Қазақстандағы
еңбек көшi-қонын институционалдық қамтамасыз ету
Абжалелова
Маржан
Қорқыт
Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
«Экономика»
мамандығының магистранты
Ерниязова Ж.Н.
«Экономика және
менеджмент» кафедрасының
аға
оқытушысы,э.ғ.к.
«Институционализм» екі түсінікпен байланысты: «институция» -
тәртіп орнату, әдеттерді қалыптастыру; «институт» - заң
немесе мекемелер түрінде әдеттер мен тәртіптерді бекіту.
Еңбек көшi-қонымен байланысты мәселелер Қазақстан
үшiн маңызды алғышарт болып табылады. Қазiргi
таңда республикада ұлттық көшi-қон саясатын
жасау, жүзеге асыру, еңбек көшi-қонын басқару
сияқты маңызды мәселелердi шешуге байланысты көптеген
қиыншылықтарды бастан кешiруге тура келедi.
Мемлекеттiң көшi-қон саясатында институционалдық
тұрақтылық едәуiр роль атқарады.
Көшi-қон саясатының субъектiлерi атқарушы
билiктiң орталық және жергiлiктi органдары болып табылады.
Көшi-қон саясатының негiзгi бағыттарын
анықтау, оларды жүзеге асыру тетiктерiн жасау келесi
құрылымдардың мiндеттерiне кiредi: Еңбек және
халықты әлеуметтiк қорғау Министрлiгi, Сыртқы
iстер Министрлiгi, Iшкi iстер Министрлiгi, Қазақстан
Республикасының
Ұлттық қауiпсiздiк Комитетi және Кеден Комитетi.
Келесі маңызды қадам заңсыз көші-қон, оны бақылау,
босқындар, иммиграция мәселесімен айналысатын бірыңғай
құрылым құру. Қазіргі кезде иммигранттардың
мемлекеттік шекарадан өткеннен бастап, ел территориясындағы
қозғалысын құқықтық
бақылауға нақты мүмкіндік беретін бірыңғай
мемлекеттік механизм жоқ. Сондықтан, Қазақстан
Республикасының территориясына келуші заңсыз көшіп
қонушыларды есепке, бақылауға алу қиынға
түседі.
Қазақстанда шетел азаматтарына
тұрақты тұруға рұқсат бергенде,
“іріктеу” процедурасы пайдаланылмайды.
Қазақстан территориясында тұрақты
тұратын шетел азаматтары
мемлекеттік қызметтен басқа барлық кез-келген
қызметте еңбек ете алады.
Сондықтан, біз шетел азаматтарына Қазақстанда
тұрақты тұруға рұқсат бергенде
жоғарыда аталған талаптарға қоса, үміткерді
келесі критерийлер бойынша бағалауды ұсынамыз: білімі; біліктілігі;
жұмыс тәжірибесі; жасы.
Шетел азаматтарының Қазақстанға келу, кету ретi,
Қазақстанда тұрақты немесе уақытша
тұруға құқық беретiн құжаттарды
рәсiмдеу, Қазақстан территориясындағы шетел
азаматтарының қозғалысы және Қазақстан
арқылы өтулерi, болу мерзiмiн ұзарту немесе
қысқарту, сонымен қатар шетел азаматтарын ел территориясынан
шығару Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2000-жылдың 28-қаңтарында бекiтiлген «Шетел
азаматтарының
Қазақстанға келу, кету, сонымен қатар болу
ережелерi» қаулысымен анықталады.
Қазақстан Республикасының көші – қон
саясатының тұжырымдамасының негізгі басымдылықтары
ретінде келесілер көрсетілген:
- көші – қонды бақылаудың тиімді жүйесін құру және дамыту арқылы заңсыз көші – қонның алдын алу. Көші – қон саясатының тұжырымдамасы ол үшін көші – қонды бақылау жүйесін құру мен дамытуды қарастырады. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының территориясына келген шетел азаматтарының тіркеу жүйесін жетілдіру, заңсыз көші – қонның алдын – алу әдістерінің тиімділіктерін арттыру үшін көптеген іс – шаралар жасалды;
- шетел жұмысшы күшін тартуды және пайдалануды бақылауды күшейту және ауылдық жерлердегі еңбекке жарамды халықты инфрақұрылымы дамыған және жері құнарлы аймақтарға көшіру арқылы сыртқы және ішкі еңбек көші – қонын реттеуді қамтамасыз ету;
- елдің интеллектуалды әлеуетін сақтауға әрекет жасау. Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты кетіп қалған эммигранттардың ішінен ғалымдар мен кәсіпкерлердің, білікті мамандардың елге қайтуын ынталандыруды қарастырылған .
2007-2015 жылдарға арналған Қазақстан
Республикасының көші-қон саясатының Салалық
бағдарламасында негізгі бағыттар ретінде сыртқы
эммиграциялық процестерді қысқарту және
тұрақтандыру, заңды және заңсыз
көші-қонды бақылау мен реттеу, оралмандардың
елдің әлеуметтік–экономикалық өміріне кірігуіне
жан-жақты жағдай жасау, босқындар мәселелерін реттеу,
экономикалық және тоқыраған аймақтардан
көшуге және тұрақты экономикалық өсуге
байланысты ішкі көші-қонды реттеу көрсетілген.
Көші-қон процестерін реттеу саласындағы басты құжаттар
Қазақстан Республикасының көші-қон
саясатының тұжырымдамасы мен Қазақстан
Республикасының 2007-2015 жылдарға арналған
көші-қон саясатының Салалық бағдарламасы
Қазақстан Республикасындағы демографиялық
жағдайды жақсартуға бағытталған. Аталған
құжаттарда көші-қонның экономикалық
жақтарына және елдің интеллектуалдық әлеуетін
сақтау мен дамыту механизміне көп көңіл
бөлінбеген.
Ұсынған шаралар еңбек көшi-қонын
бақылауды күшейтуге, сонымен қатар Қазақстан
экономикасы үшiн оның тиiмдiлiгiн арттыруға, яғни адам
капиталының деңгейiн көтеру үшiн бiлiктi кадрларды
тартуға, нәтижесiнде елдiң бәсекеге
қабiлеттiлiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1
Катарбаева А. О состояний рынка труда в 2005 году
//Труд в
Казахстане. -2005.№9.
2
Рязанцев С. Трудовая миграция в СНГ: тенденции и
проблемы
регулирования //МЭиМО.-2005.№11.
3
Сансызбаева Х. Наш
взгляд на состояние рынка труда в Казахстане //
4
Притворова
Т.П. Регулирование трудовой иммиграции в Казахстане //
Труд в Казахстане. -2006.№1.