Сейітқазиев Ә.С., Кундыбаева Р.М.,Тоқынбаева А.Т.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

СҰРҒЫЛТТЫ –ШАЛҒЫНДЫ ТОПЫРАҚТАРДЫҢ БҰЗЫЛУЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ

 

Тұзданған жерлерге мелиоративтік шараларды қолданып, оларды тұщыландыру мәселесі бойынша зерттеу мен өңдеу жұмыстары көп жылдық еңбектер негізінде сарапталған. Дегенмен, қуаңшылық аймақтарда, әсіресе, топырақтың тозу шегіне жетіп, жыртылатын танаптың кебірленіп   ыза суы деңгейі көтеріліп, қоршаған ортаның ластану құбылысына жету байқалуда. Мұндай егіс танаптарындағы су мен тұзды дер кезінде реттеп, тұщыландыру технологиясын тиімді пайдалану арқылы, ластанған, айналымнан шықан  Сұрғылтты-шалғынды жерлерді өңдеп, құнарлылығын қалпына келтіру жағдайында ғана өнімділік көлемін көбейту мүмкіндігіне жетуге болады.

Көп жылдық зерттеу тәжірибелерінен байқағанымыз жартылай шөлейтті  аймақтардағы суғармалы жерлердің тұздануын белгілі бір деңгейге келтіріп, мүмкін болатын ауыл шаруашылық өнімдерін алу үшін, ең алдымен, тұздануға себеп болатын салдарды анықтауымыз қажет. Ендеше, тұзданған аймақтың табиғи жағдайы әр түрлі аймақтардағы буланғыштық пен булануын геожүйеге байланысты аймақтардағы - буланғыштығы мен булануын салыстырсақ, олардың шамасы солтүстіктен оңтүстікке дейінгі шөлейтті аралықта 2000 мм жылына артатындығы белгілі [1-2 ].

Жер асты сулары жақын орналасқан (2-3м) егістік танаптарында, ағынсыз судың қорлары - қаныққан аймақтық экологиялық қозғалыста батпақтану үдерісін тудырып, одан кейін біртіндеп, суғармалы жердің тұздануын, сордың қалыптасуын және мелиоративтік қолайлы жерлерді ауыспалы егіс қатарынан шығаруы мүмкін. Қаныққан аймақтың дамуы -  топырақтағы биологиялық өзгерістермен, кеуектік ерітіндісінің қалыптасуындағы орын алатын ықпалдың бірі, олай болса, бұл өсімдік жамылғысы арқылы өтетін ылғалдылықты көрсетеді. Гидроморфты топырақта ыза суының капиллярлық жоғарылату жағдайында топырақ қалыңдығын қосымша дымқылдандырып, олардың түзілуіне өте қуаң биоклиматтық алмасудағы шөлейттің түрін байқатады.

Топырақтың тектік, сулы-физикалық қасиеттеріне сәйкес ауаландыру аймағындағы су және тұздың алмасуын реттеп, жер асты суларының минералдылығын бақылауға алып, геожүйедегі сұрғылтты-шалғынды топырақтардың мелиоративтік-экологиялық күйін жақсартып, топырақ құнарлығын қалпына келтірудің тиімді технологиясын ұсынып, тұзданған, жарамсызданған жерлерден өнім алу жұмыстың   көкейкестілігін көрсетеді.

Топырақ құнарлылығын арттыру және жақсартып, қалпына келтіру шаралары - өте күрделі үдерістерден тұрады. Ең алдымен, зерттелетін нысандағы топырақтың түрі, органикалық қосылыстағы құрамы сулы-физикалық қасиеттері, табиғи түрдегі химиялық құрамы т.б. ерекшеліктері жүйелі түрде талданып айқындалуы қажет. Кез келген топырақты жақсартудың экологиялық-мелиоративтік шараларды қолданудың тәсілдері, технологиялық үлгілері, базалық ақпараттық мәліметтері жеткілікті болуы керек. Тозығы жеткен, жарамсызданған топырақтарды қайта қалпына келтіру – бір күндік, бір маусымдық, қысқа мерзім емес. Ауыспалы егіс танабынан шығарылған, өнім алуға жарамсыз жерлерді игеріп өнім алудың агротехникалық жолы өте күрделі. Біріншіден – дақылдардың аудандастырылып немесе бейімділік жағдайына, екіншіден – егіс танабындағы айналымына, үшіншіден – топырақтың шірінділік құрамына, төртіншіден – геологиялық және гидрогеологиялық жағдайларына, бесіншіден – топырақтың тұздану дәрежесі мен химиялық құрамына, алтыншыдан – топырақтың геоморфологиялық құрылымына, жетіншіден - өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктеріне және агротехниканы қолдану техникасы мен технологияларына тікелей байланысты. Әрине, зертте аймағының қуаңшылық немесе ылғалды болуына тікелей байланысты.

Жер қорларының тозуы – топырақтың жарамсыздануы, жер беті және асты қыртысты қабаттардың ластанып, топырақтың тектік  қабаттарының құнарсыздануы. Жерді ауыл шаруашылығына қайта өңдеп, құнарын арттырып, бастапқы қалпына келтіру, табиғат ерекшеліктеріне сай, өсімдіктер мен ағаштар егу, дақылдарды табиғат ерекшеліктеріне сәйкес таңдап,, агротехникалық негізде қалыптастыру. Жердің геологиялық, гидрогеологиялық құрылысын тереңде, жүйелі түрде зерттеуді қажет етеді.

  Өндірісте алынатын өнімнің төмендеуі, табиғи ландшафттардың ластануы мен тозып, жарамсыздануының   көбеюі байқалады. Мұндай құбылыстарға себепші, ауаға, топыраққа және суға уытты заттардың шығарлуы, табиғи ортаның бұзылуы осының салдарынан түрлі қауіпті аурулардың көбеюі туындайды. Бұл құбылыстардың азайып, болмауы үшін, экологиялық сараптама қажет, яғни табиғаттағы тіршіліктің негізін, табиғатты құраушылардың өзгеруін, өнімдердің барлық түрлерін, сонымен қатар, адамдардың денсаулығына әсер ететін зиянды зардаптарды, өсімдік жануар тағы басқа ағзаларға кері әсер етуші ықпалдарды, оны жақсартудың сараптамалық тәсілдерін жасау қажеттілігі туындайды.                

Сортаңды топырақты тұздардың ығысуының бәсеңдеуі тек диффузиялық қарсы ағынның нәтижесінде болмайды. Сортаң топырақ массасының ісінуі мен ыдырауының артуы мынаған әкеледі, бұл шаю кезінде үлкен көлемдегі суда натрий тұзының ерітіндісінің артуымен қозғалмайтын қалыпта болады немесе аз қозғалатын, сүзілгіштік ағынмен төмендейтін жағдайды қаламайды. Әсіресе, көмір қышқылы натрий (Na2СО3) тұзы топырақ ерітіндісіне түспей, желімденіп, ұзақ уақыт сақталып, ыдырау құбылысы жүргенше, сол қалыпта қалады. Бұл тұзды өндірісте көң, ғаныш т.б. химиялық минерал қолданып, белгілі t уақыт аралығында толық ылғал сыйымдылығы көлемінде қанықтырып, ерітіндіге өтіп, ыдырау құбылысы басталғаннан кейін ғана шаюды бастау керек [2].

Құрылымды топырақтардан тұздарды жуудың жылдамдығы, топырақтан және олардың ылғалдығынан құралған агрегаттардың өлшемдеріне байл-анысты. Құрғақ топырақта, ондағы көптеген, тіпті, еритін тұздардың үлкен бөлігі, жекелеген кесектердің бетінде, өңі өзгерген түрде жүреді. Шаю суының бірінші кезегі ерітеді және топырақты терең жуады , ондағы үстінде болатын жекелеген ішкі ірі тұздарды ығыстырады [3].Мәселен ,топырақтың сулы –физикалық қасиеттеріне байланысты гидрохимиялық көрсеткішерін анықтау1-кестеде  көрсетілген.

1-кесте. Топырақтың гидрохимиялық көрсеткішерін анықтау

Топырақ тың механикалық

құрамы

Сүзілу коэффициенті,Ке ,

м/тәу

Тұзданудың дәрежелері, %

Өтімді кеуектілік,

nа

Қанығу жылдамдығы,V

м/тәу

Гидрохимиялық көрсеткіштер

Β,тәу-1

P e ,

 D  * ,

 м 2/тәу

α

So

 

Sм

 

Құмдақ

 

3,5

 

2,0

 

0,2

 

0,45

 

0,0125

 

0,0575

 

5,75

 

0,0110

1,12

Жеңіл саздақ

 

1,2

2,0

 

0,3

 

0,43

 

0,010

 

0,034

 

3,4

 

0,016

1,54

 

Орташа

саздақ

 

0,6

2,0

 

0,4

 

0,42

 

0,0070

 

0,022

 

2,2

 

0,018

1,71

Саздақ

 

0,2

 

2,0

 

0,4

 

0,40

 

0,0067

 

0,015

 

1,5

 

0,028

2,55

 

Балшықты

 

0,03

 

2,0

 

0,4

 

0,38

 

0,0067

 

0,012

 

1,2

 

0,039

3,47

 

Әдебиеттер:

1.   Сейітқазиев Ә.С. «Суғармалы геоэкожүйелердегі тұзданған топырақтың  су-тұз алмасуы», Тараз, 2010, -294б.

2.    Сейтказиев А.С.. Салыбаев С.Ж.. Байзакова А.Е.. Музбаева К.М. Экологическая оценка продуктивности улучшения засоленных земель в пустынных зонах республики Казахстан Тараз. 2011.-274с.