-тәтті тірлік, азаматтық
келісімге ғана емес мемлекеттің материалдық негізін
нығайтуға да тікелей ықпалы бар.
Оны былай
қойғанда әрбір ұлттық экономиканың өз
табиғаты, өз даму заңдылықтары бар. Өз тамырынан
өршітпесең бұтағын кесіп бұтарлап биіктетуге
көне бермейді. Өркендеуге де өзегі қанша
өркениетке сүйенгенмен өз тілін білетін өндіргіш
күш керек. Бұл әлемдік тәжірибие әбден
мойындатқан шындық өз керуенін түзеген мемлекет
мұны қалай ескермессің!. Ұлы Абай атамыз «Басқа
тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» -
деген ғой.
Қалайда төл
теңгеміздің айналымға енуі, еліміздің ақ ниетті
азаматтарының бәрінің патриоттық рухын бір
көтеріп тастаған оқиға болғаны сөзсіз.
Патриоттық рух -
қазақ елінің әлемдік өркениет көшіне
қосылып, дүние жүзілік қауымдастықтан
лайықты орын алуына мүмкүндік беретін бірден-бір күш.
Көп ортасында көзге түсу үшін де кемел болмыс керек.
Төл тарихы, мәдениеті мен өнері, экономикалық
қуаты жоқ ел басқаларға да қызықсыз. Ал оларды
кең таныту үшін алдымен қадыр-қасиетіңді
өзің жақсы білуің, мақтаныш ете алуың
керек.
Отаныңды сүю
дегеннің мән-мағынасы да осылай ашылады. Оған орынды
мақтанышпен қоса кемшіліктің орнын толтыруға деген
құлшыныс пен қиындыққа қайыспай төзе
білу де қосылады. Елдікті ұлттық намысты бәрінен
жоғары қою - отансүйгіштіктің ең басты белгісі.
Елдік қасиеттер
аспаннан түспейді, жоқтан жаралмайды. Өзі туған
топырақ тозаңы және ана сүтімен ұйыған
ұлтжандылық сыртында, өскен ортасы мен азамат ретінде
қалыптастырған қоғамы дарытар терең де текті
дүниетаным негізінде ғана түзеледі: Президент
Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандық патриотизмге
тәрбиелеу ісін жаңа мемлекеттік идеологияның аса
маңызды міндеттерінің бірі ретінде алға тартуының сыры
да осында жатыр. «Ал оны елдің туын, елтаңбасын,
әнұранын қастерлеуден, заңды өкіметті
құрметтеуге
тәрбиелеуден бастау керек» - деп жазды .
Көптеген
сөздіктерге, энциклопедиялық анықтамаларға
сүйенсек, патриотизм - өз Отанына деген сүйіспеншілік,
адалдық, оған қызымет етуге, оны ішкі-сыртқы жаулардан
жанпидалықпен қорғауға әрдайым әзір болу
дегенге саяды екен. Мұндағы басты нәрсе - кейбір
қиындықтарға, күйзелістерге тап болса да әрбір
азамат Отанын да, өзінің де келешелігіне үлкен сеніммен,
үмітпен қарауға міндетті. Ол үшін бізге отансүйгіштік,
патриоттық, ұлттық сана - сезім қажет. Бұл
қасиеттер студенттердің бойына оқумен, біліммен,
үйренумен, талпынумен тәрбиемен бітеді.
Осыдан он бес жыл
бұрын тәуелсіздігін жариялаған, көк байрағын
көтерген еліміз үшін өзінің ұрпағын,
кемелді келешегін, оның ішінде патриоттық - отансүйгіштік
арнада тәрбиелеу қажеттілігі туып отыр.
Қазақтың
патриоттық, отансүйгіштік тәрбиесі - тереңнен тамыр
тартқан, халқымыздың сан ғасырлық
болмысының, дүниетану көзқарасының,
ақыл-ойы мен салт-дәстүр мәдениетінің көрінісі.
Осыларды бойына дарытпай студенттерді
алтын бесік елін, кіндік кескен жерін қорғайтын және
осы мақсат жолында бар күш-жігері мен ақыл қайратын
жұмсайтын, отаншыл азаматтарды, яғни нағыз патриоттарды
тәрбиелеп өсіру мүмкін емес. Сайып келгенде, студенттерді
ұлттық тәрбие негізінде жан-жақты жетілген «Сегіз
қырлы, бір сырлы» ұрпақ ретінде - лайықты ізбасар маман
етіп тәрбиелеу. Біздің зерттеуіміздің өзегі болып
отырған қазақ этнопедагогикасының негізінде
патриоттизмге тәрбиелеу осы пайымдаулардан өрбиді. Мұндай
көкейкесті ізгі мақсатты іске асыру жолында мынадай тәрбиелік
ұстанымдар басшылыққа алынды:
Біріншіден, күні ертең
болашақ маманның елін, жерін сүйетін намысшыл азамат болуын
ойластыру. Бұл алдымен, қадірлі қариялардың,
көпке сыйлы үлкендердің бата-тілектерінде, ырым-жораларында
өзекті орын алады. Ақсақалдардың ұрпағына:
«Жорытқанда жолың болсын!» деп бата беруі жақсы ниеттің
сәулесі.
Мына арзан күлкі
мен бос жүріс етек ала бастаған жеңілтек мәдениетке
мойынсынбай өз ұлттық болмысын сақтап қалуды
ойлаған әрбір саналы жан ата - баба дәстүрін
сақтап, әдет-ғұрпымызды, мәдениетімізді бойына
дарытуы қажет.
Екіншіден, баланы жастайынан
еңбексүйгіш, елгезек азамат етіп тәрбиелеу. Бұл
мақсаттағы ой-пікірлер қазақтың бесік жырлары мен
салт-дәстүр жырларында, ертегі-аңыздары мен
бата-тілектерінде, термелері мен өлеңдерінде мол кездеседі.
Бұл ретте «Еңбек түбі - береке», «Бейнет түбі -
зейнет», «Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті
болар» деген тәрізді халық даналығын мысал ретінде
алдыға тартсақ - та болады.
Үшіншіден, «Бірінші байлық -
денсаулық» - деген қағиданы пір тұтқан
халқымыз тән сұлулығына ерекше мән берген.
«Тәні саудың - жаны сау!», «Ауру - астан», «Тән жарасы мен
жан жарасы - егіз», - деп дене тәрбиесіне ерекше көңіл
бөлген. Сәби жарық дүние есігін ашып келген
сәттен бастап оны күн сайын тұзды сумен шомылдыру, маймен
сылау, қазы мен қойдың құйрығын
сорғызу, саумал беру оның шымыр да ширақ болып өсуіне
ықпал жасаған. «Шынықсаң шымыр боласың» деген
ұстанымға сүйенген көшпелі жұрт жас
ұрпақтың дене күтіміне бей-жай қарамаған.
Ұлттық ойындар ата-бабамыздан бізге жеткен, өткенмен
бүгінді байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл
қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті
тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ
тәрбиелеуде пайдасы зор. Сонымен қатар, ұлттық
ойындарды дене шынықтыру сабағында қолдана білу қажет.
Ұлтымыздың
қимыл-қозғалыс ойындары өзінің мазмұнымен
көлемі жағынан тәрбиелік әрекет болып табылады.
Ұлттық ойындарды игере отырып, қимыл-дағдыларды тірек ететін әр алуан ойын қимылдары студенттер,
қолайлы дәлдікпен қалыптасқан ерекше ептілікпен
көрінеді [58;59;60;61].
Құран
Кәрімнің 148 - хадисінде «ауырмай тұрып
денсаулығының қадірін біл» - деген өсиеті бар. Біз
ертең ұлттық сана-сезімді әрі қарай
жалғастыра аларлық дені сау, салауатты ұрпақ
тәрбиелеуге тиіспіз. Бұл біздің еліміздің,
халқымыздың алдындағы басты парызымыз.
Сондықтан, жас
ұрпақтың ертеңгі күні ел қорғаны
абзал азаматы болып өсуі үшін оған дер шағында
қамқорлық жасалып, дұрыс тамақтануы мен мезгілімен тынығуына зер салған.
Төртіншіден, халқымыз
этнопедагогиканың ықпалы арқылы ұрпақ
бойындағы ізгі адамгершілік қасиеттерді орнықтыруға
парасат иесі етіп тәрбиелеуге ұмтылған, ізгілікке,
адалдыққа, ар - ожданды қастерлеуге, уәдеге берік
болуға тәрбиелеген. «Жаным - арымның садағасы», «Жан
сақтама, ар сақта», «Тәні сұлу - сұлу
емес, жаны сұлу - сұлу» - деп арды, адалдық пен қасетті
бәрінен жоғары қойған.
Соңғы
жылдардағы философия, этнография тарауларындағы
«халықтық мәдениет», «дәстүрлі мәдениет»,
халықтың төл мәдениетін танып-білудің негізі -
мәдениеттің мәні болып табылатын руханилыққа
тән формалары болып табылатын көзқарастарды студенттерге
патриоттық тәрбие берудің маңызды
компоненттерінің бірі ретінде қарастырумен құнды.
Бұл тұрғыдан келгенде патриоттық тәрбие - халық
тұрмысының барлық саласынан көрініс табатын
материалдық және рухани мәдениетпен астасып жатқан күрделі
тарихи қоғамдық құбылыс.
Демек, қай
халықтың болмасын тәрбие дәстүрлерінің
пайда болып жетілуі, атқаратын қызметі уақыт пен
кеңестіктен тыс құбылыс емес, қайта бұл процестер
қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, тарихи
өзгерістермен, ғылым мен мәдениеттің
өркендеуімен, өзге де қызмет түрлерінің дамуымен
тығыз байланысты.
Олай болса,
халқымыздың тарихи жолында жинақталған тәрбие
тәжірибесі мен этнопедагогикалық ойлары көрініс беретін
салт-дәстүр, халық шығармашылығының
түрлері, шаруашылық кәсібі, қоғамдық
өмірі, материалдық мәдениет ескерткіштері
этнопедагогиканың ғылыми зерттеу объектісіне айналуы аса
қажет.
Біздің
мақсатымыз халық ұғымындағы патриоттық
тәрбие жөніндегі түсініктер, тарих елегінен өтіп
қалыптасқан патриоттық тәрбие принциптерінің
әдіс-тәсілдерінің мәнін ашып көрсету, оны
бүгінгі студенттерді тәрбиелеу ісінде қолдану жолдарын
қарастыруды этнопедагогика ғылымының өзекті проблемасы
ретінде көрсете білу [62;63].
Бесіншіден, патриоттық сезімнен
ажыратып алғысыз гуманизм этнопедагогикалық тәрбиенің
басты қағидаларының бірі. «Отан отбасынан басталады» деген
даналыққа ұйыған халқымыз ұрпағын
ата-ананы, үлкендер мен кішілерді құрметтеуге, елдің,
халықтың қамқоршысы болуға үндеген.
Мүгедектер мен жоқ жітіктерге, науқастар мен
панасыздарға көмектесуді парыз деп білген. «Атаның баласы
болма, адамның баласы бол», «Жақсы - оймен күндей,
әмбеге бірдей», «әдет - әдет емес, жөн - әдет»,
«Сыйға-сый, сыраға - бал» деген сөз мәтелдері
ұлтымыздың ұраны болған.
Алтыншыдан, «Білім - таусылмас кен,
өнер - өлмес мұра», «Білекті бірді жығады, білімді
мыңды жығады», «Ақыл көпке жеткізер, өнер
көкке жеткізер», «Оқу - білім бұлағы, Білім -
өмір шырағы» т.б. көптеген мақал-мәтелдер
тудырған халқымыз осынау құндылықтар - өнер
мен ғылым тіршіліктің тұтқасы, өмір
шамшырағы деп білген. Сондықтан халқымыздың өте
бай ауыз әдебиеті нұсқаларындағы
мақал-мәтелдердің мән-мағынасын
өскелең, ұрпаққа насихаттап, санасына сіңіріп
отыру қажет.
Әрине, әр
адамның, әр халықтың Отанына, еліне деген
көңіл, сезім түсінігі әрқалай болатындықтан,
патриотизм ұғымын тұжырымдаудың да сан алуан сипаты
болатыны заңды.
Қазақстан
Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі мерзімді басылымдарда
«ұлттық» және «қазақстандық патриотизм»
жайлы мәселелер көтерілгені белгілі. Педагог ғалымдармен
философ - психологтардың пікіріне сүйіне отырып, біз
«Қазақстандық патриотизм» ұғымы болуы керек деген
тұжырымды қолдаймыз.
Студенттердің
бойында нағыз «қазақстандық патриотизм» сезімін
қалыптастырғымыз келсе, мемлекетіміздегі барлық этностар
күнделікті болып жатқан күрделі мәселелерді біліп
қана қоймай шын жүректен сезінулері керек. Сонда ғана
«қазақстандық патриотизмді» қалыптастыру, дамыту
нәтижелі болмақ – деп атап көрсетеді [64].
Білім - бүгінгі
өмірдің ең үздіксіз дамымалы сатысының бірі. Жас
ұрпаққа осы заман талабына сай білім мен тәрбие беретін
сауатты, патриот мамандар даярлау мәселесін шешу жолдары
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі «Білім
беруді дамыту тұжырымдамасында» кеңінен қарастырылған.
Мысалы «Білім беру саласында қалыптасқан ахуал республиканы
дамытудың қазіргі әлеуметтік–экономикалық және
саяси жағдайларына және жоғарғы дамыған
елдердің прогресшіл тәжірибесіне сәйкес келеңсіз
құбылыстарды болдырмау, түбегейлі ұжымдық
құрылымдық қайта құрулар, білім
берудің мазмұнын жаңарту және мамандар даярлаудың
сапасын жетілдіру қажет екенін көрсетеді» деген жолдар
жоғарыдағы айтылғандардың дәлелі [65].
Ол мәдениетті
сақтаудың және оны келешек ұрпаққа
жеткізудің басты құралы болып табылады. Білім
қоғам дамуының зиякерлік қана емес, сонымен қатар
экономикалық базасын жасайтын өндірістік рухани маңызды
саласы. Адам білім арқылы ғана жеке басының қажеттілігі
мен өзіндік дамуын қанағаттандыра алады.
«Дамыту» деген
сөздің анықтамасы психологиялық бағдарды
білдіреді, яғни ол өзінің бағытталған ішкі
ой-өрісі бар үрдісінде ықпал етуші, тәрбиеге
өзінің көзқарасын ашып көрсетуші болып саналады
[66].
Жетіншіден, адам өмірі
табиғат аясында өтетін болғандықтан, бабаларымыз
ғұмыр бойы табиғатты аялауды мұрат тұтқан.
Бүкіләлемдік тіршіліктің құдіретті төрт
түрі бар. Олар: күн - ана, жер - ана , ауа мен су. Егер осы
төрт негіздің біреуі болмаса, тіршілік тоқтайды.
Сондықтан да адамзат күнді, жерді анадай ардақтайды, жер мен
судың әулиелігін қастерлеп, әрекет жасап,
қызығын көреді.
Күн - барлық
тіршіліктің құдіретті тірегі. Адамзат күнге табынып,
сыйынып барлық тіршілікте күннің құдіретіне
сүйенген. Сондықтан халқымыз күн тұрған
аспан әлемін қасиеттеп «аспанға қарап түкірме»,
«аспанға қарап тас лақтырма», ырым-тыйым жасайды.
Қазақ халқы жер - ананы әулие тұтады, «Жері
байдың - елі бай», «Туған жер - алтын бесік», «Жеміс жерде,
жеңіс - елде» деп, халық жер ананы аялайды баптайды
құдірет тұтады. Қазақта «Ер туған жерінде,
ит тойған жерінде» деген мақал бар. әрбір адамның
туған жері - бәрінен де қымбатты. Өйткені ол сол
жердің топырағында өсіп, суын ішіп, ауасымен тыныстайды,
табиғатымен бірге қайнасып, адам болып қалыптасады.
Сондықтан да әрбір адам туған жерін қорғайды,
аялайды, күтеді қастерлейді.
Жер жаһандағы
тіршіліктің нәрін сіңіріп, өмір сүрудің
тірегі болып туған құдырет - су. Өсімдік жан-жануар,
түрлі жәндіктер сусыз өмір сүре алмайды. Өмірге
ең қымбат, ең қажетті нәрсе
болғандықтан, халық суды әулие тұтып, судың
шығып жатқан жерін «әулие бұлақ», «әулие
көл» - дейді.
«Судың да
сұрауы бар» - деп, суды ысырап жасамау керек екенін халық өз
ұрпақтарына ескертіп отырған. «Сулы жер - нулы жер»,
«Өзен бар жерде өмір бар», «Бұлақ көрсең,
көзін аш», «Судай таза, сүттей ақ бол» - деп халық өмір
тұрмысының жақсы болуын уағыздап отырған.
Жан дүниенің
өмір ырғағын жасап тұрған құдіретті нәрсе
- ауа. Ең қымбатты нәрсені «ауадай қажет» - деп
халық ауаны қымбаттың қымбаты деп
бағалаған. Тіршіліктің төрт тірегін қастерлеу -
халық салты, өмір заңы.
Халық
арасындағы туған жер туралы әндер мен күйлер
халқымыздың туған жерді аялай біліп, ардақтай
сүйетінін дәлелдейді. Құрманғазының
«Сарыарқа», «Алатау», Тәтімбеттің «Сарыжайлау» күйлері
туған жеріміздің тамаша табиғатын әдемі
әсерлендіріп, жанды жадыратады.
Отан десек, оның
мазмұны - туған жер, табиғат, оның байлықтары,
тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша
киелі орындар.
Олардың адам
көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық
сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар
көзіне айналуы студенттерді патриотизмге тәрбиелеудің
арқауы болды.
Өйткені,
қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге
патриоттық тәрбие беруде төмендегідей бағыттарда
зерттеулер жүргізу болашақ ғалымдардың еншісінде
дегіміз келеді. Мысалы, студенттерді кәсіби даярлауда қазақ
этнопедагогикасында патриоттық тәрбие беру жолдары;
студенттердің патриоттық-саяси көзқарасын
қалыптастыруда қазақ этнопедагогикасын негізге алу;
«Бастапқы әскери дайындық» мамандығына дайындауда
қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие
берудің тиімділігін арттыру сияқты тағы басқа
мәслелерге арналған ғылыми-педагогикалық зерттеулерді
жүргізуге болады.
Бұл ғылыми
жұмыстарды тағы да басқа зерттеушілермен бірлесе отырып,
жүзеге асырсақ қазақ этнопедагогика ғылымына
қосылған сүбелі үлес болар еді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1
Арынгазин К.М. Развитие педагогики путем совершенствования
теоретико-методологической смысловой основы: автореф. ... д.п.н.: 13.00.01: -
Алматы, 2001. - С.45.
2
Аганина К.К. Оқушыларға экономикалық білім
беру-бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу кепілі.
//Білім әлемінде. 2006.№1-3. - Б.32-35.
3
Әбдіраман Ш.Ә. Баба батасы // Жұлдыз. - 2003. - №11. -
Б.42.
4. Б.Әбдікәрімұлы.,
Қ.Сарбасова., Б.Шаушекова., Педагогикаға кіріспе. Эл.
оқулық. Авторлық куәлік - №208.
4
Абдыманапов С.А. Современное университетское оброзование в условиях
модернизации: проблемы, решения, перспективы. - Алматы, 1996. - 278с.
5
Адильгазинов Г.З. Теоретические основы совершенствования подготовки учителя
к упровлению педагогическим процессом в малокомплектной школе: авторефе.
...д.п.н. 13.00.01.-Алматы, 2002. –С.39.
6
Батталханов Е.З. Формирование гуманитического мировозрения учащейся
молодежи как социально педагогическая проблема: автореф. ... д.п.н.: 13.00.01.
- Караганды, 2002. - С.41.
7
Бейсенбаева А:А. Пәнаралық байланыс негізінде оқу
процесін ұйымдастыру. Оқу құралы. –Алматы, 1995. –
Б.116.
8
Егоров В.В. Информационные технологии в подготовке инженера-педагога. –
Алматы, 1994. 33-36с.
9
Каргин С.Т. Влияние професионального взаимодействия в вузовском
педагогическом процессе на качество подготовки будущих учителей: автореф. ...
д.п.н.: 13.00.08. -Алматы, 2000.-С.42.