Педагогические науки/3. Методические основы воспитательного процесса

Айтмамбетов Қ.Қ.

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Иіркөл ауылы  №106 орта мектебінің І-санатты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Ұлттық ойындар арқылы оқушылардың бойындағы ұлттық патриотизмді қалыптастыру

 

Ұлттық ойындар – ата-бабамыздан бізге жеткен асыл қазынамыз, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ұлттық ойындар – адамның ойын жетелейтін, қиялымен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі,ұлттық спорттық ойындардың мақсаты, міндетті түрде жеңіске жету емес, денсаулықты сақтау,ағзаның дұрыс өсуіне,қалыпты дамуына жағдай жасау. Ұлттық ойындар адамның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштасып отырады.

  Сондықтан да әрбір жаңа ұрпақ үшін мәнді тәрбие-ұлттық тұрғыдағы тәрбие үлгісі болып табылады. Өйткені, мұнда тәрбиенің негізін замандар бойы қалыптасып келген асыл рухани құндылықтар және биік ізеттілік пен құлықтылық тұрғысындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жататын, адамның адамдық қасиетін нығайтып әрі асылдандыра түсетін, халықтың даналық өмір-салтынан туындап отыратын бұлжымас ережелер мен қағидалар құрайды. Ұлттық тәрбие – адам өмірінің алтын арқауы. Ұлттық тәрбие жалпы –адамзаттық рухани құндылықтарды жоққа шығармайды, қайта солармен үндесіп жатады. Бұлар бір-бірін байытып, құнарландырып отырады. ¦лттық тәрбиеден тереңдеп нәр алған адам – рухани бай адам. Ондай адам жалпы адамзаттық тұрғыдан мәдени және рухани құндылықтарды бойына тезірек сіңіреді, сөйтіп, толық әрі кәміл адам дәрежесіне тезірек жетеді. ¦лттық менталитет – тұнып тұрған рухани қазына. Халықтың тілі мен мәдениеті болсын, салт-дәстүрі мен наным-сенімі болсын – мұның бәрі де әрбір халық үшін асыл да қымбатты рухани дүниелер. Ұлттық тәлім-тәрбиенің дамуы мен қалыптасуына үлкен үлес қосқан қазақтың көптеген зиялы оқымыстылары жеке басқа табынудың құрбаны болды, қудалауға түсті. Мұның өзі ұлт мәдениетінің өсуін үлкен тежелуге әкеліп соқтырды. Халық педагогикасы жөнінде ғылыми-зерттеулер жүргізуге шек қойылды. Ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу, өмірге енгізу санадағы ескінің сарқыншағы деп бағаланды. Халықтық дәстүрлер өзінің қоғамдық мәнін жойып, отбасылық мәнге ғана ие болды.

Біздің пайымдауымызша, патриотизмге тәрбиелеуде сүйенетін негізгі ұғымдар – «ұлттық патриотизм» және «қазақстандық патриотизм». Ұлттық патриотизмді қалыптастыруда салт-дәстүрлердің атқаратын орны ерекше. Ұлттық патриотизм дегеніміз – ең алдымен қазақ халқына сүйіспеншілікпен қарау, оның ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан құндылықтарын бойына сіңіру. Тереңірек пайымдасақ, мұның өзі ұлттарды ұлылауға бағытталып, ілгеріде жүргізілген кереғар ұлт саясатының кесірінен ұмтылып қалған дәстүрлердің жаңғаруы ұлттық патриотизмін күшейте түсіру. Өйткені егеменді ел болған соң сол елдің елдік белгісі ұлттық патриотизм тәрбиесі айқын көрінуге тиіс. Ұлттық қасиеттерімізді ұрпақ бойында қалыптасуы қоғам игілігі үшін маңызды.  

Этнопедагогика – ұлттық тәрбие негізі деп білеміз.  Ал ұлттық тәрбие ғаламдағы құндылықтарды бойына сіңіріп, өз құндылықтарын арттыра береді. Бірақ ол өндіріс және экономика сияқты «ғаламдастыруға» келмейді, өркениеттілік пен дамып, қалыптасады. Қазақ этнопедагогикасы - өркениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген ғылым. Сондықтан  келер ұрпақ ұлттық патриотизммен сусындасын десек, қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие берудің тарихын жүйелі талдап, зерттеп, жоғарғы оқу орындарында патриот студенттер тәрбиелеуде енгізілуі керек. Ұлттық патриоттық білім беру құралдары болып саналады: ұлттық тіл, ұлттық-әдеп ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, ауызекі халық шығармашылығы, ұлттық тарих, ұлттық сәндік-қолданбалы өнер, ұлттық ойындар, тағы басқалар, ұлттық патриотизм ерекшеліктерін айқындайтын маңызды мәні. Патриотизмнің құрамдас бөлігі болып табылатын маңызды элементтердің бірі-ұлттық рух немесе ұлтжандылық өз халқына деген сүйіспеншілік ретінде қарастырылуға тиіс. Ұлтжандылық өзінің шыққан тегінің бірлігі мен ортақтығы, туған жеріне, тіліне,өскен ортасына, мінез-құлқына, психологиялық және этнографиялық ерекшеліктеріне басқалардан өзгеше әрі ерекше тарихи ұлттық дәстүрлерге тығыз байланысты. Ұлттық сезімдерді патриотизм арнасына, Отанға, ұлтқа деген сүйіспеншілік рухына бағыттау үшін бұл ерекшеліктерді жақсы білу және олармен міндетті түрде санасу қаже. Ұлтжандылық дегеніміз – ең алдымен, белгілі бір ұлттың өкіліне сүйіспеншілікпен қарау, оның ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан құндылықтарын бойына сіңіру. Тереңірек пайымдасақ, мұның өзі ұлттарды ұлылауға бағытталып, ілгеріде жүргізілген кереғар ұлт саясатының кесірінен ұмтылып қалған дәстүрлердің жаңғыруы арқылы әрбір адамның ұлтшылдығын күшейте түсіру болып табылады.Өйткені егеменді ел болған соң сол елдің елдік белгісі ұлттық патриотизм тәрбиесі айқын көрінугетиіс. Ұлтының наным-сенімдерін, саяси көзқарастары мен ұстанған бағыт-бағдарын, өз ұлтының ерекшеліктерін ұлттың әрбір азаматы танып білуі керек.Ұлттық мәдениет, ұлттық тіл, салт-сана мен дәстүр әрбір халықтың өмір сүруінің және жер бетінде сақталып қалуының негізгі кепілдері болып табылады. Бұған қоса дәстүрлер, салттар, қоғамдық пікір адамдардың мінез-құлқын қалыптастыратын әлеуметтікреттеу екенін ұмытпау қажет. Сайып келгенде, бұлар адамдардың өзіндік санасына негіз болады. Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі - ұлт ойындары. Бүгінде ойынды халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек, адам баласы жасағаң жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан-жай емес. Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі, сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады. Бүгінгі замандастарымыз бен болашақ ұрпақтарымыздың оны оқып- үйрене отырып, өздерінің кім екендіктеріне барлау жасауына, ата-бабаларының психологиялық болмысы мен ойлау жүйелеріне зер салуларына, көздеген мақсаттарын саралап, жете білулерін, дәстүрлер жалғасын epicтете отырып, өткен мен бүгінгіні байланыстыра білулеріне, сөйтіп «мәңгүрттік» атаулыға тосқауыл қоюларына септігін тигізбек. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен де мәнді-мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені, ең алдымен ненің болсын бас алып, жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Ойынды біз бар өнердің бастауы деп білеміз. Ал қай өнер болса да кең арналы, сулы шалқар дариядай болып кемеліне келгенше жолында кездескен сандаған үлкенді-кішілі арналардан бас құрайтын өзен сияқты ғой. Сол алып өзеннің орта тұсынан шыққан адам, оның басы әуелде жылжып аққан бұлақтан басталып еді дегенге онша илана қоймас та еді. Ұлт ойындары біздің көз алдымызға тап осы суреттерді елестетеді. Өйткені бір кезде ол бар өнердің басы, олардың нәр алатын бастауы болғаны анық. Шынында да, көне мәдениет пен әдеби туындылар, ең алдымен, сол халық жиналған думанды-сауықта, ойын-той үстінде дүниеге келіп, көптің игілігіне айналған. Сөйтіп, бүгінгі және болашақ ұрпақ ұлт ойындарының өзі адам еңбегінің жемісі, халықтың фантастикалық ой құбылысының көрінісі, дүниені танып, білуге талпынысының нышаны ретінде өмірге келгенін, оның бар өнердің бастамасы халықтың әлеуметтік-экономикалық өмірін білуге тиіс. Ұлт ойындары сол халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ұлттық ойындарымен таныса отырып көзіміз әбден жетеді.

Сонымен түйіндеп айтарымыз, қазақтың ұлттық ойындарының басқа халықтардың ұлттық ойындарынан айырмашылығы - оның шығу, пайда болу тегінің ерекшелігіне байланысты белгілі бір тәрбиелік мақсат бірлігін көздейтінінде. Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады.

Психологиядағы адамның тұлға болып туылмай, тұлға болып қалыптасатыны секілді, патриот болып туылмайды, патриот болып қалыптасады. Тұлғаның қалыптасу жолында сыртқы ортаның, яғни ата-ананың, достарының, мұғалімнің ықпалы күшті. Дұрыс тәрбие ғана тұлға - патриот болып қалыптасуға итермелейді.

Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған. Қазақ халқының ұлт ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдықты тағы басқа қуаты молдылығын, білек күшін дененің сомданып шынығуын қажет етеді.  Қазіргі жаһандану заманында әрбір ұлттың өзіндік бет-бейнесін айшықтайтын бір-ақ жолы бар. Ол ұлттық қадір-қасиеті мен әдет-ғұрпы. Осылардың ішінде ұлттық ойындардың ықпалы ерекше. Дегенмен, тәуелсіздігімізді алып, телпегімізді аспанға аттық десек те ұлттық ойындарымыз әлі күнге ойсылып тұрған сияқты.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Бөлеев Қ. Қазақстан халық педагогикасы.- Жамбыл, 1993-22б

2. Қалиев С., Оразаев М., Смайлова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. – Алматы: Рауан,1994-222б

4. Қалиев  С. Халық педагогикасы және оның ауыз әдебиетіндегі көрінісі. – Алматы, 1998-196б

5. Атабаев А.С. Ұлттық ойындар -  халық мұрасы  /Ұлт тағылымы. – Алматы, 2006.

6. Төтенаев Б. Қазақтың ұлттық ойындары / Оқулық. - Алматы, 1994.