Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университеті
Химия және экологня кафедрасы
Уалиева Н.К. 6М011200 – Химия мамандығы магистрі
Яхия Салтанат Х- 12 -1 оқу тобының
студенті
Арынова К.Ш. п.ғ.к., аға оқытушы
12 жылдық білім берудегі тұтас
педагогикалық үдерістің ерекшеліктері
Білім беру концепциясы. Кеңестік дидактиканың білім беру
мазмұнының концепциясын қарастырсақ, айта кету керек,
жалпы білім берумен қатар оқушылардың политехникалық
білімі мен жалпы техникалық білімдері, өнеркәсіптік
білімдер бірлікте пайдаланылған.
Осы мәселеге байланысты көптеген материалдар ғылыми
педагогикалық әдебиеттерде жинақталған. Және де
12 жылдық білім берудің мазмұнын жасауда осы мәселелер
қозғалған, өйткені онда оқушылардың
мамандыққа байланысты кәсіби дайындығы
қарастырылады.
В.С.Леднев, И.Я.Лернердің
білім беру мазмұны концепциясында мектеп оқу жоспары
құрылымының ұстанымдары кіргізіледі. Оларға жалпы белгілі: ғылымилығы,
жүйелілігі, математикалық және гуманитарлық
ғылымдардың сәйкестенуі, білім беру компоненттерінің
дифференциациясы мен интеграциясы, білім алу деңгейлерінің болуы
және оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру кіреді.
Білім беру мазмұнын
таңдау ұстанымдары әр
кезеңдерде кеңеюде, ойткені қоғамның
әлеуметтік – экономикалық жағдайлары өзгеруде,
педагогикалық ғылым мен мектеп тәжірибесі дамуда.
Түрлі ақпарат
көздерінің мәліметтерін қарастыра отырып,
төмендегі жағдайлар 12 жылдық білім берудің негізін
құрайтынын айта кету керек:
-
педагогика тарихында
көрсетілген жалпыдидактикалық, дәстүрлі
ұстанымдар;
-
мектепте білім беруде жеке
тұлға басымдылығын мойындау;
-
мемлекеттің,
тұлғаның, аймақтың
қызығушылықтарын ескеру қажеттілігі;
-
білім беруді демократияландыру,
гуманитарлауы;
-
сапалы білім сатысына
көтерілудің құралы мен жағдайы ретінде
дифференцияция ұстанымын
мойындау:
-
оқу
жүктемесінің вариативті бөлімінің орындалуын және
білім беру формасы мен мазмұнын таңдау мүмкіншілгін беруді
қамтамасыз ету;
-
білім берудің барлық
сатыларында оқушылардың танымдық қажеттіліктерін
қанағаттандыруға ұмтылу;
-
білім беру мазмұнында еліміздің түрлі халықтарының мәдени
ерекшеліктерінің көрініс табуы;
-
білім мазмұны мен формаларында іс әрекеттік
құзыреттіліктерді кушейту;
-
жалпы орта білімнің
өзегін құрайтын кең іргелі ұғымдар мен
концепцияларды бөлетін білім мазмұнының ориентациясы;
-
оқу үдерісін
ұйымдастыруда интеграциялық тәсілді күшейту, әлем
туралы тұтас түсінікті қалыптастыруда
мазмұнның интеграциясын қамтамасыз ету;
-
негізгі мектептің
оқушыларын әрі қарай білім алуға жетелейтін жауапты және саналы түрде
мамандық таңдайтын әрі
толық дайындайтын мектептің жоғары
деңгейінде кәсіптік білім
беруді енгізу;
-
білім беру модельдері мен
базалық пәндердің барлық блоктары бойынша білім
мазмұнын жаңарту;
-
білім алушылардың тілдік дайындықтарын арттыру;
-
оқушылардың
ақпараттық мәдениеттерін қалыптастыру;
Шетелдік тәжірибеден
америкалық педагог Ф.Уильямстің білім мазмұны
құрылымының
концепциясы қызығушылық танытады. Оның моделінің үш
қырына: 1) оқу жоспарының негізгі пәндері (тіл,
арифметика, қоғамдық пәндер, жаратылыстану, музыка,
өнер); 2) білім беру үдерісінің дамыту қызметі (
балалардың когнитивті дамуы, яғни
олардың ойлауын қамтамасыз ететін: тездік, икемділік,
жекелік, қызығушылық, жасаушылық, перфекционизм );
мұғалімнің мінез – құлқы мен оқыту
стратегияларының түрлі аспектілері (аналогия жасау дағдысы,
қарама қайшылықта көру, түрлі әдіс
тәсілдерді қолдану) жатады.
Білім мазмұнының
бұл модельдерін салыстыра отырып
(И.Я.Лернер және
Ф.Уильямс), мынадай қорытынды айтуға болады, біріншісі
оқытатын сипатта болса, ал екіншісі дамыту бағытында. Ал екі
модельдің де пәндік – білімдік сферасы бірдей десек те болады,
дегенмен де И.Я.Лернерде қорытындылау деңгейі жоғарылау ( ол
әлеуметтік тәжірибесінің молдығы).
Соңғы жылдары
еліміздегі білім беру жүйесінің өзгеруіне байланысты жалпы білім беру мазмұнын қайта
қарау қажеттігі туындауда.
Қазіргі кезде тұлғаға бағдарланған
тәсіл ерекше маңызды болып табылады. Яғни мұнда
мұғалімнің бастапқы тұжырымдамалық позициясы
түсіндіріледі, оқушы оқу тәрбие үдерісінің
субьекті және жеке тұлғасын дамыту субьектісі ретінде
қарастырылады. Білім берудің
тұлғаға бағдарланған әдісінде
әрбір оқушының бірегейлігі мен оның білім алу
траекториясының даралығы ескеріледі. Жеке тұлғаға
бағдарланған білім берудің
қызметіне оқушының ішкі потенциалы мен әрі
қарай өмірлік таңдауына бағыт беретін тұлғалық білімдерін
дамытып, қалыптастыру болып табылады. Педагогикалық
әдебиеттерде сонымен
қатар, интеграциялық, құзыретті, полипарадигмалы тәсілдерде
талқылануда.
Білім беру жүйесіндегі
өзгерістерге негізделген әлемдік дамудың негізгі
үдерістері: қоғам дамуының
қарқындылығы; ақпараттық қоғамға
көшу; мәдениаралық өзара қатынас
ауқымының кеңеюі; халықаралық
ынтымақтастық нәтижесінде шешілуі мүмкін
ғаламдық мәселелердің
туындауы; қоғамның демократиялануы; экономиканың
қарқынды дамуы, бәсекелестіктің өсуі; адам капиталы
мәнінің артуы болып келеді.
Осыған сәйкес
дамыған елдердің білім беру жүйесінде мынадай: білім беру философиясы мен
әдіснамасының жаңаруы;
білім беру мазмұнын құру әдістерінің
өзгеруі; білім беру
жүйесінде жетілдірілген модельдердің жасалуы; білім берудің басқарудың
тиімді жолдарының қарастырылуы;
жаңа білім технологияларының енгізілуі; оқытудың дәстүрлі
әдістерінен, оқушылардың танымдық белсенділігі мен
өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін дамытушы, сындарлы білім беру
моделіне көшуі; терең және белсенді кәсіби бағдар
берудің ерте жастан басталуы;
оқушы жастарға азаматтық-патриоттық,
рухани-адамгершілік, көпмәдениеттілік, денсаулық сақтау
және экологиялық тәрбие беру рөлінің
күшейтілуі; білім
ұйымдарының оқушыны әлеуметтендірудегі
рөлінің артуы; секілді тенденциялар байқалып отыр.
Сонымен, жалпы білім мазмұнын құрылымдау тәсілдері
мен жалпы концепцияларды шолу мынадай ойға әкелді, яғни бұл мәселенің
көп жылдық тарихы бар. Қазіргі таңда бұл
мәселені шешудің әдіснамалық негізінің біраз
материалы жинақталған. Жалпы білім беру мазмұнының
мәселелері бойынша жинақталған білім қоры жаңа 12
жылдық білімге көшуде білім мазмұны
құрылымының
ғылыми негізделген көрсеткіштерін жасауға көмек
болатыны сөзсіз.
Әдебиеттер:
1.Концепция 12-летней школы //Республиканский научно-методический, информационно
- аналитический журнал 12-летнее образование, 2006,
№ 9. С.67-71.
2.Лернер
И.Я. Процесс обучения и его закономерности. Москва: Знание, 1980. 96 с.
3.Скаткин М.Н. Акгивизация познавательной деятельности учащихся в обучении. — М.: Просвещение, 1965.-149 с.