Филологические
науки/1. Методика преподавания языка и
литературы
Дуйсенова Н.
Т., Ахтанбердиева Р. М.
М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті, Қазақстан
ОҚУ ҮРДІСІНДЕ РӨЛДІК ОЙЫНДАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Бүгінгі күннің талабы, шет тілі оқытушысының
алдына қойған мақсаты – білімгерлерді шет тілінде
сөйлету болғандықтан, оқытушының алдында
тұрған басты міндеттің бірі - шет тіліне
үйретудің түрлі әдістерін сұрыптай келе, ең
тиімдісін өз сабағында қолдану болып табылады. Осындай әдістердің ішінде
коммуникативтілік әдісті алға қоюға болатынына ешкім де
талас келтірмесе керек.
Бұл әдіс бойынша оқытудың
мақсаты - сөйлесу, сөйлету. Сөйлеу бір-бірімен қарым-қатынас
жасау арқылы іске асырылуы қажет. Міне бұл коммуникативтілік әдістің
негізгі міндеттерінің бірі. Ал қарым-қатынас мақсаты - өзара
қарым-қатынас жасаумен байланысты міндеттерді шешу.
Қарым-қатынастың
үш түрі бар:1. Перцептивтік. Бұл адамдардың бір-бірімен
көзбен көріп қабылдауы, интуиция арқылы сезінуі. 2.
Интерактивтік. Бұл
адамдардың бір-біріне өзара әсер етуі. 3.
Ақпараттық. Бұл адамдардың бір-бірімен ойларымен, пікір алысуы, мақсат-мүддесімен, мұратымен, рухани байлығымен, қызығушылығымен бөлісуі.
Қарым-қатынастың бұл түрлерін жеке-жеке де, бір мезгілде бәрінің басын
қосып та қолдануға болады.
Ал өзге
тілде сөйлеуге үйретуде
неге баса назар аудару қажет: 1. Білімгер мен оқытушының арасында| ресми «білімгер-оқытушы» рөлдік қарым-қатынасы
емес, жеке тұлғалар
ретінде еркін сөйлеу, бір-біріне тең| қарау жағдайы болуы керек. 2. Бұндай
қарым-қатынас шын ниетті болуы шарт. Әйтпегенде коммуникативтік қарым-қатынас іске
аспайды. 3. Егер білімгер
мен оқытушы арасында жеке тұлғалары ретінде қарым-қатынас қалыптаспаса,
сабақта психологиялық микроклимат дұрыс болмауы ықтимал. 4.| Жоғарыда айтылған қарым-қатынастың үш түрі де
қызмет етуі керек. Айталық, интерактивті - бір іс - әрекет негізінде бір-біріне әсер ету. Перцептивті -
бір-бірін жеке тұлға
ретінде қабылдау.
Ақпараттық
— бір-бірімен пікір алмасу.
2. Міне осындай мақсатқа жету үшін оқытушы
көбіне ойындарға, әсіресе рөлдік ойындарға жүгінген абзал. Себебі мұндай ойындар білімгердің ой-өрісін дамытьш, сабақты
жандандырып, тіл
үйренушінің
пәнге деген (сол тілге деген) қызығушылығын арттыра түседі. Әрі рөлдік
ойынның бұдан
маңыздырақ
жағы да бар. Ол ең алдымен - қатысымдылық. Жақсы ұйымдастырылған ойын тілді
меңгеру үшін барынша жағдай жасайды. Алайда сабақта ойнатылатын ойын
барысында кездесетін
қиындықтар да жоқ емес.
Ойын ойнатудың әдістемелік
мәні. Ойын
жағымды эмоция сыйлаушы құрал. Ойын ойнату аяқ астынан болғандықтан, ойламаған жерден
ойынға кірісу қызығушылықты тударады. Ойын ойнау
барысында оқушы ешбір
бүкпесіз, бар жан-тәнімен ойынға кірісіп кетеді де,
белсенділік пайда болады, білімгер
лидерлік танытады. Тілді үйренгісі келмейтін адамның өзі ойын ойнаған кезде оны ұмытып кетеді. Ойын
қатысымдықты қалыптастыратын әдіс болғандықтан, оны оқытудың
ешбір әдіс-тәсілімен салыстыруға келмейді. Шет тілі сабағын ойын арқылы
оқыту барысында білімгердің пәнге деген көзқарасы өзгеріп, өзге және өзінің досын басқаша
көруге мүмкіндік туады. Ойынды қолдану оқу үрдісінің басқа
аспектілеріне де жақсы әсер етеді.
Рөлдік ойынның
мәні: а) тіл үйренушінің сол тіл арқылы
қатынас жасауына деген қызығушылықтарын арттырады; ә)
қажетті сөздерді неғүрлым көп меңгерсем,
дүрыс жауап берсем деген ойды туғызады; б) ойын барысында тілдік
қатынастар ерекше маңызға ие болады; в) тіл
үйренушінің шет тілі пәні бойынша біліктілігі мен
белсенділігін арттырады.
Рөлдік ойындар студенттердің болашақ
мамандығының ерекшелігімен толығырақ танысуға да
септігін тигізеді. Зерттеушілердің пікірінше, «рөлдік ойын, оның
табысы көп жағдайда оқытушыға байланысты. Ол
мүғалімнің ұйымдастыру және өткізу
қабілеттеріне қатысты».
Рөлдік ойынның
барысы. Рөлдік ойындар дәстүр бойынша микроэтюдтар мен макроэтюдтарға
бөлінеді. Микроэтюд бойынша ойыншылар төрт адамнан аспауы керек. Ал
макроэтюдта ойынға бес адамнан бүкіл топқа дейін
қатысуы мүмкін. Рөлдік ойындар бірқатар
проблемалық мәселелерді шешуге негізделеді. Мәселен, білімгерлердің
бір-бірімен қарым-қатынасын дұрыстау, әлеуметтік
теңсіздікті жою т.б..
Рөлдік ойындарда міндетті түрде білімгерлердің
өзара әлеуметтік рөлдік қатынастары қальштасады. Рөлдік ойын сөйлеу
мәдениетін дамытуға да өз септігін тигізері хақ. Ол болашақ маманның
өзін-өзі ұстай
білу қабілетін, мамандыққа қатысты терминдерді қолдана білу
деңгейлерін дамытады.
Сөйтіп,
ойын - дұрыс сауатгы сөйлеу, тыңдап түсіну
деңгейлерін жоғарылататын, қатысымдыққа
жетелейтін құралдың
бірі болып табылады. Ол білімгерлерді шет тілінде
сөйлету құралы.
Сабак сөйлеу әрекетіне негізделуі керек. Шет тілі сабағында ойын ойнату басты
мақсат емес. Шет
тілі пәнінің басты мақсаты - ойын арқылы білімгерлерді шет тілінде сөйлету болып табылады. Ойынның кұрылымын
оқу әрекетіне салғанда оқу үрдісін мақсатты қатысым үрдісіне
айналдырарымыз хақ. Мәселен, білімгерлерге бірдей екі нәрсені, не болмаса суретті көрсетіп, осы екі нәрсенің арасындағы айырмашылықтарды
атап беріңіз деген кезде, олар оны оқу үрдісінің
максаты деп қабылдамайды. Тіл сөйлету мақсатына жету құралы болып табылады. Және сөз
соңында айтарымыз кез келген тақырыпқа сабақта рөлдік ойындар ойнатқызуға
болады.
Әдебиеттер:
1. Буланова М.В.
«Педагогические технологии», Ростов, 2002.
2. Кукушин В.С.
«Современные педагогические технологии». Ростов, 2003.
3. Сущенко С.А.
«Социальная поихология». Ростов, 2005.