Тұтыну нарығының аймақтық ерекшеліктерін талдау

Ералиева Г.А.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

«Экономика» мамандығының магистранты

Ерниязова Ж.Н.

«Экономика және менеджмент» кафедрасының

аға оқытушысы,э.ғ.к.

Бүгінгі таңдағы экономикалық мәселелердің бірі – нарықтың  қызметуінің жалпы жүйесін қалыптастыру. Қазіргі кезде жер шары тұрғындарының 30% мал шаруашылығының өнімдері есебінен тамақтануларын қанағаттандыруда. Ал, тропикте 250 млн. бас мал ауыр жұмыс күші ретінде қолданылып, олардың көмегімен сол аймақтың 60% жері жыртылады. Дамушы елдерде мал есебінен тыңайтқыштарға деген қажеттіліктердің 70 пайызы қамтамасыз етіледі .

Дамушы әлемдегі либерализациялау нәтижесінде экспорт пен импорттың көбеюі байқалады. Неғұрлым ашық экономикалық ортада дамушы мемлекеттерде еңбек сыйымдылығы бар өнімдерді сыртқа шығару жыл сайын жоғарылауда.

Бүгінгі күні әлем бойынша өндірістік әдіспен үй құстарының 74%, шошқалардың - 50%, сиыр еті мен жұмыртқалардың - 68% өндіріледі. Қазіргі таңда АҚШ-та 4 компания сиыр етін өндіру нарығының 81% ұстап отыр. Tyson Foods пен Pilgrims Pride бройлерлік тауық етінің 56% қамтамасыз етуде. Tysonның жылдық сатылымы 26 млрд. АҚШ долларынан асады.

Кез-келген елдегі өндіріс үдерісі негізінен ішкі нарықтың шектеулілігіне байланысты дамиды. Көбінесе, халықаралық еңбек бөлінісі ұсынып отырған тиімділіктерді пайдалануға қаншалықты деңгейде дайын екендігіне байланысты. Қазақстанның өндірістік құрылымы Еуропа Одағына мүше басқа елдердің индустриалдық құрылымынан өзгеше. Қазақстандық өндіріс үшін ең алдымен “қайта мамандандыру” тән, яғни ең төмен деңгейде өңделген тауарларды экспорттау. Мысалы, Европа Одағының Қазақстаннан алатын негізгі экспорттық бабы шикізат болып табылады.

ТМД-ның көптеген елдерінде бірнеше жылдар бойы нарықтан тыс саудалық ұйымдардың сауда-саттық көлемдерінің өсу тенденциясы әлі сақталуда. Кейбір мемлекеттерде сауда-саттықпен айналысатын ұйымдардың тауар айналымының көлемін негізінен шағын кәсіпкерлік субъектілері анықтаса, ал басқа мемлекеттерде – ірі  және шағын кәсіпорындар тауар айналымын ұстап тұр.

Егер дамушы елдер шетке тек шикізат қана шығару экспортымен шектелсе, онда олардың бір-бірімен сауда-саттық қатынастарын жасаудың қажеттілігі жоқ. Өйткені экспорт дамыса ғана сауда-саттық жасау үшін алаң пайда болады.  Осыған байланысты дамушы елдер, әдетте дамыған елдермен салыстырғанда  бір-біріне неғұрлым қатаң талаптар  қояды.

Қазақстанның барлық аймақтарында ТМД елдеріне және алыс шет елдерге жіберілетін, сонымен бірге ішкі және сыртқы нарықтарда үлкен сұранысқа ие тағам өнімдерін шығарумен айналысатын ірі кәсіпорындарды жақсы жұмыс істеуде. Келтірілген талдауларға сүйенсек, Қазақстанның агротехниканы күшейту, селекциялық жұмысты жолға қою, дәнді дақылдар құрылымын мамандандыру арқылы әлемдік нарыққа шығуына, өндірілген өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға молынан күші жетеді. Қазірдің өзінде Қазақстан ұн экспортынан екінші орынға, жем мен сұлы бойынша жетінші орында болса, макарон өнімдерін шығарудан бесінші орында тұр.

Соңғы жылдары кәсіпорындарды жаңарту, инвестициялар ауқымын көбейту сияқты жұмыстардың нәтижесінде экономиканың барлық салаларында сапалы өзгерістер болды. Бұрынғы өндірістер қайта жандануда, сұранысқа сай сапалы өнімдер өндірілуде. Бұл сыртқы сауда динамикасына әсер етіп, экспорт пен импорттың көлемін көбейтіп, оның түрін ұлғайтты.

Тауар өндірумен айналысатын шағын кәсіпорындардың ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін игеру арқылы бәсекеге қабілетті өнімдер өндіруге мүмкіндіктері жоқ. Сондықтан мемлекеттің қазіргі аграрлық саясаты орташа және ірі мал шаруашылық кәсіпорындары мен фермаларын құру, оларда жоғары сапалы мал өндіру мен озықтандыру базасын нығайтуға бағытталып отыр.

Сонымен әлемдік жүн өндіруге қой басының саны, бір қойдан қырқылатын жүн, қорлар мен тұтыну деңгейі, биржалық баға мен жүн өндіретін аймақтың ауа-райы сияқты т.б. факторлар әсер ететіндігі анықталды.

Қазақстанның әлемдік нарықтық шаруашылыққа интеграциялануы – бәсекеге қабілетті тұтынушы секторын құруға және шаруашылық аралық байланыстарды макродеңгейге көтеруге негізделеді.

Тұтыну нарығының экономикалық механизмін дамыту шаралары – экономикалық ынталандырудан және өндірушілерді әлеуметтік тұрғыдан қорғаудан тұрады. Осыған байланысты экономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз етудің басты мақсаты – баға факторы түріндегі нарықтың ұсынысы мен сұранымына көңіл бөлу.

Казіргі уақыттағы тұтыну нарығын  қазақстандық халықтардың соңғы қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен сатып алу-сату үдерісінде қалыптасатын, тауар-ақша және әлеуметтік-экономикалық қатынастар негізінде сауда-саттықтың әртүрлі салаларында пайда болатын кәсіпкерлік қызмет аясы ретінде қарастыруға болады.

Соған сәйкес, тұтыну нарығының қалыптасуы және оның тиімді қызмет етуі, халықтың ауыл шаруашылық, азық-түліктік және азық-түліктік емес өнімдерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыруды реттеу көбінесе, жаңа өндірістік қатынастар талаптарына сәйкес келетін экономикалық механизмді жетілдіруге тікелей байланысты.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1 Жалелова Р.З. Потребительские рынки Казахстана и обеспечение их сбалансированности. Алматы, - 2002

2 Курганбаева Г.А., Куанова Г.А. Анализ развития сельскохозяйственной отрасли в Казахстане // Аналитик -№4, -2002

3 Потребительский сектор и финансовые услуги в Казахстане: состояние и перспективы развития // Финансы и кредиты, Алматы, -№ 5(28), -31.05.2006г.