Экономические науки/7.Учет и аудит

 

Алиева А.Б., магистрант

Улаков С.Н., э.ғ.к., профессор, Осик Ю.И., т.ғ.к., профессор 

Қазтұтынуодағы Қарағанды эконмикалық университеті, Қазақстан

 

ҚАЗАҚСТАНДА ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫН САТЫЛЫМ ҚҰН САЛЫҒЫНА АУЫСТЫРУДЫҢ САЛДАРЫ

 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қосылған құн салығын сатылым құнының салығына ауыстыру қажет екендігін 2015 жыл 30 қарашада «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты  халыққа Жолдауында мәлімдеген болатын. Оның нақты себебін «Бізге мемлекеттік кірістер мен шығыстардың бүкіл жүйесін қайта қарау қажет. 2017 жылы қазіргі ҚҚС-тің орнына сатудан түсетін салықты енгізу қажет. Мұндай механизм «көлеңкелі экономиканы» жарыққа алып шығатын болады», - деген сөздерінен түсінуге болады[1].

Аталмыш шешімге көптеген қаржы саласының майталмандары, ұлттық кәсіпкерлер, жалпы сарапшылар жан-жақты көзқарастарын білдірді. Біздің ойымызша жинақталған пікірлерді зерделей келе, өзіндік мәселелер туындайтын екі топқа бөлуге болады.

Біріншіден, қосылған құн салығын қалдырып, оның реттелу, қадағалау тәртібін жетілдіру және салық аясында көрініс тауып жатқан жемқорлықпен күресті күшейту  қажет. Бірқатарына толық тоқталып кетсек, Қазақстан салық төлеушілер Ассоциациясының Басқару кеңесінің төрағасы Жаннат Ертлесова ҚҚС қайтарылымын басқаруды жетілдіруді ұсынған болатын. Бұл пікірді мемлекеттік табыстар Комитетінің төрағасы Даулет Ергожин  қазіргі таңда жинақталған ҚҚС көлемі бюджеттен экспортерларға қайтарылатын көлемнен әлдеқайда аз және осы сәйкестенбеуді экономикалық қауіпсіздік үшін жою керек деп толықтырды[2].

Екіншіден, жаңадан сатылым құн салығын енгізу -  отандық бизнес үшін оң шешім.Сатылым құн салығы соңғы тұтынушыға дейін дайын өнімді сататын компаниялар төлейді деп күтілуде. Бұл барлық алдыңғы тізбектер тек қана  КҚС төлесе, олар үшін салық ауыртпалығы айтарлықтай азаяды.

Қаржылық қорды дамыту Ұлттық қорының төрағасы Михаил Кленчин  бұрын қосымша құн салығы өте күрделі болған еді деп есептейді. «Көптеген кәсіпкерлер оны түсінген жоқ. Көптеген елдің салықтық заңнамаларында ол тіптен жоқ. Бүгіндегі басты мәселе салық тексерулеріне байланысты ҚҚС сомасының артық есептелініп қоюынан қиын жағдайларға соқтыруында болып отыр. Көптеген компаниялардың келісім-шарт жасасқан контрагенттері кейінірек жалған кәсіпкерлікпен айналысқандарына байланысты ресми тіркеулері жойылып кетуінен зардап шегетін. Бұл жалпы сома жинағынан ҚҚС-ны алып тасталуына әкеледі.

Ал сот шешімдерінің көбі салық төлеушілердің пайдасына шешілмейтін. Салық төлеушілердің шағымдары қанағаттандырусыз қалды. Бұл оған дейін табысты жұмыс істеген компаниялардың банкротқа ұшырауына әкеліп соқтырады. Сондай-ақ ҚҚС-ны төлеу кезінде салық ұйымдары мен салық төлеушілер арасында көптеген түсініксіз сұрақтар туындайтын. Бұл, әрине, жалпы кәсіпкерліктің дамуына әсер етеді. ҚҚС мәселесін шешу қажеттілігі ұзақ уақыт бұрын пайда болды. Оны салықтық заңнамадан алып тастау да дұрыс шешім. Осыған дейін мәселені шешу үшін көптеген ұсыныстар айтылған, бірақ олар белгілі бір себептерге байланысты салық төлеушілердің барлық сұрақтарын шешіп бере алмады.

Сондықтан қазір ҚҚС алып тастау радикалды болса да, дұрыс шешім деп есептеймін. Бизнеске қандай өзгеріс енеді деп айтуға әлі ерте, әрине.  Бірақ  салық төлеу жүйесінің қарапайым және түсінікті бола түсетіндігі анық. ҚҚС-ны сатылым салығына ауыстырғаннан кейін салық салмағы көбейе түсетіндігі рас», — дейді ол.

«Атамекен» ұлтық кәсіпкерлер палатасының басқарма басшысының орынбасары Рахым Ошақбаев: «Бізді салықтық жүйеде үлкен өзгерістер күтіп тұр. ҚҚС-дан бас тартып, айналым нарығына өту — бизнес-климатты өркендетудегі маңызды реформалардың бірі. ҚҚС ең ауыр және жемқорлыққа жақын салық деген біржақты пікір бар. Егер ішкі жүзеге асырудағы ҚҚС бюджетке түсетін кірістің қатынасын есептесек, бюджет үшін теріс сальдо пайда болады. Бұл туралы президент те айтқан еді. Экспортерлердің ҚҚС салымын толық мөлшерде ала алмауына байланысты сұрақтар да пайда болған[3].

ҚҚС сатылым құн салығына ауыстырудың артықшылықтары:

-                       қосылған құн салығын тұтынушы төлейді,салық ертерек төленсе, экономикадан соғұрлым көп айналым қаражат  бөлінетін болады. Әрбір өндіріс сатысынан алынатын ҚҚС экономикаға кері әсерін тигізеді. Тауарлық масса қолда бар қаражат  көлемінен артта қалып жатса, ҚҚС кіріспесі мен қызметі бюджеттегі ақша қозғалысына әкеп соқтырады. Бірақ, ақша қаражаты  жетіспеушілігі жағдайында ақша құнсыздануы арта түспек. Сол себепті, бұл салықтан түбегейлі бас тартып, жан-жақты зерделеніп, талқыланған, мөлдірілікпен, нақтылықпен жабдықталған жаңа сатылым құн салығын енгізген абзал.

-                       ҚҚС  бюджетке төлеуден жалтару және негізсізден бюджеттен қайтарымдар алу, яғни ғұмыры бір күндік өтірік кәсіпкерлік, экспорттаушылар  жолдары өте көп. Бұл нақты қатаң бақылауды қажетсінеді.

-                       сәйкесінше, ҚҚС төлеуден бас тартқандарды іздеу, жазалау, яғни әкімшілік шығындары жоғары болып табылады (бағалау бойынша, дамыған елдерде орта есеппен ҚҚС төлемінің әкімшілік шығындары 100 доллар болса, сатылым құн салығының төлемінің әкімшілік шығындары әлдеқайда төмен болып келеді. Сонымен қатар, ҚҚС бухгалтерлер мен  салық органдарының кәсіби қабілеттілігін арттыруды талап етеді, яғни мемлекет және салық төлеушілер әкімшілік шығынға ұшырайды.

-                       ҚҚС қайтару тәртібі жетілмеген, нәтижесінде адал салық төлеушілер қайтарымға қол жеткізуге ұмтылу барысында шығындалса, арсыз салық төлеушілер заңсыз түрде қайтарымға қол жеткізуге ұмтылады.

-                       сатылым құн салығының мөлшері 3-5% арасында деген пікірлер көп, бұл жағдайда кәсіпкерлер үшін бұл тиімді болмақ. Егерде мөлшер 12% артық болса, керісінше кәсіпкерлер өз өнімдерін қымбаттатуға мәжбүр болады.

Шындыққа келетін болсақ жаңа салық түрін енгізу идеясы әлі де шикі, оны талқылауға енгізетіндей фактілер жетіспейді, оның мөлшері, кімнен, неден есептелінетіні белгісіз. Дегенмен аталмыш өзгеріс шағын және орта бизнес өкілдеріне бірқатар ауыртпалық тигізеді.

 

 

Ескерту – ҚР Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика комитетінен алынған[4].

Сурет 1 – ШОК жұмыс істеп тұрған субъектілер сандарының өзгеруі

 

Графикте көрсетілгендей, өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары 2015 жылғы  IV тоқсанда өткен 2015 жылғы IІI тоқсанмен  салыстырғанда дайын өнiмге сұраныс және өндіріс көлемінің шағын кәсіпкерлікте көбеюін байқауға болады. Іскерлік белсенділігінің өзгеруін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі өткен тоқсанмен салыстырғанда  3 пайыздық тармаққа азайып 2% құрады. Жақын арадағы келешекте, 2016 жылғы наурызға дейiн, өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары көпшілігінің бағалауы бойынша, iскерлiк белсенділігінің өзгеріссіз қалуы күтіледі.

2015 жылғы IV тоқсанда өткен 2015 жылғы IІI тоқсанмен салыстырғанда сауда кәсіпорындары басшыларының бағалауы бойынша тұтынушылық сұраныс пен іскерлік белсенділігі азайды. Кәсіпкерліктің сенімділік индексі 14 пайыздық тармаққа азайып, (-16%) құрады. 2016 жылғы наурызға дейін ағымдағы уақытпен салыстырғанда, 72% өзгеріссіз, 9% жақсаруын және 16% кәсіпорын өзінің қаржылық-шаруашылық қызметінің нашарлайтындығын күтеді.

2014 жылдан бастап ҚҚС төлеушілер жылдық айналымы 30 мың МРП-дан асатын заңды тұлғалар төлеген болатын. Жаңа 2016 жылғы Салық кодексінің өзгерісіне сай, 3234 МРП дейін төмендеді, яғни шағын бизнес өкілдері де салық төлеушілер болып табылады. Салық табысын арттыру мақсатында, ҚҚС базасы кеңейеді[5-39 б.].

Графиктің 2015, 2016 жылдардағы өзгерісін болжайтын болсақ, кәсіпкерлердің жаңа графиктің 2015, 2016 жылдардағы өзгерісін болжайтын болсақ, кәсіпкерлердің жаңа салықты немесе ҚҚС төлеуге міндетті болғантықтан саны азаймаса да, белсенділігі төмендейді.

 

ЕскертуҚР Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика комитетінің сайтынан алынған[4].

Сурет 2 – ШОК белсенді субъектілерінің саны

2-суретке қарасақ, өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары 2015 жылғы ІІІ тоқсанда өткен 2015 жылғы ІІ тоқсанмен салыстырғанда дайын өнiмге сұраныстың  және өндіріс көлемінің, бұл олардың іскерлік белсенділігінің төмендегенің айғақтайды. Іскерлік белсенділігінің өзгеруін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі өткен тоқсанмен салыстырғанда 2 пайыздық тармаққа азайып 5% құрады. Жақын арадағы келешекте, 2015 жылғы желтоқсанға дейiн, өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары көпшілігінің бағалауы бойынша, iскерлiк белсенділігінің төмендеуін күтіледі.

2015 жылғы ІІІ тоқсанда өткен 2015 жылғы ІІ тоқсанмен салыстырғанда сауда кәсіпорындары басшыларының бағалауы бойынша тұтынушылық сұраныс пен іскерлік белсенділігі азайды. Кәсіпкерліктің сенімділік индексі 3 пайыздық тармаққа азайып, (-2%) құрады.
2015 жылғы желтоқсанға дейін ағымдағы уақытпен салыстырғанда, 71% өзгеріссіз, 13% жақсаруын және 11% кәсіпорын өзінің қаржылық-шаруашылық қызметінің нашарлайтындығын күтеді.

Экспортер өзінің контрагенті үшін ешқандай да жауапкершілік алмайды(ешқандай сөз байласу болмаса), салықты қалпына келтіру және жалған кәсіпкерлікпен күрес оның  міндеті емес. Сондықтан экспортер ҚҚС мәселесінің шешілуіне, оның жойылуы жақсы шешім болып табылады. Бірақ мемлекет үшін сатылым құн салығын енгізу таза күйінде ең дұрыс шешім емес, салық түсімін сақтаудан басқа да мәселелер көп:

Жинақталған ҚҚС сомасы, көлемі.  Оны ҚҚС бойынша оң сальдо иелеріне қайтару керек, ал олар көп, себебі ҚҚС қайтару өте қиын жүзеге асады. Оны барлық компанияларға шығын ретінде сызып тастау керек, бұл жағдай өздігінен КТС үшін салық салынатын базаның төмендеуіне әкеп соқтырады, нәтижесінде бюджетке түсім қысқарады.

Бөлшек сауда және бизнесті сатуды ажырату. Бизнесті сату сатылым құн салығымен есептелмеу тиіс, бұл жағдайда жеке кәсіпкерлерді бақылауды жүзеге асыру қажет. Жеке кәсіпкерлер саны күрт асады, себебі тауарлар,  жұмыстар, қызметтерді сатылым құн салығынсыз қолдануға болады. Ол өз тарапынан бюджетке түсімнің айтарлықтай төмендеуіне әкеп соқтырады.

Көлеңкелі экономика. Шағын және орта бизнесті есептен шығару және сатуды  тексеру өте қиын, сондай-ақ соңғы сатушы құжаттары жоқ нарықтарда сату арқылы сатылым құн салығын айналып өтіп кетеді.  Тиісінше,  қайтадан бюджетке түсетін түсімнің азаюына  мүмкіндік беріледі. ҚҚС кезінде делдал ҚҚС-ын жеткізушіге төлейді, ол ҚҚСсыз сатпаса да оның негізгі сомасына ҚҚС төленіп қойған және ол ҚҚС-нан тек қана пайдамен құтылады. Егер сатылым құн салығы болса, ол салықтан толығымен құтылады.

Импорттау кезінде екі мәселе туындайды. Бірінші,  сату кезінде сатушы соңғы тұтынушыға  (баламалы импорт ҚҚС) төлеуге болады.  Бұл жолы уақыттың артта қалуы, қайтадан қысқа мерзімде бюджетке түсетін түсім азаяды.  Екінші мәселе, егер ертеде импорттық ҚҚС төлеу кезінде немесе күмәнді сатылымдар кезінде салықтардан құтылуға болады.

Сол себепті де сатылым құн салығын енгізу бөлшек сауда арасында, яғни көбісі кассалық аппараттарсыз жүзеге асатынын ескерсек, көптеген өзгертулерді және уақытты талап етеді. Басты мәселе, ҚҚС емес, құқық қорғау органдары мен сот жүйесінің жалған кәсіпкерлермен күресінің тиімсіздігінде екендігі.

 

Әдебиеттер тізімі:

1.   Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша

2.   Атоянц П. Лучше реформировать НДС, чем вводить налог с продаж - мнения, [Электрондық ресурс]. – URL: http://www.kursiv.kz/news/kompanii/ 13.11.2015.

3.   ҚҚС-ның шегерілуі бизнеске оң өзгеріс енгізеді[Электрондық ресурс]. – URL: http://7kun.kz/ 06.05.2015

4.   Айдос Тайбекулы Налоговая система Казахстана: решения и вызовы. Институт мировой экономики и политики (ИМЭП) при Фонде Первого Президента Республики Казахстан – Лидера Нации. – Астана – Алматы, 2015. – 60 с.

5.       ҚР Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика комитеті [Электрондық ресурс]. – URL: http://stat.gov.kz/