ТУРИЗМ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ МАРКЕТИНГТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Н.М. Тойшибекова экономика магистрі
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.
Туризмдегі маркетинг - бұл клиенттердің
арнайы қажеттілігін
анықтауға бейімделген туристік қызметтерді жылжыту мен
өткізуді құрастыру
үдерісі. Ол тұтынушыларға туристік қызметті
бағалап дұрыс таңдау жасауға көмектеседі.
Туристік маркетингтің негізгі мақсаты - нақты сегмент
тұтынушыларының қажеттілігін ең жоғары
деңгейде қанағаттандыруға
бағытталған және қызмет көрсетудің тиімді
формасы мен әдісін қамтамасыз ететін кызмет көрсетуді
ұйымдастыру.
Кәсіпорынның түпкі мақсаты
әр түрлі болуы мүмкін:
ü
аймаққа
көбірек
туристерді қызықтыру;
ü
нарық
үлесін жаулап алу;
ü
пайданы ұлғайту
және т.б.
Бірақ бұл мақсаттарға жету
үшін, бизнес философиясы болып табылатын маркетинг құралдары
мен артықшылығын білу
қажет.
Қызметтерінің бағытына байланысты
туризм саласында маркетингті қолданудың келесідей деңгейлерін көрсетуге
болады:
ü
туризм
саласында негізгі буын болып табылатын туристік кәсіпорын маркетингі;
ü
туристік
қызметті өндірушілер маркетингі,
мақсаты - тұтынушыларының қажеттілігін ең
жоғары деңгейде қанағаттандыруға
бағытталған және қызмет көрсетудің тиімді
формасы мен әдісін қамтамасыз ететін қызмет көрсетуді
ұйымдастыру;
ü
аумақтар мен аймақтар
маркетингі - мемлекет пен аймақтың
имиджін құрастыру және дамыту. Мұндай қызметпен
аймақтық және ұлттық деңгейдегі реттеу мен
үйлестіретін органдар жатады .
Туризм
маркетингінің негізгі міндеті – тұтынушыға
ыңғайлы орын мен уақытында қызметті ұсыну.
Қызмет көрсету, қызметті нақты тұтынушыға
кеңселер ашу, жұмыс уақытын өзгерту, қосымша
қызметтер көрсету арқылы сапалы қызмет көрсету
негізінде барынша жақындату керек.
Айтылған міндеттер туризм саласындағы маркетингтің
негізгі функциялары мен қызмет түрін анықтайды. Туристік
маркетингтің негізгі функцияларына келесілер жатады:
1.
Клиенттермен байланысты орнату,
яғни оларға көрсетілетін қызмет пен ұсынылатын
өнімнің олардың қажеттілігі мен қалауына
толықтай сай келетінін жеткізу;
2.
Өнімді
өткізудің жаңа мүмкіндіктерін жасау, яғни
қызметтердің жаңа әлеуетті клиенттердің
қалауына сай келуі.
3. Турөнімді жылжытудың нәтижелерін
бакылап-талдау және оның туризм саласындағы бар
мүмкіндікпен сәйкестігін тексеру, маркетинг пен жарнамаға
жұмсалатын шығынды талдау және кірістер алу .
Осы айтылған міндеттерді іске асыру келесідей қызмет
түрлерін талап етеді:
ü
нарықты зерттеу мен
тұтынушының қажеттіліктерін анықтау;
ü
турфирманың маркетингтік
ортасын талдау және оған бейімделу мүмкіндіктерін зерттеу;
ü туристік нарықты маркетингтік зерттеу мен сегменттеу;
ü оңтайлы баға белгілеу;
ü өнімді өткізудің жолдары мен әдістерін
таңдау;
ü коммуникациялық саясатты іске асыру;
ü
турфирманың маркетингтік жоспары мен
стратегиясын әзірлеу.
Бірақ қызметтер сферасында басты орынды
әлеуметтік факторды ескеру қажеттілігі алады. Өйткені, біріншіден, қызметтер
өндірушілер тікелей әлеуметтік ортаны құрайды. Екіншіден, қызметтер
маркетингі әлеуметтік жұмыстың
ерекше түрі ретінде қарастырылады. Сондай – ақ маркетинг
кешенін дайындау жұмыстары іске асырылады, мұндай процесс барысы
келесі суретте келтірілген
Тур деп, туристік өнімнің
алғашқы (міндетті) бірлігін айтады. Ол туроператордың еңбегінің
өнімі, белгілі бағытқа, белгілі бір мерзімге клиентке біртұтас беріледі.
Сондай – ақ туристік саланы дамыту үшін төмендегідей
факторларға көңіл бөлу керек:
- дамушы елдерге елдің туризмін дамытуға
ықпал ететін министрліктермен және комитеттермен жұмыс істейтін ұйымды құру
керек;
- елдің
және оның аймақтарының туристік
ұйымдастыру
ұйымдарының
жұмысын күшейту;
- туризм өнімінің түрлерін
көбейту, оның сапасын жақсарту, сонымен қатар жарнаманы күшейту, туристік
өнімдер
жәрмеңкелері
мен көрмелеріне қатысу;
- туристер көп келетін жерлерге
ұйымның офисін құру. Бұл офистер елге келетін туристердің ағымын көбейту
мақсатында шаралар, жоспарлар
жасауы керек;
- дамушы елдерге ішкі туризмді дамыту қажет;
- туристік ұйымға маркетингтік зерттеу,
жарнаманы ұйымдастыру, туризм туралы ақпаратты дайындау жауапкершілігін
арттыру керек;
- жеке секторда
жұмыс істейтін кәсіпорындарға туризм ұйымы олардың дамуы үшін экономикалық қолдау
көрсетуі керек.
Жоғарыда жүргізілген зерттеулер мен келтірілген
мәліметтерге сүйене отырып келесідей қорытындылар тізбегін
жасауға болады:
1. Маркетинг – туристік фирмаға туристік
қызметтер нарығында оң нәтижелерге жетуіне
мүмкіндік беретін өзара байланысты әдістер мен шаралар
жүйесі. Туризмдегі маркетинг – туристік компанияның туристік
және экскурсиялық қызмет түрлерінің жаңа
әрі тиімді түрлерін өңдеуді, әлімдік туристік
нарықта жүріп жатқан туристік өнімнің сапасын
жоғарылату мақсатында оның өнімін басқару
және ұйымдастыру жүйесі.
2. Маркетинг туристік фирмларға өте
қажет, өйткені оның қызметі нарық
жағдайлары мен бәсекелестікте дәрежесі әсіресе
сыртқы экономикалық әрекеттер нәтижесінде
жоғарылайтын қаржы тәуекелінің төменгі немесе
жоғарғы деңгейімен байланысты болады. Қазіргі
таңда әрбір туристік фирма өзінің залалды іс -
әрекеттері үшін материалдық жауапкершілікке тартылады. Олай
болса, кәсіпкерлік тәуекел мәселесі кез келген туристік
фирманың басты назарында болуы керек, бұл тәуекелдің
төмендеуіне тек маркетинг тұжырымдамаларын орынды қолдану
арқылы қол жеткізуге болады.
3. Туризм саласының өзіне тән
өзгешелігі мен қыр – сыры болады, сәйкесінше, маркетинг те
туризмде ерекше орын алады. Маркетингтің туризмдегі ерекше сипаты
туристік өнімнің басқа да тұтынушылық тауарлар
мен қызметтерден ерекшеленетін сипатымен анықталады.
4. Сұранысқа ие болатын туристік
қызметтерді құру маркетингілік стратегия мен оны жүзеге
асырудың жоспарын өңдеуге мүмкіндік береді. Туристік
өнім ең алдымен табысты болуы шарт. Осыған байланысты
туристік маркетинг туристік фирманың осындай мақсаттарға
қол жеткізуге бағытталған тізбекті әрекеттері болып
табылады.
5. Туристік фирманың бүгінгі
таңдағы маркетингі бұл сапалы қызметтер көрсету
ғана емес, сондай – ақ оларға қызығушылық
тудыратын баға тағайындау және оған нарық
тұтынушыларын тарту болып табылады, сонымен қатар туристік фирма
өзінде бар және әлеуетті клиенттерімен үзіліссіз
байланыста болуы керек. Сондықтан фирма жұмысынның
тиімділігін арттыру үшін маркетингілік байланыс кешенін ұйымдастыру
керек.
6. Туристік фирманың жұмысы барысында
табысты баға саясатын өңдеу және фирма жұмысының
ерекшелігіне сәйкес баға құру стратегиясын
қолдану керек.
7. Туризмдегі маркетинг жетістігі нарықтың
кешенді талдауынан, туристік өнімді өндіруден, іске асыру каналдары
мен жүйелерін талдаудан, өнім жарнамасынан тәуелді болады.
Маркетингілік жоспарлауды жүзеге асыру да маңызды. Туризмдегі
маркетингтік жоспарлау сауда саясатын жоспарлауға, сату жолдарын
дұрыс жүзеге асыруға және одан пайда табуға
көмектеседі. Маркетингтің негізгі қызметі демалу
талаптарының, сұраныстың, монополиялықжәне
коммерциялық бағалардың, нарықтың
сегментациясының құрылуына, сондай – ақ туристік –
экскурсиялық қызметтердің түрлерініңдамуына
мақсатты әсер ету болып табылады.
8. Бұрындары туризм саласында маркетинг
сәйкес қолданыс таппаған, бірақ та,
бәсекелестіктің жылдан жылға өсуі, саудаландыру
және туризм өнеркәсібінің кеңейуі туристік
өнеркәсіп жұмысының тәжірибесіне
маркетингтің негізгі элементтерін тезірек енгізу қажеттігін
тудырды. Сондай – ақ көптеген қиындықтар туындатпас
үшін, дәлірек айтқанда мүмкін тәуекелдің
дәрежесін төмендету үшін маркетингтік тұжырымдамаларды
қолдану қажет.
9. Ірі туристік компаниялардағы маркетинг
бөлімі тек нарық жағдайын бақылап қана
қоймайды, сондай – ақ шектеу шараларын жоспарлайды.
10. Қазақстандағы шағын
туристік фирмаларда маркетинг саласы басқару процесіне толық
негізделмеген. Маркетинг жұмысы мен басшы тарапынан көрсетілетін
назарынан тыс сөзі анағұрлым көп бөлігінде
қалып қойған. Соңғы жылдары туристік компаниялар
тауар немесе нарық бизнесін жоспарлауға көп көңіл
бөліп отыр. Бірақ мұнда жаңа қиындық туындайды
– бұл жоспарлардың мәні өте кең тралған
болып отыр, ал бұл жағдай өз кезегінде туристік
өнімнің қалыптасуы мен дамуы процесіне кедергі болады.
11. Туристік кәсіпорындарда өнеркәсіп
қызметін жақсарту стратегиясымен айналысу, маркетингтік зерттеулер
жүргізу, кәсіпорынға қолайлы сатылымды ынталандыру,
өтімнің анағұрлым тиімді жолдарын анықтау
жұмыстарымен, сондай – ақ жарнамалық компаниялармен, PR
және фирмалық стилді құрумен айналысатын
мамандандырылған штаты бар толық маркетингтік қызмет
жүйесін ұйымдастыру қажет.
12. Қазіргі таңдағы
жағдайларға байланысты белсенді маркетингілік саясатты
жүргізіп, маркетинг қызметін жетілдіріп, кеңейтіп және
оның жұмысын ынталандырып отыру қажет.
13. Алға қойылған
мақсаттарға қол жеткізу үшін туристік фирма келесідей
маркетингілік шараларды жүзеге асыруы керек: әртүрлі
маркетингілік жоспарларды өңдеу, фирма қызметінің
бағдарламасын өңдеуге арнайы топ тағайындау,
туроператормен бірлесе отырып жүктеме және индустриалды
қамтамасыз ету бойынша нарықтағы бірлесе қатысу
жағдайында бірлестіру жұмыстарын жүргізу, туристік
нарықта өнімнің өтімді болуы үшін ортақ
шаралар ойлап табу, жаңа тауарлар мен қызметтерді қабылдау.
14. Басшы мамандарды ынталандыруы және маркетинг
бөлімінің қызметкерлеріне бағыт көрсетіп отыруы
қажет. Олардың идеяларын ортаға салып,
қалыптасқан қиындықты шешу мақсатында
әртүрлі іс – шаралар ұйымдастыру үшін маркетингтік
зерттеулер нәтижелерін жинақтауы керек.
15. Маркетинг фирманың іс - әрекеттері
табысты болуы үшін өте маңызды рөл атқарады,
сондықтан маркетингілік әдіс – тәсілдер туристік фирмаларда
міндетті түрде қолданылуы керек, егер осындай маңызды
құрылымды элемент назардан тыс қалатын болса, онда фирма
банкрот болуы немесе толығымен жойылуы мүмкін.
Пайдаланылғанәдебиеттер
1.
Қазақстан Республикасының
Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ
- ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ 2012 жылғы 27
қаңтар.
2. Александрова А.Ю.
Международный туризм. - М.: Аспект Пресс, 2004.
3. Ердавлетов С.Р. История
туризма. Развитие и научное изучение.-Алматы, 2003.