ГОСУДАРСТВЕННОЕ  УПРАВЛЕНИЕ/2.Современные технологии управления

 

Алиасқар А., СР – 13с/к тобының студенті

Ертай Х., оқытушы

Қасымхан М.Қ., Ақтоғай ауданының Жастармен жұмыс орталығының директоры

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, Қазақстан

 

ҚР ХАЛҚЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАРДЫН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

 

   Халыққа қызмет көрсету орталығының ашылуы - еліміздегі саяси интеграцияның нышаны. Мемлекеттің даму сатысы жоғарылаған сайын халықтың сұранысы да арта түседі. Демек, халықтың құжат мәселесін реттеуде орталықтардың ашылуы - заңды құбылыс. Орталық өз жұмысын Конституциялық нормалар мен нарықтық қоғам талаптарына сай, азаматтарға қолайлы негізде жүргізіп келеді.

Төрт жыл бұрын ҚР Президентінің Жолдауында мемлекеттік органдардың халықпен «бір терезе қағидаты» арқылы жұмыс атқаруы міндеттелген. «Бір терезе қағидатының» бірқатар ерекшелігінің бірі - уәкілетті органдардың қызметкерлерімен арадағы байланысқа шек қойып, сол арқылы сыбайлас жемқорлықты азайту. Бүгінде мұндай орталықтарда 57 қызмет түрі бойынша халыққа қызмет көрсетіліп келеді. Болашақта 132 қызмет енгізілмек. 

 Орталық күніне 800-1000 адамға дейін қызмет көрсетеді. Тұрғындар көбінесе құжаттандыру, қалада тұрғылықты мекен-жайға тіркеуге тұру және шығу мәселесімен, сондай-ақ жылжымайтын мүліктерді тіркеу, істі болған-болмағандығы туралы анықтама алу үшін келеді. Бүгінгі таңда аты-жөнін ҚР Президенті Жарлығына сай, ұлттық негізде жаздыруға ықыластылар саны арта түсті. Аудан көлемінде кәмелеттік жасқа толып, төлқұжат алып жатқандар қатары көбейіп отыр. Сондай-ақ қалаға тіркеуге тұрушылар еселене түсуде. Ал ең бастысы - табиғи өсім көбейіп отырғаны назар аударуға тұрарлық.

 Бұл қызметтердің ерекшеліктері көп, бірақ, ескеруге тұрарлық артықшылығы бар. Дамыған елдерде халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтардың өзіне қатысты мәліметті игеріп, құжат саласын реттеуге және уақытын үнемдеуге ықпал етеді.

Үстіміздегі жылғы сәуір айында ел Үкіметі қабылдаған дағдарысқа қарсы бағдарламаны іске асыру мақсатында Қаржыгерлер қауымдастығы және Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті арасында ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандумда Халыққа қызмет көрсету орталығымен ынтымақтаса отырып атқарылатын бірталай іс-шаралар көрсетілді. Елордалық орталықтар өз жұмысын қоғам талабына сай икемдеуге көшті. Атап айтқанда, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және соған байланысты  жүргізілетін қағаз-құжаттарды тіркеу тәртібін үш жұмыс күніне дейін (тұрғын үйге жатпайтын жылжымайтын мүлік үшін) стандартты тариф бойынша қысқартуға келісілді. Несиелендіру жұмыстарын оңтайлы атқару үшін Халыққа қызмет көрсету орталығында жүргізілетін болды. Банктерде де Халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдеріне орын берілді

Елбасының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» Жолдауындағы талаптарды Халыққа қызмет көрсету орталықтары лайықты атқарып келеді. Соған орай, Үкімет қабылдаған дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында екінші деңгейлі банктердегі қайта қаржыландыру шараларына атсалыса бастады. Банктерде жұмылдырылған қызмет көрсету орталықтары ашылды. Орталықтың қызметкерлері банктерге барып, азаматтармен әртүрлі сипатты жұмыстар жүргізеді. Ол үшін арнайы жұмыс тәртібі белгеленген. Екінші деңгейлі банктерде Халыққа қызмет көрсету орталығының «терезелері» ашылып, аталған банктермен арада тиісінше жұмыс жүргізіліп келеді.

Сондай-ақ, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында да сыбайлас жемқорлықты алдын алуға көптеген шаралар қолданылуда. Соның бірі «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Орталыққа келген  азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қабылдауға арналған жәшіктер орнатты. Әрбір инспекторлар мен консультанттардың жұмыс орнында шағым кітапшалары қойылған. Әрбір қызметкердің жұмыс аумағын қадағалайтын жаңа технологиялық үлгідегі бейнекамералар орнатылды.

Азаматтардың құжат қабылдау мәселесін жеңілдету үшін орталықта ақпараттық жүйе енгізілді. «Ақпараттық портал» деп аталатын арнайы штрих-коды бар. Халыққа қызмет көрсету орталығы «Ақпараттық портал» арқылы мемлекеттік мекемеге қолхат ретінде құжаттарды тасымалдау процесін реттейді. Порталдың ең басты қызметі құжаттар тізімінің автоматты түрде мұқият сақталуын және дайын құжат беру бөліміне қайтып келуін қамтамасыз етеді. Барлық құжат осы портал арқылы өтеді, яғни   барлық құжаттар Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы қадағаланады.

Біздің орталық халық саны күн сайын көбейіп келе жатқан елордада қызмет көрсету мәдениетінің лайықты атқарылуын мақсат етеді. Ал Халыққа қызмет көрсету орталығының алдында тұрған ең үлкен міндет - бұл халыққа көрсетіп жатқан қызметтердің сапасын арттып, қағазбастылыққа қатысты келеңсіздіктерді азайту болып табылады

Қазақстан Республикасында  «Электрондық үкіметті» қалыптастыру Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша  қолға алынды. Е-үкіметті енгізу Бағдарламасы 2004 жылғы 10-шы қарашада  Президенттің Жарлығымен бекітілді. Аталған тапсырманы жүзеге асыру  аясында ведомствоаралық құжат айналымы электрондық нұсқаға көшіріліп, жеке және заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік деректер қоры мен тасымалдау  ортасы құрылды. 2006 жылғы сәуірде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz. порталы іске қосылды.

2006 жылдан бастап  Қазақстан электрондық үкіметті  дамытудың үш кезеңін өткерді  (ақпараттық, интерактивтік, транзакциялық)  және  қазіргі күні дамудың төртінші кезеңінде.

Бірінші кезең –  ақпараттық. Бұл кезеңде порталды ақпараттық контентпен толтыру жұмыстары  жүргізіліп, портал іске қосылды.  
Екінші кезең – интерактивтік.  Бұл кезеңде мемлекеттік қызметтерді интерактивті режимде ұсыну мүмкіндіктері іске қосылды. Азаматтар қажет анықтамаларды  мемлекеттік органдарға бармай-ақ,  ұзын-сонар кезекте тұрмай-ақ, санаулы минут ішінде электрондық нұсқада  алу мүмкіндігіне ие болды.

Үшінші кезең  – транзакциялық. Аталған кезеңде  «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі іске қосылып, азаматтар салық түрлері мен мемлекеттік баж салығын, айыппұлдар мен бюджетке төленетін өзге де  алымдарды онлайн тәртібінде төлеу  мүмкіндігіне ие болды.

Төртінші кезең  – «ақпараттық қоғам құру»  кезеңі. Қазақстан Республикасының  порталы дәл қазіргі уақытта  осы кезеңді басынан өткеруде. Аталған кезеңнің мақсаты - мемлекет пен азамат арасындағы қарым-қатынастың тиімді әрі жедел түрде жүруі  үшін  дамыған ақпараттық коммуникациялық ортаны  қалыптастыру.

Бүгінгі күні «электрондық үкімет» инфрақұрылымы  аясында жеке және заңды тұлғаларға 2000-нан астам ақпараттық,  236 интерактивтік  және транзакциялық қызметтер,  олардың  108-і «электрондық лицензиялау», 128-і «электрондық үкімет» порталдары арқылы  ұсынылуда.

Егер  «egov.kz» электрондық үкімет порталының қызметтеріне  жеке тоқталып өтсек, бүгінгі күні аталған ресурста  67 қызмет,  16 сервис,  мемлекеттік алымдардың 21 түрі, мемлекеттік баж салығының  16 түрі,  салық төлемінің 4 түрі және  Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұлды өтеу  қызметі ұсынылған.

Статистикаға сәйкес «egov.kz» порталы арқылы берілген е-анықтаманың  саны күн сайын өсу үстінде. Тұрғындардың мемлекеттік алымдар мен  мемлекеттік баж салығын  және салық түрлеріне төлемді  онлайн тәртібінде жүргізуге деген сенімдері де арта түсті. Көптеген көлік жүргізушілері ЖҚЕ бұзғаны үшін салынған айыппұл төлемдерін бүгінде портал арқылы төлеуді ыңғайлы деп есептесе,  Астана Алматы, Қызылорда қалаларының тұрғындары   коммуналдық қызмет  ақыларын  пилоттық режимде портал арқылы төлеуде.

«Электрондық үкімет»  жобасы аясында түрлі лицензиялар мен рұқсаттарды алу үдерісі  оңтайландырылған «elicense.kz» электрондық  лицензиялау порталынан өзге, «goszakup.kz»  электрондық мемлекеттік сатып  алулар порталы да жұмыс істейді. Сонымен бірге, нотариалдық әрекеттер  туралы уақытылы және нақты есептілікті  қалыптастыруға мүмкіндік беретін, әділет органдарының қызметкерлері  үшін нотариустардың қызметін үйлестіру  және мониторинг үрдісін жеңілдететін «enotariat.kz» «Бірыңғай нотариалдық  ақпараттық жүйе» құрылды.

Порталда  ұсынылған  қызметтердің ішінде тұрғындар арасында ең көп сұранысқа ие қызметтер: жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар)  мен оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама; жылжымайтын мүліктің бар не жоқ болуы туралы анықтама; мекенжай анықтамасы;   салымшы қаражатының  түсуі  және қозғалысы туралы мәлімет; заңды тұлғада жылжымайтын мүліктің бар не жоқ болуы туралы анықтама.

Болашақта мынадай  қызмет түрлерін портал арқылы ұсыну  жоспарлануда: атын, тегін, әкесінің атын өзгерткенін тіркеу; мемлекеттік базалық зейнетақыны тағайындау; жеке кәсіпкерді, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тіркеу есебі; жергілікті өкілетті органның шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмекті тағайындау; азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу және  басқа да қызметтер.

Азаматтар арасында үлкен сұранысқа ие мемлекеттік  қызметтерді автоматтандыру  шаралары өз жалғасын табатын болады.  Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әлеуметтік - маңызды қызметтердің 60 %-ы  2012 жылдың соңына дейін, ал 2014 жылға дейін  100 %  электрондық нұсқаға көшірілуі тиіс.

Сонымен бірге «электрондық үкімет» порталының архитектурасы  мен шлюзін тұрақтандыру, модернизациялау, ықпалдастырылған  сервистерді іске қосу,  Android  және  iOS  үшін  «Мобильді үкімет» қосымшасын әзірлеу жұмыстары жоспарда бар.

БҰҰ аталған ұйымға мүше 190 мемлекеттегі электрондық үкіметтің  дамуына  салыстырмалы түрде бағалау әдісімен  зерттеу жүргізген болатын.  Бұл бағалау әдісі 2003 жылдан бері екі негізгі  индекс бойынша жүргізіліп келеді: е-үкіметтің дамуы  және е-қатысу.

Біріккен  Ұлттар Ұйымының ағымдағы жылы жариялаған  электрондық үкіметті дамыту  рейтингісіне  сәйкес Қазақстан е-үкіметті дамыту индексі бойынша (2010 жылмен салыстырғанда) 8 деңгейге жоғарлап, 46-шы орыннан 38-ші орынға көтерілсе, е-қатысу  индексі бойынша 2-ші орынды иеленді.

БАҒДАРЛАМА МАҚСАТЫ: 2009 жылға дейін  Интернет торабындағы халықтар мен пайдаланушылардың  компьютерлік сауаттылық деңгейін     20-%-ке жеткізу.

БАҒДАРЛАМА МІНДЕТІ: Қазақтанның халқына күнделікті өмірде Интернет торабын 20%-тен кем емес тиімді пайдалану үшін ыңғайлы шарт құру, Қазақстан халқының өмірінде ақпараттық  ресурстардың әлеуметтік және экономикалық маңыздылығын арттыру.

БАҒДАРМАЛАМА БАҒЫТТАРЫ:

Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту үшін оқытушыларды дайындау.

Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту процесін дистанциялық және күндізгі оқыту формалары бойынша әдістемелік  қамтамасыз ету.

Халықтың  компьютерлік сауаттылығын арттыру.

Интернетке кіру рұқсатымен тарифін төмендету және халықты  арзан компьютерлік техника бағасы бойынша қамтамасыз ету.

Отандық АТ-мамандарын дайындау.

Индустрия және сауда, денсаулық  сақтау, білім, мәдениет салаларында  ақпараттық-танымдық веб-порталдар  құру.

Бағдарлама құзіретінде  «Компьютерлік сауаттылық» курс бағдарламасы бойынша компьютерлік сауаттылыққа оқыту ұйымдастыру  жоспарлануда

Электрондық үкімет – ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кең қолдану жолымен  азаматтарға және ұйымдарға қызметтерді ұсынуға максималды бағытталған, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу.

«Электрондық  үкімет енгізу – бұл мемлекеттік  басқарудың  тиімділігін жоғарлатуға бағытталған әкімшілік реформаның маңызды      элементі. Біріншіден, ол мемлекеттік процедуралардың тұнықтығын қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлықты төмендетуге        мүмкіндік туғызады. Екіншіден, мемлекеттік аппаратты ұстау бойынша мемлекеттік шығындарды қысқартады және бір уақытта мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жоғарлатады. Үшіншіден  қызметінің кәсіпкерлігі мен ПҚК жақсартады. Төртіншіден, мынадай салықтарды төлеу, әртүрлі құжаттарды ресімдеу және алу сияқты процедураларға көп уақыт кетірмеуге мүмкіндік береді...»

“Электрондық әкімдік” жобасы – бұл қала тұрғындары үшін үйлерінен шықпай-ақ ақпарат пен бірқатар интерактивтік қызметтер алу мүмкіндігі. 2010 жылдың соңында жергілікті атқарушы органдардың электрондық қызметтеріне Қарағанды, Павлодар, Өскемен және Атырау қалалары тұрғындарының қолы жетті.Тұтынушылар білім беру, жұмыспен қамту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау, табиғи қорларды қорғау салаларында барлығы 20-ға жуық қызметке қол жеткізді. Сол сияқты электрондық түрде көрсетілетін қызметтер қатарына жер телімінің жекеменшік құқығына актілер, құрылыс-монтаж жұмыстарына және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру енгізілетін болады. Бұл бизнес өкілдеріне де, қарапайым азаматтарға да пайдалы, олар жұмыссыздар санатында есепке тұрады, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғаны туралы ақпарат ала алады. Ол үшін небары Интернетке қолжетімділік және осы қызметтердің бәрін қайдан іздеуді білетін білім болса жеткілікті.
“Е-әкімдік” ақпараттық жүйесін енгізу қажеттілігі туындағалы көп болды. Мысалы, “Алматы қаласының электрондық әкімдігі” мақсатты бағдарламасында оңтүстік астананың мемлекеттік басқару органдарының ақпараттандырылуының бірқатар мәселелеріне көңіл аударылды. Кемшіліктер қатарында кейбір функцияларды қайталауға әкеліп соғатын ақпараттық жүйелер интеграцияларының төмен деңгейі аталды. Көптеген мемлекеттік органдарда мүлде ақпараттандыру қызметі жоқ деуге болады, ақпараттық технологиялар аясындағы мемлекеттік қызметшілердің біліктілік деңгейі жеткіліксіз, ал мұның өзі азаматтар үшін қағазбастылыққа және қажеттілікке айналады. Соның салдарынан адамдар алдымен қандай құжаттар қажеттілігін білу үшін сол немесе басқа мемлекеттік органға баруға мәжбүр болады. Сосын келесі жолы толық құжаттар тізімімен қажетті анықтама немесе рұқсат алу үшін тағы барады. Енді барлық ақпарат “Электрондық әкімдік” бөлімінде жинақталады. “Қажетті анықтамалар мен құжаттар тізімін мекеменің қабылдау бөлмесіндегі ақпараттық стендтен іздемей, үйде компьютер алдында отырып тапқан анағұрлым оңтайлы”,

“Е-әкімдік” ақпараттық жүйесі, сарапшылардың пікірінше, бірнеше көрсеткіштер бойынша бірден тиімді. Мысалы, экономикалық өлшем: жергілікті атқарушы органдарда күту уақытын қысқарту есебінен. Оның әлеуметтік жағы да бар: әкімдіктегі кезектер қызметтерді қашықтықтан алу мүмкіндігі есебінен азаяды, сол сияқты азаматтардың ақпараттандырылуы артады, өйткені электрондық қызметтер көрсету үрдісі – мөлдір.
“Электрондық әкімдік” ақпараттық жүйесі – ол алға жасалған қадам және бизнес-құрылымдар мен мемлекеттік органдардың іс-қимыл бірлігі. “Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау” санатында тиісті департаментке берілетін стандарттық өтініштер бланктерін табуға болады. Интерактивтік қызметтер бөлімінде нысанның санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы, сол сияқты бақылаудың тәртібі мен кезеңділігі туралы анықтама алуға болады. “Салықтар және жиымдар” бөлімінде салық салымы саласындағы электрондық анықтамалар, мемлекеттік қы көрсету стандарттары мен регламенттері, тіпті, онлайн салықтар төлеу мүмкіндігін беретін кейбір Интернет-ресурстар пайдалы болады. 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2012. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6.

2. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2013. ISBN 9965-32-491-3.

3. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7.

4. Рахметов Қ.Ж, Болатова А.Н, Исмағамбетова З.Н, «Социология» Алматы 2005 «Өлке» 47-58 б.

5.Арымбаева К.М. «Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерментүзетушілік- педагогикалық жұмыс атқару» Шымкент 2003, 10-21 бет.