э.ғ.к., доцент Аязбаева
Г.Н., студент Жеткенова А.
Алматы
менеджмент университеті,
Казақстан
Басқару жүйелерін зерттеудің
тиімділігі және оларды жобалау
Ұйымның
экономикалық тұрақтылығы, оның
өміршеңдігі және нарықтық қатынастар
жағдайындағы жұмыстың тиімділігі, оның
үздіксіз жетілуімен және тұрақты дамуымен тікелей
байланысты. Оның үстіне ұйымның әбден жетілуі –
сыртқы ортаға бейімделу принципі негізінде жүзеге асуы тиіс.
Бүгінде
ұйымның тұрақты жетілуі мен бейімделу
қажеттілігін анықтайтын факторлар анық көрініп келеді.
Олар:
-
өндірілген немесе сатылатын өнім мен қызмет түрлерін
өткізу нарығы;
- өткізу нарығы немесе бастапқы
материалдарды, энергияны, тауарлар мен қызмет түрлерін тұтыну
нарығы;
-
қаржы нарығы;
-
еңбек нарығы;
-
қоршаған табиғи орта.
Бұл
факторларды ескермей, даму стратегиясын жоспарлау мүмкін емес.
Сондықтан кез келген кәсіпорынның, ұйымның
табысты жұмыс істеуі және өміршеңдігі, сыртқы
өзгерістерге тез бейімделу қабілетіне байланысты. Ұйымды
сыртқы ортадағы өзгерістерге сәйкес келу күйінде
ұстауға тұрақты ұмтылуы – бейімделу деп аталады
және ол – басқару принципінің негізі. Жаңа өнімді,
қазіргі техника мен технологияларды тез игеруде; еңбекті
ұйымдастырудың, өндірістің және басқарудың
ұтымды формаларын қолдануда, кадрлық белсенділікті жетілдіріп
отыруда – ол үнемі көрініп
отырады.
Қазіргі
өндіріс пен қоғам үздіксіз дамып келе жатқанда –
басқару да тұрақты даму үрдісінде болуы керек,
бірақ күнделікті ағымдар мен мүмкіндіктерге зерттеу
жүргізбей, дамудың баламалары мен бағыттарын таңдамай –
оған қол жеткізу мүмкін емес.
Ұйымның
күшті және әлсіз жақтарына талдау жасау үшін,
кәсіпорын басшылығы мыналарға баға беруі керек:
фирманың мүмкіндіктерді пайдалана алатындай күші бар ма
және болашақта пайда болатын мәселелерді шиеленістіріп
жіберетін қандай әлсіз тұстар бар? Ішкі
қиындықтарға диагностика жасау үшін пайдаланатын
әдісті – басқару тарапынан жасалатын тексеру деп атайды. Бұл
әдіс – ұйым жұмысының түрлі салаларын кешенді
түрде тексеруге негізделген. Тексерудің стратегиялық
мақсаттарын жоспарлағанда, оған жұмыстың алты
саласын кіргізу қажет:
-
маркетинг;
-
қаржы (бухгалтерлік есеп);
-
өндіріс;
- персонал;
-
ұйымдастыру мәдениеті;
-
ұйымның имиджі.
Нарықтық
факторлардың көптеген мінездемесі бар және олар
ұйымның тиімді жұмыс істеуіне тікелей әсер етеді.
Оларға талдау жасаған басшылар ұйымның ұтымды
стратегиясын жасап шығаруға және ұйымның нарықтағы
пікірін нығайтуға мүмкіндік алады. Оның үстіне
кәсіпорынның демографиялық жағдайы, халықтың
табыс деңгейі және оны бөлу, әр түрлі тауарлар
мен қызметтің өмірлік циклы, бәсекелестік
деңгейі, ұйымның нарықтағы үлесі және
оның сиымдылығы зерттеледі.
Технологиялық сыртқы ортаны бақылау – ұйымның
жұмысына қауіп төндіретін өзгерістердің пайда
болуын уақытында байқап отыруға мүмкіндік береді.
Технологиялық сыртқы ортаны бақылау – өндіріс
технологиясындағы, конструкциялық материалдардағы, жаңа
тауарлар мен қызметтерді жобалау барысында есептегіш техниканы
қолданғанда, басқаруда, ақпаратты жинау,
өңдеу және жеткізу технологиясы өзгергенде, байланыс
құралдарындағы өзгерістерді ескеруі тиіс.
Бәсекелестік
факторларын талдау – басшылық тарапынан бәсекелес-терінің
іс-әрекеттерін үнемі бақылап отыруды көздейді.
Бәсекелестердің жұмысын талдағанда, төрт
диагностикалық «аймақты» бөліп көрсетуге болады:
-
бәсекелестердің болашақ мақсаттарына талдау жасау;
-
олардың қолданыстағы стратегиясына баға беру;
-
бәсекелестерге қатысты алғышарттарға баға беру;
-
бәсекелестердің күшті және әлсіз жақтарын
зерттеу.
Қаралып
отырған факторлар тобын зерттеу арқылы сыртқы ортаны талдау,
ұйымның басшылығын қызықтыратын
сұрақтарына жауап алуын жеңілдетеді. Мәселен,
сыртқы ортадағы қандай өзгерістер ұйымның
күнделікті стратегиясына ықпал етеді; қандай факторлар
ұйымның күнделікті стратегиясына қауіп төндіреді;
жалпы фирмалық мақсаттарға жету үшін қандай
факторлар көбірек мүмкіндік береді?
Сонымен,
зерттеу – ұйым менеджментінің құрамдас бөлігі
ретінде, жоғарыда аталған факторлар мен нақты
ұйымның жүйелік сипатын техника-экономикалық және
ұйымдық тұрғыда зерттейтін әдістердің
жиынтығы болып табылады. Жүйелік сипаттаманы жетілдірудің
жолдары мен әдістерін іздеу – менеджменттің құрамдас
бөлігі болып келетін зерттеудің негізгі мақсаты.
Жалпы
менеджмент позициясынан қарасақ, мұндай сипаттамаларға
мыналар жатады:
-
басқару жүйесінің мақсаттары;
-
басқарудың міндеттері;
-
басқару шешімдері;
-
басқару құрылымы.
Ұйым
менеджментінің құрамдас бөлігі болып келетін
зерттеудің негізіне келесі принциптер жатады: жүйелік тәсіл,
ол – нақты объектіні жүйе ретінде қарап зерттеу, олай болса,
оған жүйеге тән барлық элементтер мен сипаттамалар
кіреді, яғни «кіріс», «үрдіс» және «шығыс»
сипаттамалары.
Бұған,
сондай-ақ: басқару әдістері, басқару технологиясы,
ұйымдық құрылым, басқару кадрлары, басқарудың
техникалық құралдары, ақпарат кіреді. Сонымен
қатар, объектінің элементтері арасындағы байланыстары
қарастырылады, және оны одан да жоғары деңгейдегі ішкі
жүйе ретінде қарауға мүмкіндік беретін объектінің
сыртқы байланыстары да қаралады:
- функционалдық
тәсіл – басқару немесе өндіріс үрдісі кезінде аз
шығын шығарып, белгіленген сапалық деңгейде
басқару шешімдерін қабылдауды қамтамасыз ететін басқару
міндеттерін зерттеуді білдіреді;
-
басқару қызметінің нәтижесін және басқару
аппаратын ұстауға кеткен шығынды жалпы мемлекеттік
тұрғыдан бағалау;
-
басқару жүйесін жетілдірудің ең үнемді және
тиімді вариантын: ұжымдық, шығармашылық жолмен іздеу.
Зерттеу
мына жағдайларда жүргізіледі:
-
ұйымның басқару жүйесін жетілдіру қажет
болған кезде;
-
қайта құрылып жатқан ұйымның басқару
жүйесін жасап шығару керек болғанда;
-
өндірістік бірлестіктерді немесе кәсіпорындарды қайта
құру я болмаса техникалық жаңарту кезінде –
басқару жүйесін жетілдіру қажет болғанда;
- меншік
формасы өзгергенде, басқару жүйесін жетілдіру керек
болғанда.
Зерттеу –
менеджменттің құрамдас бөлігі ретінде келесі міндеттер
қояды:
1.
Басқаратын және басқарылатын ішкі жүйелер
арасындағы оптималды тепе теңдікке қол жеткізу
(бұған: басқарылатын нормалардың көрсеткіштері,
басқару аппараты жұмысының тиімділігінің
көрсеткіштері, басқаруға жұмсалатын шығындарды
қысқарту кіреді);
2.
Басқару қызметкерлері мен өндірістік
құрылымдардағы жұмысшы-лардың еңбек
өнімділігін арттыру;
3.
Басқаратын және басқарылатын ішкі жүйелерде
материалдарды, еңбек, қаржы ресурстарын пайдалануды жақсарту;
4.
Өнім мен қызметке кететін шығындарды азайту және
олардың сапасын арттыру.
Зерттеулердің
нәтижесінде – ұйымды басқару жүйесін жетілдіруге
қатысты нақты ұсыныстар жасалуы керек. Басқару
жүйесін зерттеуге арналған жоба құрылғанда
мыналар қажет болады:
-
басқару жүйесін зерттеудің сипаттамасын беру;
-
қазіргі ұйымның нарық экономикасы талаптарына сай
келуі;
-
ұйымдастыруға қатысты дамудың үнемі жетіліп
отыруы. Ұйымның қызметін зерттеу – ұйымдастыруға
қатысты жаңалықтар енгізуге база болады.
Әдебиет:
1. Кулапов В.Л. Основы теории государства и права:
Методические рекомендации для повторения курса. – Саратов: СГАП, 1999.
2. Кубаев К.Е. Теория и
практика менеджмента. – Алматы:
«Қазақ университеті», 2005
3. Румянцева З.П. и
др. Модульная программа
для менеджеров. Модуль 10. «Общее
управление организацией:
принципы и процессы». – М.: Изд. дом
ИНФРА-М, 1999.
4. Сажина М.А., Чибриков Г.Г.
Экономическая теория. Учебник для вузов. – М.: Издательство НОРМА, 2001.