АЙМАҚТЫҚ САЯСАТ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН
СТРАТЕГИЯЛЫҚ
ЖОСПАРЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Н.М. Тойшибекова экономика магистрі
М.Х.Дулати
атындағы ТарМУ
Бүгінгі
таңда аймақтардың экономикалық даму нәтижелері
олардың жедел өзгермелі халықаралық және
ұлттық деңгейдегі нарықтық
қатынастарға тезірек бейімделу қабілетіне байланысты болып
отыр.
Аймақтардың
келешектегі экономикалық жағдайын жақсарту үшін
стратегиялық тұрғыдан жоспарланған экономикалық
даму бағыттары пайдаланылып отыр. Жергілікті экономикалық даму
(ЖЭД) аймақтың (қаланың) экономикалық потенциалын
қалыптастыра отырып, аймақтың болашақтағы
экономикалық дамуын жетілдіріп,
халықтың тұрмыс деңгейін көтеруді
көздеп отыр.
Экономикалық
дамуды жетілдіріп, аймақтың тұрғындарын еңбекпен
қамтамасыз етуге бағытталған осындай күрделі процесске
жеке меншік иелері, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар
бірлесе отырып ат салысуы тиіс.
Әрбір
қала мен елді мекен
экономикалық дамуды жетілдіруге қолайлы өзіндік
жергілікті жағдайларымен сипатталады. Аталмыш жергілікті жағдайлар
экономикалық даму стратегиясын ендіру мен қалыптастыруға
негіз бола алады. Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, жергілікті
күшті экономиканы
қалыптастыру үшін
қауымдар жергілікті жердің әлді, әлсіз
жақтарын және мүмкіндіктері мен қауіптерін ескере
отырып, бірлескен стратегиялық тұрғыда жоспарланған іс
әрекеттер жүргізуі тиіс.
Бұндай
процесс аймақтарға деген
бизнестің, жұмысшы күші мен жәрдем
институттарының қызығушылығын арттырады.
Жеке секторларды
дамытудағы келеңсіздіктерді жойып әлеуметтік
–экономикалық дамуды белсенді түрде зерттей отырып, нығайту мақсатында
стратегиялық бағдарламалар мен жобалар қабылданып
отырылды. Осылайша, аймақтар
өзінің экономикалық базасын ұлғайтып,
тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз етіп отырды.
Қазіргі
таңда қалалар мен аудандық жерлердің алдында
бұдан да зор мақсаттар қойылып отыр, ол дегеніміз
аймақтардың жергілікті экономикалық дамуын стратегиялық
жоспарлы түрде жүргізу қажеттігінің зор маңызы
бар екенін көрсетеді.
Бүгінгі
таңда аймақ
ресурстарының құндылығы маңызды емес, нарық экономикасының талаптарына
сай ресурстарды бейімдейтін және қайтадан қалыптастырушы
аймақтық басшылық пен бизнестің мүмкіншіліктері
маңызды болып отыр. Аймақ
экономикасының бағасы экономикалық, әлеуметтік,
технологиялық факторларға, бизнес-ортасы мен
институтционалдық дамуға
негізделген (сурет 1).
Стратегиялық
бағдарламалау – экономиканың белгілі бір салаларының
және ұйымның әрекет ету бағыттарының даму
стратегясын әзірлеуге
бағытталған
экономикалық , өндірістік және ұйымдастыру –
техникалық іс-шаралар
жүйесі.
Стратегиялық
бағдарламалаудың негізгі қызметтері:
-
жоспарлық есептеулердің мақсатқа
бағытталған күшейту;
-
жекелеген белгілер емес, шешілетін проблема белгісі
бойынша іс- шаралар кешенін
қалыптастыру;
-
экономиканың даму қарқыны мен
пропорцияларын өзгерту;
мемлекеттік
деңгейдегі миақсатты бағдарламалар көмегімен
ұлттық экономиканың міндеттері шешіледі;
-
экономиканың даму мәселелері бойынша
стратегиялық шешімдерді негіздеу;
-
перспективті даму мәселелерін шешуге қажетті
ресурстарды шоғырларындыру;
-
қойылған мәселелерді шешуге
бағытталған іс – шаралардың тепе-теңдік деңгейін
көтеру;
-
басқару
субъектілерінің әрекеттерін өзара үйлестіру;
Сурет 1.
Аймақтық дамуға
әсер етуші факторлар
Кез-келген мемлекеттің қоғамдық өмірі
болашақты анықтаусыз, алдағы даму жолын болжамдаусыз
жалғасуы, дамуы мүмкін емес. Бүл міндеттерді іске асыруда
маңызды роль атқаратын құралдардың бірі –
жоспарлау мен болжамдау.
Кез келген жоспар
іске асатын өндірістік нарықтық жүйелер мен оның
қоршаған ортасының ішкі және сыртқы
өзгерістеріне өмірге қабілетті және икемді болуы тиіс.
Нарық
жағдайында жоспарлау – экономикалық, ұйымдық,
басқару, әлеуметтік және басқа да функцияларды іске
асырудың негізі болып табылады.
Жоспардаудың
мәні – объективті экономикалық заңдылықтар
жүйесін, экономикалық теорияның негізгі ережелері мен
шаруашылық практикасын дұрыс пайдалану негізінде жоспарлы
құжаттар жүйесін қолдану аркылы халық
шаруашылығының дамуына ғылыми негізделген басшылықты
қамтамасыз етумен тұжырымдалады.
Стратегиялық
жоспарлау басқару объектілерінің ұзақ мерзімді
перспективада тиімді әрекет және сыртқы жағдайлардағы өзгерістерге
тез бейімделуін қамтамасыз ететін мақсаттарға бағытталған
стратегиялық шешімдерді (болжаулар, бағдарлама жобалары,жопарлар
түрінде) әзірлеуден тұратын ғылыми және практикалық
әрекеттің ерекше түрі болып табылады. Стратегиялық жоспарлаудың мазмұны оның
процедураларын айқындайды
стратегиялық болжау, бағдарламалау (стратегиялық
бағдарламалар жобасы), жобалау (экономиканың әр түрлі
деңгейлеріндегі стратегиялық жоспарлардың жобасы).
Стратегиялық
жоспарлау кезеңіндегі болжау жүйесінің моделі
басқару объектілерінің
ағымдағы жағдайын, олардын негізгі даму тенденцияларын, ішкі
және сыртқы факторлардың әсерін бағалау
мәселесін шешеді. Нарықтық экономика жағдайында
кәсіпорын дамуын анықтайтын маңызды элемент болып нормативті
сценарийлі және генетикалық болжамдардың бірлігі ретінде
экономикалық болжам табылады.
Стратегиялык жоспар біртұтас
басқару объектісінің (кәсіпорын, аймақ, ел) ұзак
мерзімді перспективадағы жағдайын алдын-ала ғылыми
тұрғыда болжау болып табылады.
Стратегиялык жоспарлау мынаған негізделеді:
- экономика объектілерінің дамуын
жобалау жүйесіне;
- мерзімі, ресурстары,
орындаушылары бойынша өзара
келісілген іс-шаралар
жүйесіне;
- экономика салаларын, өндірістік
және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі
іс-шараларға.
Нарыктық экономика жағдайында
келесі ереже сақталуы тиіс: баскарылатын жүйе неғұрлым
жоғары болған сайын стратегиялық жоспар жобаларында экономикалық,
ғылыми-техникалық, экологиялық, сыртқы экономикалық
даму болжамдарының жүйесі соғұрлым жетілген,
дамыған болуы тиіс.
Стратегиялық жоспарлардың
маңызды ерекшеліктері:
- басқару субъектілерінің
саясатын жүзеге асыру құралы ретінде пайдаланылады;
-олардың даму мақсаттары мен
бағыттарын айқындайды;
- жалпы қоғам мен
оның жекелеген бөлшектерінің
әлеуметтік-экономикалық даму кезеңдерін аныктайды;
- қоғамның
экономикалық және әлеуметтік прогресінің өлшемі,
критериі ретінде әрекет етеді.
Жобалау процесінде келесі
мәселелерді шешу үшін басқару объектілері дамуының
әр түрлі варианттары қарастырылады:
- сәйкес шаруашылық
жағдай үшін оңтайлы стратегиялық жоспарды таңдау;
- нарық коньюктурасындағы
өзгерістерге сәйкес стратегиялық жоспар жобасының
вариантын әзірлеу.
Қазакстанның өтпелі
экономикасы жағдайында жоспарлардың
әлеуметтік-экономикалық бағыты өзгерген:
- жоспар әкімшілік
бағындыру
құралынан
балансталған
жоспарлау құралына
айналды;
- жоспарларды жобалаудың
стратегиялық сипаты күшеюде (нарықтық экономика жағдайында
макроэкономикалық жоспарлауда экономиканың құрылымдық
өзгерістеріне баса назар аударылады);
- стратегиялық жоспарлардың
ғылыми негізделу деңгейі көтеріледі.
Стратегиялық жосларлауды ұйымдастыруда маңызды орын
стратегиялық жоспарлауды жүзеге
асырудың заңдық негізін құруға берілуі
керек. Өйткені жалпы
экономикалық салалық және аймактық басқару
органдарының өздеріне
тиесілі стратегиялық жоспарларын өңдеу мен жүзеге
асырылуын, олардың өзара
іс-әрекеттерінің құкықтық негіздерін
реттейтін заңдарды қабылдау
аса маңызды болып отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
«Дағдарыстан жаңару мен дамуға» ҚР Президенті Н.
Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2010
жылғы 6 наурыз // Ақжол, 2010 жыл 7 наурыз
2.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан
кәсіпкерлерінің оныншы форумындағы «Елдегi жағдай
туралы және 2003 жылға арналған iшкi және сыртқы
саясаттың негiзгі бағыттары туралы» Қазақстан
халқына
Жолдауы
3.
"Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін,
бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге
қабілетті халық үшін", Президенттің
Қазақстан халқына жолдауы, Заң, 2007 жыл, 25 наурыз, 6
бет