Умиралиева
Қ.З.
Ш.Смаханұлы атындағы №44
орта мектеп, Тараз қаласы, Қазақстан
ХХ
ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ
ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР
Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде жан-жақты
дамуы уақыт өткен сайын қарқын алып,
ұлттық, жалпы адамзаттық және демократиялық
құндылықтар мен ұстанымдар негізінде биік
мұраттарға бағыт түзеп келеді.
Тәуелсіздік жолы қиын – қыстау кезеңдерден,
қасіретті жылдар мен қанды қырғындардан, азаға
толы азаттық күрестерден тұрды. Сондықтан да, отан
тарихындағы ұлт – азаттық қозғалыс пен ұлт
зиялыларының азаттық жолында жүргізген қажымас
күресін өз дәрежесінде объективті түрде зерттеу
және оны халық санасына дұрыс жеткізу – тәуелсіз ел
тарихшыларының алдында тұрған ең өзекті
мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған
күннен бастап, коммунистік идеялар мен бүркенген отаршыл ұлы
державалық орыс шовимизмінің біздің ұлтымызға
«құрастырып» берген, саясаттандырған «ұлттық
тарихымызды» - ұлттық көзқарас тұрғысынан
жаңаша объективті зерделеу
процесі басталып, әлемдік ортақ өркениет пен адамзаттық
игілік құндылықтарын басшылыққа алған
отандық тарих ғылымы ізденіс үстінде дамып келеді.
Отан тарихының ең күрделі де түйінді нысаны
болған Түркістан тарихы, әсіресе оның
ұлттық – мемлекеттік межеулерге дейінгі кезеңі белгілі
деңгейде зерттелгенімен бұл тақырып концептуалды
тұрғыда терең қарастыруды қажет етеді.
ХХ ғасырдың басындағы Түркістан
территориясындағы ұлт-азаттық қозғалыстар
өзінің бағдарламалық мақсаттары, қызмет
аясы, әлеуметтік-саяси негізі, тіпті ұйымдық
құрылымы бойынша әлемде теңдесі жоқ
қайталанбас ерекшеліктері мол тарихи құбылыс болатын [1].
ХХ ғасырдың басындағы Түркістан
ұлт-азаттық қозғалыстарының тарихнамасы аса
қомақты, мазмұны жағынан өте күрделі болды.
1916 жыл Түркістан халқының тарихында ерекше орны
бар, елдің елдігін танытар, құдіретті күші бар
құбылыс жылы ретінде қала бермек.
Тарихымыздан белігіл Куропаткин Ташкентке келгеннен кейін
тамыздың 23-інде Түркістан өлкесінің еліне белгілі
жарлығын шығарды.
Онда ол патшаның әмірі бойынша жер-жерде
жұмысқа адам алудың тәртібін жариялады. Бұл
жарлық бойынша Түркістан өлкесінен
алынатын 200 мың адам жеке облыстарға мына түрде
бөлінген: Сырдария облысынан 60 мың, Самарқанд облысынан 32 мың, Ферғана облысынан
51 мың 233, Жетісу облысынан 43 мың, Ташкент облысынан 13
мың 830. Сондай-ақ аталмыш жарлықта «мақта егетін
аймақтарға жеңілдік» үшін Ферғана, Сырдария
облыстарынан алынатын тиесілі адамның
40 мыңы кемітілгені және көрсетілген. Бірақ ол
40 мың адам соның артынша «мақта екпейтін» көшпелі
ауылдарға үстеп бөліп салынды да, көтерілістің
көбі, күштісі көшпелі аудандарда бұрқ ете
түсті [2].
Бұйрықтың аяғындағы арнаулы қосымша
нұсқауда Куропаткин соғыс майданындағы қара
жұмыстың қандай болатынын, онда еңбек еткендерге
қандай ақы берілетінін айта келіп, Теке түрікпендерінің
айбынды полкі (әскер) бұрын
соғысқа қатысып жүргендіктен, тәртіп сақтау
жұмысын атқарғандықтан, Памир ауданының
Қоджент уезінің Матшы болысынан, Самарқанд уезінде қара жұмысқа адам
алынбайтындардың құрамы мынадай болды:
Жергілікті ауылдық-болыстық мекемелердегі іс
басындағы адамдар.
Бұратана елден қойылған кіші дәрежелі
полицейлер.
Имамдар, молдалар.
Мемлекет жұмысындағы тұрғын елдің
адамдары.
Дворяндар, құрметті, азиат шеніндегі адамдар.
Сондықтан бұл жағдайлар қара
жұмысқа адам алуға байланысты бұратана елдердің
патшаға қарсылығы 1916 жылдың көтерілісін
туғызды [3].
Бұл мәселе Қазақстан тарихында жеткілікті
деңгейде жазлғанымен әлі де болса мынадай мәселер
қарастырылуы тиіс деп санаймыз.
Біріншіден, 1916
жылғы маусым жарлығына сәйкес
майданның тыл жұмысына алынған
мыңдаған адамдардың майдан шебіндегі атқарған
жұмыстары, оларға жан-жақты
көмек беруге ұмтылған Әлихан Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан
ұлттық-демократиялық интеллигенция өкілдерінің іс
- әрекеттері, майдан шебінен 1917
жылғы көктем-жаз
айларында елге оралған тыл жұмысында
болғандардың Қазақстанның
қоғамдық-саяси өміріне қандай деңгейде араласқандығы сынды
мәселелер арнайы зерттеуді
қажет етеді.
Екіншіден, көтерілісті аяусыз басып-жаншу кезінде Қытай ауып кеткен босқындар тарихы жөнінде де осыны айтуға болады. Бір ғана Жетісудан 1916 жылы 300 мыңдай қазақ және
қырғыз халықтарының
өкілдері Қытай ауып кетті деп
жүрміз. Олардың қаншасы Қытайдың батыс өңірін мекендеп қалды?
Жат жердегі олардың
жағдайы қандай болды, қаншасы
1917 жылдан кейін елге оралды деген сұрақтарға әлі де
толық жауап берілген жоқ.
Ғылыми әдебиетте бұл
жөнінде әр түрлі мәліметтер келтіріледі. Мұхаметжан Тынышпаевтың бұл сұрақтарға берген жауабы
шындыққа жақын
болғанымен, олар кей жағдайда осы тақырыпқа қалам тартқан
Ә.Бөкейханов, О.Жандосов, т.б. авторлар мәліметтеріне дәл келе бермейді.
Үшіншіден, осы көтеріліске байланысты кезінде көптеген өлең-жырлар шықты. Олардың көпшілігі уақыт
өте фольклорға айналып кетті.
Көтеріліске тікелей
қатынасушы Көдек Маралбайұлы кезінде 1916 жылға арналған дастан шығарған. Ол қазақстандық
оқырмандарға әлі толық таныс емес.
Осындай дүниелердің
қазақ әдебиеті тарихынан алатын орны мен олардың
көтеріліс тарихнамасына қатысы
мен дерек көздері ретіндегі
маңызын да ғылыми тұрғыдан қарастырған
жөн деп білеміз.
Төртіншіден, 1916 жылғы
Қазақстан мен Орта
Азияның түрік тілдес, мұсылман
діндес халықтарының патшалық Ресей озбырлығына қарсы көтерілісінің XX ғасырдың бас кезінде көптеген
шығыс елдерінің
тұрғылықты халықтарының (Иранның, Үндістанның, Қытайдың т.б.) жатжұрттық
империалистік езгіге қарсы
көтерілген ұлт - азаттық қозғалысымен
сабақтас болғандығын арнайы
зерттеу нысанына айналдыру қажет.
Отарлық езгіде көп жыл еңсесі түсіп, саяси
құқығы шектеліп келген Ресей империясының
ұлттық аймақтағы өзге де жүрты секілді
Түркістан өлкесіне кірген
Сырдария және Жетісу облыстарындағы бүкіл
мүсылман халықтары үшін өкіметінің
құлап, Ақпан төңкерісінің жеңіске
жетуі ерекше оқиға болды.
Сонымен Түркістан жерін ХІХ ғасырдың соңы мен
ХХ ғасырдың басында Ресей империясы меншігіне айналдыру
мақсатында патша өкіметі әр қадамын заңмен
негіздеп отырды. Түркістанда жүргізілген саяси-әкімшілі
реформалар отаршылдық билік жүйесі жергілікті халықты
ұлттық мемлекеттіліктен айырды. Сөйтіп жалпы
өркениеттік даму үрдісіне қатысу жолын бөгеп тастады
[4].
Сонымен патшалық Ресейдің озбыр отарлау саясатына
қайыспай қарсы тұрып, қазақ мемлекеттігін
қалыпына келтіру үшін және қазақтардың
күллі адамзатқа ортақ прогресс арнасында өз орнын
анықтау үшін батыл күрескен Алаштың абзал азаматтары
қызыл империяның қанды шеңгелінен қаза тапты. ХХ
ғасырдың басындағы қазақтың ұлы
перзенттерінің жан-жүрегінде шынайы азаттық пен
ұлттық сана-сезімінің асқақ рухы алаулап
өтті. Бірақ олардың еңбегі еш кетпеді. Олар
бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізін салып кетті.
Әдебиет:
1.
Гуревич Л.Я. Тоталитаризм против интеллигенций.
Алматы, 1992.
2. Турсунов Ж.
Национальная политика коммунистической партий в Туркестане. Ташкент, 1971.
3. Кәнкен А. Саяси
қуғын – сүргін: Советтердің жазалауы қалай жүзеге асырылды? Түркістан,
1997.
4.
Малдыбекова М.А. Түркістан Республикасының межеленуі
және Қазақ АКСР – нің территориясының
тұтастығы мәселесі Автореферат. Түркістан, 2002.