Педагогические науки/5.
Современные методы преподавания
информатика мұғалімі Игликова А.З.
Қазақстан
Республикасы, Қарағанды облысы, Қарқаралы
қаласының
О.А. Жаутіков
атындағы №1 қазақ орта мектебі
Жиырма бірінші ғасыр - ақпарат
пен жаңа технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру саласының ақпараттық
инфрақұрылымын міндетті түрде дамыту қажеттігі
еліміздің ұзақ мерзімдік даму бағдарламасындағы
басым мақсаттардың бірі ретінде айқындалады. Сол себепті
ақпараттық технологиялардың тілін меңгерген
ұрпақ үшін өздерінің жинақтаған
білімдерін тәжірибеде қолданысқа енгізу парыз.
Қоғамды ақпараттандыру процессінде алдымен
білім беру саласын ақпараттандыру көзделген. Білім беру саласын
ақпараттандыру – білім жүйесінде жаңа ақпараттық
технологияларды енгізу. Бұл шаралардың арқасында
ақпаратты-оқу, экспериментті-зерттеушілік қызметтерін,
ақпаратты өңдеу бойынша әртүрлі қызмет түрлерін
жүзеге асыру, білімді табу іскерлігін қалыптастыру,
оқушының интеллектуалды
потенциалын дамытуға бағытталған оқытудың
әдістемелік жүйелерін құру.
Кейiнгi жылдары бiздiң көз алдымызда жана акпараттык
технологиянын дамуы адамның бүкiл әлеуметтiк‚
мәдиниеттiк‚ ғылымдық және өндiрiстiк сфераларын
қозғады.
Бұл компьтерлiк революция әлi аяқталған жоқ
және келесi кезеңге электрондық оқулықпен
байланысты ендi.
Әлi бес алты жылдан кейiн өзiнiң электрондық
оқулығын құрмаған адам қалмайтын
шығар.
Орта білім беру
жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік
бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – оқыту
процесін ақпараттандыру. Аталған бағытты жүзеге асыру
үшін жаңа буын оқулықтарын электрондық
нүсқаға аудару қажет.
Электрондық оқулықтың
мазмұны оқушының интеллекттік ойлау қабілетін
дамытуға бағытталуы қажет және оның мына
қасиеттерді қанағаттандыру жеткілікті:
жинақтылық, жүйелілік, эстетикалық көркемділігі,
жылдамдылығы және т.б.
Электрондық оқулықтар ара
қашықтықтан оқыту формасына негізделіп
жасақталады және оны жүзеге асыру үшін
қолданылады.
Осы уақытқа дейін бақылаушы,
жаттықтырушы, модельдеуші, дидактикалық ойындар сияқты
қолданбалы бағдарламалар қолданылып келді. Бұл бағдарламалар
оқушының өздігінен
оқып – үйренуіне және өзіндік жұмыс жасау қабілетін дамытуға
мүмкіндік береді.
Электрондық
оқулық - оқушының интерактивтік режимде жұмыс
істеуіне есептелген, яғни
әр түрлі функциональды перне меню көмегімен және
көптерезелік интерфейсімен. Оқушы білім ақпаратымен
өзіне сәйкес келетін түрмен, екпінмен және тереңдік пен танысады.
Электрондық
оқулық ең бірінші
дербес оқу қызметіне бағдарланған, оқушының
сол немесе басқа пәндік әлеміне есептелген. Электрондық оқулық мына жағдайларда
тиімді: әдетте тез арада кері
байланысты қамтамассыз етеді; керекті ақпаратты тез көмегін
тигізеді; гипермәтін мен
сілтемелерді бірнеше рет қолдануға болады.
Эектрондық
оқулықты құрастыру үшін “Өңдеушілер”
мамандардың үлкен коллективі қатысады:
1.
Әдіскерлер тобы мақсатын, мазмұнын және
оқыту кезенің электрондық оқыту жүйесінің
өңдірушісінің көмегімен анықтайды. Бұл топ
оқыту материалын жасап, жүйесіне ұсынады, бақылау сұрақтарымен
тапсырмаларды өңдейді, білімін бақылау алгоритмін
анықтайды. Бұл топтың құрамындағы осы
пәнді оқыту саласына, жоғарғы педагогикалық
тәжірбиеге ие, жоғары дәрежелі сарапшы мұғалімдер
кіреді.
2.
Психологтар тобы денсаулықтың қалпын
әртүрлі тестілермен, қабілеттілік және жетістік
тестілерімен қамтамасыз етеді. Сонымен бірге бұл топ оқушымен
оқыту жүйесінің арасындағы интерфейсті нәтижелі
өңдеу мәселелерін шешеді.
3.
Бағдарламалаушылар компьютерлік оқыту жүйесін
тікелей іске асырады.
4.
Оқу материалын көркемдеп ұсыну компьютермен
қамтамасыз етіледі. Соған орай келесі есептер шешіледі:
мәтіндік оқыту ақпаратын тандау, редакторлау және мәтінді форматтау. Графикалық
формада өңдеу еңгізу және редакторлау илюстрациямен
көрсетіледі. Компьютерлік анимацияны және визуалды эффектілерді
жасау видеоклиптерді немесе видеофильмдерді жазу және редакторлау.
5.
Музыкалық топ музыкамен сүйемелдеу, компьютерлік
оқыту жүйесіне өңдеудің және
әртүрлі дыбысты эффектілерді енгізуді қамтамасыз ету.
6.
Медициналық топ компьютерлік оқыту жүйесінін
оқушылардың денсаулығына әсер ететін параметрлерді
анықтауды қамтамасыз ету.
7.
Экономикалық топ экономикалық дәлділікті
және компьютерлік оқыту жүйесін өндірудегі
мақсатқа сәйкестілікті қамтамасыз ету.
Кәсіпорынның қаржылық тірегіне байланысты берілген
жобаны іске асыруды қамтамасыз етеді.
8.
Маркетинг және жарнама тобы жарнамалық
компанияның өңдеу стратегиясын, жарнама материялдарын
өңдеу (роликтар, демонстрациялық версиялар, жарнамалық
парақтар және хаттар т. с. с.) парақтық өтімін
анықтау және өндіріліп жатқан жүйенің
жобалау тиражына келісімін қамтамасыз етеді.
Қоғам сонымен
қатар өндіріліп жатқан электрондық оқыту жүйесіне бірқатар
талаптар ұсынылады. Бұл алдымен пайдаланылған білімнің
қауіпсіздік талабын сақтау. Яғни электрондық
оқулық арқылы алынған білім адамдарымен
табиғатқа зиян болмауы тиіс. Басқа маңызды талап оқушының мәдени
деңгейін жоғарлату, яғни, оқушы таза білімді
нақтылы бір тақырыпқа ғана алмай сонымен бірге
көрнекті өнеге алу және білімді пайдалану.
Талаптар айқындалған
соң оларға талдау жасап және өңделіп жатқан
оқыту жүйесінің еркшеліктерін жазу қажет. Мұнда
біз ерекшеленген бейнеден компьютерлік оқыту жүйесін танимыз, сол
бойынша жобасы жасалып жатқаны. Бұл бейнелеу табиғи
табиғи тіл арқылы құрылуы мүмкін немесе кейбір
немқұрайлы тіл пайдалануы мүмкін. Компьтерлік оқыту
материалы жобалау кезеңі алгоритмдерін және
ақпараттық базасын өңдеудің болжауын көрсету. Бұл кезеңде
оқыту материалы дайындалады оның құрылымы анықталады:
мәтін жазылады, илюстрациялар
дайындалады, видеоматериалдар әзірленеді аудиоматериалдар
таңдалады.
Ашық білім
беру кеңістік идеясы Қазақстан Республикасының 2030
жылға дейінгі тұжырымдамасында көрсетілген: «Білім сапасын
жетілдіру мақсатында аймақтық дәрежеде оқытуды
қашықтықтан-виртуальды және жаңа білім
технологияларын өңдеу, шығару және енгізу».
Сайып келгенде
білімнің жаңа парадигмалары туралы сөз қозғалып
отыр, білім беру орталығында үйренуші немесе білім алушы тұр.
Электрондық оқулықтар арқылы оқыту
мүмкіндігі оқушының алдында тұрған, таңдауы
бойынша курс мазмұнының бақылауы, оқу стратегиясы
және оқу ресурстарымен жабдықталған.
Сондықтан электрондық
оқулықтың негізі тек қана кітап емес, сонымен
қатар оқыту материалдары, оқу-әдістемелік мазмұны
да көптеген әсер береді. Бұлар оқып жатқан
пәнге деген қызығушылық тудырып, зерттеу қызметін
жетілдіре отырып, тұлғаның жеке-бағдарлық
қасиетін ұйымдастыра білуі және оқушыны
оқытушымен бірге істейтін жұмыстың іс-әрекетін белсенді
жасай білуін талап етеді. Бұл
басылым электронды оқыту аясындағы білімді алу туралы
мәселелерді көрсеткен. Бұл курстық жұмыс
қажет және кімде-кім жаңа білім технологиясын енгізу туралы
ойлары болатын болса, сол адамдарға жетістіктер әкеледі деген
ойдамын.
Әдебиеттер:
1. Информатика терминдерінің түсіндірме сөздігі. Ы.Алтынсарин
атындағы Қазақтын академиясының Республикалық
баспа кабинеті. – Алматы. - 2000.
2.
Кручинин В.В. Разработка компьютерных учебных
программ. – Томск: Изд-во Том.гос.университета, 1998. – 211 с
3.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030.-Алматы:
«Білім», 2001.- 93 б.