Отбасындағы
есту бұзылыстары бар ерте жастағы балаларға
коррекциялық-педагогикалық көмек көрсетудің
ерекшеліктері
«Психология және дефектология» кафедрасы
Есту бұзылыстары бар балаларды
отбасылық тәрбиелеу қоғамдық тәрбиелеуден
ерте пайда болған. Саңырау балаларды жеке оқыту тәжірибесі орта
ғасырларға белгілі еді. Ата-ананың саңырау балаларын
отбасында тәрбиелеу мен оқыту ұмтылысы баланың
ақыл қабілеттерін дамыту және еститін құрбылары сияқты барлығымен байланысты болуын қалауы себеп болды. Ата-аналар баланың ерте
және мектепке дейінгі даму мен оқу үшін едәуір сензитивті жастарын өткізіп алмауға
тырысты, олар осы кезеңде көптеген дағдылардың
қалыптасатынын, мінездерінің орнығатынын түсінеді.
Әдетте, сәбилік
және ерте жастағы балалар екі-үш жасқа дейін отбасында
тәрбиеленеді, ал ата-аналар сәбилердің дамуы үшін өте көп жасай
алады.
Мамандар ерте
бұзылыстарының пайда болуымен байланысты тәуекел факторлары
бар отбасындағы ата-аналардың баланың естуін
қадағалау қажеттілігіне көңіл бөледі,
мысалы: естімейтін баланың немесе отбасы мүшелерінің болуы;
ототоксинді антибиотиктерді қолдану, естудің төмендеуіне
себеп болатын аурулар. Мұндай бақылауды баланың өмірінің бірінші
айларындағы дыбыстарға
реакциясын байқау, сөйлеуге, үлеуге, былдырлау сипатына көңіл
бөлу құрайды. Сәбидің естуі төмендегенге
күдік болған жағдайларда дәрігер – сурдологқа қаралу
қажет.
Есту бұзылыстары бар
балалардың ата-аналарына коррекциялық жұмыстың ерте
басталудың маңыздылығын түсіндіру қажет.
Саңырау және
әлсіз еститін балалар ерте түзету (коррекциялық) жұмысы
болмаған жағдайда 2-3 жасқа дейін сөйлемейтін болып
шығатынын атап өту керек. Олардың жалпы дамуы
айналадағыларымен
қатынасының болмауы, қоршаған
әлемнің дыбыстарын қабылдау мүмкіндіктерінің
бұзылуы нәтижесінде үлкен зардап шегеді. Әлсіз еститін
балалармен ерте жұмыс
жүргізудің тиімділігі мен нәтижелілігін дәлелдейтін
мысалдарды келтірген жөн.
Ата-аналарды сәбилік және ерте
жастағы балалардың жалпы және тіл дамуының заңдылықтарымен таныстырып, еститін
және естімейтін баланың өмірінің бірінші – екінші
айында дамуы үшін оның
қажет екендігін атап өту керек, өйткені
осы кезеңде зат әлемін тануды ынталандыратын қатынастың маңызды
формалары, тілді түсіну, оның
ырғақтық-интонациялық және дыбыстық
жақтары қалыптасады. Дамудың бұл компоненттерінің
қалыптасуы үш жастан кейін үлкен қиындықтармен
және ұзақ мерзіммен өтеді.
Жұмыстың ерте
басталуын қалай түсінеміз? Отандық сурдопедагогикада
бұған баланың естуінің төмендеуін ата-ана және дәрігер анықтағаннан
арнайы көмекті ұйымдастыру кіреді. Кейбір жағдайларда ата-ана немесе дәрігерлер есту
бұзылыстарын баланың өмірінің бірінші жылдарында
байқайды. Алайда көп жағдайларда, тәжірибе
көрсеткендей, естудің ауыр
бұзылыстары бір жастан кейін анықталады. Жалпы дамытушы және коррекциялық жұмыс қаншалықты ерте басталса, оның нәтижелері соншалықты
жақсы болады. Есту бұзылыстары бар ерте жастағы
балалардың дамуының басты шарттарының бірі – естуді протездеу. Ата-аналарға дұрыс
таңдалған есту аппараттарының артықшылықтарын
түсіндірген жөн: заттар мен құбылыстардың қасиеттерін тану
үшін қоршаған әлемнің дыбыстарын қабылдау мүмкіндігі өте
қажет; баланың мінез-құлығын
зерттеу үшін қажет. Тілдің тиімді едәуір жоғары есту-көру
қабылдауының дамуы үшін, ерте протездеудің, естіп қабылдаудың
мүмкіндіктерінің, өздік тілді бақылаудың
маңызы ерекше.
Ата-аналарға дұрыс
естуді протездеудің маңыздылығын ғана емес, аппаратты
қолдану ережелерін де түсіндіру қажет: жеке
салғыштардың болуы, аппараттың режимін дұрыс таңдау,
аппаратты тағу мен қолдану ережелерін түсіндіру. Аппаратты
тағу өз бетінше тілді толық қабылдауды қамтамасыз
етпейді, ал нәтижеге тек естіп қабылдауды
дамыту бойынша ұзақ жұмыс арқылы ғана жетуге
болатындығын атап өту керек.
Баламен отбасында үнемі тілдік қатынастың
қажеттілігі ерекше аталады. Дамудың ерте кезеңдеріндегі
қатынас, яғни сәбилік және ерте жасында, бала дамуын
белгілейтін фактор болып саналады, өйткені ол заттық, кейінгі уақытта
ойын әрекетінің қалыптасу құралы, қимылдың
түрлерін меңгерудің ынталандырғышы, тілді түсіну
мен қолданудың даму шарты қызметін атқарады. Ата-аналар
үшін сәбимен қатынасу негізінен балаға қараумен және ойнаумен
байланысты кенет үрдіс. Еститін ата-анаға естімейтін баламен қатынасуды үйрену оңай емес.
Жиі
олардың тілдік
құлықтары
әдеттегідей болмайды: олар тілді бұрмалап, түсініксіз ымдарды
қолданады, кейде, керісінше, үндемей қалады. Сондықтан
ата-аналарға эмоционалды боялған, мүшелердің
түсінікті ымдарымен қатар жүретін дұрыс тілді
қолдану қажеттілігін түсіндіру қажет. Балаға қараудың барлық
жағдайларында тіл қатар жүреді, мысалы, тамақтандыру, шомылдыру;
үлкендер қажет заттарды және орындалып жатқан
қимылдарды атайды. Тілдің өте көп сөзі
болмағаны дұрыс: бірдей жағдайларда бір сөздерді жиі
қолдану керек – бала сонда оларды тез түсінеді.
Естімейтін баламен
қатынаста арнайы жағдайларды ескеру қажет. Сәби
үлкеннің бетін анық көру керек, оның зейінін
еріннің қимылдарына тарту қажет. Егер баланың есту
аппараты болса, онымен 1 м қашықтықта сөйлесу керек –
онда бала тілді есту-көру негізінде қабылдайды. Кейде,
сөздің дыбысталуын нақтылау үшін, мысалы, ойыншық
атауын, бірнеше рет қайталап, бала ерінді көрмейтіндей, естуіне
ұсынып, артқы жағынан
немесе шет жақтан айтқан жөн. Баламен үйде
қатынасу үрдісінде, далада дыбысы бар заттарға
көңілін аударып, дыбыстарды қайталап, дыбысы бар объектілерді
атау керек (қасық түсті: бах; ит үреді: ав-ав-ав;
шаңсорғыш гуілдейді: у-у-у). Бала сөздерді немесе дыбыстарды
дауыстау әрекеттерінде үлкен адам оларды қоштап,
қайталайды, баланың әрекеттерін мақұлдап, бірге
қуанады.
Баланың барлық
әрекеттерін негізінен үлкендердің ұйымдастыруына
және педагогикалық ықпалмен байланысына қарамастан,
балалармен мазмұнына жалпы дамыту бойынша жұмыс кіретін ойындарды,
сонымен қатар тіл мен естіп қабылдауды дамыту бойынша арнайы
ойындар мен жаттығуларды жүйелі
өткізу қажет. Сабақтардың ұзақтығы
мен саны баланың жасы мен
психофизикалық қалпына байланысты. Сабақтар күні бойы бірнеше
рет, баланың сергек кезеңдерінде
өткізіледі. Мамандар бір жасқа дейінгі балалармен 3-5
минуттық 3 сабақ; екі жасқа дейін 10
минуттан 2-3 сабақ; екі-үш жас аралығында -15-20
минуттық 2-3 сабақ өткізуді ұсынады. Әдетте,
сабақтар түске дейін және түс қайта өткізіледі. Жұмыстың түрлі
бағыттарындағы сабақтар кезектеседі. Сабақ өткізу
орнын белгілеп қою керек: кілем үстінде, ойын бұрышында,
кейбіреулері – үстелде.
Сабаққа
дайындықтың үлкен маңызы бар: әр
сабақтың мақсатын белгілеу, жоспарын құру,
түрлі дидактикалық материалды таңдау. Ата-аналарға
естімейтін баламен отбасында сабақты ұйымдастыру сұрақтары бойынша
педагогикалық көмекті жүзеге асыратын сурдопедагог
кеңес береді.
Сәбилік және ерте
жастағы баламен сабақтарды қимылды, ойыншықтар мен
заттармен әрекеттерді дамытатын жаттығулар, қабылдауды (көру, тактилді-қимылдық),
вибрациялық сезімталдылықты дамыту бойынша, қоршаған
орта мен құбылыстармен таныстыру, сурет салу, жабыстыру, құру ойындары мен
жаттығулар кұрау керек. Әрине,
аталған бағыттардың кейбіреулері, мысалы, сурет салу, жабыстыру және
құру, үш жаста ғана пайда болады. Естуі
бұзылған баламен
музыкалық қабылдау бойынша жүйелі жұмысты
өмірдің бірінші жылдарынан жүргізген жөн.
Баланы жалпы дамыту бойынша жұмыс, бір жағынан, танымдық
дамуды ынталандырады, баланың әрекет түрлерінің дамуына жағдай жасайды,
мұның өзінің
тілдік даму алғышарттарының қалыптасуы және
қатынастың дамуы үшін маңызы зор.
Екінші жағынан, бұл жұмысты өткізу үрдісінде сәби
бірте-бірте
меңгеретін тілдік материалдың үлкен көлемі қолданылады.
Ата-аналарға арнайы
әдебиетте (Б.Д.Корсунская, 1970; Э.И.Леонгард, Е.Г.Самсонова, 1991;
Н.Д.Шматко, Т.В.Пелымская, 1995 және т.б.) бар ұсынымдарды
қолдауға болады. Сәбилік және ерте жастағы
еститін балаларды тәрбиелеу бойынша, оның ішінде қимылдарды
дамыту, сенсорлық тәрбиелеу, ойын түрлерін үйрету,
қоршаған ортамен танысу,
ата-аналарға ұсынылған көптеген басылымдарды
қолданған жөн.
Жалпы дамыту ойындарымен
және жаттығуларымен салыстырғанда, тіл мен естіп қабылдауды дамыту бойынша
жұмыстың едәуір ерекеше сипаты бар, өйткені ол
тілдің болмауымен және естіп қабылдау бұзылыстарымен
байланысты негізгі қиындықтарды жеңуге
бағытталған. Коррекциялық жұмысты өткізу
жөнінде ата – аналарға сурдопедагогтардың кеңестері
қажет.
Тіл мен естуді дамыту бойынша
жұмысты өткізудің негізгі шарттарының бірі – есту-тіл
ортасын ұйымдастыру, бұл орта есту аппаратын қолдану
барысында баламен үнемі тілдік қатынастың болуын
ұйғарады.
Сәби жастағы
балалардың тілін дамыту бойынша жұмыс үлкендердің
бетіне, оның сөздеріне, заттарға қарау мен естуді
шоғырландыруды дамытуға; қатынасу қажеттілігін
қалыптастыру, үлкеннің заттық және тілдік
әрекеттеріне еліктеу қабілетінің дамуына, балада дауыс
реакцияларының, былдырының пайда болуына; кейбір былдыр
сөздер мен толық сөздердің түсінуге
бағытталған.Бұл ұзақ жүйелі жұмыс
баламен қатынасу үрдісінде күні бойы және сабақтарда
өткізіледі.
Есту бұзылыстары бар
балалар өмірінің екінші-үшінші жылдарында тілдің
дамуының, жұмыс бірінші жылда басталу шартында, едәуір
жоғары қарқындылығы бар. Мәнді әрекет
немесе ойын үрдісінде баламен дұрыс ұйымдастырылған
қатынас үлкендер сөзін түсінуге және
баланың өздік тілінің қалыптасуына ынталандырғыш
болады. Бұл кезең еститін бала үшін де, естуі
бұзылған бала үшін де
өте сензитивті.
Саңырау балалардың
нәтижелері белсенді сөйлеу түрінде бұл кезеңде
көрінбейді, бұл ата-аналарды ренжітеді, бұл
кезеңнің естімейтін бала үшін маңызы өте зор.
Түрлі заттарды және құбылыстарды танумен байланысты
балада олардың атаулары мен әрекеттерін білдіретін сөздік
қоры пайда болады. Құрылымы бойынша қарапайым
фразаларды үнемі қолдану мен жиі қайталау олардың
кейбіреулерін түсінуге мүмкіндік береді. Балаға
етістіктердің мағынасын, ең алдымен, бұйрық
райында, мағынасын түсінуге үйрету керек (бер, ал, ки, же,
жүгір және т.б.), өйткені бұл фразаларды түсіну
мен қолдану үшін қажет. Сабақтарда сөздер мен
фразалардың саны заттар мен ойыншықтармен ойнау үрдісінде,
балаға түсінікті суреттерді қарауда, түрлі
ойыншықтарды қолданумен кішкентай әңгімелерді айту мен
көрсету үрдістерінде кеңейтіледі.
Бала өмірінің екінші
жасында, жүйелі коррекциялық және дамытушылық
жұмысты өткізу шартында, есту бұзылыстары бар балаларды
оқытуға ауызша тілмен қатар жазба тілі қолданылады. Ол
ауызша тілді едәуір нақты бекіту және оқуды ерте
үйрету үшін қажет, бұл естуі бұзылған
балаға өз тілдік қорын сөздер мен фразалардың
көп санымен толтыруға көмектеседі. Оқуды үйрету
бойынша жұмысты бастар алдында, ата-аналарға баланың
глобалдық оқуға дайындығын анықтап беретін,
кестелерді толтыру талаптары, оларды тұрмыста, ойындарда қолдану
туралы айтып беретін, глобалды оқуды үйрету бойынша арнайы жаттығуларды
өткізу әдістемесін ашып беретін сурдопедагогтың кеңесін
алған жөн. Оқуды ерте үйрету балалардың
кестелерде баспа әріптермен жазылған сөздер мен фразаларды
тану және оларды сәйкес заттармен, ойыншықтармен,
әрекеттермен немесе олардың бейнелерімен сәйкестіру білігін
қалыптастырумен байланысты. Ойындарда және сабақтарда бала кестелерде
жазылған кейбір ойыншықтарды, тұрмыс заттарын атайтын сөздерді бірте-бірте таниды. Глобалды
оқуды меңгерудің қарқыны баланың жасына,
сенсорлық дамуының деңгейіне, есту қалпына, жеке
ерекшеліктеріне байланысты.
Глобалды қабылданған
сөздердің қоры толуына қарай, олардың
құрамын жақсы есте сақтау мен түсіну үшін,
балаларға кесілген әліппеден сөздерді құрастыруды
үйретеді. Мұны жиі глобалды қабылданған
сөздердің әлдебір қоры бар, екі-екі жарым жастағы
балаларға үйретеді. Алдымен балалар құрамы бойынша таныс қысқа және
қарапайым сөздері бар кестенің алдында болуымен кесілген
әліппенің әріптерінен сөздерді құрастыруды
үйренеді. Оқуды үйрету бойынша жұмыс
қарқынды
жалғасын мектепке дейінгі
кезеңде табады.
Тілдің қалыптасуы –
көп жақты үрдіс, сондықтан оның түрлі
формаларын, әсіресе қатынастың негізі болатын ауызша
формасын, дамыту
қажет. Саңырау мен естуі әлсіз сәбилерде ауызша айту дағдыларын
қалыптастыру, есту аппатарын қолдану шартында, ең алдымен үлкендерге еліктеу
бойынша өтеді. Сәбидің дауыс реакцияларының белсенуі сол реакцияларды қолдауға және дыбыстар
мен олардың үйлесулерінде жаңа дыбыстардың пайда
болуына бағытталған жаттығуларды өткізу барысында
болады. Мұндай жаттығулар қатынас үрдісінде
өткізіледі: үлкендер түрлі дыбыстар мен дыбыс
үйлесімдерін қолданып, оларды гимнастика элементтерімен
қоса қолданған кезде. Бір жарым-екі жастағы
баланың ауызша тілімен жұмыстың негізгі міндеті – ауызша
қатынастың қажеттілігін қалыптастыру. Сондықтан
ойын мен тұрмыстық әрекеттерде үлкендер
ойыншықтарды, заттарды, әрекеттерді атайды, сәбидің сол
кезеңдегі дамуында мүмкіндігі бойынша еліктеу бойынша атауға
тартады. Ең бастысы – үлкендердің соңынан
қайталау әрекеттері және дыбыстарды, сөздерді,
буындарды өз бетінше айту. Тілге еліктеу қимылдарға, мәнді әрекеттерге еліктеумен
тығыз байланысты. Сондықтан дене қимылдарына,
әрекеттерге еліктеуді үйретуге көп көңіл
бөлу керек. Үлкендерге осындай еліктеулерді меңгеруіне
қарай, бала, дыбыстарды, буындарды, былдыр сөздерді айтумен,
қимылдарды орындайды. Сол уақыттан фонетикалық
ырғақ сабақтары басталады. Фонетикалық
ырғақ – мектепалды және мектепке дейінгі жастағы балалардың
сөйлеуімен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерінің
бірі.
Фонетикалық
ырғақты өткізуде дыбыстарды, буындарды, сөздерді,
фразаларды айту белгілі қимылдармен бірге жүргізіледі.
Қазіргі кезде фонетикалық ырғақты қолдану
әдісі түрлі құралдарда, бағдарламаларда
сипатталған (Э.И.Леонгард,1976,01991; Т.А.Власова, И.Н.Пфафенродт, 1989,
1998; Н.Д.Шматко, Т.В.Пелымская, 1991, 1993, 1995). Ата-аналар
фонетикалық ырғақтың міндеттерімен және оны
өткізу әдістерімен танысу үшін осы әдебиетті
қолданса болады.
Естіп қабылдауды дамыту
баланың танымдық дамуы, тіл мен сөйлеуді қабылдау
механизмдерін қалыптасуы үшін үлкен маңызы бар.
Қалған естуді дамыту
бойынша жұмысты ерте бастаудың ерекше маңызы бар, себебі есту
функциясының дамуы өмірдің бірінші жылдарында, есту
анализаторының физиологиялық дамуы өткен кезде, едәуір
сезитивті кезеңнен өтеді, бұл педагогикалық
жұмыстың нәтижелілігін қамтамасыз етеді. Бала
өмірінің бірінші айларында үлкендердің дауысына,
дыбыстық ойыншықтарға кешенді көріп-есту шоғырлану
қалыптасады. Бала естуінің дамуының маңызды шарты –
есту аппараттарын ерте қолдану, оны қолданғанда, бала кейбір
қатты тұрмыстық дыбыстарды, әсіресе үлкендер
зейінін аударғанда, қабылдай алады. Аппаратты тағу
баланың үлкендермен қатынасқанда үлеуін, былдырын
жақсартады. Сәбилермен ойыншықтардың дыбыстарына,
өз атына қарау, дыбыс бағытын анықтау (дыбыс
шыққан жаққа басын бұру), былдыр сөздер мен
ойыншықтардың атауларын білдіретін еліктеу дыбыстарын тыңдау
білігіне бағытталған арнайы жаттығуларды да жүргізе
бастайды.
Едәуір жүйелі
жұмыс бала өмірінің екінші жасында басталады. Баланы таныс
заттарды білдіретін былдыр және толық сөздерді тануды
үйретеді. Сәбиді аппаратпен және аппаратсыз естуді
үйретеді. Бірте-бірте сөздерді дыбыстау
қашықтығын ұлғайту керек.
Естіп қабылдауды дамыту
бойынша жұмыс тілдің сөйлеу жағын қалыптастырумен
тығыз байланысты: сәбиді естіген сөздерді
қайталауға үйретеді. Естуге ұсынылған
сөздер мен фразалардың саны бірте-бірте ұлғайтылады.
Сонымен қатар балалар музыкалық ойыншықтармен танысып,
олардың дыбысталуын таниды.
Тұрмыста баланы
естіп-көріп қабылдауға және тек түрлі
ойтүрткілер мен сұрақтарды
естіп қабылдауға үйретеді.
Естіп қабылдауды дамыту
бойынша арнайы сабақтармен бірге балаларды түрлі
тұрмыстық шулардың, табиғат дыбыстарының, көлік
дабылдарының мағынасын түсініп, қарауды үйретеді.
Балалар үшін
өлеңдер мен музыкалық пьесалары бар күйтабақтарды
тыңдау естіп қабылдаудың дамуына
жағдай жасайды. Үлкендер баламен бірге музыка ырғағымен
қимылдайды, би қимылдарын жасауға баланың өзін
тартады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
1.Л.А.Головчиц. Мектепке дейінгі сурдопедагогика.
Есту бұзылыстары бар мектепке дейінгі жастағы балаларды
тәрбиелеу және оқыту. – М., 2001.
2.Б.Д.Корсунская. Отбасындағы саңырау
мектепке дейінгі жастағы баланы тәрбиелеу. – М.
3.Н.Д.Шматко, Т.В.Пелымская. Егер сәби
естімесе...- М., 1995.