БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛІК ЖЕТІСТІГІНІҢ ДАМУЫ

 

Р.Қ.Магнурова,

Қазақстан-Ресей  Медициналық  университеті

Кәсіби қазақ тілі пәнінің оқытушысы                                                                                                         

 

«Оқыту – үйрету және білім алу» деген ұғымның ұзақ тарихы бар.  Мұғалім ұзақ уақыт оқушыға ақпарат беретін негізгі тұлға болып келді. Осы кезге дейін «білім беру», «оқыту» терминдері жиі қолданылады.

Демек, оқыту дегеніміз – оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруі, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дүниетанымын, адамгершілік, эстетикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыру үшін мұғалімнің белсенді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруы және ынталандыру іс-әрекеті.  Оқыту процесі – екі жақты процесс болғандықтан, мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетін, мұғалім тарапынан оқушы іс-әрекетіне басшылық етуді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, басқаруды талап етеді [1, 24].

Оқытудық маңызды міндеттері:   

  Оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру.

  Оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруіне керекті оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.

  Ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту.

• Сабақ үстінде оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болу. Маңызды міндет - баланың оқуға деген ықыласын ояту, оны өзінің табысына, ісінің алға басқанына, дамығанына қуанту.

  Қысым жасамай оқыту. Ынтымақтастық педагогикасының бір принципі - оқушыларды қорңытпау, еркін ұстау, өз күшіне сендіру.

  Қиын мақсат қою идеясы. Жаңашылдар сабақтарының дәстүрліден айырмашылығы – балалармен ынтымақ, оларды қиын мақсатқа жетуге жігерлендіру.

 Оқыту процесінің қозғаушы күштері. Оқыту процесінде кездесетін қарама-қайшылықтарды шешу – оқыту процесінің қозғаушы күші болып табылады. Оқу процесінің негізгі қозғаушы күші оқушылардың алдына қойып отыратын мұғалімнің міндеттері мен оларды орындауға қажетті оқушылардың білімдері, іскерлігі және ақыл-ойлары арасындағы қарама-қайшылық. Басқа қарама-қайшылықтар, оқу материалын баяндау жүйесі мен оқушылардың меңгеруі арасында, мұғалімнің түсінігі мен оқушы түсінігі, теориялық білімдер және оларды тәжірибеде қолдану, оқу процесіндегі қиындықтың деңгейлері, сипатын дұрыс анықтау және оларды оқушылардың түсінуі, мұғалімнің материалды жатық баяндауы және әрбір оқушының оны түсінуі араларында болады [2, 34-35].

Ой тұрақтылығы дегеніміз – ойдық маңызды, оқу материалдарына тоқталуы, оларды ойда сақтау керек жерде қолдана білу. Ойдың тұрақтылығы ақыл-ой жұмысының жоғары деңгейіне, ұзақ уақыт ақыл-ой жұмысымен айналысуға байланысты.

Ойдың терендігі оқылған объектіні терең білуден, оны өз бетімен зерттеп, ішкі байланыстарын, басқа объектілермен байланыстарын аша білуден көрінеді. Материалға шығармашылық тұрғыдан қарау, алынған білімдерді теориялық және тәжірибелік жұмыста қолдану, білімнің ішкі мотивтерге және сенімге айнауы ойдық тереңдігін көрсетеді.

Бұл қасиеттер білімді меңгеру процесі арқылы пайда болады.

Меңгеру – ақиқатты білу арқылы болмысты тану процесі. Меңгеру нәтижесінің сапасы оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын бағалау арқылы анықталады. Білім сапасы – білімді меңгеру нәтижесі.

Қ. Жарықбаевтың анықтамасы бойынша «дағды – алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматтандырылуы». Дағды – іс-әрекеттің автоматтандырылған бөлігі, ол іс-әрекетті жақсы, көп күш жұмсамай, жасауға мүмкіндік береді.

Іс-әрекетке дағдыланған адам, іс-әрекетке керекті қимыл-қозғалыстарды, жаттығуларды шапшаң жасайды.

Оқу материалын меңгертудің әрбір кезеңінде мұғалім өзінің алдына 4 түрлі дидактикалық мақсат қояды. Олар: оқушыны оқу материалымен таныстыру және оны бірінші рет бекіту; оқығанды еске түсірту, іс жүзінде репродуктивтік және продуктивтік деңгейде қолдандыру; білім және іскерлікті қолдану арқылы жүйелеу;  білім, іскерлікті бақылау және есепке алу.

Оқыту процесінің бастапқы кезеңінде мұғалім оқушыларды оқу материалдарымен және оны қолдану әдістерімен таныстырады. Оқу материалының жаңа бөлігін меңгеру және бекіту қатар жүреді. Оқытудың мақсаты – оқу материалының негізгі ойын және тәжірибелік маңызын оқушыға меңгерту.

Екінші кезенде оқу материалы қайталанады және оқушылар маған білімдерін қолданады. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты – алған білімді нақтылау, кеңейту, кең түрде жаңғырту, тәжірибелік қолдану.

Екінші кезеңде мұғалім оқушылардың тәжірибелік жұмыстарын ұйымдастырады, сол арқылы ұғымдарын жүйеге келтіреді. Оқушы алған білімін мұғалімнің көмегімен де және өз бетімен де қолданады, меңгерген білімдерін бір-бірімен салыстырады. Бұл кезеңдегі оқыту нәтижесінің көрсеткіші: оқушылардың мәселелерді өз бетімен шешуі; білімді түрлі жағдайларда қолдана білуі [3, 44].

Оқу іс-әрекетінің өнімдері – білімдерде, іс-әрекетте, рухани өмірде, қоғамдық қатынастарда, бағаларда бейнеленген. Оқу іс-орекетінде тұлғаның барлық сапалары көрінеді және қалыптасады.

Оқу іс-әрекеті мазмұн, жеке іс-қимылдар, мотивтер сияқты бөліктерден тұрады. Оқу іс-әрекеті арқылы оқу міндеттері шешілсе, оның құрамында мынадай бөліктер болады: міндеттерді талдау; міндеттерді орындау туралы шешімге келу; оларды шешуге керекті білімдерді еске түсіру; міндеттерді шешу жоспарын жасау; жүзеге асыру, шешілетін міндетті бақылау және бағалау; оқу міндеттерін шешу процесіндегі іс-әрекет тәсілдерін түсіну.

Оқыту нәтижелері, оны бағалау. Оқыту қол жеткен нәтижелерді талдаумен аяқталады. Бірінші сабақтағы ең басты назар оқушыға жаңа білім, іскерліктерді меңгеруге көмектесуге аударылып, келесі сабақтарда бақылау және талдау күшейтіледі.

Қорытындыларды шығаруға оқушылардың өздері де қатыстырылады. Сөйтіп, оқытудық соңғы кезеңінде білімдегі, іскерліктегі кемшіліктер анықталып, меңгерілген таңырыптармен және бөлімдермен одан әрі жұмыс істеу жолдары белгіленеді.

Оқу танымын алға бастыратын жағымды себептер болып табылады. Танымға оқушының ықыласы болу керек. Оған қалай қол жеткізуге болады? Педагогика ғылымы бұл сұраққа толық жауап берген жоқ. Іс-әрекеттің негізгі себептері – қажеттілік, қызығушылық.

Мұғалімнің жеке тұлғасы, іс-әрекеті, оқу материалы мазмұны, оны меңгерту әдістері оқушының оқуға деген ықыласын оятып, жақсы сезім, қызықты сабақтар, жаңа көрнекіліктер, техникалық құралдар оқушыларды сабаққа қызықтырады.

Мұғалімнен, «екіліктен қорқып оқу» жағымсыз қылыққа жатады.

Дидактикалық жүйелер уақыт талабына сай өзгеріп отырады. Сол сияқты қазіргі бағдарламалық немесе компьютерлік оқытулар да бұрынғы жүйелер жасаған негізге сүйенеді.

Тәжірибеде оқытудық көптеген түрлері қолданылуда. Мұғалімдер барлық пайдалы оқыту түрлерінен бас тартпай, жақсыларын жаңа жүйеге пайдалануда.

Догматикалық оқыту – европада көп ғасырлар бойы өмір сүрді, оқушылар болмыс факті, құбылыстарын және олардың арасындағы байланыстарды дайын күйінде жаттады. Оқушылар бұл материалды есте сақтап, сөзбе сөз еске түсіруі керек болды. Қазіргі мектепте көп қолданылатын оқыту түрлері: түсіндіру – суреттеу, проблемалық, т.б.

Түсіндіру – суреттеу арқылы оқыту. Оның мәні атынан көрінеді. Түсіндіру және көрнекілік – мұндай оқытудың негізгі әдісі, тыңдау және есте сақтау – оқушы іс-әрекетінің жетекші түрлері, оқылғанды қатесіз жаңғырту – негізгі талап және тиімділіктің негізгі өлшемі. Бұл оқытудық кең тараған түрі.  Осы дидактикалық процесте оқытушы мен мұғалімнің іс-әрекетінің кезеңдері мынадай болады:

Түсіндіру – суреттеу арқылы оқытудық жақсы жақтары: уақыт үнемдейді, мұғалім мен оқушылардың күшін саңтайды,  оқушылардың күрделі білімдерді түсінуін жеңілдетеді, процесті тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар оның ірі кемшіліктері бар. «Дайын» білімдер оқушыларды өз бетімен ойлауға үйретпейді, жеке оқушылармен жұмыс істеу мүмкіншілігі шектеулі, оның ақыл-ой қабілетін және оқушының іскерлігін нашар дамытады.

 Сондықтан дидактикада, әсіресе XX ғасырда, өнімді (репродуктивтіктен өзге) ойлауға, шығармашылық ой дағдыларына үйрететін модельдерді іздестіру жүрді. Осылайша проблемалық оқыту пайда блды.

Проблемалық оқыту кезінде мұғалім ізденіс жұмыстарын ұйымдастырады, оның барысында оқушылар жаңа білім, іскерліктерді меңгеріп, жалпы қабілетін, зерттеу белсенділігін дамытады, шығармашылыққа үйренеді, оқу мен оқыту сипаты өзгереді. Оқушылар шағын зерттеу және шығармашылық-тәжірибелік жұмыстар мен айналысады.

Проблемалық оқыту процесі мынадай:

  Проблемалық жағдай жасау және мәселе қою.

  Мәселені шешу жолдарын – гипотезаларды ұсыну.

• Таңдап алған гипотезаның дұрыстығын жаратылыс-математика бағытындағы пәндерде тәжірибе арқылы гуманитарлық пәндердегі ережелердің дұрыстығын түпдеректер арқылы тексеру.

• Нәтижелерді қорыту: жаңа білім, іскерліктерді оқушылардың бұрынғы білім, іскерліктеріне қосу, оларды теория меп тәжірибе арқылы бекіту.

Топтық оқыту. Өзін-өзі оқыту – оқушы белгілі бір өздік жұмысты (оқылатын объектімен, оқулық, приборлармен жұмыс істейді, есеп шығарады, зерттеу жұмысы) орындап, оның нәтижелері туралы жазбаша есеп береді.

Өзара оқыту – оқушылар тұрақты жүпта немесе құрамы өзгеретін жұпта жұмыс істейді де, қандай да бір мәселені бір-біріне түсіндіріп, өз тақырыптарын қорғап, жолдасының жұмысының нәтижесін бағалайды.

Топтық жұмысты оқушылардың өздерінің ұйымдастыруы. Топқа шешілетін мәселені, іс-әрекет түрін таңдау ұсынылады.

Топтардағы жұмыс істеу технологиясы. Топ негізінен өз бетімен жұмыс істейтіндіктен, оған нұсқау беріледі, алдын ала тапсырмалар әзірленіп, топ жетекшілеріне кеңес беріліп, мұғалім жеке топтардың жұмысына қатысады [3, 54].

Білім беруді ақпараттандыру. Білім беруді ақпараттандырудық мәні

Білімді беруді дамыту индустриясын компьютер және байланыс құралдарының көмегімен дамыту, ақпараттың-коммуникациялық технология негізінде ақпараттық-білім беру қорын жасақтау.

Білім берудің конструктивтік түрін пайдалансақ, ситуациялық жетістікке жетудегі нәтижені көретін боламыз. Конструктивтік білім оқушыға өзін түрлендірудің айқын мақсаттарын береді және белсенді әрекет қалыптастырады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қ.Жарықбаев. Жалпы психология. – Алматы, 2004. – 378 б.

2. М.Жұмабаев. Педагогика. – Алматы.

3. А.Орынбаев. Ш.Сарыбаевтың әдістемелік мұрасы. – Алматы, 1995.