Шаукенова Н.Р., КазГАСА ассистент профессоры, Алматы, 2011.
Жалпы білім беретін орта мектепті қайта
құру
жағдайындағы
ынтымақтастық педагогика
Бұл
мақалада ынтымақтастық педагогиканың негізгі идеялары
және оларды оқу-тәрбие барысында қолдану
мәселелері қарастырылады.
Көп жылдар бойы жалпы білім беретін орта мектептің
оқыту және тәрбие жұмысын зерттеу арқылы
жетілдіру, жаңғырту мақсатында бірнеше мұғалімдер
мен ғалымдар эксперимент жүргізіп, тұтас педагогикалық
процесті жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде
ұйымдастыруды қажет деп тапты. Өйткені, олар ескі
дәстүр бойынша оқытудың әдеттегі әдістерін,
принциптерін қолданып, жастарға білім және тәрбие беру
ісі қазіргі заманның талаптарын қанағаттандырмайды деп қорытынды
жасады. Жаңашыл-экспериментшіл мұғалімдердің
әрқайсысы өз сыныптары мен мектептерінде жеке-жеке, керек
десе бірін-бірі білмей 25 жылдай эксперимент жұмысын жүргізген.
Бұған қарамастан олардың жұмыстарының
қорытындысы бірдей нәтиже берген.
Экспериментшіл
мұғалімдер зерттеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін
бір-бірімен кездесуді, пікірлесуді, тәжірибе нәтижесін ортаға
салып, талқылауды ойластырып жаңа педагогикалық шешімдер
қабылдауды қажет деп тапты. Бұл пікірлердің
мазмұны «Учительская газета» беттерінде жарияланды. Осы газеттің
шақыруы бойынша экспериментшіл мұғалімдер үш
жылдың ішінде төрт рет кездесті. Бірінші кездесуінде (18-қазан,
1986 ж.) «Ынтымақтастық педагогика», екінші кездесуінде (17-қазан,
1987 ж.) «Тұлғаны демократияландыру», үшінші кездесуінде (19-наурыз,
1988 ж.) «Жаңарту әдістемесі» және төртінші кездесуінде
(18-қазан, 1988 ж.) «Жаңа мектепке кіреміз» тақырыптары
бойынша эксперимент жұмыстарының нәтижесіне сүйеніп,
білім және тәрбие саласында көптеген жаңа
үздемелі педагогикалық пікірлер ұсынды. Бұл
пікірлердің біразын атап өткен жөн. Мысалы: балалар,
мұғалімдер және ата-аналар арасындағы
ынтымақтастық, ұжымдық шығармашылық
тәрбие, орындаушылық және шығармашылық
қабілеттер, балаларды дербес және ұжымдық
өзін-өзі талдау.
Осындай
мақсатқа бағытталған педагогикалық
идеялардың іске асырылуының нәтижесінде мектеп өмірінде
тек қана мұғалімдер емес, әсіресе оқушы жайлы
көп өзгерістер байқалады. Бұрын оқығысы
келмейтін немесе оқуға қабілетсіз оқушы екінші,
үшінші жыл орнында қалып, ақырында мектептен шығып
кететін. Енді оқушыларды іріктеп алудан бас тартып, оларды қайтсе
де оқыту керек. Оқыту үшін баланы ынталандыру, оған дем
беру, себепші болу керек. Егер оқуға өздігімен
талаптанушылығы жоқ болса дерлік, егер еріксіз
көндірудің тәсілдері тіпті жоқ болса, егер пәнге
жалпы қызығушылығы болмаса, егер біз өз міндетімізді
орындағымыз келсе – онда алдымызда бір-ақ жол бар: біз балаларды
қуанышты сезім жетістігіне алға қарай қозғалыс
және дамуға шақыра отырып, оларды жалпы оқу
еңбегіне тарту керек. Әйтпесе балаларды оқытуға
болмайды, - дейді бірауыздан жаңашыл мұғалімдер.
Оқудың нәтижесі ынталылық пен
қабілеттердің көбейтіндісіне тең. Егер ынталық
нөлге тең болса, онда барлық көбейтінді де нөлге
айналады. Ал экспериментшіл мұғалімдердің бұл
анықтамасы оқыту процесін жаңғыртуды қажет етеді.
Олай болса бұрынғы педагогикадан айырмашылығы бар жаңа
педагогика керек, оны ынтымақтастық педагогика деп атауға
болады деген біркелкі көзқарастарға келген екен олар. Мұңдай
педагогика балаларды ынтымақтастыққа, оқу
еңбегіне жетектейді, табысқа жету үшін оларға
сенімділік туғызады, артта қалмаудың жолы іздестіреді.
Жаңашыл мұғалімдердің айтуы бойынша баланы
айқай, қорқыту арқылы тәрбиелеуге,
оқытуға болмайды – бұл зорлау, еріксіз көндіру
әдісі. Сондықтан олар баламен үндесуді
құлық негізінде қарстырады.
Адамгершілік
және ынтымақтастық бала өмірінде үлкен орын алады.
Сондықтан мұғалім ең алдымен баланың дамуы, келешегі
жайлы қамқорлық жасайды. Өйткені олардың
өмірге бейімделуі, өмір тәрбиесіне үйренуі мектептен
басталады. Міне, осы тұрғыдан қарасақ, ынтымақтастық
педагогикасы –құлық педагогикасы – даму педагогикасы. Іс
жүзінде бұлардың
үшеуінде бір текті құбылыс: мұғалім мен тәрбиешілердің
әрекет ету тәсілдері, олардың балалармен қарым-қатынасы,
істегі ынтымақтастығы .
Әрбір педагогикалық әсер, әрібір шешім, әрбір
әрекет балалардың даму барысында тексеріліп отыруы қажет. Ал
дамудың бірқалыпты немесе оның қалысуы әрбір
мұғалімге мәлім.
Жаңашыл
мұғалімдердің тұжырымдамалары бойынша ең алдымен
баланың дамуын бірінші орынға қою керек. Бұл
оқушының білімді іздеп табуына, игеруіне мүмкіншілік жасайды,
іскерлікті, дағдыны меңгереді.
Сонымен,
баланы әр жақты дамыту үшін бәрінен бұрын
құлық, рухани, ақыл-ой, дене тәрбиесі бірінші кезекте
болуы қажет.
Кейбіреулер ынтымақтастық педагогиканың осы заман педагогикасынан
айырмашалығы бар ма деп сұрақ қояды. Бұл
сұраққа бір мағыналы жауап беру қиынырақ сықылды. Бірақ
екеуіне анықтама берсек артық болмайды.
Осы
заман педагогикасы –бұл тұлғаның және ұжымның
тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу процестерінің
диалектикасы туралы ғылым.
Ынтымақтастық педагогика – бұл
тарбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің, мұғалім мен
балалардың шығармашылық еңбегінің
диалектикалық бірлігі емес пе?
Мектепке, жоғары оқу орнына жаңа кадрларды дайындауда
қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындау үшін ынтымақтастық
педагогика керек. Бұл педагогика жас мұғалімнің
ғылыми педагогикалық теория мен озат педагогикалық
тәжірибенің нәтежесімен қарулануына мүмкіндік
береді. Сонымен бірге ізгілендіру, гуманитарландыру жағдайында тұтас
педагогикалық процесте жаңа идеяларды пайдаланудың жолдарын
қарастырады.
Ынтымақтастық
педагогиканың негізгі идеяларын оқу-тәрбие процесінде
қолдану барысында тәрбие
мақсаттарын жүзеге асыру жолында орта және жоғары
мектеп зор роль атқарады. Өйткені оларда барлық жастар
оқып, еңбек етуге үйреніп дағдыланады, өмірге
жолдама алады.
Орта
және жоғары оқу орындарының мақсаты – жастарды әр
жақты жарасымды етіп дамыту, олардың жоғары құлықтық,
азаматтық көзқарасын қалыптастыру. Мұндай
мақсат кешенділік міндеттерді шешуді қажет етеді. Олар:
әлеуметтік тәрбие беру жолымен дүниеге көзқарасын
кең мәдени ой-өрісі жоғары тұлғаның үйлесімді
жан-жақты дамуының негізін қалау; әлеуметтік функцияларды
еңбек, таным, қоғам, ұйым және бос уақытты
пайдалану т.б. орындау үшін жастарды ойдағыдай даярлауды
қамтамасыз ету; кәсіптік дайындықтың жолдарын
таңдап алу үшін, өз тағдырын өзі шешу үшін
жастарға жағдай жасау; тұлғаның
өзін-өзі тәрбиелеуге, өз білімін алуына, оны
өмірде пайдалана білуіне мүмкіндік жасау.
Тұлғаның дамуы мен тәрбиесі идеалогиясының
жаңаруы көптеген идеяларға негіздеді. Олар:
- тәрбие
мақсатының реализм идеясы;
- ересек
адамдар мен балаларды бірлесу іс-әрекетінің идеясы;
- тәрбие
бағыттарының дербес идеясы;
-
тәрбие бағыттылығының ұжымдық идеясы;
- өзін-өзі
талдау (анализдеу) идеясы;
- бала
күнінің жартысы;
- қиын
мақсаттық идеясы;
- сүйеніш
идеясы;
- ірі
блоктар идеясы;
-
ата-аналармен ынтымақтастық;
- мұғалімдердің
ынтымақтастығы;
- өзін-өзі
сыйлау идеясы;
- өзін-өзін
басқару (реттеу) идеясы т.т.,
Экспериментшіл мұғалімдер 50-ден астам жаңа идеяларды
мұғалім жұртшылығына ұсынды. Бұл идеялар
көптеген орта және жоғары оқу орындарында колданылып
келеді. Идеялардың біразы «Жалпы орта білім беретін тұжырымдамада»
және «Экспериментшіл мұғалімдердің есеп беру
кездесулерінде» баяндалған.
Сонымен, қайта құру жағдайында әрбір
мұғалімнің жаңа идеялармен, оқыту мен
тәрбиенің озат теориясы және практикасымен қарулануы
тұлғаның сапасын жобалай және анықтай білуге мүмкіндік
береді. Осының негізінде мұғалім баланың бойына
жақсы қасиеттерді егеді, дүниеге көзқарасын,
мінез құлқыың нормасын қалыптастырады,
болашақ өмірге, еңбекке, мамандықты саналы түрде
таңдап ала білуге даярлайды.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
Педагогикалық ізденіс . Алматы, «Рауан», 1990.
2.
Шаталов В.Ф. Точка опоры, М., «Педагогика», 1987.
3.
Соловейчик С. Воспитание по Иванову, М., «Педагогика», 1989.